Сөз мәдениетінің
лингвомәдени аспектілері
автор:Шарипова
Айжан Сейлхановна
Магистрант
2 курса университета имени
Ш.Уалиханова г. Кокшетау
Әр тіл – өз бойында
ұлт тарихын, төл мәдениетін, танымы мен талғамын,
мінезі мен санасын, кәсібі мен салтын, дәстүрі мен
даналығын тұтастықта сақтаған
таңбалық жүйе. Осындай мазмұнды құрылымына сәйкес ол – жай
таңбалық жүйе емес, ұлт болмысын тұтас
сипаттайтын мәдениет.Өйткені
мәдениеті жоғары тіл ғана ұлттық тіл,
мемлекеттік тіл ретінде қызметін мінсіз атқара алады.Тілдің
қызметі тек коммуникативтік емес, тіл– этномәдени ақпаратты
жинап, сақтаушы, жеткізуші, келесі
ұрпаққа жалғастырушы, сайып келгенде, бір
бүтін етіп тұтастырушы. Сондықтан да қазіргі
қазақ тіл білімінде тіл мен
мәдениет сабақтастығын, атап айтқанда, тілдің
бойындағы ұлттық сипатты, ұлттық рухты тануға негізделген когнитивтік
лингвистика, оның лингвомәдениеттану, этнолингвистика т.б. салалары
өріс алып келе жатыр. Кез келген тілдік құбылыстың табиғатын
оның тек тілдік
заңдылықтарына сүйеніп қана қоймай,
сонымен қатар халықтың дүниетанымына,
салт-дәстүріне, ұлттық болмысына назар сала қарау
лингвомәдениеттану (тіл мен мәдениеттің өзара
қатынасы негізінде ұлт мәдениетінің тілде
сақталуы, тілде көрініс табуы, сол тіл арқылы ұлтты,
оның мәдениетін таныта білудегі ерекшеліктер)пәнінің
үлесіне тимек. Оқытудың мақсаттарының объективтік
сипатына келсек, үш аспектінің өзарабайланысы мен өзара
шарттастығының сипаты мынада:
- прагматикалық (практикалық) аспект
- мәдениетаралық қарым-қатынас ситуацияларында
адекваттық өзара әрекетке дайындық және
қабілеттілікретінде коммуникативтік біліктілікті (компетенцияны)
қалыптастыру;
- когнитивтік аспект - лингвомәдениетті
тану құралыретінде колдану, басқаша айтқанда мәдениетаралык
біліктілік(компетенция) мен жеке тұлғаның даму
құралы ретінде қолдану; [1; 73]
Сөз мәдениетінің
лингвомәдени аспектілері,осы саладағы жалпы тіл білімінің
теориялық тұжырымдары мен қазақ тіл біліміндегі
нақты деректер негізіндегі зерттеулердің нәтижелері
лингвомәдениеттанудың маңызды да айқын
тұжырымдары мен қағидаларын қалыптастырды. Нақты
түрде айтсақ, лингвомәдениеттанымдық
тұрғыдан алғанда, тіл тек қарым-қатынас
және танымдық қызмет атқаратын құрал
ғана емес, сондай-ақ ұғым – тіл – мәдениет
жиынтығынан құралатын, тұтас дүние
жөніндегі мол мағлұмат беретін ұлттық
мәдени қор, мәдени ақпарат көзі ретінде танылады.
Себебі, адамға рухани, интеллектуалдық, әлеуметтік мүмкіндіктерден туындайтын аса мол алуан
түрлі ақпарат тілдік арналар арқылы беріледі.
Санадағы бұл ақпараттар
концепт немесе ұғым арқылы түйінделеді. Концепт жеке
тұлға санасында сәулеленген образдың негізінде пайда
болады. Концепт негізінде сезімдік тәжірибеге жатады. Осының
нәтижесінде концептінің мазмұны ұлғаяды,
мазмұны кеңейе түседі. Әлгі белгілердің
қайсыбірінің
мәнділігі күшейе түсуі, қайсыбірінің
көмескіленуі ықтимал.Концепт ретсіз нәрсе емес. Оның
компоненттері белгілі бір тәртіпте болады. Концептінің жасалуына ұғым емес,
заттық образдар (заттың бейнесі) негіз болады. Мысалы,ат жалын
тартып мінді (ержетті)дегенге ат, мін=, жал деген (субъект-предикат)
ұғымдар емес, ақиқат өмірден алынған сенсорлық-перцептивті образ негіз
болып тұр.[2;129] Сондай-ақ «қызғалдақ»
сөзі де қазақтар үшін бай лингвомәдени
мәнге ие. Сирек өсімдік ретінде Қызыл кітапқа енген
қызғалдақ кез келген жерде өсе бермейді. Биік жерде өсетін
қызғалдақтың бүр жарып ашылуын, жайқалып өсуінің
өзіндік мәні, кезеңі бар. Оның басқа
гүлдерге ұқсай қоймайтын ерекшелігін қазақ
даласында өскен бала ғана біледі. Қыз дегенің - өмірдің
қызғалдағы,Қылықтылар аз ба екен
қыздан-дағы?.. (И. Сапарбай. Ғашықтың тілі.);
Қырандай тиген кептерге, Қызғалдақ- ғұмыр,
бозбала- ай! (М. Мақатаев. Аманат).Осыған орай, біздің ойымызша, қазақ тіл біліміндегі
«шаңырақ»,«тары», «от», «қамшы» т.б. концептілер
ұлттық мәдени
константалар ретінде танылған ұғымдар А.Ислам,
Н.Уәли, Б.Ақбердиева, М.Күштаева т.б. еңбектерінде
лингвомәдениеттанымдық бағытта зерттеліп, дәлелденген.
Мысалы үшін Н.Шаймерденова «Гүлдер ханшайымы» атты қазіргі таңдағы
балаларға арналған ертегісінде «қызғалдақ»
сөзін қазақ даласының ерекше
құлпырған гүлі, сұлулықтың символы
ретінде қолданады.
Сонымен,
лингвомәдениеттанудың негізгі қағидасы «тіл мен
мәдениет» сабақтастығымен сипатталатындықтан, тіл мен
мәдениет екі түрлі семиотикалық жүйеде
танылғанымен, бір-бірін
толықтыратын, өзара тығыз байланысты тұтас
жүйе. Бұл маңызды тұжырымды таратып айтар болсақ,
қоғамдық фактордың мәдени
тұғырға көтерілуіне оның қоғамда
әлеуметтік мәнге ие болуының ықпалы зор. Ал, оның
іске асуында тілдің коммуникативтік қызметі ерекше. Сол себепті де
тек бір қоғамның өз ішінде ғана емес,
мәдениетаралық, елтанымдық қатынаста да бір
этностың мәдениеті екінші этносқа оның тілдік
таңбалары арқылы баяндалады.Ақиқат дүниенің
мәдени ақпаратын танытатын әрбір лингвомәдени бірлік
дүниенің тілдік бейнесін айқындаушы лингвомәдени
көрсеткіш ретінде
қарастырылады. Ол тіл мен мәдениет арасындағы
өзара байланысы тұрғысынан талданады және таңба
мазмұнындағы лингвистикалық, мәдени ақпараттармен
танылады.
Демек, мәдениет тілге қатыссыз
болмайды. Тіл – мәдениеттің өмір сүру формасы болса,
мәдениет – оның ішкі мәні. Осы тұрғыдан
алғанда, тіл мен мәдениетті бір-бірінен бөліп
қарауға болмайтын тұтас
бір дүние деуге болады. Олай болса, антропоөзектік
бағытқа сай тіл мен мәдениеттің байланысы, тілдің
мәдениетті сақтау, сипаттау, жарыққа шығару
қасиеттерін анықтайтын өзіндік зерттеу нысаны бар, зерттеу
әдістері мен қағидалары бар арнайы ғылым саласы –
лингвомәдениеттану саласы.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Маслова В.А. Лингвокультурология. Москва, 1997.
2. Л.А.Грузберг Концепт как культурно – ментально – языковое образование.