Линькова Н.Н., Жеткенбаева Р.Т.

Филиал АО «НЦПК «Өрлеу» Институт повышения квалификации педагогических работников по Карагандинской области, Республика Казахстан

Мектепке дейінгі білім берудің модернизациясының кейбір аспектілері

 

Мектепке дейінгі ұйымдардың басты міндеті – балалармен балалық шағын көңілді өткізу үшін жағдай жасау, әр бала біздің қоғамның лайықты, пайдалы азаматы  болып  өсіп, осы өмірде керектігін білуі және сезінуі керек. Бұл мақсатта педагогтың табысты еңбегі, оның оқыту мен тәрбиелеу бағдарламаларды, жаңа технологияларды игеру ұмтылысы  маңызды. Қазіргі таңда әлемдік ақпараттық-білім беру кеңістікке кіруге бағытталған жаңа білім беру жүйесі қалыптасуда.

Елбасының тапсырысымен бірегей «Балапан» бағдарламасы 2020 жылға дейін ұзартылды, осы бағдарламаның аясында Қарағанды облысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту 97,8% өсті және 2017 жылға дейін 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен 100% қамту қарастырылуда. Мектеп жасына дейінгі балаларды толық қамту проблемасы мектепке дейінгі білім беру мазмұнын модернизациялауды талап етеді. 

Біз білім берудің мазмұнын модернизациялауының кейбір аспектілерін белгіледік және біздің көзқарасымыз бойынша олар бірнеше:

Біріншісі – сапа, ол балалардың тәрбилеуі мен оқыту үдерісінің жағдайымен анықталады. Мектепке дейінгі білім берудің сапасын бағалауды іске асыру барысында, оның мектепке дейінгі жастағы балалардың құзіреттілік дамуының сәйкестігінің үш деңгейлі анықтауын қарастыратын мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігін анықтау керек. Мектепке дейінгі білім берудің сапасы – балабақшадағы тәрбиелеу мен оқыту үдерісінде баланың тұлғалық жастық және физикалық ерекшеліктерін есепке алынуына  сәйкес  әр баланың тәрбиелік деңгейі мен дамуының өсуі үшін балабақшада педагогикалық үдерісті ұйымдастыру болып табылады.

Мектепке дейінгі ұйымда білім беру сапасы – келесі айқындамалармен анықталатын ұжымның іс-әрекетінің нәтижесі:

-     бала  жас ерекшеліктері мен қабілеттіліктеріне сәйкес балабақшада жеке дамуына өз құқығын қалай іске асырады;

-     балабақшадағы педагогикалық үдеріс қалай ұйымдастырылған (тәртіп, бағдарламалар мен технологиялардың таңдауы, құралдармен қамтылуы, әдістемелік жұмыстың әртүрлілігі арқылы педагогтердің кәсіби өсуін арттыру жүйесі, және т.б.); 

-      МДҰ-да қандай жағдайлар жасалған (мектепке дейінгі балалық шақтың өздік құндылығына бағытталған білім беру ортасы);

-     ұжымдағы жақсы микроклимат;

-     сапалық жұмысты ынталандыру жүйесі, МДҰ-ның ұжым және оның басшысының іс-әрекетінің шығармашылық бағыттылығы;

-     отбасының сұраныстары мен білім беру қажеттіліктеріне бағдарлану;

-     сауатты басшылық шешімдерді қабылдау, білім беру үдерісінің жағдайын жүйелі ұжымдық талқылау.

Екіншісі – 12 жылдық білім беру үлгісіне көшуге байланысты мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың мазмұнын жаңарту. 

2013 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты енгізілді. Онда білім салаларының тұрғысында мектепке дейінгі білім берудің мазмұнына талаптар анықталған және құзіреттіліктердің қалыптасуы мен тәрбиенушілердің дайындық деңгейіне талаптар сараланған.

Үшіншісі  – баланың потенциалды қабілеттерін ашудың алғашқы сатысы ретінде инновациялық технологияларды қолдану. Инновациялар баланың тұлғасына оның қабілеттіліктерінің дамуына бағытталған педагогикалық практикада қолданатын жаңа әдістерді, формаларды, құралдарды анықтайды. Педагогикалық инновациялар тәрбиелеу мен оқытудың үдерістерін өзгертеді немесе жетілдіре алады. Инновациялық технологиялар бұл педагогикалық іс-әрекеттегі үдерісте тиімділігін дәлелдеген озық креативтік технологиялар. Осы өзгермелі жағдайларда мектепке дейінгі білім беру педагогіне заманауи технологиялардың кең спектрінде,  баланың дамуына бағытталған әртүрлі интегративтік тәсілдерінде бағдарлануы керек.

Г.Н.Селевкомен өткізілген педагогикалық технологиялардың талдауы негізінде, мектепке дейінгі білім беру жүйесінде қолданатын келесі технологияларды бөлуге болады: дамыта оқыту технологиясы; проблемалық оқыту технологиясы; ойындық технологиялар; компьютерлік технологиялар; баламалы технологиялар.

Төртіншісі – оқыту -  тәрбиелеу үдерісі білім беру үдерісінің негізі мен түйіні болып табылады, сондықтан оның өзгеруі әрқашанда негізгі рольді ойнайды. Педагогтерге оқыту-тәрбиелеу материалдың жаңа мазмұнын шығармашылықпен ұғыну керектігі, мемлекеттік бағдарламаларды іске  асырудың ең тиімді жолдары, әдістері мен формаларын табу керектігі  туындайды. Кәсіби шеберліктің жоғары деңгейін игеру педагогтің шығармашылық потенциалының жандануына, дамыған кәсіби ойлауына көзделген. 

Бесіншісі – біліктілікті арттырудың мазмұнын дамытудың стратегиясының негізі болып табылатын, біліктілікті арттыру жүйесін модернизациялау. Осыған орай «Өрлеу» Біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында курстардың мазмұны мен тақырыптарына байланысты тәсілдер түбегейлі өзгерді.

Мектепке дейінгі білім беру саласында жұмыс жасайтын келесі категориялар курстармен қамтылған: МДҰ әдіскерлері, тәрбиешілер, шағын-орталық педагогтері, мектепалды топтар мен сыныптардың тәрбиешілері.

Жоғарыда аталған категориялар үшін «Нәтижеге бағытталған білім беру моделіндегі іс-әрекетке тәрбиешінің кәсіби тұлғалық дайындығы», «М.Монтессори, Н.Зайцев, ТРИЗ, Тәй-Тәй педагогикалық жаңа технологияларды мектепке дейінгі білім беруде қолдану», «Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивтік білім беруді ұйымдастыру», «Ерте және қарқынды дамытудың философиясы мен технологиялары», «Заманауи жағдайда мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру үдерісін ұйымдастыру».

Курстарда мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің өздігінен дамуына ерекше көңіл бөле отырып олардың  кәсіпқойлықтарының дамуының жаңа тәсілдері іске асырылады.

Тыңдаушылармен көптеген жұмыс түрлерінің бірі – сындарлы тәсіл, ол жұмыс орнында қажет болатын құзіреттіліктерді қалыптастыратын және кәсіби дағдыларды дамытатын күрделі міндеттерді шешуге, тыңдаушыларда бар білімдер мен дағдыларға бағдарланған. Педагогтер  ерекше білім беру ортасын қалай құруды, онда тек қана материалды оқымай сонымен қатар танымның шынайы заттары туралы өз білімдерін құрастырады, білім беру өнімдерін әзірлейді.

Сонымен, атап айтқанда мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту жүйесіндегі модернизацияға байланысты әртүрлі сұрақтарды шешу бойынша жұмысты ұйымдастырғанда келесі қажет:

-     мектепке дейінгі жастағы балалардың тәрбиелеу мен оқыту практикасында мазмұнды, білім беру технологияларын  жаңарту бойынша педагогикалық идеялардың іздеуін жүргізу;

-     мектепке дейінгі ұйымдардың педагог қызметкерлерінің кәсіби шеберліктері мен еңбектерінің мәртебесін әрқашанда арттыру;

-     педагогтердің шығармашылық потенциалының өсуін ынталандыру және кәсіби  қарым-қатынас, өздігінен іске асу үшін жағдай жасау;

-     озық педагогикалық тәжірибені оқу, жалпылау және тарату;

-     балалардың мектепке дейінгі білім беру жүйесінің даму проблемаларына жалпы ақпарат құралдары, ғылыми жұртшылықтың, атқарушы билік органдарының назарын аудару;

-              қызмет көрсету формаларының әр-түрлігін кеңейту.