Ойлау қызметінің оқушыны салауатты өмір сүру дағдысына бейімдеудегі маңызды ерекшелігі

к.п.н. Данияров Т., магистр Малгайдарова Г.

г.Шымкент., Казахстан

Южно-Казахстанский государственный университет им.М.Ауезова

 

Ойлау қызметінің маңызды ерекшелігі - бұл жеткіншектердің абстаркты, өз бетінше және сынау тұрғысында ойлауының дамуы болып табылады. Осының арқасында жеткіншектер тек түсініп қана қоймастан, өз өмір сүру салтын талдап, қорытындылай алады, өз сын-пікірлерін ашық айтады, салауатты өмір салтына байланысты өзіндік ойларын белгілеп, оларды қорғай алады. Бірақ жаттықтырушы жеткіншектік жаста көрінетін салауатты өмір салты жөніндегі олардың көз жеткізулері мен ой-түсініктерінің келіспеушілінің ерекшеліктерін ескеруі қажет. Жеткіншектердің өз мінез-құлқына жетекшілік етудегі салауатты өмір салты идеялары, салауатты өмір салтын бағалау жүйесі, моральдық принциптер жайлы көзқарастары әлі де тиянақтыланбай тұрғанда олардың пікірін жолдастарының пікірлері мен өмір қайшылықтары жеп-жеңіл бұзады. Бүгінгі жеткіншектердің жалған идеялдары аз емес. Өзін танытуға ұмтылу, жеткіншектерді өзгелерге ұқсамауға, көптеген құрдастарының ішінен дараланып шығуға ынталандырады. Қайталанбас даралық жолында кейбір жеткіншектер спирттік ішімдіктерге, темекі тартуға, есірткі заттарға әуестеніп, жеңіл жүрісті жақтап, өздерінің тәртіп бұзушылармен таныстығын мақтан тұтады.

Төменгі сынып оқушысы салауатты өмір салтына деген өзінің қызығушылығын сезінеді және ол үшін еріктік күш-жігері мен назарын аударуға қабілетті болады. Бұдан басқа ескеретін жәйт, төменгі сынып оқушысында көру, есту көбірек те, ал сөйлеу-ойлау азырақ дамыған. Яғни, көрнекіліктермен байланысты болатын сезімдер терең сезінуді білдіреді, олар оңай да ұзақ уақыт естерінде сақталады. Төменгі сынып оқушысының танымы (елестетуі) еліктеушілік сипатқа ие болады. Бала өзінің ойлары мен ойындарында не көріп, не естігенін көрсетуге, байқағанын қайталауға тырысады. Сондықтан да оның елестетуі, алдымен, қүрылымдық (репродуктивтік) сипат алады. Яғни, төменгі мектеп жасы салауатты өмір салтын жүргізуге қажетті қасиеттерді қалыптастыру үшін үлкен мүмкіндіктердің болатынын білдіреді.

Осылайша, төменгі сынып оқушыларының берілгіштігі мен белгілі өзін иландыруы, сенгіштігі мен еліктеуге қабілеттілігі, спорттық жаттықтырушы пайдаланатын үлкен беделі балаларды салауатты өмір салтына тәрбиелеуді қолайлы алғышарттарын жасайды. Төменгі сынып оқушысының айқын да әдеттегіден тыс нәрселерге ұмтылуы, өзін-өзі тануға құштарлығының барлығы балалардың салауатты өмір салтына тәрбиелейтін спорттық ойындарда оларға рахат сезім мен пайда келтіруі тиіс.

Жеткіншектік жас өмірдегі қызметтің жалпы көтеріңкілігімен және барлық ағзаның түбегейлі өзгеруімен сипатталады. Физиологиялық процестердің бірден өзгеруі жоғарғы реактивтілікті шарттастырады, осының арқасында ағза сыртқы және ішкі ортаның факторларының әсерлерін едәуір қабылдағыш болып келеді. Жеткіншектік жасқа тән сипаттамалық ерекшелік организмнің жетілуі болып табылады, бұл олардың   өмірдегі    қызметіне   салмақты   өзгерістер   енгізеді.

 Сондықтан орта жастағы оқушылар мен спорттық жаттығуларда тәрбиелеу жұмысында салауатты өмір салтына тәрбиелеу бүгінгі таңдағы өте маңызды әрі күрделі міндет.

Жоғарғы сынып жасында өзін-өзі жетілдіруде, өз пікірін білдіруде және биологиялық қажеттілікке сәйкес негізде туындайтын өзін-өзі анықтау кезінде әлеуметтік жағдайлар басты орын алады және ол көкейтесті мәселеге айнала түседі. Субьектінің өз құқығы тұрғысындағы айтылған әлеуметтік қажеттіліктерден басқа жеткіншектік жаста басқа да әлеуметтік қажеттіліктерді олар өз міндеті деп түсінеді. Соңғыларының арасында, салауатты өмір салты көзқарасымен алғанда, мінез-құлықтың адамгершіліктік мөлшерлерін сақтауға және қоршаған ортаның дөнсаулығына қамқорлық жасауға байланысты қажеттіліктер де маңызды болып саналады [1].

Жоғарғы сынып оқушылары салауатты өмір салтының мәнін түсінуге, күнделікті өмір салтының денсаулықпен өзара байланысы мен өзара қатыстылығын түсіндіруге тырысады. Барлық уақытта дерлік бұларға өз көзқарасын қалыптастыруға, салауатты өмір салтына өз бағасын беруге деген ұмтылыс әсер етеді. Бұл жастағы өзіндік ойлау деңгейі анықтаушы сипатқа ие болады және салауатты өмір салтына өзін-өзі тәрбиелеу үшін қажет. Осыған байланысты біздің атап өтетініміз, жеткіншектік жаста адамды кешенді тұрғыда бағалай білу ептілігі дамиды. Олардың кумирлері болып гармоникалық дамыған адамдар саналады, өйткені олардың ойлау деңгейі физикалық дамуымен, сыртқы бейнесінің тартымдылығымен, жағымды мәнерлерімен үндеседі. Бұл, ең соңында, көптеген жоғарғы сынып оқушыларының күш-жігер, тұрақтылық пен мақсатқа бағыттылық алатын салауатты өмір салтын өзіндік тәрбелеу процесін ынталандыра түседі.

Өз кәсібін таңдау табалдырығында тұрған жоғарғы сынып, оқушыларының өмірлік жоспарлары мен құнды бағдарлары олардың қызығушылығы мен мүдделеріне байланысты жылдам дифференциацияланумен ерекшеленеді, бірақ олардың әрқайсысы қызық жұмыс істеп, қомақты табыс табуды, өмірден абыройлы орын алуды, бақытты жанұя құруды мақсат тұтады. Сондықтан да жетекші, тренер жоғарғы сынып оқушысына өзіндік салауатты өмір салтының жеке-дара стилін олардың болашақ отбасылық өмірі мен кәсібін ескере отырып жасауға көмектесуі қажет [2].

Осылайша, оқушылардың әр жастағы көзеңінде салауатты өмір салты туралы қажеттіліктері, қызығушылықтары, сарындары мен көзқарастарының қалыптасуы әдеттегі мінез-құлқымен, эмоциясымен, санасымен тығыз байланыста жүзеге асады. Әрбір жастағы кезеңде жетекші қажеттілік пен өзара сәйкес қарама-қайшылық байқалады. Қарама-қайшылықтың шешілуі мен жетекші қажеттілікті қанағаттандыру келесі жастағы циклде салауатты өмір салтын жүргізуді дайындайды. Бұдан  басқа,  оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке алу сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру механизмін ойластыруына мүмкіндік береді.

 

 

1 Жолдасбекова Б.А. Оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларын денсаулық сақтау технологиясы негізінде қалыптастыру: автореф. дис.канд.пед.наук.  //-Түркістан, 2007.-32 б.

 

2 Кожахметова К.Ж. Казахская этнопедагогика: метадология, теория, практика. //-Алматы: Ғылым, 1998.-317 с.