ӘОЖ 631.879

 

МАЛ БОРДАҚЫЛАЙТЫН КЕШЕНДЕРДІҢ АҚАБА СУЛАРЫМЕН СУҒАРУДЫҢ СҰР ТОПЫРАҚТАРДЫҢ ТҰЗ РЕЖИМІНЕ ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІ

 

 Мұсабеков Қ. Қ., Сарбасова Г. Ә.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қаласы

 

Біздің елімізде, сонымен қатар шет елдерде жүргізілетін көптеген зерттеулер [1,2,3,4] малды төсенішсіз ұстағанда пайда болатын ақаба сулардың жоғарғы агрохимиялық тиімділігін дәлелдеп берді. Ақаба сулар бұл жағдайда малдың қиынан, азық қалдықтарынан, мал астын тазалауға пайдаланылатын судан құралады. Мұндай ақаба суларда азот, фосфор, калий еріген түрде болады. Мұндай күйдегі қоректік заттардың сіңірілуі тіпті тіпті минералдық тыңайтқыштардан да жоғары болады. Топырақтағы макро және микроорганизмдердің белсенді іс әрекетімен және ақаба судың топырақ қабаты арқылы сүзілуі нәтижесінде қалған органикалық заттар белсенді түрде минералданады. Соның нәтижесінде ақаба сулардың тиімді тазартылуы қамтамасыз етіледі. Шет елдерде (Швеция, Чехия, Германия, Франция, АҚШ) ақаба сулар (сұйық мал садырасы) органикалық тыңайтқыш ретінде өткен ғасырдың 50-60 жылдары қолданыла бастаған [4]. Мал садырасын құралуының , сақталуының, өңделінуінің және оны пайдаланылуының тиімді тәсілдерін іздеу шет елдерде, біздің елімізде белсенді түрде атқарылып келеді. Көптеген жағдайларда [4] сұйық мал садырасын автомобиль көлігімен тасымалдап шығарып тастау осы күнге дейін қолданылып келеді. Сонымен қатар сұйық садыраны арнайы құбырлар арқылы тасымалдап суғаруға пайдалану жүйелері құрылып жатыр.

АҚШ, Германия, Австралия елдерінің тәжірибелері мал садырасын таза сумен немесе қалалық ақаба сулармен қоспа ретінде суғаруға пайдалану ең жоғарғы тиімділікке апаратынын дәлелдеді. Сұйық мал садырасының әр түрлі нормаларын топыраққа енгізу де ұсынылады. Күзде бір рет 60-80 т/га енгізу, немесе оны 20 т/га мөлшерінде бөліп енгізу. Мұнда 1 тонна мал садырасында 0,49 кг азот, 0,10 кг фосфор, 0,11 кг калий болады. Суғару тәсілі ретінде жаңбырлатын суғару кеңінен таралған. ТМД елдерінде қазіргі уақытқа дейін көптеген мал кешендері іске қосылған және құрылысы жүргізіліп жатыр. Көптеген мал кешендерінде малды төсенішсіз ұстайды. Мұндай кешендердің көбісі өндірістік-экспериментальдық болып табылады. Мал садырасының құрамын және концентрациясын реттейтін әртүрлі әдістер қолданылады. Соның ішінде мал садырасын таза сумен араластыру технологиясына баса назар аударылуда. Малды төсенішсіз ұстау жағдайында мал садырасы мал ұсталынатын саңылауы, еденді сумен тазалау арқылы құралады. Оның ылғалдылық көрсеткіші 88-90% құрайды. Сұйық мал садырасының жалпы көлемі көлемі тәулігіне мүйізді ірі қара үшін -55кг, шошқадан 5-15кг құрайды. Бірақ көп жағдайда бұл нормативтерден сұйық мал садырасының көлемі 2-4 есе артып кетеді. Өйткені пайдаланылатын су әр мүйізді ірі қара мал үшін 0,2-0,3 м3/тәу құрайды.

Ауылшаруашылық дақылдарды мал садырасымен суғару кезінде көптеген факторларды кешенді түрде есепке алу қажет болады., атап айтқанда тазарту тиімділігін, дақылдардың өнімділігін, өнім сапасын, топырақтың екінші қайтара тұздануын, топырақ құнарлығын.

«Мелиорация және агрономия» кафедрасының қызметкерлерінің осы бағытта көп жылдар бойы жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде бірқатар мал азықтық дақылдары үшін мал садырасының тиімді мөлшерлері анықталып негізделді. Жалпы алғанда мал садырасын суғаруға дайындау, ағынды сумен араластыру, қажетті қоспаны дайындау, дайындалған қоспамен дақылдарды суғару, күтіп-баптау жұмыстарын жүргізу жайлы ғылыми ұсыныстар дайындалды.

Мысалы, суғармалы сұр топырақтарда жүргізілген зерттеулерде сүрлемдік жүгерінің орташа суғармалау мөлшері 3600-3700 м3/га болды. Осының ішінде мал садырасының орташа мөлшері,   1:5 қоспасында, 600-620 м3/га құраған, ал 1:7 және 1:10 қоспаларында тиісінше  460-465 м3/га; 330-335 м3/га болған. Тәжірибе нәтижелері бойынша мал садырасымен суғарулар жүгерінің жасыл массасының өнімділігін әжептеуір арттырған. 1:5 қоспасымен суғарылған сүрлемдік жүгерінің өнімділігі 590-610 ц/га жетіп, бақылау вариантына қарағанда 140-170 ц/га артық болған. Ағынды суға қосылатын мал садырасының мөлшері азайған сайын өнімділік те төмендеген. 1:10 қоспасымен суғарылған танаптардағы үстеме өнім гектарына 50-70 ц/га деңгейінде қалған. Бірақ, осы нәтижелерге байланысты 1:5 қоспасы ең тиімді деген тұжырым жасауға болмайды. Арнайы тәжірибе танаптарында мал садырасымен суғарулардың топырақтың экологиялық жағдайына тигізетін әсерін анықтау бағытында тәжірибелер жүргізу қажет.

Топырақтың тұз режимін зерттеу үшін біз М.И. Базилович және Е.И. Панкова [5] ұсынған жіктеуді пайдаландық. Мал кешенінің ақаба суларымен суғарудың әсерінен топырақтағы тұздардың құрамының сапалық өзгерістері жайлы мәліметтер кестеде (кесте 1) келтірілген.

Тәжірибе танаптары топырақтарының пішініндегі тұздардың мөлшері және түрлері бойынша таралуы бірыңғай емес. Барлық нұсқалар бойынша топырақтар тұзданбаған топырақтар қатарына жатады. Тұздардың жиынтық мөлшері (топырақтың құрғақ массасынан) үлкен аралықта 0,0652%-тен 0,1108% ауытқиды. Тұздардың құрамында негізінен, сульфаттар және гидрокарбонаттар басым болып келеді. Сонымен қатар кейбір топырақ қабаттарында салыстырмалы түрде алғанда хлоридтердің үлкен мөлшері бар. Сондықтан тұздану типі бойынша аталған топырақтарды хлоридті-сульфатты тұздану типіне жатқызуға болады. Химиялық талдау нәтижелері бойынша катиондар құрамында кальцийдің, содан кейін магний және натрийдің үлесі жоғары, ал калийдің мөлшері аз. Топырақтағы тұздардың гипотеттік құрамында Са(НСО3)2, СаSО4, Мq(НСО3)2,  МqSО4, NаSО4 тұздары бар. Зерттеудің бірінші жылында, вегетацияның аяғында, тәжірибе нұсқалары бойынша топырақтың бір метрлік қабатындағы тұздардың жиынтығы құрғақ топырақ массасының 0,0713-інен 0,0900% құрады. Сүрлемдік жүгері 1:5 қоспамен суғарылған 4 нұсқада тұздардың ең үлкен мөлшері байқалды-0,0900%. Осы мөлшердің 41,78% улы тұздар да, 58,22% зиянсыз тұздар. 1 нұсқада (бақылау) тұздардың жиынтығы 0,0718% құрады. Оның ішінде де зиянды (улы) тұздардың мөлшері 0,0310%, немесе барлық тұздардың 41,44%. Сонымен қатар барлық нұсқалар бойынша зиянды тұздардың тобында сапалық құрамында бірқатар айырмашылықтар байқалады. Зиянсыз тұздарда мұндай айырмашылықтар байқалған жоқ.  Бұдан басқа, жеке топырақ қабаттардағы тұздардың мөлшері бір-бірінен өзгешеленеді. Бірақ айқын көрінетін тұздану типі жоқ, өйткені олар тұзданған топырақтарға жатпайды. Мал кешенінің ақаба суларымен суғару кезінде топырақтағы тұздардың сапалық құрамында бірқатар өзгерістер байқалды. 1нұсқа танаптарының топырақтарында                                                                                                                                                                               2 жылы бірінші жылға қарағанда зиянсыз тұздардың мөлшері 6,2% көбейді, ал улы тұздардың мөлшері 41,44-тен 35,24% дейін кемиді. 2 нұсқада да осындай өзгерістер байқалды. Мұнда зиянсыз тұздар 5,94%-ке артты, осыған орай зиянды тұздар 5,94% кемиді. 3 және 4 нұсқаларда кері үрдіс байқалды. Яғни зиянды тұздардың мөлшері көбейіп, зиянсыз тұздардың мөлшері кемиді. Егер зерттеудің 1 жылы 3 нұсқаның тәжірибе танаптарының топырақтарында 0,04508% зиянсыз және 0,00336% зиянды тұздар болса 2 жылы күзде олардың мөлшері тиісінше -0,0454 және 0,038% құрады. 4 нұсқада зиянды тұздардың артуы 6,56%-ке жетті. Яғни тұздардың жиынтық мөлшері 0,0018% болды. Барлық тұздардың жиынтық мөлшерінде оң өзгерістер болды. 1 метрлік топырақ қабатында 1:10 қоспамен және өзен суымен суғару жағдайында зиянды тұздардың мөлшері тиісінше 5,94% және 6,20% кеміді (кесте 2). Мұны бірінші ретте зиянды тұздардың бір бөлігінің дақылдардың өнімімен шығарылады деп түсіндіруге болады. Суғару суымен бірге тұздардың 1 метрлік топырақ қабатынан төменге қарай ығыстырылып шығу мүмкіндігі аз. Өйткені суғару мөлшерлері ауыр саздақ топырақтар үшін шаю мөлшерінен әлде қайда аз. Сонымен жалпы алғанда мал садырасының көп мөлшері берілген зерттеу нұсқаларының топырақтарында зиянды тұздардың мөлшерлерінің артуы байқалды. Сонымен қатар жыртылатын топырақ қабатында тұздардың сапалық құрамында белгілі бір өзгерістер болып жатады.


Кесте 1-Сүрлемдік жүгеріні мал кешенінің ақаба суларымен суғарудың топырақтық

жыртылатын қабатындағы тұздардың сапалық құрамына тигізетін әсері

 

Анықтау мерзімдері

Зиянсыз тұздар топырақ массасынан %

Зиянды тұздар, топырақ массасынан  %

Тұздар жиынтығы %

Ca

(HCO3)2

CaSO4

Σ тұз

Σ тұздар жиынтығы

%

Мq

(НСО3)2

Мq

SO4

Na2

SO4

NaCℓ

МqCℓ

 

Σ тұз

Σ тұздар жиынтығы %

1 - нұсқа (бақылау)

1 жылдың күзі

0,0327

0,0257

0,0584

59,47

-

0,0270

0,0050

0,0077

0,00007

0,03977

40,53

0,0982

2 жылдың күзі

0,0445

0,0010

0,0455

68,84

+9,37

0,0016

0,0117

0,0042

0,0031

-

0,0206

31,16

-9,37

0,0661

2- нұсқа (қоспа 1:10)

1 жылдың күзі

0,0393

0,0025

0,0418

60,14

0,0015

0,0168

0,0049

0,0045

-

0,0277

39,86

0,0695

2 жылдың күзі

0,0418

0,00458

0,0464

67,24

+7,10

0,00126

0,0120

0,0073

0,00208

-

0,0226

32,76

-7,10

0,0690

3- нұсқа (қоспа 1:7)

1 жылдың күзі

0,0459

0,0083

0,0542

60,69

-

0,0240

0,00357

0,00675

0,0008

0,03512

39,31

0,0893

2 жылдың күзі

0,0397

0,0143

0,0540

62,00

+1,31

-

0,024

0,00486

0,00425

-

0,0331

38,00

-1,31

0,0871

4 - нұсқа (қоспа 1:5)

1 жылдың күзі

0,03333

0,0273

0,0606

40,24

-

0,023

0,0108

0,007

-

0,0408

59,76

0,1014

2 жылдың күзі

0,04995

0,0011

0,05105

46,07

+5,83

-

 

0,0158

0,0394

-

0,0598

53,93

-5,83

0,1108

 

 

 

 

 

 

Кесте 2- Сүрлемдік жүгеріні мал кешенінің ақаба суларымен суғарудың топырақтық  метрлік қабатындағы тұздардың сапалық   құрамына тигізетін әсері

 

Анықтау мерзімдері

Зиянсыз тұздар топырақ массасынан

Зиянды тұздар, топырақ массасынан 

Тұздар жиынтығы %

Ca

(HCO3)2

CaSO4

Σ тұз

Σ тұздар жиынтығы

%

Мq

(НСО3)2

Мq

SO4

Na2

SO4

NaCℓ

МqCℓ

 

Σ тұз

Σ тұздар жиынтығы %

1 - нұсқа (бақылау)

1 жылдың күзі

0,034

0,098

0,0438

58,56

0,0035

0,017

0,003

0,0074

0,00011

0,031

41,44

0,0778

2 жылдың күзі

0,043

0,0005

0,0439

64,76

+6,20

0,0056

0,0107

0,0044

0,0032

-

0,0239

35,24

-6,20

0,0678

2- нұсқа (қоспа 1:10)

1 жылдың күзі

0,0373

0,0035

0,0408

57,22

0,0040

0,0191

0,0059

0,0051

-

0,0305

42,78

0,0713

2 жылдың күзі

0,0395

0,0017

0,0412

63,16

+5,94

0,0041

0,01087

0,0061

0,00295

-

0,02402

36,84

-5,94

0,0652

3- нұсқа (қоспа 1:7)

1 жылдың күзі

0,04197

0,00311

0,04508

57,29

0,00229

0,02365

0,001626

0,00548

0,00056

0,03361

42,71

0,07869

2 жылдың күзі

0,040

0,0054

0,0454

54,35

-2,94

0,00168

0,0275

0,00403

0,00493

-

0,038

45,65

+2,94

0,0835

4 - нұсқа (қоспа 1:5)

1 жылдың күзі

0,0324

0,020

0,0524

58,22

-

0,021

0,0085

0,0081

-

0,0376

41,78

0,0900

2 жылдың күзі

0,0470

0,0004

0,0474

51,66

-6,56

0,0062

0,0197

0,0045

-

-

0,0443

48,34

+6,56

0,918

 

 

 

 

 


Көрсетілген мәліметтер бойынша сүрлемдік жүгеріні мал кешенінің ақаба суларымен суғарғанда топырақтағы тұздардың сапалық құрамында негізінен зиянсыз тұздардың мөлшері зиянды тұздардың мөлшеріне қарағанда артық болды деп қорытынды жасауға болады. Бұл жағдай мал садырасымен (қоспамен) суғарулар топырақтағы тұздардың құрамына теріс әсерін тигізбейтінін дәлелдейді.

 

Әдебиеттер

       1.  Дмитриева В.И. Кормопроизводство на базе использования стоков животноводческих комплексов на орошение в нечерноземье // Использование стоков животноводческих комплексов.-М.:ВНИИГиМ, 1982.с.57-61.

       2.  Дмитриева В.И., Никитин В.А., Поленина В.А. Использование стоков           животно-водческих комплексов. М.:Россельхозиздат, 1977.-62с.

       3. Додолина В.Т. Принципы классификации сточных вод по агромелиоративным показателям.//Использование сточных вод для орошения.-М.: ВНИИГиМ.-1978.

             с.70-82.

       4. Львович А.И. Использование сточных вод для орошения за рубежом.- М.: Колос,

           1968.-11с.  

  5. Базилевич Н.И., Панкова Е.И. Опыт классификации почв по засолению //Почвоведение    1968. №11-С. 3-16.