Техника ғылымдарының докторы, профессор Сәбденбекұлы Ө.,

аға ғылыми қызыметкер Сәбденбеков Ш. Ө.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті

  Қыйаланудың тәсіріне тасжарықтардың ықпалдары

     Таужыныстардағы тасжарықтарды танымдаудың өте қажеттілігі 1    ші және 2 – суреттерден айқын көрінеді. Мысалы, аршықтың (карьердің) жобаланған қыйасының көлбеу бұрышы aж = 60° болатын, ал  1–суреттегі сыйақты жағыдайларда бұл бұрыштың шамасы тік бағыттан r бұрышына ауытқып қалыптасты. 1– суретте  тек  тасжарықтардың беттеріндегі жазықтықтар арқылы қалыптасқан қыйалар ғана көрініп тұр. Сол жазықтықтардың ең ірілері қатпараралық жазықтықтар (1 – мен таңбаланғандар). Осы жазықтықтармен бағыттас, суреттегі басқа   жазықтықтардың бәрі қатпараралық жазықтықтарға                                                                                                                                                                

жатады.

     Қатпараралық жазықтықтарға тік бағыттағы басқа жазықтықтар 2 – мен

таңбаланған беттерді түзеді. Аршықтың қыйалары осылардай табиғый беттерден құралатынына қарамай физиканың жалпы заңдылығын сақтап қалыптасады екен. Бұл заңдылықтың сақталуына таужыныстардың сілеміндегі пайда болатын табиғый немесе жасанды шектеулердің   геометриялық өлшемдері себеп болады. Осындай табиғый әрекеттердің ықпалынан екі сырғу беттердің арасындағы бұрыш  ω = 90° + ρ екені ескерілсе, тепсең аралық қыйалар деңгей бағытта әсер ететін кернеуден түзілетінін көруге болады. Мұндай жағыдайлар тепсеңаралық қыйадағы таужыныстардағы Нж   дың биіктігі қыйаның биіктігінен елеулі кіші болғанда қалыптасады.                                                                                                                                                                                                            

     Осының  нәтижесінде  кеннің  өзіндік  құны  өседі. 2 – суретте  аршықтың қыйасы екі бірдей тектоникалық бұзылыстардың беттерімен (3с, 3о– сол және оң жақ) қалыптасқан. Қыйаның төменгі бөлігі, екі тектоникалық бұзылыстардың беттерiнің арасында, майда кесектерден құралған (бигөлшеуірді ұстаған адам). Осы адамның алдынан жасалынған тепсеңнің шегі көрініп жатыр (төтеб Тш – ның ұшы).  Сонда адам  отырған майда кесекті орын қыйаны қалыптастырудың кезеңінде пайда болған. 1 – ші  және 2 – ші суретте келтірілген қыйалардың биіктіктері  30 м. Тектоникалық бұзылыстардың беттерiнің көлбеу бұрыштарының шамасы  30° - қа жақын. Енді қалыптасқан қыйаның бұрышының көлбеулілігі d = aж - (90°-r)


         1- сурет

 
                   1                                                       2                                                                                         

 

 

 

 

3с 3ссссссссссса

 

3о 3ссссссссссса

 
 


               Тш     

 

2  сурет.

 

шамасына азайады да аршылатын таужыныстың көлемі артады.

     Кеннің өзіндік құнының тепсең аралық қыйалардың орнықтылығына байланысты өспеуі үшін таукендік жұмысты жобалау кезеңінде таужын-ыстардың мықтылық құжаттарынан алынатын физика – механикалық               қасиеттерінің  көрсеткіштік мәндеріне ендірілетін тасжарықтардың еселігі тыйанақты анықталған болуы қажет.                                                          

     Тыйанақты анықталудың алғы шарты – ол жерсілемнен алынатын                                          үлгінің табиғый жаратымдылық (материалы) түрі, геология – минералдық  құралымы, сілемді құрайтын таужыныстардың қабаттылығы мен қатпарлылығы, тектоникалық бұзылыстар және тасжарықтардан қалыптас- қан кесектенулер мен ахауланулары, жербеттен тереңдігі сыйқты мәлімет-                                                                                         тер белгілі болуы крек. Осы мәліметтерді пайдаланып, аршықтың қыйаларының тұрақты түрде орнықты болатын өлшемдіктерін анықтайтын әдістері негізделуі қажет.