Саматова
Гүлнұр Әмірханқызы
А.Байтұрсынов
атындағы Қостанай мемлкеттік университеті
Филология мамандығының IV курс
студенті
МАМАНДЫҚ
ТАҢДАУ – ӨМІРЛІК БАҒДАР
Мамандық таңдау
әр жас өспірімнің алға қойған өмірлік
жолы мен мақсаты, үлкен өмірге деген көзқарасы
мен сенімі. Мектеп қабырғасынан кейінгі қиын да,
қызықты жолдардың бір баспалдағы іспеттес. Сол
баспалдықтан құламай, сүрінбей, ақырын
жүріп, анық басқан дұрыс деп есептеймін. Мамандық
таңдаудың өзі үлкен өнер болса, сол
өнердің хас шебері болу үлкен шыдамдылық пен
қажырлы еңбекті талап ететіні сөзсіз.
Бүгінгі таңда сапалы
білім алу басты назардағы мәселелердің бірі. Ал сапалы білім
алу үшін тек мамандық таңдау ғана емес, сонымен
қатар жоғарғы оқу орындарының да орны ерекше. Мен
аймағымыздағы белді де беделді Ахмет Байтұрсынов
атындағы мемлекеттік университетінде, яғни облысымыздағы
қанатын кеңге жайған білім ошағында
Гуманитарлық-әлеуметтік факультетінің қазақ
филологиясының «Аударма ісі» траекториясы бойынша білім алудамын.
Менің ең басты
айтпағым, қазақ филологиясы – бүкіл
мамандықтың бір саласы болып табылады. Оны игеру, оған ие
болу оңай іс емес. Сондықтан да филологтарға артылар
жуапкершілік пен қойылатын талап та үлкен. Әр бір филолог
тілмар, тапқыр, сөзге шебер, ойға жүйрік, аударма ісін,
грамматикалық қателіктер жибермейтіндей тіл сауаттылығын
жан-жақты игерген адам болуы керек. Негізнен мен өз тілімде тек
еркін сөйлеп қана қоймай, оны ғылыми дәрежеде
меңгеруді мақсат етемін. Және де филология мамандығына
түскен талапкер, ертеңгі күні білімді ұстаз, білікті
журналист, сауатты аудармашы, елінің хал-жағдайын жан-жақты
жырлайтын қарымды қаламгер болуы да әбден мүмкін. Мен
өз елімнің дамуына өз үлесімді қосуды мақтан
тұтамын. Соның құрылысына өз кірпішімді
қалауға бел буып келемін. Өйткені ел болашағы біз,
яғни жастар. Бізге артылған сенім жүгі ауыр. Сол себепті
қиындықтар мен ауырлықтардан қашпай абыроймен
жалғастыра білсек, өз мамандығымыздың нағыз иесі
болып қана қоймай, өз еліміздің өркендеуіне
септігімізді тигізетінімізге кепілдімін.
Өмір
сынақ... Ия, тағдырдың жазғаны сол болар... Мен
өз отбасымды қатты жақсы көремін. Бір минуттың
өзінде өзімнің жан анашымсыз, мінімді түзеп
тұратын тәтешімсіз, еркелеп мойныма асылып, университеттен
келгенімде ауланын сыртында мені күтіп қарсы алатын інім мен
сіңілімсіз бір де минут болсын, тіптім секунт те отбасымсыз
өмірімді елестете алмаймын. Әкешім қасымда болмаса да,
әкенің орны бөлек қой... Біз жартылай отбасылар
қатарына жатамыз. Анам жалғыз өзі төртеумізді жай
ғана қарапайым медбикенің жалақысымен асырайды. Ол
ақшаны қайда қалай жеткізеріңді де білмейсін.
Шамға төлейсін бе, тамақ аласын ба, әлде
оқуға төлейсін бе... Күнделікті жолын да бар. Анашым
өте қатты қиналады, жалғыз айлық жалақысы
жетпейді. Бірақ, бізді қатарластарымыздан қалдырмай
бағып-қағуға тырысады. Өмірден қатты
түніліп қиналғанда бизге қиналып жүргенін
көрсетпесе де, жаным менің сезеді. Анашымның күндізгі
жан қиналысы, түнде біз ұйықтап қалдау дегенде
көзінен ыстық жас болып тамшылайды... Түндердің бір
уағында анамның қиналып күрсінгенін де естимін...
Үндемей жылағанын да көремін. Сондай кездері жүрегім
дүрсілдеп, іштей қиналып ұйықтай алмай дөмбекшіп
шығамын...
Қаншалықты
ержетіп, есейіп кетсек те біз бәрібір ананың алдында сәбиміз.
Оның тілек-ниеті де біз ғана. Сен мейлі ғұлама-данышпан
бол, мейлі баскесер-бұзақы бол – ана үшін алдымен
өзегін жарып шыққан бауыр еті баласының амандығы
керек. Сол жарық дүниеге әкелген,
ыстық-суығымызға көнген, сәт сайын тілеуімізді
тілеп отыратын анашыма күнделікті үй шаруасынан басқа не
істей алдым және не істей аламын десем ішім қатты ауырады. Тек осы
күнге дейін анамды жақсы үлгеріммен қуантып келемін. Оқуымды
бітіріп, жұмысқа орналасып анашымның көзінен,
жүзінен бақыттың күлкісін көргім келеді. Себебі
мені рухтандыратын, өмірде жақсы, қолұшын беретін
жандар бар екендігіне сенім арттыратын өмірдегі тіреушім,
қамқорым, сенім артатын ең жаныма ыстық анашым мен
бауырларым!
«Талаптанған бала –талпынған құстай»
дегендей, сол себепті анашым маған үлкен сенім артады.
Анамның ақ үмітін ақтаудан артық еш арманым
жоқ. Өз арманымды жүзеге асыру үшін, уақытымды
бекерге өткізбеуге тырысамын.
Мен филолог болуға мектеп қабырғасынан
бастап армандадым. Кішкентайымнан көркем әдебиеттерді оқып,
мәнерлі де әдемі сөйлеуга машықтандым. Әр түрлі
сайыстарға, интелектуальдық ойындарға қатысып
қана қоймай, шығармашлылық кештерде жүргізуші де
болдым. Жұрт алдында өз-өзіңді ұстау, шебер де
ұтымды сөйлеу шешендігіне үйрендім. Қазірдін
өзінде де күнделікті уақытымда жаңадан
шыққан әдеби кітаптарды оқуға тырысамын.
Менің ойымша әрбір Қазақстан азаматы қазақ
тілінде сөйлеп қана қоймай, ақын-жазушыларымыздың
болашақ ұрпаққа жырлап қалдырған немесе
қазірдін өзінде шығарып жатқан туындыларымен таныс
болуы керек деп есептеймін.
Еліміздегі университеттердің бірінде
оқу – мен үшін үлкен мақтаныш болса, сонымен
қатар үлкен сын. Өміріміздің әр күні
жетістікке, жаңалыққа толы болатындықтан бойымды
машықтап қана қоймай білімімді шыңдай беруден
шаршамаймын. Сол шыңға жетуіме, яғни жоғары оқу
орнының дипломы кәсіби мақсаттарыма жетуіме тигізер
көмегі шексіз. Ол болашақ мамандығымның ең
бірінші есігін ашып, табалдырықтан нық аттауыма көмектесіп
қана қоймай, менің жоғары оқу орнын бітіргенімді
дәлелдейтін маңызды құжат. Алдағы өмірімде
диплом менің ғана емес, отбасымды асырайтын тамағым.
Еңбегімнің жемісі болмақ. Одан кейін халқыма да тигізер
пайдам баршылық деп есептеймін. Дипломсыз екі қолым мен
аяғымды біреу құрсаулап, темір шынжырмен байлап
қоятындай сезінемін...
Мен бұл мақаланы жазған себебім жастар
оқудың маңыздылығын, дипломның керек екендігін,
мамандық таңдау өмірлік жолыңның бағдары
екенін түсініп, болашақта түңілмей ата-анаңа,
өзіңе, еліңе пайдасы тисе нұр үстіне нұр
болар еді. Болашаққа нық сеніммен адымдап, биік белестерді
бағындыралық, жастар!