Халидуллин Ғизатулла
-тарих ғылымының докторы, профессор
(Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы)
Рухани
–мәдени құндылықтар жастар тәрбиесінің
негізі
Жас ұрпақ тәрбиесі - адамзаттың
мәңгілік тақырыбы. Ұлттың бүгіні мен
болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты.
Тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп
алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас
ұрпақтың бойына сіңіру. Баланың
қоршаған ортадағы қарым-қатынасын,
дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және
соған сай мінез-құлқын қалыптастыру.
Тәрбиенің негізгі
мақсаты-дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани
ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ұжданы зор,
еңбекқор, іскер, бойында басқа да қасиеттер қалыптасқан
адамды тәрбиелеу. Тәрбиенің мазмұны, оны жүзеге
асыратын әдіс-тәсілдерінің негізі - адамгершілік,
имандылық, ізгілік, елжандылық¹.
Қай халық болмасын өзінің
ұрпағын қайырымды, адал, әділ, үлкенді сыйлайтын,
ержүрек, еңбексүйгіш азамат етіп тәрбиелеуде
ғасырлар бойы сұрыпталып, қажетіне асқан
салт-дәстүрлерін әдіс-тәсіл ретінде пайдаланған.
Мысалы, А.С.Макаренко, К.Д.Ушинский, В.А.Сухомлинскийдің еңбектері
және «Ұлыма хат» деген 30 хаттан тұратын еңбегінде
еңбек, тәрбие, жолдастық, адамгершілік жайында
әңгіме қозғап, ақыл-кеңес өсиетін ойтып
отырған. Бұл хаттардағы өсиеттер қай
халықтың баласы болмасын тәрбие мәселесінде үлгі
болмақ.
«Атаның сөзі-тәрбиенің көзі
» демекші, орыс халқының сөз мәйегі –
мақал-мәтелдердің өзі – ойлағанған
адамға үлкен қазына.Мысалы, «Бейнетін көр де , зейнетін
көр», «Ерте тұрғанның ырысы артық», «Еңбегі
ештің күні кеш»,
«Жалқаудың күні қараң». Олай болса, жоғарыда келтірілген мысалдар
тәрбиенің белгілі бір ұлтқа ғана тән емес
екенін, жалпы халықтық тәрбиенің
мақсат-мүддесі бір екендігін ұғындырды емес пе?!
Ұрпақ мәселесі –ол еліміздің
болашағының, ертеңінің қамы, жалпы
ұлттық биік мәні бар маңызды мәселе².
Қазақ халқының бала тәрбиесі жөнінде
қадым заманнан бері жиып-терген мол тәжірибесі бар. Халық
өз бойындағы ең жақсы қасиеттерін жеткіншек
ұрпаққа күнделікті үйретіп, бала бойына
сіңіріп отырған.
Ұлттың болашағы ұрпағында
болса, ұрпақтың тәрбиесі - ұстаз қолында.
Ал, ұстаз мұраты мен мақсаты-жетілген, толыққанды
азамат тәрбиелеу. Мұғалім балалармен қандай жұмыс
істесе де, олардың мінез-құлқының,
тәртібінің, сана-сезімінің қалыптасуына ықпал
етеді. Ұстаз екенсін, ұстазға қажетті қасиетті
бойыңа дарытып, көкірегіңе ұялат, ұстазға
сеніп, тапсырған әр үйдің келешегінен үміт
күтіп отырған мұрагерінің санасына – білім,
жанына-жақсылық сыла. Ұстазды көргенді жиренетін шәкірт
емес, оны көруге асығатын шәкірт тәрбиеле.
Бала-ертеңгі үмітіміз. Бүгінгі ұл
- ертеңгі әке, бүгінгі қыз - ертеңгі ана. Олар
әкеге, шешеге, ұстазға қарап өседі.
Қазақ халқының өткен тарихына көз жіберсек,
әрбір отбасы дүниеге келген жас нәрестені зор қуанышпен
қарсы алып, жақсы дәстүрге-адамшылық пен
имандылыққа тәрбиелеген. Сондықтан болар, бүгінде
кездесіп қалатын басбұзар ұл, бетімен кеткен қыз
болмаған. Алабөтен бұзақыларын, тентектерін халық
өзі–ақ жөнге салған.
Тәрбие мәселесі –
ұрпақтан-ұрпаққа таралып, жетілдіріліп
отырған өмір мектебі.Осы өмір мектебінің
оқулықтарын қазіргі таңда халық даналығы
қазынасынан, рухани өмір мектебінен, тарихы мен мәдениетінен,
әдебиеті мен ұлт-өнерінің салт-санасы,
дәстүрінен, осылардың озық-үлгілерінен іздеген
жөн. Өйткені өз тілін, тарихын, мәдениетін,
дәстүрін білмеген адамның рухани деңгейі төмен.
Халқымыздың ғасырдан
ғасырға қастерлеп келген құнды
дәстүрлері өте көп. Оны бүгінгі ұрпақ
қаншалықты біледі, қастерлейді, білмесе білуге ұмтылама,
«халқын сүйген салтын да сүйеді» дегендей, ата-салтын
мақтаныш тұта ма деген сұрақтар төңірегінде
ойланып отырғанымыз абзал. Негізінен, салт-дәстүр,
әдет-ғұрыптарды қадірлеу-қасиетті мекенді
қадірлеуден, аялаудан, сүйіспеншіліктен басталады.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда
соны ілерсің» дейді қазақ. Бала жасында қалай
тәрбиеленсе, есейгенде де соны істейді. Жастаиынан орнығып
қалыптасқан, тәрбие орынсыз көріністерге баланы сын
көзбен қарауға үйретеді. Халықтық
тәрбиенің туын биік
ұстап, жас ұрпақты қасиетті халқымыздың
тәлімгерлік үлгісімен тәрбиелеу – ең маңызды
міндет³.
«Адамға бірінші білім емес, тәрбие берілуі
керек, тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың қас жауы,
келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген болатын Әл-фараби
бабамыз.Бүгінгі таңда жас ұрпақтың саналы,
тәрбиелі болып өсуі тәрбие жұмысының
азаматтық, патриоттық, саяси, еңбек, денсаулық,
құқықтық, отбасылық түрлері
арқылы іске асырылады.
Бүгінгі күн талабындағы жас
ұрпақты ізгілікке тәрбиелеу, адами көзқарастары
мен өзара қарым-қатынастарын қалыптастыру адамгершілікке
тәрбиелеудің негізгі өзегі.
Адамгершілік тәрбие дегеніміз бұл
қоғамдық өнеге талаптарына сәйкес келетін
оқушылар бойына адамгершілік сапаларды қалыптастыру мен
олардың санасы мен сезіміне мақсатты және жүйелі
түрде ықпал етуге байланысты болып отыр.Сондықтан өсіп
келе жатырған жас ұрпақтың санасын, өнегелік сенімдерін жетілдіріп,
мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру керек4.
Бүгінгі оқушы – өз мүддесін
ата-анасының, сыныптас-жолдастарының мүддесімен
ұштастыра ойласа, ол ер жеткен
кезде де өзінің өмірлік жоспарларын қоғам
мүддесімен сабақтастыра біледі. Осының негізінде жаңа
психологиялық қасиеттер пайда бола бастайды. Олай болса,
оқушылардың жеке ерекшеліктерімен күнделікті
танысып,олардың өзіндік тиісті мінез-қылықтарын
кездестіргенде, оны сол уақыттағы жағдайлардан іздестірген
жөн. Мұның өзі баланың психикалық
қасиеттерін терең түсінуге мүмкіндік береді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.М.Жұмабаев. «Педагогика». А..,
«Ана тілі»
2.Білім мекемесі-оқу
тәрбие ордасы. Р.Қожасжарова,С.Бектенғалиева,
Қ.Қадырбаева, Ж.Оспанова, А., 2002.
3. «Сынып жетекшісі » журналы. №1,
2005.
4. «Ұлт тағылымы». №1,
2003.