Дуйсекеева Дана Ныгметовна
№134
"Гауһар" балабақшасы
Ойын арқылы баланы жан – жақты дамыту
Ойын
– баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын
құралдардың бірі.
·
Ойын арқылы баланың оқуға деген
ынтасын, қызығушылығын арттыру, сөздік қорын
байыту;
·
ұлттық ойын элементтерін қолдану
арқылы қазақ халқының дәстүрін
білуге, құрметтеуге тәрбиелеу;
·
дыбыстарды дұрыс қолдануға
жаттықтыру;
·
тәрбиеші сұрақтарына дұрыс,
толық жауап беруге;
·
сөздік қорын молайту;
·
суреттер арқылы сөйлем
құрауға, мазмұнын түсініп айтуға
жаттықтыру;
·
ұйымшылдыққа, бір – бірін
құрметтеуге, қамқор болуға тәрбиелеу;
Оқу
іс-әрекетін ойын түрінде жүргізіп, үнемі
қатаң тәртіпте өте бермей, бір мезгіл еркін
тақырыптар, сұрақ – жауап, балаларға өз ойын
ашық жеткізе білуге, мәдениетті сөйлей білуге мүмкіндік
беру, балалардың таңдауы бойынша ойындар өткізу. Себебі, ойын
бар жерде, бала кез – келген сабаққа белсенділікпен араласады.
Деңгейі төмен, нашар оқитын баланың өзі
ойынға келгенде бар ынтасын салып, сабаққа жігермен
араласады. Өзінің және жолдастарының істеген
әрекеттеріне баға береді. Ойын барысында балалар өлең,
тақпақтар, сұрақ, санамақтар, суреттер,
ойыншықтар, әртүрлі материалдар пайдаланады. Есту, сезіну,
қабылдау, көру деген сияқты үрдістері дамып,
музыкалық ойыншықтар мен дыбыс шығаратын сазды
аспаптартардың дыбыс шығару ерекшеліктерін, заттарды пішініне,
көлеміне, түсіне қарай іріктеуге, әртүрлі қимылдарды
орындауға, тәрбиешінің айтқанын тыңдауға
үйренеді. Кез – келген ойынды өткізу барысында баланың жас
және жеке ерекшеліктерін ескеру керек, ойын бағдарламаға сай
болуы керек, тәрбиеші жаңа технологияларды пайдалана біліп,
үнемі біліктілігін жоғарылатып отыруы керек.
Ойынның технологиялық негізгі ерекшелігі – балалар үн -
түнсіз ойнамайды. Тіпті жалғыз болғанның өзінде
де сөйлесіп жүреді. Ойын барысында сөйлесу қарым -
қатынасы үлкен рөл атқарады. Сөйлесе жүріп,
балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен
мазмұнын анықтайды. Ойынның негізгі
құрылымдық элементтері мыналар: ойынның өзінен
туатын және балалар жасайтын немесе тәрбиешілер ұсынатын ойын
ережесі.[1]
М. Жұмабаев:
«Ойын – бала үшін өмірлік тәжірибе»
А.С. Макаренко: «Бала
өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін
еңбектің, жұмыстың қандай маңызы болса,
ойынның да маңызы зор. Бала ойында қандай болса,
өскенде жұмыста сондай болады. Ойынның негізгі қайнар
көзі – адамдардың әлеуметтік орны, өмірі, баланың
және оның отбасысының тіршілік жағдайы деген
қорытындыға келді».
Н.К. Крупская: «Мектеп
жасына дейінгі балалар үшін ойын – оқу, еңбек,
тәрбиенің мықты формасы» - дейді.
Г.С. Усова: Балалар ойын ойнау
барысында үлкендердің белгілі бір қылықтарын,
ерекшеліктерін, қарым – қатынастарын бейнелейді.
А.Құнанбаев:
«Ойын ойнап, ән салмай өсер бала бола ма?»
С.Торайғыров: «Балалықтың
қанына ойын қазық»
В.А.Сухомлинскийдің сөзімен айтар болсақ,
«Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы жоқ» және болуы
да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен
жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі
жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған
дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз – ұшқын
білімге, құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты. [4]
Баланың бойында ана
тілін, ата - баба салтын бойына сіңірген, оны қастерлей білетін
азамат өсіруде ұсынатын ең басты құралымыз –
ұлттық ойындар. Жас өспірім ойын арқылы дүниені
танып, түсінігі арқылы қабылдап, ересектерге еліктей
жүріп үйренеді, өз бойына қабылдайды. [2]
Таңдалған ойынды өткізуге қойылатын талаптар
төмендегідей:
•Ойынды
тақырыпқа сәйкес алу.
• Ойынның мақсаты нақты
қойып, керекті көрнекіліктерді балалардың
қызығушылығына сәйкес дайындау.
• Ойнар алдында балаларға жүргізілу
барысын әбден түсіндіру.
•Ойынға балалардың барлығын
қатыстыру.
• Ойын барысында балардың қатысуын
қадағалау, білмеген жерлеріне көмек, жәрдем беру.
Қорытындылай келе, ойындар балалардың таным белсендігін
жандандыратын, өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі.
Олар кез - келген оқу материалын қызықты да тартымды
қылып, балалардың көңіл - күйін көтеруге,
өздерінің жұмыстарына қанағаттануға
және өтілген тақырыпты жеңіл меңгеруге
көмектеседі. Тақырыпты ашу барысында ойын арқылы
дамытуға арналған тапсырмалар жүйелі қолданылып,
ұйымдастырылып отырса, сонда ғана тәрбиешінің
тақырып мақсатын ашуына
мүмкіндік береді.
Қолданылған әдебиеттер:
1) Мектеп
жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы, Алматы – 1981 жыл
2)Журнал «Балабақша» 2009 жыл
3) Балабақшадағы балалардың
тілін дамыту әдістемесі, Алматы – 1985 жыл
4)Ойын
арқылы бала тілін дамыту, Р.А. Искакова – 2004 жыл