ДРАМАТУРГИЯДАҒЫ
ҚАЗАҚ ХАНДАРЫНЫҢ БЕЙНЕСІ
Кадырова Нургуль Сергалиевна
С.Бәйішев атындағы Ақтөбе
университетінің магистранты
Қазақстан,
Ақтөбе
Драманың синкретті,
өнердің барлық түрін жинақтайтын, жұмыр
қылыштай берік, бірақ оның бәрі сахнаға сиятын
сипатымен құнды екенін, эпос пен лирикаға
қарағанда драмадағы қақтығыс адамдар
тағдырының қылбырауындай бірде ауыр, бірде жеңіл
сипатта болатынын ашудан басталады. Қазақ драмасының
алғы шарттарын, қыз ұзату, жер мен жесір дауы, айтыс
сияқты элементтерден іздеу, ол дами келе еуропалық деңгейдегі
сахналық шығармалардың тууына әкеліп тудырды.
Академик Рымғали
Нұрғали драманың эволюциялық дамуы жөнінде ерекше
талдау жасайды. Грек трагедияларының да қайнар көзі
«Халықтық әдет-ғұрып», «тұрмыс-салты»,
«мифология негізінде туған» [1].
Драма осылай жаңа
жанрға айналды деген ойдың ар жағынан қазақ
драматургиясы да сондай-ақ, өркендеу, даму, эволюциялық
жолмен келгенін айта отырып, революциялық жолдың да көп
рөл атқарғанын жоққа шығармайды.
Өйткені тарихи шындыққа ешкім оқ ата алмайды, тек оны
замана сұранысымен ғана өлшей алады, бағалай алады.
Сонымен, Рымғали
Нұрғали өзі де қазақ драматургиясын зерттеу
арқылы эволюциялық жолдан өтті. Енді ол қазақ
драматургиясының қалыптасу жолын ғана емес, бүкіл драма
табиғатын түйсінуге талпыныс жасайды.
Қазақ
қаламгерлері қолынан шыққан драмалық
туындылардың архитектоникасын анықтап, оны жікке бөліп,
қазақша айтсақ жіліктейді, оның табиғатын ашады. Рымғали Нұрғали
қазақ драматургиясының трагедиялық жанрын үш
түрге бөледі:
· Эпикалық трагедия
· Тарихи трагедия
· Адамгершілік тұрмыстық трагедия [2].
Рымғали
Нұрғали осы жанрлардың мектебі болып саналатын туындыларды
атап қана қоймай, оны зерттейді, ой түйеді. Мәселен,
Мұхтар Әуезовтің «Еңлік-Кебегін» Шекспир
шығармаларының деңгейіне қояды.
XX ғасырдың
20-30-жылдарындағы драматургияда трагедия жанрының дамуы
айқын көрініс берді. Олардың көбісі
тарихи-эпостық жырлардың негізінде жазылған. Кезінде театр
репертуарының берік орын алған Шаниннің «Арқалық
батыры» 1924 жылы жеке кітап болып басылып шықты. Екі бөлімнен
тұратын пьеса премьерасы сахнада қатарынан екі күн
жүрген.
«Арқалық батыр»
трагедиясы – отандық драматургиядағы фольклорлық материалды
игерудің тұңғыш қадамы. Шаниннің бірнеше
шағын комедиялық шығармалары да сахнаға шықты. Олар
– «Торсықбай» мен «Айдарбек», бұлардың сюжеттерінің
желісі – ауыз әдебиетінің негізіне құрылған,
қазақтың әйгілі әзілкештерінің
төңірегінен өрбитін аңыз-әңгімелер мен
олардың күлдіргі әрекеттері.
Комедия жанрына ерекше
көңіл аударып, негізін қалаушылардың бірі –
Майлиннің көптеген шағын күлкілі шығармалары
театр мен үйірмелердің репертуарынан берік орын алды. Атап
айтқанда «Шаншар молда», «Ел мектебі», «Неке қияр», «Айша»,
«Сәлде», «Көзілдірік», т.б. Бұларда комедияның
шағын үлгілері – скетч, водевильге тән түрлері
кездеседі.
Ұлттық
драматургияның пайда болып, қалыптасуы мен дамуына ерекше
еңбек сіңірген ұлы қаламгер Әуезов XX
ғасырдың 20-жылдары «Еңлік – Кебек», «Ел ағасы»,
«Бәйбіше – тоқал», «Қарагөз» пьесаларын жазып,
сахнаға шығарды. Бұлардың барлығында да
өткен замандағы қоғамның әлеуметтік
қайшылықтарын суреттеп, сан қилы кейіпкерлердің
қайталанбас бейнелерін жасады.
Күні бүгінге дейін
сахнадан түспей келе жатқан «Еңлік-Кебек» халық
жырының негізінде жазылып, бірнеше өңдеу мен
жөндеулерден кейін ұлттық драматургияның
қайталанбас көркем, классик дүниесіне айналды. Трагедияның
түпнұсқасы 1923 жылы жеке кітап болып басылып шықты.
20-жылдардағы драматургияның
көркемдік шоқтығы биігі «Қарагөз» - махааббат пен
жеке бастың бостандығы жолындағы күресті суреттейтін
шығарма. Трагедия
ауыз әдебиетінен ұтымды пайдаланған «жар-жар», «беташар»,
айтыс және басқа өлең-жырлар ерекше көрік,
поэтикалық мазмұн береді. Фольклорлық материалды пайдаланып
жазылған осы пьесалар отандық драматургия жанрының дамуына
ерекше ықпал етті. Драматургияның тақырыптық аясы
кеңейіп, сюжет пен тартыс ұйымдастырудың, кейіпкер бейнелерін
сомдаудың, диалог пен монолог құрудың тың
үлгілері жасалған көркем-идеялық мазмұны
терең пьесалар театр репертуарын байыта түсті.
Қазақстан
топырағында өтіп жатқан күрделі де сан қилы
саяси-әлеуметтік құбылыстарды бейнелеп, өткір
тартысқа, жаңа тіршілік жолындағы айқасқа
құрылған Майлиннің «Майдан», Ғ.Мүсіреповпен
бірігіп жазған «Амангелді», І.Жансүгіровтің «Кек»,
«Түркісіб», «Біздің жігіттер», Әуезовтің «Түнгі
сарын», т.б. пьесалар жазылып, сахнада қойылды. Бұлардың
кейбіреулері партиялық идеологияға ыңғайлап
жазылғанымен, тарихи шындық арқауы үзілмей, шынайы
бейнелеу тапқан.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.
Ана тілі газеті №34-35 (1135-1136) 23 тамыз. 5 қыркүйек, 2012 жыл. 12 б.
2.
Егемен Қазақстан газеті №592-596 (27669) 8 қыркүйек
сенбі 2012 жыл.
Резюме
В статье рассматриваются вопросы казахской драматургии при раскрытии темы образов казахских ханов.
Resume
The article considers the questions
of Kazakh drama while the theme of Kazakh khans’ characters.
Аты-жөні:
Кадырова Нургуль Сергалиевна
Ғылыми дәрежесі, ғылыми
атағы: С.Бәйішев
атындағы Ақтөбе университетінің магистранты
Ұйым, оның мекен жайы: С.Бәйішев атындағы
Ақтөбе университеті, Ағ.Жұбановтар 302 А
Автордың мекен жайы: Ақтөбе облысы, Темір ауданы
Телефон:
Жұмыс орнының атауы, қызметі:
Мақала тақырыбы: Драматургиядағы қазақ
хандарының бейнесі
Секция: Гуманитарлық ғылымдар
Керекті техникалық құралдар:
Қонақ үй орындарын брондау қажеттігі (иә, жоқ)