C.С. Джанкадыров

Қазақ инженерлік, қаржы - банк академиясының

аға оқытушысы, магистр

 

«Мәңгілік ел» стратегиясы – мемлекеттігіміздің жаңа белесі

 

         Бұл мақалада ҚР Президентінің мемлекеттік саясаттың ұзақ мерзімді стратегияларына қол жеткізу негізіндегі Жолдаулардың логикалық жағынан ерекшеліктері талқыланып, жаңа идеологиялық бағыттың негізгі тұстары айтылады. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын терең түсіну арқылы барлық қазақстандық азаматтардың, мемлекеттік құрылымдардың ортақ міндетін, туған Отанымыздағы бейбітшілік пен тыныштықты сақтауға бағытталған ұлттардың өзара қатынастарын одан әрі тереңдету және жетілдіру. Сондай–ақ, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан ұлттық тілімізді – мәңгілік тіл ету өз қолымызда екенін жастарға түсіндіру.

Кілт сөздер: Мәңгілік ел, мемлекет, ұлттық идея, туған тіл, Отан, мирас.

 

Данная статья посвящена национальной идеи «Мәңгілік Ел». Рассмотрены все пути реализации данной программы, о значении в воспитании будущего поколения «Мәңгілік Ел». Воспитание казахстанского патриотизма является неотъемлемой частью сохранения духовности и культуры народа. Язык – это ключевое явление культуры, вероятно, главный механизм национального единения, инструмент возникновения и воспроизводства нации как социальной структуры. В конечном счете, язык - это стержень национального государства. И поэтому вопрос о языке оказывается не только культурным, но и политическим.

Ключевые слова: Мангилик Ел, Государство, национальная идея, родной язык, Родина, наследство.

 

This article focuses on the national idea "Mangilik El". We consider all ways of implementing this program, the importance in the education of future generations "Mangilik El".Education of Kazakhstan patriotism is an integral part of maintaining spirituality and culture of the people. Language – a key cultural phenomenon, probably the main mechanism of national unity, an instrument of occurrence and reproduction of the social structure of the nation as. Ultimately, the language – the core of the nation-state. And so the question of language is not only a cultural, but also political.

Keywords: Mangilik Eating, state, national idea, their native language, native land, inheritance.

 

Еліміздің Ата Заңындағы қағидаттарға сәйкес республика Президентінің мемлекеттік саясаттың ұзақ мерзімді стратегияларына қол жеткізу негізіндегі халыққа жыл сайын арналатын Жолдаулары өзінің логикалық жағынан маңыздылығымен ерекшеленіп келеді. Сондықтан, еліміздің азаматтары мен мемлекеттік институттар алдағы кезеңдегі жаңа мемлекеттік саясат басымдықтарының айқындалуын аса қызығушылықпен күтеді.

Қытайдың көрнекті ойшылы Лао Цзы «мың шақырымдық сапар алғашқы қадамнан басталады» демекші, Елбасымыздың биылғы халыққа Жолдауындағы «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы ұзақ мерзімді «Қазақстан-2050» стратегиясындағы ұлы мақсаттарға қол жеткізу қадамдарының бірі. Бұл Жолдаудың негізгі құндылықтарының бірі – біздің ұлттық идеологиямыздың «Мәңгілік Ел» деп айқындалуы болды. Бұл идея бүкіл қазақстандықтарды ұлтына, нәсіліне, діни сеніміне қарамастан бір топқа топтастыратын мемлекетіміздің басты идеологиясы ретінде жария етілді [1].

Ұлт көшбасшысы стратегияда жаңа идеологиялық бағыттың негізгі тұстарын нақтылап қана қоймай, сондай-ақ қазақ халқының күшті мемлекет – «Мәңгілік Ел» туралы сан ғасырлық асыл арманын мемлекеттік деңгейде нығайта түсті. Ерекше көңіл бөлетін жайт, еліміздің Президенті басты назарды әлеуметтік және экономикалық салаларға аударумен қатар, барлық қазақстандықтар үшін маңызды мәнге ие идеологиялық мәселелерге тоқталған.

Республикамыз аз ғана уақыт ішінде қазіргі әлемнің барлық қауіп-қатерлеріне қарамастан, өзінің беделіне ие болып, өзінің құндылықтары мен саяси ұстанымдарын, сонымен бірге барлық қазақстандық халықтың бірлігін рухани бекемдей отырып, қуаттандырды.

Қазіргі таңдағы Тәуелсіз елдің қалыптасуы мен дамуының басты нәтижесі – мықты негізі бар мемлекеттілік пен күшті саяси және экономикалық жүйенің орнауы. Сондай-ақ, осы тұрғыда «Мәңгілік ел» идеясы жастардың негізгі ұстанымына айналды. Елбасымыздың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында нұрлы болашаққа бастар жаңа экономикалық саясатты анықтап, жеті басым бағыт бойынша инфрақұрылымдық даму жоспарын ұсына отырып, айқын да нақты міндеттер жүктегені мәлім. Ел ертеңі саналатын жастарға үлкен сенім артты. Жастарды болашаққа талпындыру бағытында білім беру жүйесін дамытудың мемлекеттік бағдарламасын қолға алып, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлайтын жүйенің дамуына тікелей ықпалын тигізіп келеді.

Қазіргі біздің заманымызда ойы ұшқыр, мінезі салмақты, қоғамға лайықты тұлға қажет. Ол тұлға әрқилы жағдайда өз көзқарасын білдіре алатын, өзінің ой-пікірі бар, саяси сауатты болу керек. Тұлғаны қалыптастыратын – әрине қоғам, орта, тәлім – тәрбие, білім, өнер, еңбек. Осы ретте мемлекетіміз жастарға, олардың саяси жетіліп, дамуына ерекше мән беріп отыр. Қазіргі заманғы қазақ азаматы мәселесіндегі басты мақсат – жастардың саяси, көзқарастарын жетілдіру, белсенділігін арттыру, қоғамдағы рөлін айқындау, жеке тұлға ретінде қалыптасуындағы теориялық–әдістемелік негіздері жүйелі түрде зерделенеді. Зайырлы мемлекет қазақ жастарының сауатты, рухани, мәдени, әлеуметтік тұрғыда жетілген қоғамда өз орнын айқындай білу керек.

Сондықтан, қазіргі жастардың бойынан: жоғары мәдениеттілік өлшем; жоғары білімділік пен интеллектуалдық өлшем; жаңа технологияны еркін меңгеру; мінез–құлық бейнелерінің көрсеткіштері мен адамгершілік; тұрмыс қалпына бейімделушілік; ұлттық идея аясындағы құндылықтарды бағалау және оны өзінің өмірлік ұстанымына айналдыру; отансүйгіштік; өмірдегі белсенділік пен болашаққа сенім сияқты қазақ тұлғасына тән сапалар табылуы тиіс. Кез–келген процесті немесе құбылысты, жаңалықты – адам сынмен қарап, қажетіне қарай сұрыптап, өзіндік қорытынды шығаруға бейімделуі тиіс.

Осыған орай қазіргі еліміздің білім беру саласына келсек, қойып отырған бірінші кезектегі міндеттері ұлттың бәсекелестік қабілетін арттыру және әлемдік білім кеңістігіне толығымен ену, сол сияқты білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеру үшін білім беру үдерісіне ақпараттық–коммуникациялық технологиялардың жетістіктерін енгізу, электрондық оқулықтар мен мультимедиалық бағдарламаларды тиімді және кеңінен қолдану, елдегі ақпараттық инфрақұрылымды әлемдік білім берумен ықпалдастыру, білім беру ұйымдарының байланыстарын нығайту болып табылады.

Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» ұлттық стратегияда ел болашағы жастарға үміт арта отырып, белгіленген ұлы мақсаттарға жетудегі еліміздің басты құндылықтарын айқындайды [2].

Осылайша нақты әрі, толық жазылған ұлттық идея бізге қойылған мақсаттарға қол жеткізуге септігін тигізе отырып, біздің қызметіміздің тиімділігін, мүмкіндіктерімізді арттыруға ықпал етеді.

 «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын әрбір қазақстандық өзінің санасында бекемдей отырып және өз мемлекетімен бірігіп, жоғары белестерге және жеке табыстарға бірге қол жеткізіп, сонымен қатар барша әлемдік қауымдастыққа өзінің басты игілігі – жоғары рухтық, бірлік пен жасампаздық, жоғары деңгейдегі бәсекеге қабілетті мамандардың біліктілігін көрсетуі тиіс екендігі маңызды. Бұл үшін құндылықты бағдарлардың қалыптасуына себепші жинақталған баға жетпес тәжірибе керек.

Өз заманында данамыз ұлы Абай «татулықтан артық жолдас жоқ» деген екен. Сол сияқты әлемдік аренада сыртқы саясатты жүргізудің бейбітшілік сүйгіштік принципін ұстана отырып, біздің қазақ жеріндегі әр түрлі ұлттар, конфессиялар мен мәдениеттердің өкілдері бейбітшілікте, келісім мен достықта өмір сүріп келе жатқандығын барша әлем жоғары бағалауда.

Мемлекет басшысының стратегиялық саясатын қолдап және оны жүзеге асыра отырып, біз «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын терең түсінуіміз қажет. Барлық қазақстандық азаматтардың, мемлекеттік құрылымдардың ортақ міндеті – халықтың топтасуы барысындағы қол жеткізген межеде тоқтап қалмай, туған Отанымыздағы бейбітшілік пен тыныштықты сақтауға бағытталған ұлттардың өзара қатынастарын одан әрі тереңдету және жетілдіру болып табылады.

Ұлт көшбасшысы, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «Мәңгілік Елді» құруға шақырып қана қоймай, қазақстандық жас ұрпақтарға бағытталған ұлы істің бастаушысы болды.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында аталған межеге дейін басты мақсат етіп қойған әлемнің ең дамыған 30 елдің қатарына енуі үшін, біз еліміздің одан әрі мәдени құндылықтарын, дәстүрлері мен діндерін сақтап, халықтың бірлігін қорғап, көрші мемлекеттермен әріптестік қатынастарды дамытуымыз қажет [3]. Осыған орай Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың мынадай сөздері әрдайым еске оралады: «Табысты дамуға қажетті шарт - бейбітшілік, тату көршілік және өзара сенім ахуалын орнықтыру».

Ата – бабаларымыз аңсаған «Мәңгілік ел» рухын бекемдеу үшін әрбір қазақстандық азамат, елімізді мекендеген әрбір ұлт осы бағытта аянбай еңбек етіп, ұлттық бірлігіміз асқан байлық екендігін өскелең ұрпақтың санасына сіңдіру қажет. Сонда ғана мемлекетіміз ұлттық стратегиямыздағы белгіленген мақсаттарға қол жеткізе отырып, әлемдегі ең қуатты, гүлденген елге айналады.

Қорыта келгенде, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан ұлттық тілімізді – мәңгілік тіл ету өз қолымызда. Елбасымыз «Қазақстан–2050» Біз осыған кәміл сенеміз және де еліміздің өсіп–өркендеуіне бар күш жігерімізді саламыз. Жолдау Мәңгілік Елдің егемендігін тұғырлы ету мәселесіне назар аударды. Мемлекетіміздің болашағын дұрыс бағдарлап, қазіргі замандағы даму үрдістерінен қалып қоймай, әлемдегі өзіміздің лайықты орнымызды иеленуге тиіспіз.

Елбасымыз ұсынған «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы Қазақстан Республикасының дамыған 30 елдердің қатарына кіру және 2050 – Стратегиясын жүзеге асыру жоспарын анықтайды [4]. Бұл бағдарлама нақты қадам, бүкіл қазақстандықтарға, ең алдымен зиялы қауым бөлігі – ұстаздарға қатысты деп ойлаймын. Заман талабына сай тез өзгеретін әлемде, көп нәрсе мұғалімдерге байланысты екені бәріне мәлім. Білімсіз дарынды, зиялы басшылар болмайды. Сол себепті, жастарымыздың бәсекеге қабілеттілігін арттырып, білім жүйесін дамытуға бірегей ат салыссақ, жастарға қолдау білдірсек, еліміздің өркендеуіне үлес қосқанымыз деп есептеймін. Н.Ә. Назарбаевтың ұсынған саясаты әлеуметтік салаға бағытталғанын білеміз. Президентіміздің қолдауымен білім беру әлеуетін жақсарту үшін қаражат бөлініп, барлық жағдай жасалуда. Осы орайда басшымыздың саясатын іске асыруда, жастар жүрегіне жарқын болашағымызға деген зор сенім мен елімізге деген шексіз сүйіспеншілік орнатуда білім ордаларының маңызы үлкен, жауапкершілігі жоғары екенін айтуға болады. Елбасының жолдауы болашақта Қазақстан елінің дамуында басты рөл атқарады және Стратегиямызды жүзеге асыру барысында үлкен жетістіктерге жетеміз деп сенемін.

Енді бұдан былай тәуелсіздігімізді, мемлекеттігімізді сәт сайын нығайта беруіміз керек. Идеологиялық жұмыстарды жетілдіріп, халқымызды Мәңгілік Ел идеясына жұмылдыруымыз қажет. Негізі, еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бергі басты мақсатымыз – Мәңгілік Ел құру болатын. Мемлекет басшысы бұл Жолдауында ол мақсатқа жетудің жолдары мен тетіктерін көрсетіп, кезеңдерін белгілеп берді. Сол сенімді ақтау үшін жастарымызды еңбекке баулып ғана қоймай, үлгі болу керекпіз. Отбасы, университет қабырғасынан қолдау білдірсек, ұлт болашағы сенімді болады деп есептеймін.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

1. А.Қыдыршаев, Елбасы Жолдауы – «Мəңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру жолындағы тірек 2014. 23.01. Орал.

2. А.Ғ. Ибраева, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ. «Мəңгілік ел» идеясының тарихи негіздері.

3.http://www.akorda.kz/kz/addresses/memleket-basshysy-nnazarbaevtyn-kazakstan-halkyna-zholdauy-2015-zhylgy-30-karasha
4.
http://e-history.kz/kz/publications/view/1634