Мемлекеттік тіл саясаты -
ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің негізі
ОҚО, Шымкент
қ., Қазақстан
М.Әуезов
атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
университеті, «Психология және дефектология» кафедрасының
доценті,
педагогика ғылымдарының кандидаты
З.Б.Қабылбекова
Тіл саясаты
бүгінгі таңда мемлекеттік саясаттың маңызды
бөлігіне айналып, тіл тағдыры – ел тағдыры екенін барша
қазақстандықтар түсіністікпен қабылдауда.
Тілдерді қолдану
мен дамыту бүгінгі таңда мемлекеттік саясаттың маңызды
бөлігіне айналып отыр. Себебі, тіл саясаты оның ішінде мемлекеттік
тілдің проблемалары еліміздің қауіпсіздігіне, оның
мемлекеттілігінің нығаюына тікелей қатысты мәселелер
болып табылады.
Қазақстан
халықтары тілдерін дамытудың стратегиясы үш негізгі
мақсатта: мемлекеттік тілдің әлеуметтік-комуникативтік
қызметін кеңейту мен нығайту; орыс тілінің жалпы
мәдени қызметін сақтау; этностық топтардың
тілдерін дамыту бағытында жұмыстар атқарылуда.
Негізгі міндет – Тіл
туралы Заң мен Тілдерді қолдану және дамытудың
2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының
мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету.
Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан
халықтарын біріктірудің шешуші факторы болып саналатын мемлекеттік
тілді дамыту мәселесін ең алдымен балабақшадан бастау керек
екені, қазақ мектептерінің санымен бірге сапасын
көтеріп, оларды қазіргі заманғы ең озық
технологиямен жабдықтау қажеттігі, мемлекеттік тілдің орыс
мектептеріндегі сағатын көбейту, республикадағы барлық
мектеп оқушылары бірыңғай ұлттық тестілеуде мемлекеттік
тіл пәнінен міндетті түрде сынақ тапсыруы керек екендігі,
мемлекеттік органдарда қазақ тілін оқытатын курстарды
кеңейту, мемлекеттік тілге жетік өзге ұлт өкілдерін жиі
насихаттау, тіл, салт-дәстүр, әдепке байланысты конкурстар
йымдастыру және осылардың бәрін заң жүзінде
өзге ұлт өкілдерінің құқықтарын
кемітпей орындау секілді мәселелер қояды. Сондықтан
Президентіміз білім беруге мектептерде, әсіресе, балалар бақшасында
қазақ тілін оқытуға ерекше назар аударып отыр. Бес
жасқа дейін дүниетанымның, ақыл-ойдың негізі
қаланады және бұл сәби оның ана тілінде
сөйлейтін ортада болуға тиісті аса маңызды кезең болып
табылады.
Біздің негізгі міндетіміз – Тіл туралы
заңнамаларды қалтқысыз сақтау жөнінде бірізді
шараларды жүзеге асыра отырып, Қазақстандағы барлық
тілдердің сақталуына жағдай туғызу, мемлекеттік тілді
оңтайлы үйлестіруге ықпал ететін нақтылы тетіктерді
жүзеге асыру болып табылады.
Мемлекеттік тіл
этносаралық проблема емес, жалпы мемлекеттік проблема. Өзін
Қазақстанның азаматы деп санайтын кез-келген адам, кез келген
этностың өкілі барлық өркениетті елдердегідей
мемлекеттік тілді өз тілім деп қабылдауға тиісті. Сонда
ғана біз шын мәніндегі татулық пен
тұрақтылыққа қол жеткізе аламыз,
Қазақстанда өмір сүріп жатқан өзге
этностық топтарды да ұмытуға болмайды. Мемлекеттік
бағдарламада олардың мүдделері де ескерілген. Бізде
өзбек, ұйғыр, тәжік, украйн тілдерінде оқытатын
мектептер бар. Жалпы білім беретін мектептерде дербес пән ретінде 15 ана
тілдері оқытылады. Олар неміс, ұйғыр, корей, поляк, грек, армян
және Қазақстан халықтарының өзге де
тілдері. Мұндай мектептердің ұлттық жаңғыру
мектептеріне қарай өзгеру тенденциясы байқалуда. Ол тілді
сақтап қана қоймай, сонымен бірге белгілі бір
халықтың ұлттық ерекшелігінде сақтауға
жағдай жасайтын білім берудің өзіндік айрықша формасы.
Тағы бір назар аударарлық жай барлық ұлттық
мектептер оқу курстарына қазақ тілін енгізді.
Өзге ұлт
жастарының мемлекеттік тілге деген ынтасы жыл сайын арта түскенін
айтуымызға болады. Мемлекеттік қызметтегі өзге ұлт
жастарының арасында мемлекеттік тілдің мәртебесі мен
маңызын кеңінен насихаттау, оны оқып үйренуге деген
ықыласымен қызығушылығын арттыру, қазақ
халқының тілі мен салт-дәстүрін білу деңгейін
байқау мақсатында тәжірибелік іс-шара барысында «Жалпы
педагогика және этнопедагогика» кафедрасының оқытушылары
мектептерде оқушылармен, студент жастармен бірігіп «Мемлекеттік тіл –
менің тілім», «Тіл - халық жанын танудың кілті»,
«Қазақ тілінің тарихы» атты ашық тәрбие
сағаттарын ұйымдастырып өткізді. Жатақханаларда
кезекшілік міндетін атқаруда кафедра оқытушылары «Тілдердің
үш тұғырлылығы», «Мемлекеттік тіл: ізденістер,
сараптаулар, ықпал ету тетіктері», «Қазақстан: Тарих. Тіл.
Ұлт» кітаптарына тіл мәдениетін жетілдіру, көркем
әдебиетті насихаттап жандандыру мақсатында көркем сөз
ұйымдастырып өткізді. Сонымен қатар кафедра оқытушылары
университет институттарының студент жастарымен
Қазақстандағы этникалық топтар тілдерінің тарихы
мен қазіргі жағдайы, тілдік бірегейлік пен тіл мәдениеті, тіл
саясатының өзекті мәселелері туралы тақырыптарда
студенттермен өзіндік жұмыстарын ұйымдастырып
жүргізуде.
Қазіргі кезде
халықаралық қатынас тілін білу қажеттігі өзекті
мәселелердің бірі болып отыр. Қазақстанда
қалыптасқан тарихи факторларға байланысты қоғамда
негізінен қазақ-орыс тілділігі басымдыққа ие
болған. Орыс тілі ұзақ уақыттан бері
қазақтың мемлекеттік тілі болуымен бірге, ол сондай-ақ
Қазақстанның геосаяси мүддесі сапасында орын алып
келеді. Ресей қашаннан бері біздің көршіміз, біздерде
ұзақ уақыттан бері ортақ мәдениет, ортақ
тарих болып келді және қазіргі таңда Қазақстанда
орыс тілін сақтап қалу біздің мемлекетіміз арасында көп
ретте сауда, дипломатиялық және мәдени байланыстарды
қалыптастыруға тиімді жағдай жасайды.
Орыс тілін
меңгеру біздің азаматтарымыз үшін шын мәнінде
үлкен байлық, осы орайда бізде екі тілді ұрпақтың
қалыптасуы көп ретте ұлтымыздың бәсекеге
қабілеттілік сапасын арттырады.
Қостілділік
дегеніміз – бұл тек екі тілде де сөйлеу қабілеті ғана
емес, сонымен бірге, бұл қос өркениеттің мәдени
құндылықтарын сіңірген ерекше ойлау қабілеті
болып табылады. Тарих бізге осындай артықшылық беріп
отырғанда оны неге пайдаланбасқа.
Президенттік
«Тілдердің үш тұғырлылығы»
бағдарламасының басты мақсаты – қазақ тіліне қысым жасау емес, керісінше оның
бәсекеге қабілеттілігін орыс және ағылшын тілі
дәрежесігне дейін көтеру. Егер кімде- кім мұны әлі
күнге дейін түсінбесе, бұл
- жалпы ұлттық емес, оның «жеке басының»
проблемасы. Оның үстіне қазақ тілінің
бәсекеге қабілеті осындай міндеттерді қоюға толық
мүмкіндік береді. Сондықтан,
халықтың орыс тілін білу деңгейін жоғалтпауымыз керек,
ал ағылшын тілін – болашаққа жаңа даму шыңдарына
бағытталған жол, себебі ол әлем мойындаған
халықаралық қатынастар тілдерінің бірі.
Сондықтан, біздің университетіміздің маңызды
мақсаттарының бірі – ағылшын тілін оқып-үйренуге
барлық жағдай жасау.
Біздің
тіліміз көптеген түркі халықтарына: өзбектерге,
түркімендерге, татарларға, әзірбайжандарға,
балқарларға, қарашайларға, түріктерге т.б.
түсінікті. Қазақ тілі бұл халықтар үшін
ұлтаралық қатынас тілі бола алады. Осы тіл арқылы олар
тек қана сөйлеп қоймайды, сонымен қатар, жалпы
әлемдік кеңістіктегі мәдени құбылыстарды жасайды.
Сондықтан Н.Назарбаевтың Қазақстандықтардың
өскелең ұрпағына үш тілді меңгеру: қазақ тілін мемлекеттік тіл
ретінде, орыс тілін ұлтаралық қатынас тілі ретінде және
ағылшын тілін халықаралық қатынас тілі ретінде білу
мүмкіндігін жасауға деген ұмтылысы өте дұрыс деп
ойлаймын. Елбасымыздың
биылғы Қазақстан Халқына Жолдауындағы
«Тілдердің үш тұғырлылығы» мәдени жобасы –
дүние жүзіндегі алдыңғы қатардағы
мемлекеттерге тән құбылыс. Дегенмен мемлекеттік тіл -
өмірлік қажеттілік. Оны саяси саудаға, дау-дамайға
айналдырудың қажеті жоқ. Мемлекеттік тіл әр
адамға өзінің қайраткерлік мүмкіндігін
кеңейту үшін қоғам, мемлекет ісінде
өзін-өзі көрсете білу үшін ел тағдырында
ықпалды тұлғаға айналуы үшін керек. Жаңа
әлемдегі жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті
жаңа Қазақстан тұғыры рухани құндылықтарға
негізделген, бұл біздің мемлекетіміз ұстанып отырған
саясаттың басты қағидасы. Рухани
құндылықтың бастауы - тіл мәртебесін көтеру, мемлекеттік тілдің
қолданылу аясын кеңейту.
Дамыған
және бәсекелестікке қабілетті тілдік кеңістігін
қалыптастыру еліміздің тәуелсіз,
құқықтық, демократиялық және
әлеуметтік мемлекет болып нығюының және одан әрі
дамуының стратегиялық шарты дейтін болсақ, бұл негізде
«Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, оның
бәсекеге қабілеттілігін арттырудың 2007-2010 жылдарға
арналған тұжырымдамасы»
Үкімет қаулысымен бекітілді.
Қазақстан
әлемдегі үздік 50 елдің қатарына қосылуды
мақсат етіп отырған кезде мәдениет және ақпарат
саласында 2007 жыл «Мемлекеттік тіл» жылы болып жарияланғанына орай
ұлтаралық бейбітшілікпен өзара келісімнің
сақталуына тікелей ықпал етері сөзсіз.
Қысқасы,
2010 жылға дейін мемлекеттік тілді дамыту ғылыми негізде
жүзеге асуға тиісті. Ол үшін:
- оқулықтардың
сапасын жақсарту, терминологиялық, ономастикалық
комиссиялардың жұмысын жандандыру;
- университетіміздегі
тіл саласындағы нормативтік – құқықтық
базаны жетілдіру, әсіресе жаңа технология саласында;
- басқа
ұлт өкілдері студенттерінің мемлекеттік тілді меңгеру
міндеттерін орындау үшін шаралар қолдану;
- Тіл туралы
заңды жүзеге асыруға қажетті ғылыми
әдістемелік семинарлар ұйымдастыру;
- Тілді
оқыту мен үйретудің озық әдістемелері мен
жаңа технологияларын енгізу;
- мемлекеттік
тілдің қоғамдық аясын кеңейту,
іс-қағаздарын мемлекеттік тілге көшіруді нақты
қолға алу.
Мемлекеттік
тілдің мәртебесін арттырудың тағы да бір үлкен
жолы – бұқаралық ақпарат құралдарымен
жұмыс.
Мемлекеттік
тіл әр студент жастарға өзінің қайраткерлік
мүмкіндігін кеңейтуі үшін, қоғам мемлекет ісінде
өзін-өзі көрсете білу үшін ел тағдырында
ықпалды болуы үшін керек.
Қорыта
айтқанда, мемлекеттік тіл –
этносаралық проблема емес, жалпы мемлекеттік проблема. Өзін
Қазақстан азаматы деп санайтын кез-келген этностың
өкілі барлық өркениетті елдердегідей мемлекеттік тілді
өз тілім деп қабылдауға тиісті. Сонда ғана біз шын
мәніндегі татулық пен тұрақтылыққа
қол жеткізе аламыз.