ЖЕМ-ШӨП
ДАЙЫНДАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН
ҰЙЫМДАСТЫРУ ФОРМАЛАРЫ МЕН ТӘСІЛДЕРІ
Аханов
С.М., т.ғ.к., Карабалыкова Ж. магистрант
(Қорқыт Ата
таныданғы Қызылорда мемелекеттік университеті)
Жем-шөп
дайындаудың технологиясын
ұйымдастыруды ағынды тәсіл бойынша жоспарлау
және белгілі бір ұйымдастыру жүйесін технологиялық
операциялардың тиімді варианттарын таңдап алуға
бағытталған. Мұнда негізгі мәліметтер жүргізілген
зерттеулердің, өндірісті ұйымдастырудың теориялық
ережелеріне және таңдалып алынған технологиялық
операциялардың экономикалық бағасына байланысты болады [1].
Барлық
ұйымдастыру жүйелерінде өніммен оны дайындаудың
технологиясы, технологиямен өндіріс құралдарының
және еңбек операцияларын ұйымдастыру арасында байланыстар болады.
Жем-шөп
дайындаудың ағындық линиясын тұрғызудың
ең басты анықтаушы факторларға, жем-шөп
дайындаудың көлемі, жұмыстарды орындау мерзімі,
өндірістік қуаттардың мөлшері жатады. Жем-шөп
дайындау жұмыстарының
көлемі көп болған сайын технологиялық
операцияларды тиімді ұйымдастыру қажеттігі және
өндірістік процеске өнімділігі жоғары машиналарды енгізу
арқылы қол жұмыстарын машиналармен ауыстыру жатады.
Жем-шөп дайындауда
еңбекті ұйымдастыру мен технологиялық схемаларды қарастыру
кезінде өнімділігі жоғары машиналарды қолдану арқылы операцияларды тиімді
ұйымдастыру жолдарының қажеттігі анықталады.
Бірақта жаңа техникалардың келуіне байланысты біртіндеп
бір-бірімен байланысты екі мәселені шешуге болады. Бір жағынан
еңбек сыйымдылығын азайтуға, ал екінші жағынан
операцияны орындаудың уақытын азайтуға. Бұл жағдай соңында
өндірістік процесітің біркелкі болып қалыптасуына және жем-шөп дайындауды
ағындық технология бойынша
ұйымдастыруға жағдай туғызады.
Технололгиялық
операциялардың тиімді варианттарын таңдап алу өндірістік
процестің біркелкілігін, үздіксіздігін және ритмдігін
қамтамасыз етеді. Сонымен қатар жұмысты ағындық
технология бойынша ұйымдастыруды
өндірістік негізге қол жұмыстарын қолданбай
ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Жем-шөп
дайындаудың әрбір технологиялық операцияларын бағалауда
және оның ағындық технологияға
қолдануға жарамдылығын қарастырғанда келесідей
екі жағдайды ескеру қажет. Бір жағынан еңбек
өнімділігі өте жоғары еңбек құралын
таңдап алу арқылы еңбек сыйымдылығын төмендетіп,
орындалған жұмыстың сапасын арттыруға, ал екінші
жағынан қолданыстағы техникаларды шөп шабуға
ыңғайлы және ыңғайсыз егістіктерде тиімді пайдалану.
Сондықтан жем-шөпті дайындауды ағындық технология
бойынша өндірістік негізге ауыстыру кезінде жоғарғы
өнімділігі бар машиналарды барлық егілген егістіктегі
шөптерді және басқада техникалық дақылдарды орып
жинауға қолдану қажет. Сонымен қатар оларды
өнімділігі төмен машиналармен қатар қолданып,
жем-шөп дайындау жағдайын қиын участоктарда да қолдану
қажет.
Технологиялық
операциялардың тиімді варианттарын таңдап алудың критерилері ретінде ағынды технолгииялық
ұйымдастырудың талаптары , ГОСТ-дың талаптары және
оларды орындаудың типтік нормалар бойынша ең аз еңбек
шығындары жатады.
Жем-шөпті дайындаудың
«егістік-қойма» схемасы бойынша жұмыстардың негізгі үш
шеңберіне бөлінеді [2]:
1.
Шөпті ору, аударып қопсыту мен оларды дестеге жинау, дестеден
шөпті көпенеге жинау немесе
престеп тюктерге басу;
2.
Дайындалған шөпті жинап сақтайтын орынға
тасымалдау;
3.
Шөпті сақтауға жинау.
Бұл жағдайда
әрбір жұмыс алдыңғы жұмыстың орындалу
мерзіміне тәуелді болады.
Жем-шөп дайындауды
ағынды технология бойынша өндірістік негізге ауыстыру кезінде осы
аталған үш әртүрлі
жұмыстардың шеңберін бір ағындық линияға
біріктруді арқылы үздіксіз өндірістік процесті
құрып, онда барлық жұмыс түрлерін шөпті
орудан оны кептіретін сақтау орына дейін жеткізуді қамтиды. Бұл жағдайда әрбір
жұмысты орындауды арнайландырылған технологиялық звено
орындауы қажет.
Звенолардың
арасындағы сандық және сапалық пропорцияларды
анықтауды ағынды линиядағы дайындалатын шөптің
көлемі мен тәуліктік тапсырма бойынша анықтайды.
Жем-шөп дайындаудағы
ағынды линия деп жем-шөп дайындайтын машиналардың,
транспорттық құралдардың, жинауға және желдетіп кептіруге арналған жабдықтардың бірлестігін айтады.
Онда нақты белгіленге көлемі мен сапалық мөлшерін
қабылданған ритмде және үздіксіз өндірістік
процесті шөпті орудан оны қоймаға сақтауға
өткізгенге дейін және техникалармен жұмыс күшін тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге
бағытталған.
Тәулік ішінде дайындалатын
шөптің көлемі (тоннамен немесе гектармен берілген)
барлық ағынды линиядағы қажетті техникалар мен
бөлімшедегі жұмысшылар саныын анықтауға негіз болады.
Шаруашылықта жаңа
немесе бірнеше жем-шөп дайындаудың ағындық линиясын
құру, яғни механикаландырылған отрядтар
шөптің тиімді пісу кезінде шаруашылық бойынша барлық
шөп дайындау көлемін тиімді мерзімде және сапасы
талаптарға сай етіп жүргізу қажет.
Шаруашылықта
престелген тюктер мен рулондар дайындаудың технологиялық линиясы
келесі 1-ші кестеде келтірілген.
1 - кесте Престелген тюктер мен
рулондар дайындаудың технологиялық линиясы
|
Технологиялық операциялар |
Қолданылатын машиналар мен агрегаттар |
|
Егілген және табиғи шөптерді ору |
КТП-6,0, КДП-4,0, КС-2,1, КРН-2,1, КМБ-6, КПС-10 |
|
Бұршақ тұқымдас шөптерді орып-мылжылау
арқылы ору |
КПС-5Г, Е-202, КПРН-2,0, КПВ-3,0, «Славянка» |
|
Орылған шөптерді аудару дестеде немесе оларды дестеге жинау |
ГВК-6, ГВР-6, аударғыш тырмалар Е-247, ГПП-6,0, ГП-14,0, ГП-2-14,0А |
|
1-ші вариант |
|
|
Дестелерден шөпті тығыздығы 150-200 кг/м3
тюктерге престеп, оларды егістікке қалдыру |
Шөп престегіштер ПС-1,6, ПСГ-1,6, К-453, К-454 |
|
Тюктерді штабельдерге жинап, оларды атыздың шетіне шығарып
қою |
Тюктерді штабельге жинайтын тіркеме ГУТ-2,5А, ТШН-2,5А, МТ-1, ПТН-4,
ППУ-0,5 |
|
Тюктердің штабельдерін скирдтеп жинайтын немес сақтайтын
орнына тасымалдау |
ГАЗ-53Б, ЗИЛ-555 маркалы автомбильдерге орнатылған ТШН-2,5
қондырғысы арқылы алыс
қашықтықтарға тасымалдау |
|
Тюктерді скирдке жинау |
ТПУ-7, ПФ-0,5+ППУ-0,8 әмбебаб транспортер-тиегіш |
|
2-ші вариант |
|
|
Дестелерден шөпті тығыздығы 130-200 кг/м3
тюктерге перстеп, оларды бірденен транспорт құралына тиеу |
ЛПУ-2 қондырғысы орнатылған ПС-1,6, ПГС-1,6 шөп
престегіштері |
|
Тюктеррді жинайтын орнына тасымалдау |
МТЗ-100+2ПТС-6,2ПТС-4-887Б |
|
Тюктерді скирдтерге жинау |
СТ-2, ПФ-0,5+ППУ-0,5 транспортері |
|
3-ші вариант |
|
|
Дестеден шөптерді тығыздығы 100-150 кг/м3
тюктерге престеп, оларды транспорттық тіркемелерге тиеу |
ПСБ-1,6Б+ППУ-2 немесе ВПБ-16 |
|
Тюктерді скирдке жинау орнына тасымалдау |
МТЗ-100+ПСЕ-12,5, МТЗ-100+2ПТС-4-887Б |
|
Тюктерді штабельдерге жинау |
СТ-2, ПФ-0,5+ПКУ-0,8 |
|
4-ші вариант |
|
|
Дестелерден ылғалдығы 20-22% шөптерді салмағы 500
кг-дық рулондарға престеп, оларды атыздың ішіне
қалдыру |
МТЗ-100+ПРП-1,6, ПРФ-750 |
|
Рулондарды транспорт құралдарына тиеу |
КУН-10+ППУ-0,5, ПФ-0,5+ППУ-0,5 |
|
Рулондарды сақтау орнына тасымалдау |
МТЗ-100+2ПТС-4-887Б |
|
Рулондарды штабельдерге жинау |
ПФ-0,5+ППУ-0,5 |
Әдебиеттер
1.Зангиев А.А., Тыныштыкбаев Б.Е.,
Рахатов С.З., Аханов С.М. Проектирование производственных процессов уборки риса
и кормовых культур. Алматы. Гылым. 1999.- 198 с.
2. Смурыгин М.А.,
Лесницкий В.Р., Сердечный А.И.. Прогрессивные технологии приготовления сена.–
М.:Агропромиздат, 1986.– 142 с.