Педагогические науки
Далибаев Б.Т.
Жамбыл атындағы
№5 мектеп –гимназия,Тараз қ.
Технология пәнінде
жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдері
Елбасы Н.
Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Негізгі
мақсатымыз –Қазақстанның әлемнің елу
дамыған елдерінің қатарына енуі» делінген. Сол себепті,
әр оқушыға оның қабілеттеріне сәйкес
келетін білім беру өрісі қажет.
Технология пәнін оқытуда –еңбек етудің
алғышарттарын үйрену арқылы оқушыны жек
тұлға ретінде тәрбиелеу мақсаты көзделеді. Осы
мақсатты жүзеге асыру барысында, оқушыларға берілетін
тәлім-тәрбие үрдісін жетілдіру, жұмыс мәдениетін,
адамдар арасындағы адамгершілік қарым –қатынастарды
жаңарту, еңбек біліктілігін қалыптастыру арқылы
еңбекке өнімділігін арттыруға ынталандыру міндеттерін
мұғалімге жіктейді. Жас ұрпақты
қоғамдық өмірге, отбасындағы қызметке,
кәсіпке даярлау, үнемі өзгеріп отыратын әлемде
өмір сүретіні туралы түсінікті қалыптастыруды
міндеттейді.
Білім беру саласы
қызметкерлерінің
алдында қойылып отырған басты
міндеттердің
бірі-оқытудың
әдіс-тәсілдерін
үнемі жетілдіріп отыру
және
қазіргі заманғы педагогикалық
техналогияларды меңгерту.
Оқу құралында қазіргі заманғы жаңа педагогикалық техналогиялардың түрлері,мақсаттары,міндеттері
жан-жақты ашылып, оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың
инновациялық
әдіс-тәсілдерін
пайдаланудың жолдары көрсетіледі.Сондай-ақ оқу
құралында
оқу-тәрбие
үрдісін
оқушылардың
жеке басының дербес
және дара ерекшеліктерін ескере отырып, олардың танымдық шығармашылық
қабілеттерін арттыру мақсатында ұйымдастырудың
жолдары айқындалады.
Қай мемлекеттің де тірегі -білімді
жас ұрпақ. Жас
ұрпаққа жаңа
талап,жаңа көзқараспен
қарау –ұстаздың міндеті. Мектеп ұстаздары оқушыларға
лайық
әдістемелік
нұсқауларды
білім деңгейіне сай
іріктеп жүйелеуде.
Қазақстан тарихында
алғаш рет «Технология» оқулықтары шығарыла бастады «Технология» ежелгі гректің «techno» өнер, шебер, білгір
және «logos»-ілім, ғылым
деген сөздерінен шыққан. Сонымен, технология- шеберлік,өнерлілік, білгірлік туралы
ғылыми ұғым. Технологияның түрлері көп. Адам баласының іс-әрекетіне
қажет технологиялар сан
алуан.
Оқушыларға
оқытылатын «Технология» пәнінің бастауы - «Еңбекке баулу».Технология пәнінің
оқушылар үшін маңызы зор бұл
пән арқылы еңбек
сүйгіш, шебер, зергер, ұста
болып қалыптасады, әртүрлі бұйым жасаудың ең
жетік
әдіс-тәсілдерін
меңгереді. Сарамандық
жұмысқа
дағдыланады. Өндірістің дамуына бірге ілеседі.
Технология- болашақ кілті.
Осыған орай
әрбір
мұғалім барлық жаңалықтар мен әдістерден хабардар болып, оқыту түрлерін, әдіс-тәсілдері мен
құралдарын
жетілдіріп,оларды тиімді
қолдану жолдарын іздестіріп, өз кәсібін шығармашылықпен дамытып отыру қажеттілігі
заман талабынан өз-өзінен туындап
отыр.
Білім беруді
ұйымдастырудың
дүниежүзілік
тәжірібиесінде
көптеген оқыту технологиялары жүзеге асырылуда.
Ондағы
мақсат-оқушының
танымдық
қабілеттерін, яғни
өзінше ойлау қабілетін арттыру, елестету мен
есте сақтауын,
дағдысые білім сапасының дамуын
қамтамасыз ету.
Жалпы білім
беруде баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім
алу арқылы дамуын бірінші
қойып отыр..
Баланы жеке
тұлға ретінде қалыптастыра отырып,үнемі
ізденіс пен білім
мазмұнын өмір талабына
сай жаңарту,
оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері жасалуда.
«Жаңалықтану»
яғни «инновация» деген
ұғым
педагогикадағы жаңа
бағыт.
Білім беруді
ізгілендіріп, түрлендіруде
технологиялардың
маңызы зор.
Білім
берудегі жаңа технология Америка Құрама
Штаттарында 1940ж. пайда болды.
«Технология» - бұл қандай да болсын істегі «шеберліктің» жиынтығы.
Технологияның маңызына тоқталатын болсақ, жаңа
оқу заңының
талаптарын толық қанағаттандырады.
1.Барлық
тақырыпты меңгерту, жоқ дегенде, міндетті деңгейді білдірту.
2.Оқушылардың жоғарғы деңгейде меңгеруі,
олардың даму қағидасын қамтамасыз етеді.
3.Білімнің теориялық, жариялық,
әділдік
қағидалары сақталады.
Ғалымдардың пікірінше,
«Технология-дидактикалық
жүйенің процессуалды бөлігі» екендігін айқындай білдік.
Технология
пәні арқылы ер
балалар ағаш пен металдан түйін түюдің алғашқы қадамын жасаса, қыз
балалар ұлттық киім
тігу мен тағам
әзірлеудің
қыр-сырын меңгере бастады.
Сонымен,
қорыта келе, айтарымыз, Технология
пәні - бала үшін
маңызды пән. Алайда еңбек
пәнін
қызықты етіп өту
баланы баурап алу -
ұстаздың ең бірінші
мақсаты. Технология пәнінің мұғалімі
педагогикалық іскерліктері мен дағдылары тарихи тереңде жатқан өнерді салыстырмалы түрде қарастырудың
мақсаты оның дамуын ынталандыру. Сонымен технология
пәнінің мұғалімі
өнер пәнін оқыту үрдісінде дайындаудың педагогткалық
дайындығы, сабақты ұйымдастырудың
тәжірібиесін кешенді түрде,
бірізділікпен меңгеруді
қажет еткен мақсат
бағдарлы іс-әрекет болуы тиіс.
Енді
сіздерге бір сабақ үлгісін ұсынамын.
Сабақтың тақырыбы:
Металл
өңдеу тәсілдері. Сымкәптеу.
Сабақтың
мақсаты:
А) Білімділік:
Оқушылардың металл
өңдеу тәсілдерін қалай меңгергендігін
байқау. Сымкәптеу технологиясын тереңірек меңгерту.
Алған білімдерін жетілдіру.
Ә) Дамыту: Өз бетінше
шығармашылық ізденіспен жұмыс істей білуге баулу. Сана-сезім,
ой-өрісіне әсер ету арқылы металл өңдеу
тәсілдеріне дағдыландыру.
Б) Тәрбиелік: Адамгершілікке,
ұйымшыл-дыққа, шығармашылық жұмысқа,
еңбекке, достық
қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақтың
типі: Пысықтау-жинақтау сабағы.
Сабақтың
түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың
әдісі: 1.сұрақ – жауап.
2.көрнекілік.
3.жаттығу.
4.топтастыру.
5.қарама-қайшы
элемент.
6.салыстыру.
7.дидактикалық ойын.
Сабақтың
көрнекілігі: 1.кескілер.
2.станоктар.
4.талқылау
картасы.
5.оқулық.
Болжамдап отырған
нәтиже:
Оқушылар металл өңдеу тәсілдері туралы
түсінік алады. Сымкәптеу тәсілін үйренеді, жетік меңгереді. Сымкәптеу
технологиясына дағдыланады. Еңбекке бейімбейім, ой-өрісі
дамыған тұлға қалыптасады.
Сабақтың
жоспары:
І. Ұйымдастыру
кезеңі.
ІІ. Үй
тапсырмасын сұрау.
1.Сұрақ – жауап.
2.Топтастыру.
Қорытындылау.
ІІІ.Пысықтау –
жинақтау сабағы.
1.Мұғалімнің кіріспе сөзі.
2.Қарама-қайшы элемент.
Қорытындылау.
3.“Ережені
білесің бе?” ойын.
Қорытындылау.
4.“Сымкәптеу
тәсілі”. Машықтану жұмысы.
Қорытындылау.
ІҮ. Сабақты
бекіту.
1.Сұрақ-жауап.
2.Көрнекілік.
Қорытындылау.
Ү. Бағалау.
Үйге тапсырма.
Сабақтың
барысы:
І. Ұйымдастыру
кезеңі.
ІІ. Үй
тапсырмасын сұрау.
1.Сұрақ – жауап.
-Технология дегеніміз не?
-Технология нені зерттейді?
-Технология пәнін қалай үйрендіңдер?
-Ағаштан қандай бұйымдар жасауға болады?
2. Топтастыру.

Қорытындылау.
-Иә, балалар, адам өміріне, тұрмысына ең
қажетті нәрсе – ағаш пен металл.
ІІІ. Пысықтау –
жинақтау сабағы.
1.Мұғалімнің
кіріспе сөзі.
-Түсті металл сымдардан жасалған әшекейлерді
“Сымкәптеу” дейді. Бұл сөз ежелден қолданылып келе
жатқан сөз, “сымды бұрау, өрнекту, дәнекерлеу”
деген мағынаны білдіреді.
Ал,
француз тілінде ол “филигран” деген атпен таралған. Ежелгі зергерлік
сымкәптеу өнеріне алтын, күміс, қола мен мыс сымдарды
қолданған.
2.
Қарама-қайшы элемент.
|
Домбыра |
Қалақ-күрек |
|
1.ағаштан
жасалады. 2.сынуға бейім. 3.күй аспабы. |
1.темірден,
қаңылтырдан жасалады. 2.тез сына
қоймайды. 3.қол
еңбегі, құрал-сайман. |
Қорытындылау.
- Сонымен, оқушылар, мына кестеден байқағандай,
домбыра мен қалақ-күректі салыстырмалы түрде,
өзіне тән ерекше қасиеттерін байқадыңдар.
3. “Ережені білесің бе?” Ойын.
Шарты: тақтадағы көрнекі құралдан технология
пәніне тән және қауіпсіздік ережесін атап беру керек.
-Ойынды ойнатып, 3
минут сергіту сәтін жасау керек.
Қорытындылу.
-Балалар, қауіпсіздік ережесін есте сақтайық,
ұмытпайық.
4. “Сымкәптеу
тәсілі”. Машықтану жұмысы.
А) –Оқушыларды топқа бөлемін.
Ә) Машықтану жұмысы. Мақсатын айтамын.
Б) “Cымкәптеу” тәсіліне кірісу.
-Сымкәптеу өнерінің 2 түрі бар.:
-
сымды әшекейлеп жеке
өңдеу.
-
сымды арнаулы бұйымға
білезік, алқа дәнеркерлеу арқылы өңдеу.
- Жуандығы 0,2 мм-ден 2 мм-ге жуық мельхиор сымы
сымкәптеу өнерінде қолданылады. Сымды күйдіру керек.
Жарық орында сымды күйдіруге болмайды. Өйткені балқып
кетуі мүмкін. Сондықтан қараңғы. Орынның
мәнісі бар. Сымды бұрап, өрнектейді.
Қорытындылау.
-Балалар, сендер “Сымкәптеу” тәсілін жақсы
меңгеріпсіңдер, жарайсыңдар. Бірақ, Жалғас
қателесті, ол мына тетігін дұрыс өрнектемеді, - деп ескерту
айта отырып, бағалау.
ІҮ. Сабақты
бекіту.
1.Сұрақ – жауап.
- Металл өңдеу дегеніміз не?
- Металл қандай болады?
- “Сымкәптеу” тәсілі дегеніміз не?
- Сымкәптеуде қандай сымды пайдаланамыз?
2. Көрнекілікті
пайдаланып, сабақты бекітіп, жинақтап, қорытындылау.
Ү. Бағалау.
Үйге тапсырма беру.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Қазақстан
Республикасы „Жаңа тұрпатты
педагогінің үздіксіз
педагогикалық білімі тұжырымдамасы.Астана казахстанская правда.
2.Мұғалімдерге
арналған оқу-әдістемелік құрал