Жузбаев
Ернар Сейтбекович, Абдиева Сандигуль Берикбаевна
Жаңа технологиялар
колледжі, Шымкент, Қазақстан
«Информатиканы
оқытуда инновациялық технологияларды
қолданудың
тиімді әдістері»
Жаңа
технологияға жататын ақпараттық құралдың
бірі – компьютер. Компьютер – білім беру ісіндегі бұрын шешімін таппай
келген жаңа, тың дидактикалық мүмкіндіктерді шешті.
Компьютерлік технологиялардың даму жағдайындағы ақпараттық
сауаттылыққа К.Каймин «компьютермен өз бетінше жұмыс
істей білу, компьютерлік техниканың көмегімен есептеу, жазу, сурет
салу, ақпараттарды іздеу дағдылары мен біліктіліктерінің
болуы», - деп анықтама береді.
Компьютерлік
сауаттылықтың белгілеріне компьютерлер мен танымал
бағдарламалардың алуан түрлігін бағдарлай білу,
олардың мүмкіндіктерін білу нақты бір жұмыс үшін
тиімді бағдарламалық құралдарды таңдай білу
бағдарламалық құралдар бойынша жеке
кітапханасының болуы жатады. Компьютер жоғары сапалы
ақпаратпен қамтамасыз ете алады, жекелеп оқыту
тұжырымдамасын жүзеге асырады. Компьютерлік технологиямен
оқытудың оқушының өз бетімен жұмыс
істеуіне, соғанг байланысты материалдарды ізденуіне, ойлануына,
танымдық қабілетінің артуына, сабаққа деген
ынтасын арттыруға мүмкіндігі мол. Үлгерімі төмен
оқушылардың өздері де компьютермен жұмыс істеуге
ұмтылады.
Компьютерді пайдаланып есеп
шығару процесі есептің берілуі, математикалық модельдеу,
алгоритм құру, компьютерге арналған бағдарламалар
дайындау және алынған нәтижелерді талдау кезеңдерінен
тұрады. Есептің берілгені бойынша дәстүрлі
әдіспен шығарып, математикалық моделі
анықталғаннан кейін, яғни жеткілікті дәрежеде
түсіндірілген есептерді шығаруға арналған
бағдарламаны өздері құрастырып, оның
дұрыстығын тексеру және компьютердің жадында
сақтап қою оқушыларға көп қиындықтар туғызбайды.
Сандық есептер
оқушылардың әр түрлі дәрежедегі
математикалық есептеуді қажет етеді. Осындай математикалық
білімді қажет етіп, физикалық білімді саналы түрде
меңгеруге ықпал ететін есептің келесі бір
түрі-графикалық есептер. Графикалық есептерді
шығаруға компьютерлерді пайдалану оқушылардың
техникалық қабілетін дамытады. Оқушылар есептеу
нәтижесінде алған графиктерін қадағалай отырып, осы
сызықтың әрбір нүктесі өзгерістер мен процестер
екеніне компьютер дисплейінен бақылап көз жеткізеді, графиктің
кем дегенде физикалық шама арасындағы тәуелділікті
көрсететін кескін екенін жақсы түсінеді. Информатика
пәнін компьютер деп түсінсек, компьютерді физика пәнін
оқытуда қолданудың түрлері өте көп. Мысалы:
1.Тарихи
эксперименттерді, ғарыштық және микроәлемдік
масштабтағы құбылыстарды, өте тез немесе баяу
өтетін процестерді көрсету;
2.Компьютерлік
зертханалық жұмыстарды орындау, зертханалық жұмыстарды
компьютерлік өңдеу;
3.Компьютер
көмегімен информатика есептерін шығару;
4.Оқушылардың
білімі мен біліктілігін тест тұрғысынан бақылау.
Мектептегі
эксперименттік физикалық тәжірибиелер оқу-тәрбие
процесінің негізгі құрамдас бөлігі және
физикалық құбылыстардың табиғаты туралы білім
көзі болып табылады. Эксперименттік тәжірибиелер үшін
компьютерді қолданудың артықшылықтары
тәжірибиелердің тамаша көрнекілігі, оқудың
ойынға айналатын ықтималдылығы, оқушылардың
белсенділігінің артуы. Әр оқушы компьютерде экспериментті өз
қолымен жасап, өз көзімен көреді, қажетті
экспериментті орындау үшін және параметрлерді өзгерту
үшін компьютерде тәжірибені өзі басқарады. Екінші
жағынан оқушы модельдеуші программамен жұмыс істегенде
мұғалімнің басшылығын, жұмыс нәтижесін
есептеу мен оқушының жеке әрекетін басқаруды компьютер
өз міндетіне алады. Соңғы жылдары қарқынды дамып
келе жатқан, әлемді танудың маңызды
құралына айналған компьютерлік модельдеу
технологиясының болашағы зор. Әсіресе оқушылардың
шығармашылық белсенділігін арттырудағы және зерттеу
жұмыстарын дамытудағы орны ерекше.
Сонымен қатар,
оқушылар компьютерді қолдануды жетік меңгеруі керек. Сонда
ғана динамикалық компьютерлік модельдерді пайдалану
оқушылардың тыңғылықты білім алуына үлкен
септігін тигізеді. Компьютерлік демонстрацияны кез-келген сабақта
қолдануға болады. Әсіресе шағын жинақталған
мектептер үшін өте ыңғайлы. Кемшілігі дисплей
экранының кішкентайлылығында, қосымша арнайы проекторды
немесе «компьютор+интерактивті тақта» комплексі қажет.
Информатиканы оқытуда оқушылар мен оқыту обектісі болып
табылатын табиғат арасындағы байланысты жүзеге асыруда эксперименттердің,
зертханалық жұмыстардың атқарар рөлі ерекше.
Компьютерлік-зертханалық практикум мұғалім үшін
көп арнайы дайындықты қажет етеді. Бұл технология
негізінде оқушы белсенділігі алынатындықтан, оқушының
шығармашылық дамуына ықпал етеді. Әрі компьютерлік-зертханалық
практикум информатика курсының негізгі элементтерінің бірі болып
табылады. Сондықтан да, дербес электрондық есептеуіш машиналарды
зертханалық жұмыстарды орындау үшін қолданудың да
оқушылардың ақпараттық мәдениетін
қалыптастыруға және түсірілген физикалық
құбылыстардың мәнін терең
оқып-үйренуге мүмкіндік беруде көмегі мол.
Дәстүрлі әдіс бойынша
зертханалық жұмыстарды орындаудың іс- әрекеттер тізбегі:
1.Зертханалық жұмыстың тақырыбымен танысу.
2.Зертханалық
жұмыстардың мақсатын айқындау.
3.Зертханалық
жұмысқа қажетті
құрал-жабдықтармен,олардың құрылысымен
танысу.
4.Айқындалған
мақсатқа сәйкес
қысқаша теориялық бөліммен танысу.
5.Зертханалық
жұмыс кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау
нұсқауымен танысу.
6.Зертханалық
жұмыстың сызба-нұсқауы бойынша өлшеу
құралдарын жұмысқа дайындау.
7.Жұмыстың
орындалу ретімен танысу.
8.Құралдарды жұмысқа қосу және
өлшеулер жүргізу.
9.Құралдардың
көрсетулерін жазып алу және кестеге түсіру.
10.Жұмыстың
теориялық нұсқауларына сәйкес қажетті формуланы
анықтап,есептеулер жүргізу.
Түсіндіре
оза оқыту технологиясы (С.Н.Лысенкова).
Барлық баланы табысты оқыту. Оқу материалының
бірізділігі, жүйелілігі; саралау, әр оқушыға берілетін
тапсырманың қолайлылығы; бағдарламаның, кейбір
тақырыптардың қиыншылығын жеңу, қиын
тақырыптарды біртіндеп оңайлату әдісін қолдану.
Сабақты пысықтауға әуелі озаттар, сосын орташалар,
ең соңында нашар оқушылар қатыстырылады; бірте-бірте
толық дербестікке жету; сыныпта қалыпты жағдай
қалыптастыру, түсіністік, өзара көмек,
ынтымақтастық қарым-қатынас; оқушының
қателігін ескерту, бірақ жазғырмау; үй тапсырмасы тек
әр оқушының мүмкіндігіне қарай беріледі; білім
білік дағдыны дамыта меңгеру; түсіндіруді қабылдау.
Міндетті
нәтижелерге негізделген деңгейлік саралап оқыту технологиясы (В.В.Фирсов). Білім, білік, дағды меңгерту, мемлекеттік
стандарт көлемінде білім беру. Мақсаты: әр оқушыны
оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту,
оқытуды оқушылардың әртүрлі топтарының
ерекшеліктеріне сәйкес бейімдеу, ыңғайлау.
Тұжырымдамалық ерекшелігі: білімнің базалық
деңгейінің барлық оқушылар үшін міндеттілігі,
оқушыларға берілген тапсырманың саралануы, тапсырма
оқушының күші жететіндей және қолайлы болуы; Білімнің
базалық деңгейі оқытудың жаңа
технологиясының механизмі ретінде оқушының бірте-бірте
өрістей дамуына мүмкіншілік жасауы тиіс; Білмегенді жазаламау,
ескерту; Оқушыға оқу деңгейін таңдауға ерік
беру; Оқушы өз мүмкіндігіне орай, тек міндетті
деңгейден кем емес білім алуға ерікті.
Деңгейлік саралау оқушы мен
мұғалімнің белсенді шығармашылық қызметін
дамытумен қатар, оқушыларға өз білімін жаңа
әдіспен бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен, әр деңгейлік
оқыту жүйесінің физика пәнінің арттыруымен
бірқатар тиімді жақтары бар. Соның негізінде физика
пәніндегі тапсырмаларды блоктап беру. Блоктар тоқсан ішіндегі
білімді теңдей бір қалыпты жүйелі, үздіксіз игеруді
қамтамасыз етіп, оқушыларға тоқсан соңына
қарай салмақ түсіруді, жеткілікті бағалану үшін жаттау,
механикалық тұрғыда тапсырмалар орындауды болдырмайды. (тез
жатталған, өте тығыз орындалған көшірілген т.б.
білімдік материалдар оқушы есінде қалмайды, тез ұмтылады).
Бағдарламалап
оқыту технологиясы (Б.Скинер, Н.Краудер,
В.П.Беспалько). Мақсаты: Ғылыми негізде түзілген
бағдарлама негізінде оқытудың тиімділігін арттыру;
Баланың жеке қасиеттерін ескере отырып оқыту. Оқыту
құралдарының (ЭВМ, бағдарламаланған
оқулық, кинотренажор т.б.) көмегімен
бағдарламаланған оқу материалдарын меңгеру;
Бағдарламаланған оқу материалдары кадр, файл, адым
сияқты оқыту ақпараттарының кішкентай бөлігі
арқылы логикалық бірізділікпен беріледі. Блоктық
(ақпараттық блок, тесттік - ақпараттық,
проблемалық, түзету - ақпараттық). Модульдік
(блоктық оқытуды дамыту ретінде). Оқушылар модульдерден құрастырылған оқу
бағдарламасымен жұмыс істейді. Модульдік оқыту технологиясы
уақытты реттеумен оқу материалының мазмұнында
ыңғайлауға мүмкіндік береді. Ондай
бағдарламаларды оқытушылар өздері жасайды және ол
бағдарламалар қарапайым, бірақ қойылған оқу
мақсаттарын орындайды.
Оқытудың
компьютерлік технологиясы (Н.В.Апатова). Мақсаты: Ақпаратпен
жұмыс істей білуді қалыптастыру және қатынас
қабілетін дамыту; Жеке басты «ақпараттық
қоғамға» даярлау; Мұнда оқыту
оқушының тікелей комапьютермен қатынасы арқылы
орындалады. Яғни баланың жеке қасиеттеріне қарай
компьютерге бейімдеу. Информатика мен есептеу техникасының негізгі
ұғымдарын білу, т.б. Балаға меңгергенінше оқу
материалын беру; Зерттеушілік білігін және оңтайлы шешім
қабылдай білуін қамтамасыз ету. Құрылымы мен
атқаратын қызметінің мүмкіндіктерін білу; Негізгі
операциялар жүйесін білу және оның негізгі командаларын
орындай білу; Қазіргі заман бағдарламалармен (NORTON COMMANDER,
WINDOWS) жұмыс істей білуі; Ең болмағанда бір мәндік
редакторлармен жұмыс істеуді игеру; Компьютерлік технология
компьютердің жадына жазылған педагогикалық
бағдарламаларға негізделеді; Білім беру мазмұны компьютерлік
ақпараттың орта көлемінде болады.
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту (Л.Джинна Стил, С.Куртик
Мередит, Чарльз Тэмпл). Аталмыш бағдарламаның ішкі
құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым 3
деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі.
Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын
қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып,
ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Сын тұрғысынан
ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны
тану, ой толғаныс кезеңінен түзіледі. Бұл
сабақтағы аса қажетті мәнді, маңызды әрекет
болып табылады.
Өздігінен даму технологиясы (М.Монтессори). Баланы жан-жақты дамыту, дербестікке
тәрбиелеу, бала санасында нәрселер әлемі мен ойлау әрекетінің
бірігуі. Оқыту баланың дамуына сәйкес табиғи (жасанды
емес) болуы керек, сонда бала өзін-өзі дамытады. Монтессори
педагогикасының ұраны баланың мұғалімге: «мынаны
менің өзімнің жасауыма көмектесіп жібер» деуіне жету. Баланың туғанынан
азамат болғанға дейінгі барлық өмірі-оның
еркіндігі мен дербестігінің дамуы болып табылады. Бірінші кезеңде –
мұғалім оқушыны қарапайым таным әрекеттерімен
таныстырады. Белгілі ғалымдардың тарихынан мәліметтер
жинақтату, сонымен бірге әр түрлі тарихи есептер, ертегі есептер,
логикалық ойлауды қажет ететін қызықты есептер
шығаруға баулу. Оқушының әр қадамына
көңіл бөліп мадақтап, қадағалап
отырған дұрыс. Есептердің шығарылу жолына
нұсқау беріп, өз бетімен орындауына мүмкіндік беру.
Екінші кезеңде – мұғалім есеп шығарудың әр
түрлі әдіс тәсілдерін көрсетіп, талқылап, есеп
шығару кезінде ең тиімдісін, қолайлысын қолдана білуге
үйретеді. Берілген тапсырмалардың бірнеше әдіспен орныдалуын
талап етеді. Әр түрлі қиындықтағы тапсырмаларды
орындау барысында, өз бетімен оқып, оқу
құралдарын, қосымша анықтамалық материалдарды
пайдалану қажет. Үшінші кезеңде – мұғалім
оқушыға үлкен жауапкершілік жүктейді. Оқушы
өз жұмысына анализ жасап, кеткен кемшіліктерін талдап,
өзінің нені жетік білмейтініне көз жеткізеді. Алдағы
істейтін, оқып-үйренетін материалдарын жоспарлайды, ізденеді.
Төртінші кезеңде – оқушының шығармашылық
ізденістерінің нәтижесі көрінеді. Оқушы белгілі бір
тақырыптарға өзіндік ой толғап, пікір білдіріп,
жаңалық ашқандай қалыпқа жетіп, ойын айтуға
ынталанады.
Дамыта оқыту технологиясы
(Л.С.Выготский, Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов). Баланы оқыта
отырып, жалпы дамыту. Яғни бала бойында еркіндік, мақсаткерлік,
ар-намыс, мақтаныш сезім, дербестік, адамгершілік,
еңбексүйгіштік, белсенділік, т.б. қасиеттер дамыту.
Осының нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі ертуші
субъект дәрежесіне көтерілуі көзделеді. Оқыту
дамудың алдында жүруі керек, дидактикалық
құралдардың дамуға әсері зор. Дамудың
тиімділігі үшін: кешенді даму жүйесі негізінде мақсатты даму,
мазмұнның жүйелілігі мен тұтастығы,
теориялық білімнің жетекші ролі, жоғары қиындық
деңгейінде оқыту, материалды меңгеруде жедел ілгерілеу,
оқу үрдісін баланың сезінуі, оқыту үрдісінің
әртүрлілігі, жекелеп оқыту, барлық баланың дамуы
жолындағы жұмыстар болуы керек.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Қ.Көнеева,
А.Қалықова. Оқыту үрдісінде педагогикалық
технологияларды ұтымды пайдалану. - Алматы, 2006.
2.Мейірманқұлова Т. Білім
берудегі инновациялық технологиялар (әдістемелік құрал). - Алматы, 2005.
3.Өстеміров К., Айтпаева А.
Қазіргі білім беру технологиялары. Орта, кәсіптік және
жоғары оқу орындарының мұғалімдеріне,
педагогикалық мамандықтар бойынша оқитын студенттерге
арналған оқу құралы. - Алматы, 2006.
4.Шуақбаева Р. Компьютерді
пайдаланудың теориялық мәселелері. Қазақстан
мектебі № 4. 2004. - 37б.
5.Қараев Ж.Қ. Компьютерді
оқыту процесінде пайдалануға кіріспе. - Алматы, 1992.
6.«Қазақстан
мектебі» ғылыми-педагогикалық журнал. - Алматы, 2008.