Ж.Б.
Есенбек, А.Ж.
Нұрмолдаева
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті,
Қазақстан
КОМПЮТЕРЛІК ҚҰМАР ОЙЫНДАР
МЕН ТЕЛЕ-ЭКРАНДАҒЫ АНИМАЦИЯЛЫҚ
МУЛЬТФИЛЬМДЕРДІҢ БАЛА
САНАСЫНА КЕРІ ӘСЕРІ
Кешегі күнгі ойы мен
қыры балалар безерінен босамайтын
ауылдың бүгінгі сәні жұтаң. Кішкене
бүлдіршін мен жасөспірімдердің алыс-жұлысы қазір басқаша. Елімізде
компьютерлік ойындар дамығалы бұрынғыдай жерге аунап, доп
қуу азайып барады. Айналамызға зер салсақ
қолындағы қалта телефонынан бас алмайтын жандарды
көптеп кездестіреміз. Әсіресе, мектеп оқушыларының
виртуалды әлем көбіне-көп мултикейіпкерлерден
құралған ойынмен байланысты. Негізінде ойнауға
арналған компьтерлік
бағдарламалардың түрлері жетіп артылады. Олар:
логикалық, классикалық, экшн, экстрим, стратегиялар, жарыс
және қыз бен
ұл балаларға
арналған ойын түрлері. Байқағанымыз үйде немесе түзде,
яғни, арнайы желі арқылы ойнауға болатын
компьютерлік клубтарда стратегиялық, экшн, жарыс ойындары танымал. Мысалы:
«Counter Strike» (ағылшынша «айқаспалы атыс»
деген мағынада) – бірнеше пайдаланушылармен немесе боттармен бірден ойнай алады, террорист
және контртеррорист дейтін
екі жақтан тұрады.
Мақсаты: тапсырманы орындау немесе тірі қалып, қарсы
жақты құрту. Жалпы
мазмұны әр раундтың басында ойыншы өз
базасында пайда болып өзіне қару-жарақ, оқ-дәрі сатып
алады, ары қарай
қарсы жақтың ойыншыларын «өлтіріп» ақша
табады. Мұндағы жан шошырлығы өлім, өлтіру сөзі.
Осы мәселе қамтылған «Ана тілі» газетінде 2013 жылы 4 сәуірдегі «Зомбиге айналып
кетіпті, деген сөз неге
жиі айтылып жүр» атты
Ж. Шамұратованың мақаласына тоқталып өтсек. «Аузынан ана сүті кеппеген
балаларымыздың миына одан
да зор шабуылдар жасалып
жатыр, сәт сайын,
сағат сайын... Балалар
виртуалды түрде болсын, тек
монстрларды ғана
емес, өзі секілді
қатарластарын
«өлтіруге» қатысады.
Одан да сорақысы – компьютерлік шайқас барысында
омыртқасын
үзіп,
аяқ-қолын сындырып, қанын судай ағызып, адамның соңғы
бір жантәсілім етер
сәтіндегідей дененің жан шығар алдындағыдай
жиырылып-созылатынына дейін көрсетілетіні баланың көз алдында
жүреді. Ойындағы
графикалар телебейнемен бірдей
бейнеленетіндіктен, оны қабылдау да барынша табиғи
жүретініне дау жоқ, яғни
бала психикасы оның
бәріне иланады. Солай
зомбиланудың арты азғындықтың шегіне жетеді. Жапонияда
әуелі әйелді
өлтіріп, артынан өлген әйелді екі қызымен
қоса зорлайтын
«жүлдесі» бар ойын
таралып кеткен. Бұл
ең сұмдық деген
15 ойын космостық
жылдамдықпен
әлемнің
әр шетіне таралды.
Бәрінің
ортақ ұраны –
«өлтір, ат, құрт, көзін жой,
жарып жібер!» [1].
Ойындардың сәт санап таралуында шек жоқ.
Балалардың
зұлымдыққа
негізделген ойындарға
құмарлығына
не себеп? Біріншіден
танымалдық,
екіншіден компьютер ойындарына
деген тәуелділік. Ал брендке
айналған кейіпкерлердің
танымалдығы телесала арқылы артуда.
А. Дүйсенбайқызы 2015
жылы 11 шілдеде шыққан «Көк жәшік» Шректің шатпағын, Спанч
бобтың сандырағын көрсетіп жүр атты
мақаласында өз өмірінен мысал келтіреді.
«Жақын туысымның үйіне барған сайын кіші ұлының
теледидарға телміріп
отыратынын
көретінмін.
Ата-анасы күнұзақта
жұмыста. Кішкентай бала
тәрбиешінің қолында. «Әй дейтін әже,
қой дейтін қожа
жоқ».
Қалағанын
істейді. Қалағаны сол
– күні бойы теледидар қарау... Онда
да балаларға арналған жар дегендегі
жалғыз арна «Балапанды»
қарап та қоймайды. Көретіні
шетелдік «TiJi», «Nickelodeon»,
«Cartoon Network», «Gulli»,
«Boomerang», «Детский мир», «Карусель», «Disney», «Multimania»
сынды телеарналар. Барлығы дерлік
осындай деп айта алмаймыз. Балапан арнасының кейінгі жылдары
танымалдығы артып келе жатыр.
Мақала жалғасы автордың пікірімен: Мультфильмдер туралы
жазбастан бұрын, бірқатар шетелдік туындыны әдейі көріп
шықтым.
Алғашқылардың
бірі – «Наруто»
анимациялық фильмі. Режиссердің оны барынша әсерлі етуге
тырысқаны
көрініп-ақ
тұр. Бірақ
кімнің кім екенін болжап
болмайсың. Бірімен-бірі атысып-шабысып жатқандар.
Қан-жоса болып жатқан адам деуге келмейтін «құбыжықтар».
Мұнан кейін көп баланың сүйікті мультигіне айналған «Спанч Бобқа» көз
тіктім. Шындығын айтсам,
бұл туындыны аяғына дейін көруге
шыдамым жетпеді. Тіпті
кейіпкерлерінің
кескін-келбеті де түсініксіз. Әйтеуір
оспадар күлкі мен
мағынасыз
әңгімеге толы. Мұнан кейін әйгілі «Шректі» тамашаладым. Рас,
мультфилімнің оқиғалар желісі қызық. Тіпті
өзің де соның
ішіне еніп кеткеніңді
аңғармай қаласың.
Бірақ біздің менталитетімізге сай келетін бірде-бір
дүние жоқ. Мұнан
кейін өзіміздің төл туындылармызды, яғни
«Қарлығаштың
құйрығы неге айыр?», «Ақсақ
құлан», «Қырық
өтірік»,
соңғы кездері көрермендерге жол тартқан «Сақ» киностудиясының «Момын
мен Қарақшы», «Қошқар мен Теке» атты анимациялық фильмдерін
тамашаладым. Көрсең,
көңілің
тояды. «Қошқар мен Теке» өзіндік
мән-мазмұнымен ерекшеленеді. Ұлттық
дүниелерімізді мүмкіндігінше қамтуға тырысқан
туындының тілі жатық,
баланың ойлау қабілетіне сай екен. Бір ғана қазақтың тұңғыщ
анимациялық фильмі болған
«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»
атты мультфильмінің
өзі неге тұрады?! Бұл туынды тұсауы кесілген
сәттен бастап-ақ, шетелдерге ұсынылып, 48 елдің
экранынан көрсетілген [2].
Айырмашылығын зерделесек, ұлттық
дүниетанымымызды танытатын «Қарлығаштың құйрығы неге
айыр» атты мултфильмі
өмірдегі шынайы бейне, қанішер масадан бесікте
жатқан баланы
құтқарып
қалған
қарлығыш. Басты мазмұн – достық пен жақсылық. Ал шетел мултфильмдеріне келсек, өмірде
жоқ көріністер мен зұлымдықтың шектен
тыс көрсетілуінде. Оған
қоса қайсібір мултфильмді
алып қарасақ та
заманақыр жайлы жиі
айтылады.
«Наруто», «Мортал комбат»,
«Варкрафт», «Ниндзя
тасбақалар» т.б.ойындар
телетуындылардың жалғасы. Мультсериалдардағы басты қаһармандар компьютер
ойындарына қызығушылық
тудырып, артынан тәуелділік қалыптастырады. Оны К.Қопаеваның «Компьютерлік ойындардың зияны қандай?» атты «Ақтөбе» газетіне жариялаған мақаласынан байқауға
болады: «Компьютерлік ойындардың
зияны туралы айтылып-ақ келеді. Алайда, бұған мән беріп жатқан ата-ана жоқ.
Керісінше күн өткен сайын балалардың аталған
ойындарға деген тәуелділігі көбейіп барады. Мәселен, дәрігерлер мен психологтардың пікірінше, теледидар
мен компьютерлік ойындардың бала санасына тигізетін
зияны шаш-етектен.
Яғни, тапжылмай ұзақ уақыт көгілдір экран алдында отыру, біріншіден, баланың ой-өрісінің дамуын шектесе,
екіншіден, оның мінез-құлқының өзгеруіне әсер етеді екен» [3].
Автордың алаңдауы бекер емес. Себебі: ойын баланың мінезін
өзгертеді. Үй тірлігінен
басқаға баса
мән бермейтін ата-ана баласының тыныш
отырғанын дұрыс көріп, оған компьютер мен
теледидарды көруіне ешқандай шек қоймайды. Керісінше
ойынның түрін әкеліп одан әрмен қызықтыратындары тағы бар. Алайда уақыт өте келе
балада компьютерге тәуелділіктің
қалыптасқанын
аңғармай
қалады. Ал компьютерлік ойындардың негізгі түрі – атыс-шабыс, төбелес. Бұл
әринекез-келген
адамның мінез-құлқына әсер етеді.
Өйткені ойынның бас кейіпкері ылғи жеңе бермейді.
Бірде ұтады, бірде
ұтылады. Ұтылған сайын баланың ойынға
деген құмарлығы артып сырттағы дүниені ұмытады. Өз
ісол әлемнің батыры
болуға тырысады.
Ұтылып қалса, көңіл күйі болмайды. Бұндай
кезде баланың жүйке
жүйесі бұзылып, ашуға
булығады. Тіпті осындай
кезде
айналасындағылардың сөзін тыңдамай, ренжісіп қалуы әбден
мүмкін. Оның
түсіндірмесі мынада: атыс-шабысқа негізделген компьютерлік
ойындардың пенде бойындағы мейірімділік пен ізгілік қасиеттерді жоюға күші
жетеді. Мақаладағы А. Батырғалиева есімді психолог кеңесіне
құлақ түрсек: «Жалпы,
балалардың компьютерлік
ойындарға қызығушылығы 3-4 жасынан басталады.
Бірақ бұндай кезде
баланы компьютерге
жақындатуға мүлде болмайды. Бала 7 жастан асқаннан кейін ғана аптасына
бір рет және
аз уақыт компьютерге үйреткеніңіз
жөн. Ал бесінші сыныптан кейін оқушының бұндай
ойындарға қызығушылығы қатты байқалады... Компьютердің алдында 1-4 сынып оқушылары тәулігіне
15-20 минут, 5-8 сынып
оқушылары 20-25 минут,
ал жоғарғы сынып
оқушылары 30 минуттан артық
отырмауы керек.
Сондай-ақ бала монитордан 70 сантиметр қашықтықта жұмыс істегені
жөн». Қарап отырсақ ары кетсе жарты сағаттан аспайтын
уақыт. Таңнан қара
кешке дейін монитор алдын босатпайтын осы күнгі ахуалмен
салыстырсақ ара жігі
жер мен көктей. Оның үстіне
компьютер адамнын мінезіне ғана емес денсаулығына да әсер
етеді. Бұл жайлы
М. Сүлемен «Компьютердің ағзаға әсері және
ғаламтордың зияны жөнінде» мақаласында компьютерлік
сырқат белгілерін көрсетеді. «Негізінен компьютердің алдында
отырып, жұмыс істейтіндердің шағымданатын сырқат
белгілері екі топқа бөлінеді: 1) Көздің көру қабілетінің нашарлауы.
2) Бастың желке
тұсының (қарақұсының), мойын мен иық,
жауырын, білектің ауыруы. Көру қабілетінің
нашарлауы оның бұлдырап, анық
көрмеуі, өзіне түскен салмақтан күйген тәрізді
ашып, қызаруы» [4].
Қорытындылай келе,
зерттеуші А.С.Макаренконың пікірінше, «Бала өмірінде
ойынның маңызы зор. Ересек
адам үшін еңбектің қандай маңызы болса, ойынның бала өмірі үшін
нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай
болса өскенде еңбекте сондай болады. Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу
алдымен ойыннан басталады»
[5, 14 б]. Өздеріңізге
де белгілі ойын бала психологиясына әсер етпей қоймайды.
Демек, ұрпағымызды
жаңағы атыс-шабыс
безбүйректікке,
қатігездікке тәрбиелеп жатыр. Осы мәселеге
көңіл бөлуіміз керек.
Аталарымыз
бұрынғы заманның өзінде бала тәрбиесіне ерекше
мән берген.
Ұрпағының білімді, зерделі, тапқыр болуын
қатаң қадағалаған. Барынша ұлттық
ойындар ойнату арқылы тәрбиелеген. Балалардың
ұлтымыздың болашағы екенін ескерсек, бала тәрбиелеуде
компютерлік құмар ойындар мен теле-экрандағы
анимациялық мультфильмдердің бала санасына кері әсерін
жан-жақты тереңірек зерттеуіміз қажет.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.
Ж. Шамұратова. «Ана тілі»
// «Зомбиге айналып кетіпті, деген сөз неге жиі айтылып жүр». №32. – 2013ж.
2.
А. Дүйсенбайқызы. «Жетісу»
// «Көк жәшік.
Шректің шатпағын, Спанч
бобтың сандырағын көрсетіп жүр». №78. – 2015ж.
3.
К. Қопаева. «Ақтөбе» // «Компьютерлік ойындардың
зияны қандай?». №24. –
2010ж.
4.
http://www.info_tses.kz/news/ М. Сүлемен. // Компьютердің ағзаға әсері
және
ғаламтордың
зияны.
5.
Ж.Қ. Дүйсенова, Қ.Н. Нығметова. «Балалар психологиясы», Алматы: Қазақстан Республикасы
Жоғарғы оқу орындарының қауымдастығы,
– 2012ж.