Сарманова Сандуғаш Келесбекқызы

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

КОНФЛИКТІДЕН  ШЫҒУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Адамдар арасындағы қатынас, әсіресе басқарушылар мен бағынушылар арасындағы қарым-қатынас орнатудың бірнеше түрлері бар. Олар ресми қатынастар мен ресми емес қатынастардың түрлері адамдар арасындағы достық, сүйіспеншілік сезімдерге негізделген қатынастарда, әріптестер арасындағы тілдесулер адамның шын пиғылы мен сырын ашып көрсетеді. жан дүниесінің қыры мен сырына толық қанығады. Мұндай шын пиғылды ресмисіз қатынас орнатудың өзіндік белгілері бар. Ондай белгілер:

1. Адамның жеке басы мен кісілік қасиетін көресететін ашық жарқындығы, сенімділігі мен ақ пейілділігі.

2. Әріптестерімен жалпы тіл тауып сөйлесіп, бірін-бірі жете түсінісе алуы сияқты ұнамды сапалар.

Бұлардан өзге адамдардың бірінен-бірінің өзара түсіністік қатынас орнатып өзгелердің де мәселелерін шешуге қатыстыру, мұндай ерекшелік адам мінезінің көпшіл екенін көрсетіп, оларды толғандырып жүрген мәселелер түйінін шешуге бағытталады. Әдетте әріптестер арасындағы мұндай адамның ұйымдастырушылық қабілетін өзгелерге де айқын көрсете алады. Сөйтіп адамдардың өзара қатынасында олардың әрқайсысының өзіндік ролін көрсетеді. Топ ішінде не әлеуметтік қатынас орнатуда әрбір адам белгілі бір жағдайда өз тобында жетекшілік қызмет атқарса, ал өзге бір топта ол бөтендігін білдіріп басқаларды жатырқап тұрады.

Адамның топ ішіндегі өзіндік ерекшілік бейнесі «Мен» оның өзіндік мінез құлқы мен іс-әрекетін сол топ ішінде нендей қызмет атқарып, қандай орын алатынын көрсететін кез-келген адамның даралық сипаты. Адамның дара басына тән қасиеттер мен сипаттар, оның ерекшеліктері өмір кездеңдерінде түрлі топтар арасында қалыптасқан мінез-құлқының көріністері, сол мінез ерекшеліктерінің қандай топтар мен ұжым арасында өмір кешкені жайында белгілі із қалдырып отыратын бейнелерден құралатын мінез, енді адамның түрлі ортаға бейімделіп, тіршілік етуі үшін оның тұтас түрдегі психологиялық өзіндік портреті жасалады. Мұндай өзіндік адам бейнесінің жасалуы үшін мынадай екі түрлі талап қойылады: оның бірі – адам өзінің бойынан, мінез құлқындағы ұнамсыз сипаттар мен жағымсыз қылықтарынан арылуға күш жұмсап, кісілік қасиеттері мен азаматтық болмысын қалыптастыруға ұмтылады; екінші, өз басындағы мінезінің олқылық жақтарын толықтырып, тіршілік қасиетіне нұқсан келтіретін іс-әрекеттері мен қылықтарынан арылу үшін күреседі. Сөйтіп ол өзінің даралық бейнесін қалыптастыра отырып, «енді кім болуым керек, өзім қарым-қатынас жасап араласатын топ арасында қандай роль атқарамын» нендей істерді істеуге мүмкіншілігім бар? деген сұрақтар қойып алдына белгілі мақсатқа жетуді көздейді. Осындай мақсаттарды жүзеге асыру жолында ол өзге адамдармен қарым-қатынасқа түседі.

Қатынас жасау адамның даралық мінез қасиеті. Ол мынадай сатылардын тұрады:

1 сатыда өзгелермен қарым-қатынас орнатуға ниет білдіруі;

2 сатыда қатынас жасайтын әріптестерінің кім екендігін танып білуге ықылас білдіріп олар жайында қажетті мәліметтер алуға ұмтылады. Әрбір әріптесі мен өзінің өзара қатынасының нендей ролдер атқаруы жайлы елестері пайда болады. Әріптестерінің кімдер екенін танып білуге мән беріп, мен олардың арасында қандай орын аламын деп, өзгелердің пікірімен санасады. Өзін өзгелердің орнына қойып, ішкі жан дүниесінің сырына барлау жасайды. Мұның бәрі ол өзінің ақыл мөлшерімен таразылап көреді де ұжым ішінде өзімнің атқаратын ісім мен мінез-құлығым қалай болуы керек деген міндетті шешеді;

3-сатыда қатынас жасаушы серіктері жайында өзара тілдесіп, ұғынысудың жолын іздестіреді: Егер олар тіл табыса алатын белгілі іс-әрекеттерді атқаруға кіріссе, іс-әрекет үстінде ұжым ішіндегі әріптестерінің кімдер екенін аңғарып,  оларды да, өзіндей танып білетіндей деңгейге көтеріледі;

4-сатыда қарым-қатынас жасап, тілдескен әріптестер нендей істерді атқара алады және олардың іс-әрекетімен мінез құлқында, қабілетінде нендей жағымды істері бар, ұнамды қасиеттері мен олқылықтары кездеседі деген жәйттерді анықтап кімнің-кім екендігін білетін болады. Егер жалпы тіл табысып кете алмайтын жәйттер болса ондай қатынасқа түскен адамның өзгелермен одан әрі қарым-қатынас жасаудың пайдасыз екендігін аңғарып олардан өзін аулақ ұстауға тырысады.

Қорыта келгенде қарым-қатынас орнатудың екі бөлшектен тұратынын ажыратып көрсетуге болады оның бірі адамның ішкі дүниесіне қатысты қасиеттерді ойлауы мен саналы әрекеті, ал, келесі бір шегі адамның жүріс-тұрысы мен өзгелермен тілдесіп бірлесіп әрекет ететін қатынас сипаттарын білдіреді.

Адамның өзгелермен тілдесіп қарым-қатынас жасай білуі жалпы адами қасиеттердің аса қажет түрінің бірі. Күнделікті өмірде кездескен адаммен ашық жарқын сөйлесетін болсақ көңілің ашылып жан дүниең сергиді, ал, өркөкірек, менмен, тұйық адаммен кездесе қалсаң айтқан сөзіңді түсіну түгіл оны құлағына да ілмей қойса көтеріңкі көңілің судай басылып, жігеріңді құм етеді.

Қоғамдық өмірдің төрінен орын алып, өсіп келе жатқан жас ұрпақтың арасында жаппай өрістеген осындай әлеуметтік дерттің, келеңсіз құбылыстардың астары мен мәнін, жас ұрпақтың тәртіпсізденуінің себебі мен салдарларын бағамдаған ғалымдар оның алдын алудың, жастар арасынан мүлдем аластатудың, жас ұрпаққа тәлімді тәрбие беріп, оларды қоғамдық өмірге белсенді азамат ретінде қосудың жолдары мен айла – амалдарын іздестіре бастады. Нәтижесінде өскелең ұрпаққа дұрыс тәлім – тәрбие бере отырып, оларды әлеуметтендірудің, яғни әр бір жас ұрпақты мақсатты түрде тәрбиелеп, қоғамдық өмірге қосуды ғылыми тұрғыда негіздеп, жан – жақты қорытқан ондаған тұғырнамалар пайда болды. Олардың мазмұнында негізінен, әрбір жаңа, келер ұрпақтың өмірден, қоғамдық қатынастар жүйесінен өз орнын тауып, қоғамдық өмірге бейімделіп, қосылу үрдісінде олардың бойында қалыптасатын мінез – құлықтың белгілі бір қоғами ортаға тән типінің  қалыптасуының диспозиялық иерархиялық құрылысын бағамдау басты орында тұрд.

Конфликттер позитивті, негативті, конструктивті, деструктивті, отбасының, топтың, мекеменің т.б. біртұтас болуына немесе жойылуына себепші болады.

Мұның  бәрі конфликтті шешу өнеріне байланысты конфликтті жағдайдың басқара алуға байланысты.

Сондықтан өмірімізде кездесетін конфликттан шығу жолдарын ойластырып, конфликтты басқару тәсілдерін қолдануға тырысу керек.