Сабырқызы Ж.
Абай атындағы ҚазҰПУ,
Магистратура және PhD докторантура институты, «Саясаттану және әлеуметтік-философиялық
пәндер» кафедрасының «Дінтану» мамандығының 1-курс
магистранты
Ш.Құдайбердіұлы шығармашылығындағы діни дүниетаным мәселелерінің ерекшеліктері
Қоғамдық құрылымда кез келген адамның өмір
кешкен тарихи кезеңі оған ерекше ықпал жасап, көзқарасының
қалыптасуына өзіндік әсер ететіні белгілі. Себебі негізінен қоршаған
ортада адам рухани бастаулардан нәр
ала отырып, жаңаша формада ойлау ерекшелігі мен шығармашылық
болмыс бітімін қалыптастыруға ұмтылады. Бұл әрбір
адамның ойшыл ретінде қалыптасу процесіндегі басты мәнге ие құбылыс.
Дүниетаным үшін біріншіден, санадағы тарихи кезең
жеткіліксіз. Барлық ақпаратты жинап алып, оны біліп отыру дүниетанымға
жатпайды. Дүниетаным дегеніміз ең алдымен ойлау мәдениетінен
басталады. Адам тек ақпараттардың деңгейінде қалмай,
ерекше көптеген ілімдердің арасынан өзін тапқан кезде дүниетаным
қалыптасады. Дүниетаным - бұл мойындалған көзқарастардың,
түсініктердің жиынтығы. Дүниетаным тұжырымдар мен
ойлардың синтезі, адамның рухани әлемі деген дұрысырақ
болар. Дүниетанымдық көзқарастың қалыптасуында
әр заманның өзіне сай әлеуметтік қатынастары мен
рухани даму дәрежесінің алатын орны зор.
Осы орайда 1858 жылы дүниеге келіп, 73 жасында асыра сілтеудің құрбаны
болған Шәкәрім Құдайбердіұлының дүниетанымы
ағартушылық бағыттың барлық өкілдерінікі
сияқты өз кезеңіндегі тарихи, әлеуметтік жағдайлардың
көрінісі ретінде қалыптасты. Өз заманында Шәкәрім
дүниетанымының іргетасы ретінде жазған алғашқы
кітабының өзінде діни түсініктегі болмыс пен ислам қағидаларын
талдай отырып, адам табиғаты мен танымын, қоғамдағы
адамның орнын анықтауға тырысады «...адам өзін–өзі
білмекке әуелі жоғарыда айтылған қайдан жаралдым, не үшін
жаралдым, түбінде не болмақпын деген үш сөзді ойласа
керек! Онан соң басыма пайда, дүние ахиретіме пайда не іс қылып
жүрмін, халыққа не пайда келтіріп жүрмін. Біреуге, яки өзіме
зиян қылғаннан саумын ба деп ойлау керек! Өйтіп өзін-өзі
тексермей жүре берген адам жайдан мал, аңнан да төмен
болады», - деген тұжырымға келеді [1]. Яғни, қазақтың сенім-наным, діндарлығы жайлы ойлары
жалпы сенім мәселесіне ұласып, зерттеу нәтижесі көрсетіп
бергендей, Шәкәрімді өз сенім теориясын жасап шығаруға
жетелейді.
Шәкәрімнің философиялық мағынадағы
шығармашылық дүниетанымының қалыптасуы «қажылық» кезеңнен
басталады. Стамбул мен Париж кітапханаларында «түсіп сәуле соқыр
көзге» Шәкәрім үшін «ауыр тұман» ашылады. Ең
алдымен исламға, қазақтың мұсыманшылығына қанағаттанбаған Шәкәрімді сенім, дін мәселесі
қызықтырады. Оның аталған
саланы қамтыған еңбектеріне келсек, олар: «Үш анық»,
«Мұсылмандық шарты», «Түрік, қырғыз-қазақ
һәм хандар шежіресі», туындылары және лирикалық һәм
эпикалық шығармалары, аудармалары.
Ғасырлар бойы адамзаттың дүниені тануға деген
танымдық әрекеті, уақыт өткен сайын белгілі бір қоғамдық
қатынастардың ықпалында, ерекше форма қалыптастыруы заңды
құбылыс. Адам тек дүниені танып білуге ғана ұмтылмай,
сол танымдық әрекеті, адамның қоршаған ортадағы
қарама-қайшылыққа толы мәселелеріне қарай
бет бұрғанда ғана даналыққа жол ашылады.
Ендеше, адам дүниені тану барысында, өзін-өзі адам
ретінде зерделей бастағанда ғана даналық пайда болады. Бірақ
дүниетанымдық сұрақты шешу барысында адам тарихтан тәлім алып, жаңа қоғамдық
қатынастардың аясында өзінің тұжырымдары мен көзқарастарын
қалыптастыруы тиіс. Осындай жолдан Шәкәрім де өткен
болатын.
Шәкәрімнің «Үш анық»
атты еңбегі де болмысы бөлек терең шығарма. Шәкәрім
осы туындысын: «Адам ақиқатты бас көзімен көрмейді, ақыл
көзімен көреді... Өлімнен соң бір түрлі тіршілік
бар. Екі өмірге де керекті іс - ұждан. Ұждан - дегеніміз
ынсап, әділет, мейірім», - дейді. Бұл - Ислам мәдениетін терең
білген данышпанның сөзі.
Ұждан - Ислам ғылымының
басты танымдық категориясы. Шәкәрім мәңгі мен бақиды
қатар алып ой толғайды. Осы еңбегінің түйінді сөзінде
ойшыл ақын: «Адам атаулыны бір бауырдай қылып, екі өмірде де
жақсылықпен өмір сүргізетін жалғыз жол - мұсылман
жолы...», - деген мәнді сөз айтқан. Бұл Шәкәрімнің
ғылымдағы терең танымынан туған нақты тұжырым.
Ислам мәдениетінің осылай мәңгілігін, жер бетіндегі
адамзат атаулыны бауырластыратынын ол анық та ашық айтқан Шәкәрімнің
сенімі мен танымын біз қашан Шәкәрім
өзінің «Үш анық» шығармасында адам жанының
ажалсыздығы, дүниенің түп себебі туралы мәселелерді
көтеріп, оған жауап іздеді. Тамыры тереңде жатқан дүниетанымдық
сұрақтарды шешу жолында тек төлтума мәдениеттегі қалыптасқан
көзқарас пен орыс әдебиетіндегі немесе шығыстық
негіздегі көзқарастың жеткіліксіз болуы заңды құбылыс
еді. Оны жете түсінген Шәкәрім, бұл сұрақтарды
шешу жолында, дәстүрлі Батыс Еуропа философиясының тарихын
зерттеудің соншалықты маңызды екенін аңғарды. Шәкәрім
«Үш анық» шығармасында Еуропадағы жаңа дәуірден
кейін қалыптасқан ғылыми жолды сынау арқылы, негізгі
философиялық дүниетанымын қалыптастырды [2]. Шәкәрім
қалыптастырған философиялық дүниетанымды тереңірек
түсіну үшін «Үш анық» шығармасының
желісінде оның көзқарасындағы адам мен қоршаған
ортаның мәніне назар аударған жөн. Сонда ғана біз
оның жаңа дәуірден кейінгі, Еуропа философиясындағы, ғылыми
жолды не үшін сынға алғанына көз жеткізіп, ойшылдың
адам мен қоғам туралы мәселедегі негізгі жаңалығын
философиялық тұрғыдан жүйелемекпіз. «Үш анықтың» түйін сөзінде адам атаулыны бір
бауырдай етіп, екі өмірде де
жақсылықпен өмір сүргізетін
жалғыз жол ислам жолы деуі, Шәкәрімнің дін - Ислам ғұламасы
екенін көрсетеді.
Сонымен Шәкәрім «адамзатты бауырластыққа бастайтын
жол- мұсылмандық» [3] деп ең алдымен ислам дінінің
негізінде дүниетанымды қалыптастыруды, оны адамгершілік тәрбиесінің
басты элементі, иман- тірегі ретінде қабылдауды мұрат ете отырып,
«Мұсылмандық шартын» жазды.
Шәкәрімнің «Мұсылмандық шарты»
атты еңбегі 1911 жылы
Орынбор қаласының
баспасынан алғаш жарық көрді. «Мұсылмандық
шарттарын» жазу үшін Шәкәрім ұзақ жылдар бойы
араб, парсы тілдердегі әдебиеттерді зерттеген, ислам ілімі сол кезде дүние
сырын шын мағынада аша алатын еңбек болатын. Шәкәрімнің «Мұсылмандық
шартын» жазудағы мақсаты халқының болашағын ойлағандықтан,
халқына діни дұрыс жол, дұрыс бағыт көрсетуге ұмтылысы
деп түсінгеніміз жөн. Бұл шығарманың сол кезде
де, қазір де маңызы ерекше. Оны XX ғасыр басында қазақ
тілінде жарық көрген алғашқы діни оқу құралының
бірі деу керек. Ол тұстағы діни кітаптардың басым бөлігі
араб, парсы, түрік және татар тілдерінде болатын. Ол тілдерде жарық
көрген кітаптарды арнаулы оқу орындарында білім алған
мамандар болмаса, жалпы жұртшылық еркін пайдалана алмады. Ал араб,
парсы тілдерін жетік меңгерген білім иелері аз еді. Сол аздың бірі,
тіпті бірегейі Шәкәрім қажы болатын. Сондықтан туған
халқының алдында зор беделге ие Шәкәрім қажының
«Мұсылмандық шарты» ерекше болды. Ол пайдалануға жеңіл,
терең біліммен жазылған тамаша туынды.
Шәкәрім оны мәніне
қарай төмендегідей бес бөлімге бөліп, жүйелеген:
1. Иманның мағынасы және иман сенімі
(Исламның мәні);
2. Ахлақ (Ислам психологиясы);
3. Іс-харекет үкімдері (Сегіз амал);
4. Ислам негіздері (ғибадат);
5. Қоғамдық қатынастағы шарғи
талаптар (Фиқһ ілімінің негіздері).
Сондай-ақ, бұл бөлімде
«Ажал», «Қабір азабы», «Адамның өзін-өзі тануы» тақырыптар
және әһлус сүннаға қатысты бірқатар мәселелер
қысқа да болса нұсқа қамтылған. Мұнда
барша адамзатқа рахым етіп жіберілген хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.)
пайғамбарымыздың: «Ең жақсы мұсылман — ахлақы
(мінез-құлқы) жақсы мұсылман», деген хадисінде айтылған мұсылманның
мінез-құлқынан, жүріс-тұрысынан, сөйлеген сөзінен,
биязылық, сабырлылық, байсалдылық сияқты ішкі мағынауи
сұлулықтың да көрініп тұруға тиісті екені
айтылған. Шәкәрім еңбегінде осындай маңызды мәселелер
көрініс тапқан. Ол кездегі оқыту жүйесінде ахлақ
ілімі Ислам негіздерін үйретуден бұрын жүргізілетін. Өйткені
тәрбиелік тұрғыдан жетілген мінез-құлық
иесі ғана Исламды алып жүру мен таратуда ізгілік жетекшісі бола алатын. Шәкәрім осыны терең
түсініп, соның талабынан шыға алған тұлға.
Шәкәрімнің осы еңбегіде басты сөз: әлемді жаратушы Алланы және оның пайғамбары Мұхамед с.а.с.
баяндай келе адамға қатысты иманның мағнасын ашады:
Иман деген Алла тағаланың барлығына, бірлігіне, онан басқа Алла жоқтығына,
Құран сөзінің бәрі шындығына анық ықыласпен
нанбақ» [4]. Ол поэзияның үстемдік құдыретін
пайдалана отырып иманды кең қолдануға мүмкіншілік
беретін мән мағнасын ашады. Шәкәрімнің құдай
алдында тақуалығына жұрт көп күмән жасаған
еш уақытта ауытқымаған.
Шәкәрімнің иманды екеніне сол сол кездегі молдалар да қатты күмән жасап, оны «кәпір» деген. Кез келген даналық қарама-қайшылықтан тұра келе орталықты жағдайды ұстап тұру керек, әйтпесе
ол бір жақты фанатизмге айналып кетеді. Шәкәрімнің діни
көзқарастары діни әмбебаптылықтан тұрған,
ол өз ойында әлемнің бәр діндердің ерекшеліктерін
баяндай келе «діндердің түп мақсаты» дейді, сол мақсаты
құдайға жету болатын.
Осылайша, «Мұсылмандық
шартын» жазып қазақтың діни сауатын ашпақ болған
Шәкәрім Тәңіріні, Табиғатты, Адамды қарастыра
отырып, бірегей концепция жасады [5]. Оның бірегейлігі мынада: Шәкәрім
теориясында қалың халық мойынсұнғысы келетін Тәңірісі де, оның өзі
қозғау беріп жаратқан табиғаты да бар. Және сол
Жаратылыстың ең жоғарғы түрі Адам да бар.Бұл
шығарманы одан әрі талдап, сараптаудың маңызы зор.
Шәкәрім
жүйесінің ерекшелігі мынада: Адам Тәңірі жаратқандықтан
адам аталуы тиіс емес, ұжданы болғандықтан адам болды және
болады. Немесе – адам құрылымының басты компоненті – ұждан.
Онсыз адамның ішкі гармониясы ыдырап, статусы – «хайуанның арам,
насы» дәрежесіне дейін төмендейді. Яғни адам ұждансыз
да өмір сүре алады. Бірақ тілегі орындалмаған жанды оны
тазартушы, қозғаушы, итермелеуші күші-ұждан болмағандықтан
нашар қасиеттер (нәпсі, зорлық, алдау, мансапқорлық,
өзімшілдік, мейірімсіздік) жайлап кетеді. Ал оны содан кейін не елемеу,
не тыйым салу, не аскеза арқылы тазарту мүмкін болмайды. Адам
болмысы баршаға ортақ: көрер қызығы, қайғысы
осы екі дүние аралығында. Өмір мен өлім бәрімізге
бір. Олай болса, адамға керегі – имандылық. «Адам жанының өлген
соңғы өмірі мен ұждан соның азығы екеніне әбден
нанса, оның жүрегін еш нәрсе қарайта алмайды....нана
алмаған кісінің жүрегін ғылым, өнер, ешбір жол,
заң тазарта алмайды» [6].
Осылайша, «қазақтың Сократы» - Шәкәрім рухани
дамуды, өмірдің мәнін объективті дүниеден емес, адамның
өзінен іздейді және табады.
Қозғалыс
сыртқа емес, субъектінің өз ішіне бағытталады. Не табиғаттағы
эволюция, не тарих, немесе прогресс адамшылықтың кепілі бола
алмайды. Тек ұждан ғана соған жетуге мүмкіндік береді
деп ой қорытады Шәкәрім Құдайбердіұлы.
Шәкәрімнің даналық ой-толғамдары, діни дүниетанымы бүгінгі
біз өмір сүріп отырған заманда адамның жан дүниесіне,
оның адамдық болмысы мен мәніне бетбұрыс жасауда бізге
ауадай қажет. Себебі Шәкәрім шығармалары
- Ислам гуманизмінің мәйегі. Сондай-ақ, Шәкәрім
шығармалары - халқына рухани жақын имандылықтың бұлағы.
Сондықтан, қазіргі таңда оның діни дүниетаным
мәселелері туралы ілімін зерттеудің мәні ерекше.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1.Құдайбердіұлы Ш. Мұсылмандық
шарты.- Алматы:1993. - 25-б.
2.Құдайбердіұлы Ш. Үш
анық.- Алматы: 1991. - 16-б.
3.Шәкәрім (Өмірі мен
творчествосы жайында) // Қазақ әдебиеті. – 1988. - 15 сәуір.
4.Бердібаев Р. Шежірелі Шыңғыстау
(Шәкәрімнің тойынан соң) // Лениншіл жас. – 1988.
- №55.
5.Қалижанұлы У. Қазақ
әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағым. - А.: 1998. -
222-239-бб.
6.Дербісәлі Ә. Шәкәрім
және ислам мәдениеті / Шәкәрімтану мәселелері:
сериялық ғылыми жинақ.-6-т.-Алматы: Раритет, 2008. - 8-б.