Төлеміс Елібек Хұдиярұлы, Сырдария-Түркістан мемлекеттік  
                                  өңірлік табиғи паркі, ғылым, ақпарат және мониторинг 
                                                                                             бөлімінің  меңгерушісі
                                                   E-mail:stgrpp@mail.ru
 
                       Наров Марат Аширбаевич, Сырдария-Түркістан мемлекеттік
                                 өңірлік табиғи паркі, ғылым, ақпарат және мониторинг 
                                                                          бөлімінің  аға ғылыми қызметкер
                                                                          E-mail: stgrpp @mail.ru
 

                   Тажиева Айгерим  Дархановна,Сырдария-Түркістан мемлекеттік

                             өңірлік табиғи паркі, Ғылым, ақпарат және мониторинг 

                                                                            бөлімінің  ғылыми қызметкер

                              E-mail:aigerka88@mail.ru

 

                         Төре Нурила  Жаунбаевна, Сырдария-Түркістан мемлекеттік  
                                   өңірлік табиғи паркі, Ғылым, ақпарат және мониторинг
                                                                          бөлімінің  кіші ғылыми қызметкер
    E-mail: stgrpp @mail.ru
 
Өңірлік парктің аумағындағы кейбір ерте гүлдейтін өсімдіктерінің ерекшеліктері туралы

 

Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің аумағы табиғи жағдайларымен ерекшеленетін екі өңірден тұрады, оның біреуі Сырдария мен Арыс өзендерінің жайылмаларындағы бірегей тоғайлар орналасқан аймақ болса, екіншісі Қаратаудағы Боралдай жоталары. Жалпы бұл аймақтарда алдын-ала бұрынғы жүргізілген зерттеулер бойынша өсімдіктердің 882 түрі кездессе, оның 600 түрі Боралдай тау беткейлерінде, ал 282 түрі жоғарыдағы аталған өзендердің бойларында тіркелген.2 Өңірлік табиғи парктің негізгі қызметінің бірі болып табылатын ғылыми зерттеу жұмыстарының басым бағыттары- аумақтағы өсімдіктердің биологиялық алуан түрлілігін зерттеу, түгендеу болып белгіленіп отыр. Ағымдағы жылы наурыз айының алғашқы онкүндігінде өңірлік табиғи парктің аумағы мен оның күзет аймағында зерттеу жұмыстарын жүргізгенде бірқатар ертеген төмендегі өсімдіктердің түрлерін кездестірдік. Олардың ғылыми экологиялық, шаруашылығы маңызы бар өсімдіктердің  түрлеріне жатады. Сондықтан олардың биологиялық сипаттамалары мен шаруашылық маңызын тоқталып отырмыз[1].

Көкшіл шиқылдақ (Juno coeulea (B fedtsch.) Poljak)-Құртқашаштар тұқымдасына жататын көпжылдық пиязшықты өсімдік, биіктігі 10-10см. Пиязшығының жуандығы 3см-ге дейін. Гүлдері 2-6 дана, кей уақытта біреу ғана. Сабағы қысқа.Эфемероидқа жатады. Ареалы үлкен емес, Қызыл кітапқа енген сирек кездесетін, жойылуына қауіп төнген өсімдік болып табылады. Тасты-қиыршықты және сазды беткейлерде өседі. Қаратаулық ареал түріне жатады.Тамаша сәндік өсімдік, көріктендіру жұмыстарында қолдануға болашағы бар, сол сияқты құмыраларда өсіруге болады.

         Қаршыл шүйіншөп (Valeriana chionophila M.Pop.et.Kult-Валерианалар тұқымдасына жататын) көпжылдық, тамыры жұмыртқа тәрізді, жеткілікті түрде зерттелмеген 3 Қызыл кітапқа енген өсімдік.Сабағы біреу, қарама қарсы 2-3 жұпты жапырақтары бар. Жемісі  ірі, тұқымшалары жұмыртқа тәрізді, айдаршасы бар. Орталықазиялық-Қаратаулық-Батыстяньшандық ареал түріне жатады.

Тасты және қиыршықты  беткейлерде өседі. Наурыз-сәуір айларында гүлдеп,сәуір-мамыр айларында жеміс салады. Дәрілік маңызы бар өсімдік, қорғауды қажет етеді. Сирек кездеседі.

Северцов айдаршөбі (Corydalis cewerzowii Regel)-Көгілдірлер тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік, биіктігі 15см-ге дейін. Сабақтары көп, тік тұрады.Түйнектері бұрышты-дөңгелек. Сабағының көп бөлігі жер астында, жапырағы екеу, жұқа. Гүлдері сары немесе қызғыш сары. Тау алдындағы аймақтың  сазды беткейлерінде өседі.

Өте сәнді  және дәрілік маңызы бар өсімдікке жатады,көптеген іріңді жарақаттарға, тері ауруларына қолданылатын препараттар алынған.  Ал халық медицинасында сынғанда, соғып алғанда, сыртқы жарақаттарда кептірілген жапырақтарының қайнатындысы қолданылады.

                Колпаковский иридодиктиумы (Jridodictyum kolpakowskianum (Regel) Rodionenko)-Құртқашаштар тұқымдасына жататын көпжылдық , саны

азайып бара жатқан Қызыл кітапқа енген өсімдік, шар тәрізді түйнекті пиязшығы бар.

Наурыз айынан мамырдың ортасына дейін гүлдейді. Гүлі біреу, гүл серігінің бөліктері барқыт тәрізді ашық күлгін немесе үсті қызыл-қызыл күрең дақты, табаны сүт тәрізді ақ және ортасында ашық-сары жолақты болып келеді. Жемісі цилиндр сияқты қатты созылған қауашақ. Қаратаулық-Тяньшандық ареал түріне жатады. Сұр және ұсақ топырақты беткейлерде өседі.

Ерте гүлдейтін әдемі сәнді өсімдікке жатады. Құмырада өсіруге болады. Гүлінің түр-түсінің  өзгеруі үлкен болғандықтан  селекциялық іріктеу үшін қызығушылық туғызады.Әсіресе ақ түсті гүлдері өте  әсерлі болып келеді.

         Кессельринг лапызы (Colchicum kesselringii Regel)-Мелантилер тұқымдасына жататын саны азайып бар жатқан Қызыл кітапқа енген көпжылдық пиязшықты өсімдік. Сабағы қарапайым, біреу. Гүлдері 1-2(4) дана, қоңырау тәрізді.  Жемісі-шар тәрізді немесе ұзынша жұмыртқа  сияқты қауашақ. Наурыз-мамыр айларында гүлдейді, сәуір-мамырда жеміс салады.Ұсақ топырақты, қиыршық тасты және саздауыт-қиыршықты беткейлерде өседі. Іле Алатауында, Шу өзенінің аңғарында, Кетмен жотасында, Орта Азияда таралған. Бұл өсімдіктің сәндік және дәрілік  маңызы бар. Сондықтан оның өскен учаскелерін қорғауға  алынып, жинауға тиым салынған. Түйнекті пиязшықтары  халық медицинасында  жүрек аурулары мен ревматизімді емдеуге қолданылады[2].

Алатау бәйшешегі (Crocus alatavicus Regel et Semen)-Құртқашаштар тұқымдасына жататын құртқашаштар тұқымдасына жататын, Қазақстан аумағында өсетін, бәйшешектің белгілі түрі. Ірі қиыршық тасты, сазды беткейлерде өседі. Саны қысқарып бара жатқан өсімдік ретінде Қызыл кітапқа енген. Онша биік емес  (10-30см-ге дейін), сабақ  түбінде шоқталған, гүлдері дара, жиірек екі-төрттен,  шұнғыма тәрізді. Гүлсерігінің жапырақтары аппақ (ұзындығы 4 см) сырт жағы сұрғылт  күлгін. Аталығы үшеу, қызғылт сары тозаңдарымен, түйін бағанасы ұзын, жіп тәрізді,тісшелі. Сазды және ұсақ-қиыршықты тау алдындағы беткейлерде өседі.Тұрандық-таулы Ортаазиялық ареал түріне жатады. Дәл  осы аналық ауыздағы егістік шафранының бағанын кулинарияда татымдар ретінде қолданылады. Біз қарастырып отырған түр хош иісті болғандықтан түс беру үшін қолданылады. Бәйшешек жылдың әр түрлі кезеңінде гүлдейді: қаңтар-наурыздан сәуірге дейін, сәуірден мамырдың аяғына дейін, сондықтан оңтүстікте оны «подснежник», қазақша бәйшешек деп атайды. Жемісі үшұялы қорапша, топырақтың жоғары қабатында орналасқан. Түрі  жоғарғы  сәндігімен, ерте гүлдеуімен бағаланады. Бәйшешектің барлық сорттарын голландиялық сұрыптаушылар ашқан[3].

Жоғарыдағы келтірілген өсімдіктердің өсетін учаскелері өңірлік табиғи парктің мемлекеттік инспекторлары  таратынан қорғауға алынып,  ал ғылыми қызметкерлер  олардың өсіп дамуына,  жағдайын фенологиялық  бақылаулар жүргізіп, зерттеулер жүргізілуде. Аталған өсімдіктердің  жұлып алуына,

пиязшықтарының қазылуына, өскін жерлерінде  малдың бағылуына тыйым  салып, өрттің алдын алу шаралары қолданылып келеді.

 

Әдебиеттер тізімі:

 

1.   Арыстанғалиев  С., Рамазанов А., Қазақстан өсімдіктері. Изд Наука

Алма-Ата  1972 г

2.   Брагина Т.М., Гельдыева Г.В., Огарь Н.П. Ключевые природные

территории экологической сети Казахстанской части Арало-Сырдарьинского бассейна Алматы 2012

3.   Государственный кадастр Южно-Казахстанский области. Красная

книга. Дикорастущие редкие и исчезающие виды растений. Научно-издательский центр «Ғылым» Алматы. 2002г

4.   Научные отчеты за 2014-2015 годы по теме «Изучение и

инвентаризация растительного покрова и флоры Сырдарья-Туркестанского ГРПП (научный руководитель к.б.н Сакауова Г.Б)

Шымкент 2014-2015 г.г

Резюме

 

В статье приводятся характеристики биологических и экологических особенностей ранее цветущих растений встречающихся на территории Сырдарья-Туркестанского государственного регионального природного парка в Республике Казахстан. Излагается о принимаемых мерах охраны по их сохранению.

 

Resume

            The article describes the characteristics of the biological and ecological features of earlier flowering plants occurring in the territory of the Syrdaria - Turkestan State Regional Natural Park in the Republic of  Kazakhstan . It sets out the measures taken for the protection of their  preservation .

 

 



[1] Арыстанғалиев С. Рамазанов А. Қазақстан өсімдіктері. Изд Наука  Алма-ата 1972 г

[2] Государственный кадастр Южно-Казахстанский области. Краснаякнига. Дикорастущие редкие и

исчезающие виды растений. Научно-издательский центр «Ғылым» Алматы. 2002г

 

[3] Брагина Т.М., Гельдыева Г.В., Огарь Н.П. Ключевые природные территории экологической сети

Казахстанской части Арало-Сырдарьинского бассейна Алматы 2012