Балқаш қаласы, №16 лингвистикалық бағыттағы
орта мектептің 2 категориялы математика пәнінің
мұғалімі
Оспанова Бақыт
Математикалық білім беру:кеше, бүгін және ертең
«Математиканың
гүлденуі мен жетіліп, дамуы мемлекеттің әлеуметтік жағдайына
тығыз байланысты», дегенмен, көптеген алдыңғы қатарлы
мемлекеттердің даму барысы бұл пікірдің ғана емес, бұған
кері пікірдің де дұрыстығын көрсетіп отыр, яғни
Жапония, Корея, Финляндия, Голландия, Малайзия және Сингапур сияқты
елдер математикалық білім беруді дамыту арқылы мемлекеттің әлеуметтік
жағдайын жақсартуға қол жеткізіп отыр.
Ақпараттық технологиялардың
математика саласына тереңдеп енуі оны оқыту әдістемесін ғана
емес, мазмұнын да өзгерте бастады. Математикалық
әдістер мен математикалық ойлау ғана емес, жалпы ғылыми
дүниетаным да жаңаруда.
Математикалық білім беру сапасы
математикалық сауаттылыққа түгелдеу тәуелді.
Сондықтан математикалық білім беру сапасы туралы әңгімені
математикалық сауаттылық мәселесінен бастау керек.
Әлемдегі математикалық білім берудің
даму тарихы оны үш дербес аралға бөліп тастады: Кәсіби
математикалық білім беру, жалпы математикалық білім беру және
математикалық сауаттандыру. Математикалық білім беру саласындағы
кез келген реформа осы үш аралдың арасында көпір орнатуға
талпыныстан туындайды.
Қазіргі кезде бұл проблеманы шешудің
екі бағыты айқын көрініс табуда: жаңарту мен саралау Әр
түрлі елдердегі білім беру қайраткерлері осы көшке ілесуге ұмтылыстар
жасауда Әлемдік өркениет соңғы онжылдықта барынша
қарыштап алға ілгерілеуде.. Өкінішке орай, оның көпшілігі
нәтижесіз аяқталып жатыр.
Мектептегі ескі және дәстүрлі пәндерді
ығыстыра отырып, оларды жаңа ақпараттық технологияны
тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін жаңа мамандықтарды
игеруге жағдай жасайтын жаңа пәндермен алмастыру болмақ.
Сонда жаңарту нәтижесінде мектеп түлегі өзгермелі өмірге
бейім болып шығады. Бірақ кез келген процесс, оның ішінде
білім беру процесі де биологиялық заңдылықтарға қатаң
бағына отырып, өз жемісін белгілі бір уақыттан соң ғана
бере алады. Оны жеделдету өте қиын.
Іргелі білім алған адам ғана қазіргі
өмір жағдайларына тезірек бейімделіп, одан өз орнын таба
алады.Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай ғимарат
биік болу үшін оның іргетасы мықты болу керек.
Жоғары сатыдағы мектеп саралана келе әртүрлі
бағдарға бейімделуде, дегенмен шектен тыс саралау болашақта
мектеп түлектерінің өзінің негізгі құқықтарын
пайдалануды, мамандық таңдау еркіндігін шектеуі мүмкін.Білім
берудегі саралау білім беруді жаңартуға қарағанда мәселені
шешудің өзгеше жолын ұсынады.
Қазіргі кез келген ғылым саласы
математикалық әдістерді қолданып қана қоймай,
математикалық заңдылықтар арқылы құрылады. Қазіргі ғылым мен техникаға жол тек қана математика
арқылы өтеді. Математика
өркениет тудырған және оны барлық кезеңінде
дамытуға ықпал етіп келе жатқан маңызды ғылым
саласы.
Қазіргі
дидактикада оқушыларды математикаға оқытудың үш
негізгі мақсатын бөліп көрсетеді: практикалық, білім
берушілік және тәрбиелік Математикалық білім беру математика ғылымының бір бөлігі
ғана емес, жалпы адамзаттық мәдениет құбылысы. Ол
адамзат ойының даму тарихының бейнесін береді. Сондықтан
адамның мәдени дамуында математикалық білім беру үнемі
маңызды роль атқарып келе жатыр.. Практикалық мақсаттың
маңыздылығы – оқушылардың қазіргі қоғамға
қажетті білім, білік, дағдыларды меңгеруінен байқалады.
Математикалық
оқытудың білім берушілік мақсаты оладың математикалық
мәдениетінің жоғары болуы қажеттігінен және
математиканың басқа ғылым салаларында, өндіріс пен өмірде
қолдану қажеттігінен келіп шығады.
Мектептегі басқа
ешқандай пән табандылық, мақсатқа ұмтылу, тәртіптілік,
жаңаны қабылдау және тағы басқа тұлғалық
қасиеттерді дамыту сияқты көпқырлы қызмет атқара
бермейді. Дегенмен, математиканы ең алдымен адамның логикалық
ойлауын дамыту мен жетілдіру мүмкіндігі үшін жоғары бағалайды.
Математикалық білім берудің негізгі міндеті – адамды ойлауға үйрету. Бұл бағыттағы білімдік бағдарламалардың табысты болып, іске асырылуы мына үш мәселеге байланысты: 1.Жоғарғы оқу орындарындағы математика пәні мұғалімінің дайындығы; 2.Сапалы оқулықтар мен оқу құралдарымен болуы болуы; 3.Таңдау еркіндігін беретін тұлғалық-бағдарлы оқыту.
Қазіргі кезде мектеп ғылым жетістіктері мен адам қызметінің әртүрлі салаларының сұраныстарына сәйкес ертеңгі күннің қажеттіліктеріне сай бола отырып, мектеп бітіруші түлектің алдағы өміріне қажетті білімінің берік іргетасын қалауы керек.
Қазіргі кезде ғалымдар математикалық білім беру мазмұнын жаңарту мен оны оқыту әдістемесін жетілдіруден бұрын математикалық білім беру сапасын жолға қою қажеттігін жиі айтады.
Оқу сапасын
жетілдіруде
білім
мақсаттарының
күтілетін
нәтижеге
бағдарлануы
жан – өзбәсекеге
түсе
алатын
жеке
тұлғаны
бастауыш
сатыдан
бастап
дайындауға
бағыттайды.
Қолданылған әдебиеттер:
1.Н. В. Агапова - Перспективы развития новых технологий обучения. – М.: ТК
Велби, 2005 – 247 с.
2. Никифорова М. А. Преподавание математики и
новые информационные технологии. // Математика в школе, 2005, № 6