Педагогика. Современные методы педагогики
Жанахметова Толкын Амангельдиновна
қазақ тілі
мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
«Облыстық математика, физика, информатика
саласындағы дарынды балаларға
арналған
мамандандырылған
мектеп-лицей»
коммуналдық
мемлекеттік мекемесі
Өскемен
қаласы, Шығыс
Қазақстан облысы,
Қазақстан Республикасы
Қазіргі
білім беру жүйесіндегі заманауи инновациялық технологиялардың
тиімділігі
Қазіргі
таңда үздіксіз білім беру жүйесінде білім беруді дамыту,
дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында
елімізде білім берудің жаңа жүйесі құрылуда.
Қазақстан
Республикасының «Білім
туралы» заңында «Білім беру
жүйесінің басты міндеті- ұлттық және
жалпыадамзаттық
құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері
негізінде жеке адамды қалыптастыруға,
дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған
білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау. Жеке адамның шығармашылық, рухани және дене
мүмкіндіктерін дамыту,
адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы
үшін жағдай жасау арқылы интеллект байыту» делінген. Бұл еліміздің болашағы білім
беру жүйесін одан әрі жетілдіру, мемлекеттік білім беру стандартын
жүзеге асыру тәрізді мәселелерді және ұстаздарға
өзінің білім, білік сапасын өсіру мен дамыту міндеттерін
қойып отыр. Осы мемлекеттік талаптарды, міндеттерді жүзеге асыратын
кім? Ол- жаңа заман мұғалімі. Олай болса, жас ұрпаққа білім
мен тәрбие беретін ұстаз – биік тұлға ретінде
оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру қызметтері
арқылы шәкіртін шығармашылық жолға жетелейді.
Нәтижесінде қоғам талабына сай тұлға
қалыптастырады.
Шығармашылық деген
шыңға түзу жолмен көтерілу мүмкін емес, ол
жолдың соқпағы, сүрлеуі болады. Дегенмен, ізденімпаз,
өзіне талаптар қоя білетін, кәсіби деңгейі
жоғары, рухы биік, даралық сапалары жетілген
мұғалімнің шығар тауының биік болу
мүмкіндігі мол.
Білімнің сапасы, ең
алдымен, мақсаттың және нәтиженің сапасы, одан
кейін басқарудың, ұстаздың, педагогикалық
әрекеттің, оқушының сапасы, ең
соңында педагогикалық үрдістің сапасы. Бұл
–жаңа кезеңде адамдарды өмір сүруге баулу үшін
бұрынғыдан да мол
деңгейде білім беру деген сөз. Демек, бүгінгі заман
мұғалімі
қазіргі қоғамдық-әлеуметтік
талаптарға жауап беретін, жан-жақты, білімді, жаңашыл ойлау
дағдысын меңгерген, оқушының жан-жақты дамуын
ұйымдастыра алатын жаңашыл тұлға болуы керек.
Бүгінгі таңда білім беру саласында оқытудың озық
технологияларын меңгермейінше, сауатты,
жан-жақты маман болу мүмкін емес. Осыған орай
қазіргі білім саласының мамандары үнемі оқытудың
тиімділігін арттыру мақсатында
іздену үстінде. Білім беру
жүйесіндегі шешуші
жолдардың бірі- оқытуды жаңаша ұйымдастыру немесе технологияландыру деп түсінемін.
Қазіргі заман талабына сай білім
берудің даму бағыты мен тенденцияларын қамтитын педагогикалық технологиялар қолданылып келеді. Түрлі
зерттеулер нәтижесінде бұл технологиялар оқыту мен оқу үрдісіне енгізіліп, оң нәтижелер
көрсетуде.
Елімізде білім беру саласында жаңа ақпараттық
технологияларды қолдану басты мақсат болып отыр.Ол тек қана
техникалық құрал емес, сонымен бірге жаңа
ақпараттық, коммуникациялық технология және білім беру
жүйесіндегі сабақ берудің жаңаша әдісі болып
отыр. Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында ХХІ ғасырда ақпараттық
қоғам қажеттілігін қанағаттандыру
үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу керектігін
атап көрсетті:
Компьютерлік телекоммуникациялар
бүгінгі
қоғамда үлкен
қолданысқа ие. Мәселен, бизнесте, ақпараттық
құралдарда, ғылым мен білімде. Қазіргі заман
мұғалімі тек өз пәнінің терең білгірі болу
емес, тарихи-танымдық, педагогикалық-психологиялық сауатты,
саяси- экономикалық білімді және
ақпараттық-коммуникациялық
білімді және ақпараттық- коммуникациялық
технологияны жан-жақты меңгерген, ақпараттық
құзырлы маман болу керек. Біздің мемлекетімізде жаңа
телекоммуникациялық құралдың дамып келе жатқаны
сөзсіз. Қазіргі заман педагогтарына компьютер және
мультимедиялық құралдарды
қолданудың сабақ өту барсында өте тиімді
тәсіл екені белгілі. Бұл құралдың
қуаттылығы соншалықты, онымен бірге білім жүйесіне
жаңа әдістермен бірге әлемдік ойлаудың жаңа
идеологиясы (шығармашылығы)
енгізілді.
Білім беру жүйесіндегі
өзгерістер оқытудың жаңа педагогикалық
технологияларын қолдануды, жеке тұлғаның
жан-жақты шығармашылық тұрғыдан дамуына жол ашуды
көздеп отыр. Бұл міндеттерді жүзеге асырушылар білім беру
жүйесінің күрделі мәселелерін шешетін кәсіби
құзыретті ұстаздар болмақ.
Сондықтан педагогика
ғылымында кәсіби құзыреттілік коммуникативтік,
ақпараттық, регулятивтік, операционалдық және
интеллектуалды-педагогикалық
құзыреттілік ретінде қарастырылып келеді. Ал,
жаңа қоғам
мұғалімі тек
кәсіби шеберлігі жоғары адам ғана емес, рухани дамыған,
шығармашыл, мәдениетті, білім құндылығын
түсінетін, педагогикалық
технологияларды меңгерген,
ғылым мен техника жетістіктері негізінде
кәсіби
құзыретті болуы тиіс
Әлемдік бәсекелестік заманында әрбір
адамның білім сапасын, қабілеттік деңгейін, іскерлік
мүмкіндігін анықтайтын адам ресурстарын дамыту мәселелері күн тәртібіне өткір
қойылып, адамның білімі мен біліктілігі қазіргі кезеңде мемлекеттердің бәсекеге
қабілеттілігінің ең маңызды көрсеткішіне айналып
отыр. Бәсекеге қабілетті, интеллектуалдық күші
жетік маман-кадрлар болмай, әлемдік бәсекеге төтеп бере
алатындай экономика дамымайды. Қай
заманда да өркениеттің
өрлеуі интеллектуалдық шығармашылық қабілеттің
негізінде іске аспақ. Осындай қабілеттердің дамып,
шыңдалуы үшін өткізілетін конференция, семинар, курстар,
дөңгелек үстел, пәндік олимпиадалар,
интеллектуалдық ойындар, дебат, байқаулар – жеке тұлғаларға арналған іс-шаралардың бәрі де ұстаздың жаңашыл педагогикалық ойлауына, жеке адамды дамыту
құралы болып табылатын оқыту үрдісін қалыптастыруға
және шығармашылық дамуына, кәсіби шыңдалуына негіз болады.
Оқу мақсаты
басымдылығының өзгеруі
білім мен тәрбие мазмұнына
елеулі түрде ықпал етіп, оны жаңартудың ең
басты бағытттарын айқындауға және нақтылы міндеттер
белгілеуге мүмкіндік береді.
Жаңа мазмұнды
оқытудың нәтижелілігі мұғалімнің шеберлігі
мен ізденісіне көп байланысты. Бәсекеге қабілетті
тұлғаны қалыптастыру ұстаздың білімділігін,
жан-жақтылығын
және кәсіби шеберлігін
талап етері сөзсіз. Мұғалім білімін көтермей,
кәсіби шеберлігін шыңдамай, өскелең
ұрпаққа
тәлім-тәрбие
береміз деу қазіргі заман талабына сай
келмейді. Бұл бізге
үлкен жауапкершілік жүктеп отыр. Оның
үдерісінен шығу – біздің
міндетіміз.
«Ұстазы
жақсының ұстамы жақсы»,- деген бүгінгі
тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі біз тәрбиелеп
отырған жас ұрпақтың меңгерген біліміне,
алған тәжірибесіне
байланысты екеніне еш күмән жоқ. Бала мектеп
табалдырығын «білсем» деген үлкен ынтамен аттайды. Осы бала
бойындағы ынта мен ерік, жігерді ары қарай ұштай білу - әр ұстаздың
алдында тұрған үлкен міндеті, оны атқару барысында
ұстаз балалардың танымдық оқу іс-әрекетін инновациялық
әдістерді, ақпараттық технологияларды қолдану
арқылы сауатты ұйымдастыра және басқара білуі тиіс.
Нарықтық
қатынастар негізінде қалыптасып келе жатқан
Қазақстан Республикасының орта білім беру
жүйесіндегі негізгі қағидаттардың бірі - оқушылардың
мүдделерін қолдау болып табылады. Осыған орай әрбір
мұғалімнің ең негізгі міндеті әрбір
оқушының білім алуға деген қызығушылығын
арттырып, әрбір
оқушының шығармашылық шабытының
шыңдалуына жағдай жасау.
Осының негізінде ең негізгі педагогикалық міндет шешіледі: ол
Қазақстан Республикасының азаматын қалыптастыру,
өмірлік мамандығын анықтау және оның өмірге
деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру.
ХХІ ғасыр- жаһандану заманы, біз өмір
сүріп отырған әлем – жаңару үстіндегі
ақпараттық ілімдік орта. Олай болса, педагогикалық
және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың
үйлесуі білім беру үдерісінің қажетті деңгейіне
қол жеткізуі тиіс. Сондықтан білім беруге қойылатын
талаптар үнемі өзгеріп, қазіргі мамандар
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға
дағдылануы, ақпаратты тауып, өңдей білуі, шығармашылықпен ойлап, шешім қабылдауы
және өмір бойы оқып үйренуі тиіс.