Шалтыков А.И., доктор политических наук,
профессор
(г.Алматы, Республика Казахстан)
ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТІНІҢ СЫРТҚЫ
САЯСАТЫНЫҢ ЖАҢА ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ТУРАЛЫ
Тәуелсіздік жылдары Қазақстан өзінің саяси
және әлеуметтік-экономикалық дауында қарқынды
серпіліс жасады. Еліміз халақаралық аренада айтарлықтай
сыртқы саяси жетістіктеріге қол жеткізіп, әлемдік
қоғамдастықтың
беделді әрі жауапты
мүшесіне айналды.
Президент Н.ӘНазарбаевтың
2014- 2020 жылдарға арналған Қ
азақстан Республикасының Сыртқы саяси тұжырымдамасын
бекіту жаңа 2014әқ
жылдың маңызды оқиғасы болды. Бұл
құжат «Қазақстан – 2050»Стратгиясында бекітілген
сыртқы саяси ұстанымдар аясында жасалып шығарылған,
сондықтан жаңа тұжырымдама осыған дейінгі
құжаттардан өзіндік мазмұндық толықтырылуы
жағынан ерекшеленуі табиғи заңдылық. Бұл
Біздің Президентіміздің алға қойған
жаңғырту үдерістерінің жаңа басымдылықта, Қазақстанның
өсіп келе жатқан халықаралық беделі мен
ықпалының, қазіргі заманғы саясат пен
экономиканың өзіндік жаңа трендтерінің пайда болуымен
байланысты.
Тұжырымдамада
көрсетілген сыртқы саяси қызметтің басым
бағыттары іргелі, мызғымайтын жағдайын көрсетеді,
сонымен қоса, бүгінігі күннің талаптары мен жаңа
императивтері де қамтылған.
Тәуелсіздік таңында
Қазақстан Республикасының Президенті жария еткен
көпвекторлы және теңдестірілген сыртқы саясаттың
қағидаттары өзінің қалыптасқандығын
растады және халықаралық қоғамдастықпен
өзара ынтымақтастықтың баламасыз негізіне айналды.
Сонымен қатар, әлемдік саясатта болып жатқан шынайы
жағдайларды ескере отырып, құжаттың осы редакциясында
ұлттық мүдделерді нық қорғау және
өзара тиімділік негізінде ерекше сындарлы сыртқы саясат жүргізу
қажеттілігі көрсетілген.
Тұжырымдамада
Қазақстанның қазіргі сыртқы саясатында Орталық
Азияны басты стратегиялық басымдықтардың бірі ретінде
алға тарту - жаңа
маңызды енгізулердің бірі. Осындай бағыт
Қазақстан үшін түпкі ұлттық
көзқарасы жағынан маңызды болып саналады.
Қазақстан Орталық Азияның ортасында орналасқан
және оның бейбітшілігі көршілес жатқан мемлекеттермен тығыз байланысты.
Алдымен бұл – экономикалық және саяси дамуда,
аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздікті, жаңа
сын-қатерлер мен қауіптерге қарсы тұруды
қамтамасыз ету.
Барлық
орталықазиялық мемлекеттерінің тұрақты
дамуының кепілі - олардың аймақаралық
ынтымақтастыққа белсенді қатысуында және
келешекте экономикалық интеграцияда деп есептеген жөн. тек осы
жағдайда ғана жалпы аймақтық әлеуметтік-экономикалық
және экологиялық мәселелерін тиімді шешуге, сауда және көліктік байланыстарды
нығайтуға, халықтарымыздың әлеуетін арттыру
жұмыстарын бастауға болады.
Қазақстанның
сыртқы саясатының негізінде әдеттегіідей, елдің
ұлттық мүдделерінің басымдықтары жатыр. Дәл
осы көзқараспен Қазақстан еуразиялық
кеңістіктегі интеграциялық үдерістерінің жүрісін
және оған қатысуын бағалайды.
Сонымен қатар,
тұжырымдамада Қазақстанның сыртқы
экономикалық қызметіндегі басымдықтарды іске асыруға
ерекше көңіл аударылады. Мұнда Қазақстан
отандық экономикаға «ноу-хау» мен шетелдік инвестицияларды тарту
бойынша және қазақстандық бизнестің әлемде
алға басуы бойынша саяси-дипломатиялық қолдауды маңызды
деп санайды.
Қазақстанның
халықаралық беделінің нығаюы оның әлемдік
ұйымдар жұмысына аймақтық және
жаһандық деңгейде белсенді қатысуына септігін тигізеді.
Сонымен бірге, Қазақстан өзінің ұлттық
мүдделеріне жауап беретін қызметі бар халықаралық
ұйымдарға қатысады. Қазақстан БҰҰ
мүшесі ретінде соңғы жылдары осы беделді ұйымның
қызметіне белсенді қатысып келеді. Қазақстандық
бірқатар бастамалар әлемдік қоғамдастықтың
тарапынан толық қолдау тауып, оның жағымды
халықаралық имиджін қалыптастыруға оң ықпал
етіп отыр. Қазақстан бүгінде осындай негіздемелердің
арқасында 2017-2018 жылдары
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес
мүше болуға үміткер.
Жаһандық қауіпсіздік
саласындағы белсенді және жауапты саясат
Қазақстанға ядросыз әлем, қарусыздану мен жаппай
қырып-жою қаруын тараптау қозғалысында көшбасшы беделін алып келді.
Жаңа тұжырымдама сыртқы саясатқа қатысты осы
маңызды саладағы мирасқорлықты сақтап қалуды
көздейді.
Тәуелсіздіктің
алғашқы жылдарында Қазақстанның сыртқы
саясатындағы басымды аймақтардың және елдердің
арасындағы көшбасшылар ішінде Ресей, Қытай, Орталық
Азия, мемлекеттері, АҚШ, Еуропа және ТМД кеңістігі еді.
Тұжырымдаманың жаңа мәтінінде дәстүрлі
спектрлерді қамтитын басым бағыттарды кеңейту қарастырылған. Атап айтқанда,
сыртқы саясаттың азиялық векторын нығайту, соның
ішінде қазіргі уақытта жасалып жатқан арнайы
бағдарламаны жүзеге асыру
арқылы жоспарланып отыр. Инвестициялық-технологиялық
және сауда-экономикалық ынтымақтастық өзара
іс-әрекеттің басты салалары болмақ.
Қазақстан
жақын жатқан ел ретінде аумағынан халықаралық
терроризм, есірткі тасылымы, діни экстремизм қаупі таралатын
Ауғаныстанның бекем және тұрақты дамуына
мүдделі және бұл елдің
әлеуметтік-экономикалық тұрғыда аяқтануына
халықаралық әріптестермен
біріге әрекеттесуге дайын. Қазақстан әрдайым
Иран ядролық бағдарламасы аясындағы жағдайды бейбіт жолмен,
яғни тек дипломатиялық тұрғыда реттеуге үндеп келеді және өзара тиімді
шешімдер шығару үшін Иранның барлық мүдделі
тарптармен сындарлы үнқатысуының жалғасатынына сенеді.
Қазақстанның
артып келе жатқа беделі мен экономикалық мүмкіндіктері
Африка, Орта және Латын Америкасы елдерімен ынтымақтастықты
кеңейту алғышарттарын қалыптастырады.
Жаңа тұжырымдамаға сәйкес,
Қазақстан өз мүддесін ең алыстығы елдер мен
аймақтарда ілгерілетуді
жоспарлауда. Бұл мәселені тәуелсіздіктің таңсәрі шағында күн тәртібіне мүлде басқа мәселелер
тұрған кезде шешу мүмкін емес еді. Дәл бүгін,
Қазақстан тұрақты және серпінді дамушы ел ретінде қалыптасып, 2050 жылға
дейін өз алдына үлкен мақсаттар қойған кезде, бұдан да ауқымды кең
сыртқы саясат жүргізу үшін жаңа алғышарттар пайда
болып отыр.