СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫН
ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘСІЛДЕРІ
Сыдыкова
А.Ж., Абдулина З.Т., Айкумбаева А.С.
Оқыту үдерісінде
жаңа инновациялық технологияларды заман талабына сай енгізу білім берушілердің парызы болып
саналады. Осыған орай, студентерді кредиттік оқу жүйесіндегі
модульдік технология арқылы оқыту дидактикасын жасаудың
маңызы өте зор. Білімденуде
дидактиканы жетік меңгерген жеке тұлғаның ой-санасы
қоғамдық талаптар деңгейінде іс-қимыл
көрсетіп, қиындықтар мен бөгеттерден өтуде
біліктілік пен табандылықтың үлгісін танытады.
Білім –
қоғамның дамуы мен болашақтағы жағдайының
анықтаушы. Кез келген елдің экономикалық және саяси тәуелсіздігі
халықтың жалпы білімі мен кәсіптік деңгейіне
байланысты.
Білім жеке
тұлғаның әлеуметтік-саяси көзқарасын
дамытып, дүниетанымының аясын кеңейтетін маңызды
факторлардың бірі және жеке тұлғаның
әлеуметтік мәртебесін айқындауда, сондай-ақ
қоғамда саяси келісім мен ішкі тұрақтылықты
орнықтырып, саяси құрылымды дамытуда маңызы зор.
Әлеуметтік
тәжірибені, ақпараттарды игеруде, ұрпақтар
арасындағы рухани құндылықтардың бір-біріне
берілуін сақтауда, тұлғаның әлеуметтік
мәртебесін көтеруде – білімнің орны ерекше.
Қазіргі білім –
азаматтық қоғамдағы әлеуметтік талаптарға
бағытталған жан-жақты құбылыс және
оқыту, тәрбиелеу түріндегі педагогикалық
әрекеттің тұтас жүйесі.
Бүгінгі күні
бүкіл дүние жүзілік білім беру тәжірибесіне
жүгінетін болсақ, жылдам қарқынмен оқыту
үрдісінің сапалы да жемісті жолы - аудиториялық сабақтардың көлемін тиімді
қысқарту арқылы, студенттердің өздік жұмыстарына
уақытты көбірек беріп, олардың шығармашылық
қабілетінің өсуіне әсері жоқ оқу
пәндерін барынша азайту. Және де оқу жылының
барысындағы студенттердің уақытының дұрыс
бөлінуіне ерекше көңіл бөлу керек. Себебі семестрдегі
жүйесіз берілген өзіндік жұмыстар сессия кезіндегі
«үлгермеушілікке» және білім сапасының төмендеуіне
әкеліп соғады. Осыған байланысты, өздік жұмыстарын
орындау үшін әр студентті оқу-әдістемелік
құралдарымен қамтамасыз етіп, семестрдің басында
дұрыс тапсырма беру керек. Соған байланысты әр
тапсырманың ұйымдастыру-әдістемелік материалдары болуы тиіс.
Сонымен, өздік
жұмыстарының ішкі мазмұны – мұғалімнің
қатысуынсыз немесе көмегінсіз дайындалуына студенттің
мүмкінлігі болуы керек. Студенттің теориялық білімі мен
зертханадан алған тәжірибесін өздік жұмыста
ұштастыра алуы керек.
Негізінен алғанда,
студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру және
өткізу технологиясы келесі элементтерден тұрады:
·
студенттердің өздік жұмыстарын жоспарлау;
·
әдістемелік қамтамасыз ету,
·
бақылау және орындау бағасы;
·
талдау және жетілдіру.
Әр оқу
пәнінің жұмыс бағдарламасында студенттердің
өздік жұмыстарының жоспарланған түрлері, мерзімі,
бақылау уақыты және
коллоквиумдар, курстық, семестрлік, есепті-графикалық және
басқа да жұмыстар міндетті түрде кіргізіліп көрсетілуі
керек. Студенттердің өздік жұмыстарының түрлерін
таңдау үшін оқу пәнінің мақсатын,
оқушының дайындық сатысын, студенттердің өздік
жұмыстарына бөлінген сағаттардың санын ескерген
жөн.
Жоғары оқу
орындарында студенттердің өздік жұмыстарын тексерудің
қарапайым және қолайлы түрі – коллоквиумдар болып
саналады немесе белгілі бір тақырыптағы баяндама немесе деректі
мәселені талқыға салатын ғылыми жиналыс түрінде
ұйымдастырылуы мүмкін. Мысалы, студенттердің орындаған
«мазмұндамасын», жасаған «семестрлік, курстық
жұмыстарын» әдеттегідей қабылдай салмай, әр-түрлі
ғылыми пікірталас ұйымдастыру арқылы қабылдаған
әлдеқайда тиімді.
Барлық инженерлік
қызметтің негізгі мазмұны жобалық-конструкторлық
және жобалық-технологиялық құралымнан
тұратыны мәлім. Курстық жоба, дипломдық жоба
сияқты, жобалық-конструкторлық және оқу
ісінің синтезін құрайтындықтан, болашақ мамандықтар
үшін, әсіресе инженерлік мамандар үшін өте қажет
курстық жобаны ерекше атап өткен жөн тәрізді. Студенттердің
өзін бағалай және қадағалай білуі, өзіне
баға беруді қалыптастыратын белсенділігін арттыратын сенімді
тәсіл. Әр пәнге арналған өзіндік жұмыстар -
студенттердің өз күштеріне сенімділігін және
жауапкершілігін арттыратын, өзіндік баға беру қабілетін
қалыптастыратын оқыту түрі болуы керек.
Өзіндік жұмыстың
мазмұны - әрбір студенттің өсуі мен жетілуі,
оқыту барысында табысты болуы үшін, оқытушы олардың
әрқайсының қабілетіне байланысты бейімделген болуы
керек. Қайталап айтатын болсақ, оқыту талабына сай,
студенттердің өздік жұмыстарына көбірек уақыт
беру арқылы оқушының өздігінен ойлау қабілетін
кеңейтіп, ізденісін арттыратын әдістеме керек.
Білім беру барысында
мұғалім студенттің пәнге деген
қызығушылығын тудырып, одан қанағат алатындай
жағдай жасауы керек. Өйткені оқу материалын саналы
түрде меңгеру, оның қажеттілігін түсініп,
мәнін ұғынуға байланысты.
Сабақ өткізу кезінде
іскер ойын ұйымдастыру да үлкен жетістікке жеткізетіндігі
жаңалық емес. Ойынның
мақсаты оқу жоспарының мағынасына,
студент-ойыншылардың құрамына, олардың
дайындығына, ойынға кететін уақытқа және
сабақтың тақырыбы мен мәніне байланысты шешіледі. Ойын
пікірталасқа негізделген мағыналы, ақпаратты және
берілген сабақтың тақырыбын ашатын нақтылы болуға
тиісті. Ойынға қатысушы студенттер ойынның мақсатына
өз жетістіктерімен жетулері тиіс. Оқытушы ең
бастысы – оқытушы ойынды ойыншы қауымның өздері
ұйымдастыруына ерік беріп, оларды қанағаттандырып отыруы
керек.
Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру
мақсатын тиімді шешудің және бір түрі – дәстүрлі оқыту әдісінен алшақ, қазіргі
кезге сай ғылыми дәйектелген және жете зерттелген
оқулықтар мен әдістемелік оқу құралдарын
оқыту үрдісіне енгізу. Студент оқулықты жете
түсініп, жеңіл қабылдауы үшін, сабаққа
өздігінен дайындалу барысында, қолданатын
әр пәннің лекциялық курстары, оқулықтары
және оқу құралдары міндетті түрде оқу
жоспарына сәйкес болғаны жөн. Сонымен қатар, барлық қажетті
оқу-әдістемелік құралдары
баспа түрінде де, электронды түрде де жеткілікті және
қол жеткізерліктей болуы міндетті.
Оқытушы мен студент
жүйесінің іс-әрекетіндегі жетістікті анықтайтын
маңызды факторлардың бірі педагогикалық
қарым-қатынас болып табылады.
Егер студенттерге білім беру және іскерлік
пен дағдыны сіңдіру процесі, педагогикалық
қарым-қатынастың ұйымдастырушылығы ескерілмесе,
онда сабақтың сәтті болуын мәтіндердің
мазмұны да, тиімді жаттығулары да, әдіс-тәмсілдер мен
құралдарына қамтамасыз ете алмайды. Сабақта
қарым-қатынас кезінде сезімталдық пен тілектестік,
табиғилық пен еркіндік, адамгершілік студенттің белсенділігін
жандандырады.
Кредиттік
оқыту технологиясы Қазақстанның жоғары білім
жүйесіне ұлттық білім беру бағдарламаларын
халықаралық мойындау, студенттер мен
оқытушы-профессорлық құрамның ұтқырлығын
қамтамасыз ету мақсатында енгізілді.
Кредиттік технологияның негізгі
ерекше белгілері
·
білім алушылар
үшін оқу жоспары пәндерін таңдау кеңдігі;
·
әр
студенттің өз жеке оқу жоспарын қалыптастыру
ісіне қатысуы;
·
сынақ
бірліктері - кредиттер жүйесін жүргізу;
·
оқу
үрдісінің баспа және электронды түрдегі қажетті
әдістемелік материалдармен қамтамасыз етілуі;
·
студенттердің
оқу пәндерін меңгеруін бағалауда
балдық-рейтингтік жүйенің міндетті түрде
қолданылуы;
Жаңа технология
ұғымы қолданымда құлағымызға жиі
естіліп жүргенімен, оның іс-әрекеттегі әдіснамасы
бұлдырлау. Аталған бұлдырлықтың басты
себеп-салдары төмендегідей:
– бір технологияны
меңгеру үдерісінде қабылдаушы тұлғаның
психологиялық жадынамасының мүмкіндігі ескерілмей келеді;
– технологияға жетілу үшін
классикалық және инновацияға қызмет етер деген
әдістерді саналы меңгеру парқын елемеу кездеседі;
– технологияның бір
ғана нұсқасын меңгерушілікпен шектелуінің
себептерін ашуға мән бермеудің байқалуы;
– меңгерген технологияны сыни пайыммен
зерделеп, іс-әрекет үдерісінде өнімді нәтижеге
апару-апармау барысын бағамдаудың жетімсіздігі.
Қорытындылай келгенде, еліміздің
болашақ мамандары қоғам талабына сай, жан-жақты болуы
үшін төмендегі міндеттерді әрбір оқытушы ескеруі
қажет қажет:
1.
Әрбір ұстаз өз пәнінің білікті, білімді шебер
маманы екенін көрсете білуі керек.
2.
Студенттің болашақ мамандығын игеруге бағыт беруі керек.
3.
Студенттің әрбір пәннің мамандыққа
қатысы барлығын түсіндірі керек.
4.
Студенттің кәсіби білікті, білімді маман болуын санасына
құйып отыру.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1.
Нұрмағамбетов
А.А. Образовательная политика Республики Казахстан в контексте трансформации
системы высшего образования. — Алматы, 2002. — 35 б.
2.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11
қазандағы №1459 Жарлығымен бекітілген Қазақстан
Республикасында Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы. – Астана.2004.