Право /7.Экологическое,
земельное и аграрное право.
Оқытушы,
құқық магистрі Омар Б.М., ЗҚТ-015 тобының
студенті Б.Батанов
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрік университет. Қазақстан
Ядролық қарусыз
әлем – Қазақстанның жаһандық миссиясы
Ядролық
қауіпсіздік жарты ғасырдан астам
уақыт бойы әлем назарында екені баршамызға мәлім.
Көп жылдар оның шешімін іздестіруге әлем
жұртшылығы қатысып келген. «Қырғи
қабақ» соғыс кезіндегі бәсекелестікте
бес алып мемлекеттің қолында бүкіл адамзатты
жоюға шамалы қару қорлары шоғырланған. Тек ядролық сынақтардың өзі
өмірге шексіз қауіп төндіргені белгілі. Әлемде
2025 сынақ жүргізілген қазақ халқындай азап
шеккен бірде-бір халық болмағанын айтсақ
артық болмас. Аты шулы Семей полигонында 500-ге жуық
атом, сутегі бомбалары сыналып, олардың саны барлық
сынақтардың ¼-ін құраған, ал
қауқары жағынан Хиросима мен Нагасакидегі
жарылыстардан 40 мың есе асып түскенін Ресейдің ресми
мәліметтері жобалайды. КСРО-ның ядролық
зобалаңынан 1 млн. қазақ халқы шейіт болып, осы күндері
0,5 млн адам неше түрлі ауру-сырқатқа шалдығуда.
Туылған сәбилер арасында адам көрмеген, естімеген,
ойламаған хайуан сияқтылары да кездесуде. Сондықтан
ядролық мәселе көтерілгенде Қазақстан мемлекеті бейжай
қарай алмады. Оның дәлелі ретінде мемлекетіміз ерікті
түрде әлемдегі төртінші орында тұрған
ядролық арсеналдан бас тартып, мемлекетіміз әлемдегі көлемі
жағынан екінші орында тұрған Семей ядролық полигонын
жапты. Бұл әлем үшін мәні мен мағынасы зор
үлкен маңызды тарихи оқиға болатын. Осыдан 20 жыл бұрын Семей ядролық
сынақ полигонын жабу туралы шешімді қабылдау – болашақты
ойлаған қадам. Қазақстан Президенті
Н.Назарбаевтың бұл әрекеті бүкіл әлемде
ядролық қаруды сынауды тежеуге ықпал етті. Қазақстан
Тәуелсіздігін алған алғашқы күндерден-ақ
өзінің татулық пен келісім салтанат құратын
бейбіт мемлекет құруды ниет етіп отырғандығын
танытқан мемлекет болатын. Биыл Қазақстан мемлекетіміз
үшін мәні зор 2 мерекені атап өтуде. Оның бірі
Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы болса, екіншісі Семей полигоны
жабылуының 20 жылдығы. Тәуелсіздік - қазақ
халқының, Қазақстанды мекендеген
халықтардың мерекесі. Ал Семей полигонының жабылуы адамзат
баласының мерекесі десек артық айтқандық болмас [1.
1-2].
Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен БҰҰ
аясында 2011 жылдың қазан
айының 12 жұлдызы күні Астанадағы,
Тәуелсіздік сарайында Ядролық сынақтарға қарсы
іс-қимылдың халықаралық күніне арналған
шаралар төңірегінде «Ядролық қарусыз әлем
үшін» атты халықаралық форум өткен болатын. Бұл халықаралық
форумға БҰҰ, МАГАТЭ, ЕҚЫҰ, ЯСЖТКҰ,
ШЫҰ, АӨСШК, ЮНЕСКО, ЕурАзЭҚ сияқты
халықаралық және аймақтық ұйымдардың
басшылары мен өкілдері, АҚШ, Жапония, Норвегия, Бельгия, Ұлыбритания,
Франция, Ресей Федерациясы, Словакия, Швейцария, Пәкiстан, Ирак,
Түркия, Корея, Моңғолия, Вьетнам және басқа да
елдер парламенттерінің депутаттары, мемлекет және қоғам
қайраткерлері қатысты. Форумда Семей ядролық сынақ
полигоны аумағын жабу жолындағы Президент Н.Назарбаевтың
қайраткерлік әрекеті кеңінен баяндалады. Онда, Елбасы
Н.Назарбаев – «Жиырма жыл бұрын әлемде бірінші болып біз өз
жеріміздегі ядролық полигонды жаптық. Қырық жылға
созылған сынақ кезінде жасалған 450-ден астам
жарылыстың 120-дан астамы атмосферада іске асырылды. Олардың
жиынтық қуаты 2,5 мың Хиросиманы жойып жіберуге жеткілікті
еді. Радиация 300 мың шаршы шақырымнан астам аумақты
бүлдірді. Бұл – шамамен Германия сияқты Еуропадағы
үлкен елдердің бірінің аумағына тең. Ядролық
сынақтардың салдарынан 1,5 миллионнан астам адам зардап шекті.
Менің Семей полигонын жабу туралы Жарлығым біздің осы жылы 20
жылдығын атап өтетін Тәуелсіздігімізге қадам
басуымыздың кері қайтпас нүктесі болды. Сондай-ақ,
Елбасы өз баяндамасында кейінгі бес жыл бедерінде АҚШ және
Ресейдің қатысуымен Жер шарының кез келген нүктесіне
жетуге қабілетті 1200 оқтұмсығы бар 110-нан астам
баллистикалық зымыран бөлшектелгенін атап өтті. Сол
уақытта еліміздегі ядролық арсенал Ұлыбритания, Франция,
Қытай үшеуін қосып алғандағы ядролық
әлеуеттен асып түсетін еді», – деді. Бүгінгі күні
ядролық қауіпсіздік мәселелері әлемдік саясаттағы
ең жетекші орындардың бірін иеленіп отырғанына
тоқталған Елбасы өткен жылы осы жүзжылдықта алғашқы
қол қойылған АҚШ пен Ресей стратегиялық
ядролық арсеналдарын қысқарту туралы Париж шарты қолданысқа
енгізілгенін айтып өтті. Нью-Йоркте БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги
Мунның ұсынысы бойынша аталған проблемаға
арналған жоғары деңгейдегі мәжіліс өткен
болатын. Қазіргі таңда, алдағы жылдың наурыз айында белгіленген
Сеул саммитіне дайындық жүргізілуде. Астанадағы осы форум
қатысушыларының кең құрамы ядросыз әлем
идеясының жаһандық деңгейде ешкімді бейжай
қалдырмайтынының жарқын көрсеткіші деуге болады [2.
1-2].
Қазақстан ТМД елдерінің
ішінде алғашқылардың бірі болып Ядролық қаруды
таратпау туралы шартқа қосылды. «Бүгін мен мұның
Қазақстанның шынайы Тәуелсіздігіне ауқымды
және драмалы қадам болғанын айта аламын. Есесіне біз
әлемнің АҚШ, Ресей, Ұлыбритания сияқты жетекші
ядролық державаларынан өзіміздің қауіпсіздігімізге
берік халықаралық кепілдік талап етіп, оны 1995 жылы алдық.
Кейін бұл кепілдемеге Франция мен ҚХР қосылды. 15 жыл
бұрын Қазақстан Ядролық сынақтарға жаппай
тыйым салу туралы шартқа қатысушы мемлекет атанды.
Өңірдегі көршілерімізбен бірге Орталық Азияда ядролық
қарудан азат аймақ құру туралы шартқа қол
қойылды. Және бүгінде еліміз жаһандық антиядролық
қозғалыстың көш басында келеді. Мұның
бәрін егжей-тегжейлі айтып отырған себебім – бұлар
Тәуелсіз Қазақстанның ядросыз биографиясындағы
жарқын беттер болып табылады. Бұл біздің антиядролық
тәжірибеміз және де әлемнің барлық мемлекеттерін
соңымыздан еруге шақырамын», – деді Қазақстан
Президенті Н.Назарбаев. Елбасы Семей полигонын жабу туралы
Жарлыққа қол қойылған күнді, КСРО әскери-өнеркәсіп
кешенінің жанталасқан қарсылығы мен басында сол кездегі
президент Горбачев тұрған биліктің қатты қарсылығын
еңсеруге тура келгенін еске алды. 1991 жылдың 29 тамызында іс
жүзінде жаһандық ядро тарихында жаңа дәуір
басталды. Әлем жаппай қырып-жоятын қарудан өз еркімен,
саналы түрде және біржақты негізде бас тартқан елді
үлгі тұтуға мүмкіндік алды. Және Қазақстан
жасаған бұл қадамның маңызы шын мәнінде
уақыт пен кеңістікте алдыңғы кезекке шықты.
Сондықтан 29 тамыздың біздің бастамамызбен БҰҰ
тарапынан Ядролық сынақтарға қарсы
іс-қимылдың халықаралық күні деп жариялануын
заңдылық деп қабылдаймыз», – деді Елбасы. Осындай батыл
қадамның нәтижесінде ғасырлар тоғысындағы
20 жыл бойы жаһандық ядролық қарсы
тұрушылық қаупі айтарлықтай төмендеді.
Орталық Еуропадағы ядролық зымырандар межесі жойылды. Елбасының
мәлімдеуінше, ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу
туралы шартқа қазірдің өзінде 182 мемлекет қол
қойса, 154-і ратификациялап үлгерген. Тұтастай
алғанда, 20 жыл ішінде ядросыз әлем жолында маңызды
қадамдар жасалды. Дегенмен, ашық күйінде қалып
отырған көптеген күрделі мәселелер де жоқ емес.
Оларға Елбасы жекелей тоқталды. Бүгінде Оңтүстік
Азия мен Таяу Шығыстағы ядролық қарулануды
халықаралық бақылаудың тиімді тетігі жоқ. Атом
технологиялары мен материалдарының халықаралық
лаңкестер қолына түсуінің қаупі зор. «Ядролық
сынақтарға тыйым салу туралы шарт төңірегінде
дағдарыстық жағдай туындауда. Ол бірқатар ядролық
және «табалдырықты» елдердің қол қою
және ратификациялау үдерістерін созбалаңға салуының
салдарынан күшіне ене алмай отыр. Үшіншіден, ядролық
қарусызданудың жаһандық үдерістеріне «ядролық
клубтың» барлық державалары қатыспауда. Қазіргі кезде
ядролық мемлекеттердің бірнеше түрі бар», – деді
Нұрсұлтан Назарбаев [3. 1-2].
Қазақстан
Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғаннан бері
ядролық қаруды таратпауға қатысты көптеген
шараларды жүзеге асырып келе жатқандығы бәрімізге
белгілі. Мысалы, айтар болсақ:
- 1991 жылы 29 тамызда ҚР Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Семей ядролық сынақ
полигоны жабылды.
- 1991 жылы Беларусь, Қазақстан, Ресей, Украина басшылары
Стратегиялық ядролық күштерге байланысты Алматы
декларациясында бұрынға КСРО-ның ядролық
арсеналының қызметіне ортақ бақылау орнатудың,
ядролық қауіпсіздіктің қажетті деңгейін
ұстап тұруда қандай да бір іркілістерге жол бермеудің
тетігін айқындады және стратегиялық шабуыл қаруын
қысқарту саласындағы КСРО-ның халықаралық
міндеттемелерін ұстанатындығын растады.
- 1992 жылғы 23 мамырда Лиссабонда осы елдермен АҚШ
өкілдері аталған төрт мемлекеттің аумағында
орналасқан стратегиялық ядролық күштерге
қолданылатын Стратегиялық шабуыл қаруын қысқарту
мен шектеу туралы шарттың ережелерін іске асыруға олардың
жауапкершілік аясын нақтылайтын бес жақты Хаттамаға қол
қойды. Сонымен қатар, Лиссабон Хаттамасында Беларусь, Украина
және Қазақстанның ядролық қаруға ие
емес елдер ретінде Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа
қосылу міндеттемелері тиянақталды.
- 1992 жылы Қазақстанда Қауіпті Бірлесіп
Қысқарту бағдарламасы іске асырыла басталды. «Нанна-Лугар
бағдарламасы» деп аталатын бұл бағдарлама шеңберінде
1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан
аумағында қалған ядролық, химиялық және
биологиялық қарудың нысандары мен
инфрақұрылымдарын жою және залалсыздандыру жөніндегі
жобалар кешені, стратегиялық шабуыл қаруының демонтажы,
экспорттық бақылау жүйесін құру,
қорғаныс өнеркәсібін конверсиялау жүзеге асырылды.
- 1993 жылы 13 желтоқсанда
Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесі
Ядролық қаруды таратпау туралы шартты ратификациялады.
- 1993 жылғы 13 желтоқсанда Қазақстан
Республикасының Жоғары Кеңесі ЯҚТШ-ны бекітті.
Қазақстанның ЯҚТШ-ға
қосылуы еліміздің сыртқы саяси бағытын іске
асыруың маңызды кезеңіне айналды. Қазақстан
ЯҚТШ-ға мүше бола отырып, осы шартқа сәйкес
ядросыз мәртебесіне байланысты міндеттемелерін қатаң ұстанады.
ЯҚТШ ядролық қаруды бақылау саласындағы
қатысушы мемлекеттерді ядролық қарусыздану бойынша іс-шаралар
қабылдауға міндеттейтін бірден-бір көп жақты келісім
болып табылады.
Қазақстан ЯҚТШ барлық
ядролық және ядросыз мүше мемлекеттердің өз
міндеттемелерін орындау арқылы бұлжытпай және
кезең-кезеңімен ядролық қарусыздануын қолдайды.
Бұл жолдағы алғашқы кезең
жарқышақтанушы материалдарды өндіруге бақылау орнату
болуға тиіс. Әлемдегі жинақталған байытылған уран
мен плутонидің елеулі қоры, сондай-ақ
оқтұмсықты жою нәтижелерінде алынатын
жарқышақтанушы материалдардың үлкен көлемін
таратпау тұрғысынан алғанда қауіпті болып табылады.
- 1994 жылғы 5 желтоқсанда ЕҚЫҰ-ның Будапешт
саммитінде ядролық қарусыз мемлекеттер ретінде Ядролық
қаруды таратпау туралы шартқа (ЯҚТШ) қосылуына
байланысты жоғарыда айтылған мемлекеттерге Қауіпсіздік
кепілдігін беру туралы Меморандумға Ресей, АҚШ және
Ұлыбритания қол қойды.
Бұл құжатқа
қол қойылу Қазақстанның өз аумағынан
ядролық қаруды шығару бойынша өз міндеттемелерін
толығымен және бұлжытпай орындағанын халықаралық
қоғамдастықтың танығанын білдірді. Кейіннен осы
сияқты кепілдіктер Қазақстанға Қытай және
Франция тарапынан берілді [4. 1-2].
Ядролық арсеналды шығару бойынша
өз міндеттемелерін орындай отырып, Қазақстан өз
жеріндегі ядролық қарудың инфрақұрылымын жою
проблемасымен және бұрынғы әскери өндірістерді
азаматтық мақсаттарға көшірумен айналысты. Осы
мақсатта Атом энергиясы жөніндегі халықаралық
агенттігінің (МАГАТЭ) аясында ядролық материалдарды бақылау
мен есепке алудың, АЭС-ті пайдаланудың, ядролық материалдар
мен қондырғылардың физикалық
қорғалуының мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру
бойынша Қазақстанға техникалық көмек
көрсетудің үйлестіру жоспары жасалды. Оған
Ұлыбритания, АҚШ, Швеция және Жапония қатысты.
- 1994 жылғы 14 ақпанда Қазақстан Атом энергиясы
жөніндегі Агенттіктің (МАГАТЭ) мүшесі болды. ЯҚТШ
ережелеріне сәйкес 1994 жылғы 26 шілдеде Алматыда
Қазақстан Үкіметі мен МАГАТЭ арасында Кепілдіктер туралы
келісімге қол қойылып, ол ҚР Президентінің
Жарлығымен бекітілгеннен кейін, 1995 жылдың 19 маусымында
күшіне енді.
- 1994-1996 жылдардағы ядролық қарусыздану
саласындағы белсенді іс-әрекетінің арқасында
Қазақстан 1996 жылы бақылаушы мәртебесіне ие болды, ал
1999 жылдың 5 тамызында консенсус арқылы Қарусыздану
жөніндегі конференцияның мүшелігіне қабылданды.
Қазақстан, химиялық қаруы
болмағанына қарамастан химиялық қаруды жасауға,
өндіруге, жинақтауға және қолдануға тыйым
салу туралы және оны жою туралы конвенцияның қатысушысы болып
табылады. Қазақстан оған 1993 жылы 13 қаңтарда
қол қойды және 1999 жылы 24 маусымда бекітті.
Конвенцияның ережелерін орындау үшін ұлттық орган
құрылған. Қазақстан өкілдері
Конвенцияға қатысушы мемлекеттер конференциясының сессиялары
мен жыл сайынғы отырыстарына тұрақты түрде
қатысады.
Барлық ядролық нысандар
МАГАТЭ-нің кепілдігіне алынған және
Қазақстанның барлық ядролық қызметі
Агенттіктің ережелері мен стандарттарына сәйкес жүзеге
асырылады.
- 1996 жылғы қыркүйекте БҰҰ БА 51-ші сессиясы
уақытында Қазақстан Ядролық сынақтарға
жаппай тыйым салу туралы шартқа (ЯСЖТШ) қол қойды және
2001 жылғы 14 ақпанда оны бекітті. ЯСЖТШ қол қою
арқылы Қазақстан Ғаламдық мониторинг Желісін
құру тұрғысынан ЯСЖТШҰ Даярлық
комиссиясымен белсенді ынтымақтаса отырып, шарт шеңберіндегі
верификациялық тәртіпті нығайтуға қомақты
үлес қосады. ЯСЖТШ ережелерін тиімді орындау мақсатында
ҚР Үкіметі мен ЯСЖТШ Ұйымының Дайындық комиссиясы
арасында Ядролық мониторинг құралдарына байланысты
іс-әрекеттерді іске асыру туралы келісімге қол қойылды. Қазақстан
ЯСЖТШ Ұйымының маңызды жұмыстарының бірі болып
табылатын Дала эксперименттерін өткізуге маңызды үлес
қосты.
- 2002 жылдың 13 мамырында
Қазақстан лаңкестікпен күресуді, жаппай
қырып-жоятын қарулардың таратылуына қарсы тұруды,
ядролық материалар мен қос мақсатты өнімдердің пайдаланылуын
және қозғалысын бақылауды күшейтуді мақсат
еткен Ядролық материалдар жеткізушілер тобының мүшесі атанды.
- 2002 жылғы 13 мамырда Қазақстан Ядролық
Жабдықтаушылар Тобының (ЯЖТ) 40-шы мүшесі болды. ЯЖТ-ға
қатысудағы біздің мақсатымыз лаңкестікке
қарсы күрес, жаппай қырып-жою қаруының таралуына
қарсы тұру шараларын жандандыру, ядролық материалдар мен
қосарланған мақсаттағы өнімдердің
пайдалануы мен қозғалысын бақылауды күшейту.
- 2005 жылдың шілдесінде Қазақстан «Краков инициативасы»
деген атпен белгілі Жаппай қырып-жою қаруының таралуы
саласындағы қауіпсіздік бастамасына қосылды. Бұл
бастаманың мақсаты – күдікті әуе және теңіз
кемелерін, сонымен қатар жаппай қырып-жою қаруымен байланысты
материалдарды тасымалдайтын құрлық көліктерін
ұстау үрдісіне барлық мемлекеттерді жұмылдыру.
- 2005 жылы шілдеде Австрия СІМ-не – Баллистикалық
зымырандардың таралуымен күрес бойынша Халықаралық
кодексінің депозитариіне ҚР СІМ-нің
Қазақстанның Кодекске қосылуы туралы хабарлайтын нотасы
жіберілді. Бұл еліміздің Зымырандық технологияларды
бақылау тәртібіне енуіндегі маңызды іс болып табылады.
- 2006 жылы 8 қыркүйекте Қазақстан көрші
мемлекеттердің қатарында Семей қаласында Орта Азияда
ядролық қарудан азат аймақ құру туралы
шартқа қол қойды. Қазақстан алғашқы
елдердің қатарында, Ресей мен АҚШ Президенттерінің 2006
жылы шілде айында ұсынған, Ядролық терроризм актілерімен
күресі жөніндегі жаһандық бастамаға
қосылды. 2007 жылғы маусым айында Астана қаласында
Жаһандық бастаманың сыртқы істер министр
орынбасарларының үшінші кездесуі өтті. 2004 жылғы 6
ақпанда Қазақстан Республикасы мен МАГАТЭ арасындағы
кепілдіктерді қолдану туралы келісімге Қосымша хаттамаға
қосылып, оны 2007 жылғы 19 ақпанда бекітті. [5. 10-11].
Қосымша хаттамада көзделген
іс-шараларды іске асырудың мақсаты – ядролық
материалдың мәлімделген бейбіт іс-әрекеттен әскери
мақсатқа ауысуын болдырмауға, сонымен бірге жалпы
алғанда мемлекетте мәлімделмеген ядролық материалдар мен
заңсыз ядролық іс-әрекеттің болмайтындығына берік
сенімділікті қамтамасыз ету.
- 2005 жылдың шілде айында
Қазақстан «Краков бастамасы» деген атаумен белгілі Жаппай
қырып-жоятын қаруды таратпау саласындағы қауіпсіздік
туралы бастамаға қосылды.
- Қазақстан
Бактериологиялық және токсиндік қаруды жасау, өндіру
және жинақтауға тыйым салу туралы және жою туралы
конвенцияға қосылып, оны 2007 жылғы 7 мамырда бекітті.
- 2008 жылдың 1-30 қыркүйек кезеңінде
бұрынғы Семей ядролық полигонында ЯСЖТШ Ұйымымен
бірлескен Интегралды дала эксперименті (ИДЭ08) өткізілді. Аталған
іс-шаралар кез-келген ортадағы ядролық жарылыстарды немесе оларды
өткізуге дайындық жұмыстарын тіркеу бойынша
инспекциялардың түрлі әдістерін дайындау мақсатында
өткізілді. ИДЭ08 - ЯСЖТШ Ұйымы құрылығаннан бері
ұйымдастырылған іс-шаралардың ішіндегі аса маңыздысы
болды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы 2008 жылы
Қазақстанда Жаһандық бастаманың шеңберінде
келесі іс-шаралар өткізілді:
- 6 маусымда Алматыда Ұлттық ядролық
орталықтың Ядролық физика институтында «Атом-Антитеррор
-2008» атты терроризмге қарсы халықаралық оқулары
өткізілді.
-
11 қыркүйекте Өскемен қ. Ульба
металлургиялық зауытында «Жобалық қауіп» атты екі
күндік семинар өтті [6. 5-6].
Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың ассиметриялық нормалары тек ядросыз мемлекеттерге қатысты ғана санкцияларды қарастырады. Осындай жағдайда сенім тапшылығы айтарлықтай проблемаға айналып отыр. Ал сенім болмаған жерде қауіпсіздіктің ешқандай жүйесі, оның үстіне ядролық жүйесі тиімді болып табылмайды. Сондай-ақ, Елбасы маңызды мәселе ретінде атомнан туындайтын қазіргі заманғы қатер елдердің бейбіт ядролық энергетика қауіпсіздігі режімін сақтауда тепе-теңдік ұстамауынан да тереңдей түсуде екенін атады. «Мұның барлығы, әрине, шешуді қажет ететін күрделі проблемалар. Соған қарамастан, адамзат атомды ыдырату технологиясын иеленген 100 жыл бойы бұған дейін еш уақытта ядролық әлем құру үшін осындай кең мүмкіндік болған емес. Және осы ыңғайлы сәтті пайдалану бәріміздің ортақ борышымыз», – деді Қазақстан Президенті. Ядросыз әлем – утопия емес планетаның айтарлықтай бөлігінде көрініс беріп отырғанындай, нақты шындық екенін атап өткен Елбасы ядросыз мемлекеттер қатарын толықтырып отырғандарға барлық ядролық мемлекеттер тарапынан халықаралық-құқықтық кепілдеменің тиімді тетігі қажеттігін жеткізді. Қазіргі кезде адам баласы үшін атом энергиясынан асқан қуатты да қолжетімді көз жоқ. Бүгінде шамамен 40 шақты ел бейбіт атом саласында зерттеулер жүргізіп жатыр. 15 мемлекет атом электр стансаларын салуда немесе салу ниетінде. Олардың қатарында Қазақстан да бар. Бүкіл әлемдік уран қорының төрттен біріне иелік ететін Қазақтан үшін ядролық энергетика – болашақ инновациялық кластерлердің бірі. Қазақ елінде үлкен ғылыми әлеует пен ядролық энергетиканың инфрақұрылымы барын атап көрсеткен Елбасы халықаралық міндеттемелерді қатаң сақтай отырып, «бейбіт атомның» барлық нысандары қауіпсіздігінің жоғары деңгейі қамтамасыз етілгенін мәлім етті.
БҰҰ Бас Ассамблеясы 66-шы
сессиясында Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев Ядросыз әлемнің жалпыға ортақ декларациясын
жасау идеясын ұсынды. Бұл – осыдан 20 жыл бұрын ядролық
қатерге қасқайып қарсы тұрған
Қазақстанның саналы қадамы. Оның үстіне біз
бүгінде осындай декларацияны қабылдау оңайға соқпайтынын
түсінеміз», – деді Елбасы. Сондай-ақ, ол жаһандық
антиядролық қозғалыстың басты мақсаты
ядролық қатерлермен күресу ғана емес екенін,
қазақ елінің елордасында өтіп жатқан
форумға үлкен үміт артатынын білдірді. «Ядролық
полигонды алғаш жапқан мемлекеттің Президенті ретінде жеке
өз басым үшін ядросыз әлем – бұл абсолютті саяси
аксиома. Кейде тарихи оқиғалар мен жекелеген адам басындағы
оқиғалар қайшыласатын сәттер болады. Мен үшін
және менің халқым үшін Тәуелсіздігімізге
қол жеткізіп, ядролық полигонды жапқан 1991 жыл сондай жыл
болды. Тарихтың сабақтары олар болашаққа
бағдарланғанда ғана қандай да бір мазмұн
иеленеді. Сондықтан өткенді еске ала отырып біз
болашақтағы іс-әрекеттеріміз туралы, балаларымыз бен немерелеріміз
үшін ХХІ ғасырдағы ядролық қауіпсіздік туралы
ойлауға тиіспіз», – деді Мемлекет Басшысы.
Президент сөзінен кейін
БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун, - «Мен өзімнің
былтырғы жылғы Семейге сапарымды еш уақытта ұмытпаймын.
Он шақты жылдар бойы осы нүкте қырғи-қабақ
соғысының кіндігіне айналған еді. Сіздің батыл шешіміңіздің
арқасында 20 жыл бұрын Семей бейбітшілікке деген
үміттің үлкен нышанына айналды. Бұл барлық
ядролық сынақтарды мүлдем тоқтатудың
үмітін оятып, ядролық қарудан ада бейбітшілікке ұмтылуға
да жарқын жол ашты», – деді Бас хатшы. Қазақстанның
қарусыздану мен жаппай қырып-жою қаруын таратпау
саласындағы саясаты халықаралық қауіпсіздікті
нығайту, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту,
ғаламдық мәселелер мен қақтығыстарды
реттеудегі халықаралық ұйымдардың рөлін арттыру
жолын ұстанатын сыртқы саяси бағытымен айқындалады [7.
1-2].
XXІ ғасыр адам баласының жаһандану кезеңіне аяқ басып, әлемді
жаңарту бағытында көптеген ғылыми
өзгерістерімен таңдандыруда. XX ғасырдың
40-жылдарынан бастау алған ядролық қарудың
негізі адамзат қоғамының қауіпті дертіне
айналып, «ядролық қару» бағыттары бүгінгі
күннің өзекті мәселесіне айналуда. Ядролық қарудан
бастарту мәселесі – барлық қазіргі заманның ең
күрделі мәселелерінің бірі болып табылады. Ядролық
державалар клубының бақылаусыз кеңею қатері – ХХІ
ғасырдағы аса көкейкесті проблемалардың бірі. Егер
халықаралық қоғамдастық ядролық
қаруға ие мемлекеттер ауқымының кеңеюіне
қарсы саяси күш-жігер таныта алмайтын болса, оның салдарлары
үлкен ауыртпалықтарға алып келуі әбден мүмкін.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.
«Ядросыз әлемге
бағыт ұстануда ядролық қауіпсіздіктің жаңа
амалдарын іздестіру - маңызды міндет»
dmk.kz/?p=9649 - Cached - Similar. 2011 ж.
2.
«Жаһандық
қауіпсіздіктің маңыззды факторы» «Егемен
Қазақстан» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ГАЗЕТІ» ААҚ, №108-111 (25508)
21 НАУРЫЗ СЕНБІ 2009 ЖЫЛ.
3.
Берлин
қаласында «Семей ядролық полигонның жабылуына 20 жыл.
Қазақстанның бастамалары» тақырыбына қазақстан-герман
дөңгелек үстелі өттіwww.botschaft-kaz.de/kaz/index.php?...
2011 ж.
4.
«Ядролық
қауіпсіздік» ru-ru.facebook.com/note.php?note_id=275167852506151 - Cached - Similar. 2011 ж.
5.
«Ядролық қауіпсіздік мәселелері» www.inform.kz/kaz/section/21595 - Cached - Similar
6.
stud24.ru/relations/yadroly.../71595-228250-page5.html