ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ - БАЛАЛАР КӨЗІМЕН

Б.Момышұлы атындағы №6 мектеп-гимназиясы

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Молдабекова Жарқынай

 

Қойылымға 7 оқушы алынады. Қолдарындағы таяқшаның 1 бетіне 2015-2050-ге дейінгі жылдар аралығы жазылады. Оқушылар әр жылдың атауы бойышна киінеді. Оқушылар үш бұрыш жасап тұрады. Бұрыштың басы 2030 ж болу керек. Қойылым барысында «Атамекен» әні баяу қойылып тұрады.

Балабақша—2015 ж, (Балабақшадагы балаларға лайық қазақша киім киеді. Таяқшаға 2015 ж., келесі бетіне «Б» әрпі жазылады).

Берекем мен бірлігім,

Отбасымнан таралар.

Біздей ұрпақ өсірген,

Өркениетті ел болар.

Шұғылалы таңымыз,

Білім - біздің бағымыз.

Қайнарына мөп-мөлдір,

Сусындайды жанымыз.

Тәуелсіз ел - сәніміз,

Мәуесі мол бағымыз.

Саясында жетілер,

Балдай бала шағымыз.

Ана тілді биік ұстау арымыз, Өзге тілді біз үйреніп жатырмыз. Қазақ, орыс, ағылшын тілін меңгеріп, Балабақшада тәрбиеленіп жатырмыз.

Студент - 2020 ж. (Студенттік үлгіде киім киеді. Қолындағы таяқшаның бір бетіне 2020 ж., келесі бетіне «О» әрпі жазылады).

Біз мамандандырылған мектептер, лицейлер, гимназиялардың түлегіміз. Өз білімімізбен әлем таныған университеттерде тегін білім алудамыз. Біз үшін барлық жағдай жасалған. Техниканың алтын кілті қолымызда. Біз туған мемлекетіміздің тәуелсіздігін баянды етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне, халықаралық қоғамдастықтағы абыройының өсуіне, адал қызмет етуге парыздармыз. Сондықтан Елбасымыздың «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша ауылымыздың экономикасы мен мәдениетінің көркеюіне өз ұлесімізді қосудамыз.

Денсаулық - 2025 ж. (Дәрігер киімін киеді. Таяқшаның бір беті 2025 ж, келесі бетіне «Л» әрпі жазылады).

Оу, жарандар, жарандар, денсаулық жылы басталды, Салауатты өмір салты, елге қадам тастады. Болашаққа төнген қара бүлт сейіліп, Ғасыр дерті СПИД-тің емі табылды. Жазылсыншы денсаулықтың дастаны, Ашық болсын Отанымның аспаны. Бақыт қонып әр отбасы әр үйге, Көрмейік біз жақсылықтан басқаны.

Сақта халқым, саулығын аналардың,

Болсын десең дені сау балаларың.

Сол дені сау баламен келешекте,

Қамсызданар ғажайып болашағың!

Қазақстан - 2030 ж. (Барыс үлгісінде киінеді. Таяқшанын бетіне 2030 ж үлкен ерекіне болып жазылады, келесі бетіне «А» әрні жазылады. «Егемен Қазақстан» әні қойылады. Қатардан алға озып шығады. Жігерлі дауыспен ерекше етіп оқиды).

Мен, Қазақстанмын Болашаққа сәлемін жолдайтұғын,

Қырандай қос қанатын қомдайтұғын.

Бәйгелерде оздырып қос тұлпарын,

Тұғырын саф алтыннан сомдайтұғын.

Мен, Қазакстанмын Қасиетімді сәуегей дана білген,

Ақ сәулемді бойына ала білген.

Ар-ождан мен намысын биік ұстап,

Арманымен болашаққа жетелеген.

Мен, Қазақстанмын Арманым биік шыңға шықсам деген,

Қыран боп көк әлемге үшсам деген.

Кең сермеп қанатымды ғарыштарға,

Орта Азияға қөшбасшы бола білген.

Мен, Қазақстанмын Бабалар намысымын,

Байтак елмін игілік табысының.

2030 - мәресі әйгілеген,

Азияның айбарлы барысымын!

Туризм - 2035 ж. (Спорттық үлгіде киім киеді. Таяқшаға 2035 ж., келесі бетіне «Ш» әрпі жазылады. Диалог түрінде жүргізіледі, 2015 жылғы кейіпкер сұрақ қояды). Ау, халайық, қараңдар! Бар нәрсеге жараңдар. Айнала неткен тамаша! Шіркін, тұнып тұр ғой бау-бақша!

Әсел, мынау қімдер? (Кез-келген орындаушы аты айтылады.)

Арабтар мен негрлер

Олар қайда барады?

Бурабайға, Оқжетпесті тамашалауға барады.

Ал, анау кімдер?

Қытайлар мен жапондар.

Олар қайда барады?

- Түркістан мен Сарыағашқа.

Бізде бәрі тамаша! Елімізде туризм дамыды. Сан мыңдаған халық осылай қарай ағылды. Әй, сен тыңда! Бәрін айтта бірін айт. Ауыл неткен тамаша! Бау-бақшасы, қалың саябағы, бақ татыған қымызы, шұбаты мен құрт-майы!

Банктер ауылға өздері келіп, қарыз берді. Жастарға ерекше мән беріліп, тұрған үйлер өзгерді !

Ғарышкер - 2045 ж. (Ғарышкер киімін киеді. Таяқшаға 2045 ж., келесі бетіне «А» әрні жазылады).

Алыс көктен,

Айға жеткен,

Марстан да алыс жайға,

Ғарышқа да келеміз.

Жарқылдатқан,

Жалын атқан.

Жалындатқан ұл-қыздар!

Жас болаттар,

Қос қанаттар,

Космонавтар - жұлдыздар.

Ғарышкерлер мекені -

Қазақ жері Байқоңыр.

Қай жер саған жетеді -

Ғажап жерім - Байқоңыр!

Қазақстан - 2030 ж. Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар, Жер шарынан Аспан әлемі Ай бағыты бойынша «Байқоңыр - 12» ғарыш кемесі ұшқалы тұр!

Ғарышкер - 2045

- Енді біз саяхатқа Айға барамыз. Қазақтың кез келген азаматы айды
айналып шарлайды. Сонда барып дем алады.

Бүркіт, Бүркіт! «Байқоңыр - 12» ұшуға дайын! (Ғарыш кемесінің даусы шығады).

Астана - 2050 ж. (Қазақша киім киеді. Таяқшаға 2050 ж., келесі бетіне «Қ» әрпі жазылады). Беу, Астана! Ардақты ақ қаласың. Жасап жатыр туған ел салт-жоралғысын.

Көрікті зәулім үйлер бой көтеріп,

Жасап қойды еліміз бас қаласын.

Есілдің жағалауында бой түзеген,

Ақ Орда, Бәйтерегі сән түзеген.

Астананың сұлулығын тамашалап,

Туристер беріп жатыр өз бағасын.

Астанамыз барша жұртқа танылғасын,

Салт-дәстүрі, тілі, діні дамыгасын.

50 млн. халқы бар Қазақстан!

 Хор: Ешқашан шаңырағы шайқалмасын!

(Таяқшаларды «болашақ» деп жазылған бетіне аударады. «Егемен Қазақстан « әнінің даусы көтеріледі).

Дәрігер - 2025 ж.   Бір жылға жоспар құрсаң, егін ек!

Студент - 2020 ж.  Жүз жылға жоспар құрсаң, ағаш ек!

Қазақстан - 2030 ж.         Болашаққа жоспар кұрсаң, бала тәрбиеле!

Хор:     Білімді ұрпақ - болашак кепілі!

Болашақ - біздің қолымызда!

(Әуеге ұшатьш шар, кептер ұшырылады).

Хор:     (ән: «Егемен Қазақстан» орындалады).