Шалтыков А.И., доктор политических наук, профессор

(г.Алматы, Республика Казахстан)

 

ЕУРООДАҚ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУЕТТІ ӘРІПТЕСІ

 

        Еуропалық Одақ – батысеуропалық Франция, ГДР, Италия, Бельгия, Нидерланды, Люксембург, Ұлыбритания, Дания, Ирландия, Грекия, Испания, Португалия секілді 28 елдің экономикалық топтасуы болып табылады.  Олар экономикалық, саяси және әлеуметтік интеграцияға түскен мемлекеттердің бірлестігі.  Одақты құрушылардың арасында сауда кеден алымдарын жою, үшінші елдерге қатысты келісілген сауда саясатын жүргізу , ауыл шаруашылығы, энергетика, көлік салаларында  шараларды бірлесіп өткізу,  ортақ экономикалық және әлеуметтік саясатты үйлестіріп  отыру арқылы тауарлардың, капиталдар мен  жұмыс күшінің  ортақ нарығын  құру мақсаты қойылып,  ұйымдастырылған. Көптеген елдердің  ЕО-ның ассоцияланған мүшесі деп аталатын мәртебесі бар. Одақтың шеңберінде оған кіретін елдердің салалық халықаралық ұйымдары: Еуропалық көмір және болат бірлестігі (ЕКББ( және Атом энергиясы жөніндегі  Еуропалық қоғамдастық (Еуроатом( жұмыс істейді.

    Қазіргі Еуропалық Одақ екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін АҚШ-тың батыс әлеміне ұсынған экономикалық даму негізінде құрылды. 1957 жылы Еуропалық экономикалық қауымдастықтың ұлы идеяны іске асырушы құрылым ретінде беделі бар еді.  Бүгінгі Еуропалық Одақ әлемдік қауымдастықтың сынына  ұшырап, әлемдік дау-жал, дағдарыстардың себепкері ретінде көрініп отыр.

    Еуропалық Одақ Қазақстанның стратегиялық серіктесі. ЕО мемлекеттері Қазақстанның   мұнай, газ, түсті метелдар секторына қызығушылық танытады.  Атом станциялары аса көп Франция, Ұлыбритания сияқты мемлекеттер Қазақстанның уран өнімдеріне зәру. Еуропалық трансұлттық компаниялары  Қазақстандағы қолайлы инвестициялық ахуал қызықтырады.

    Қазақстан Республикасындағы  Еуропалық Одақ өкілдігі бүкіл дүние жүзінде  әрекет ететін 130 өкілдіктердің бірі және Орталық Азиядағы бірінші өкілдігі болып табылады.

    Қазақстан Еуропа елдерімен тек қана экономика саласында ғана емес, сонымен бірге , саясат пен қауіпсіздік, экология, демократия мен адам құқықтары  саласында  беделді Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы шеңберінде ынтымақтастықта жұмыс істеуде.  Тіптен 2010 жылы Қазақстан осы ұйымға төрағалық етті.  Бұл құрмет пен сенімнің  Қазақстанға оңайлықпен келмегені рас.  Қазақстан төрағалық еткен мерзімде ЕҚЫҰ көлемінде шешетін мәселелер де аз болмады. Қалай да бүгінгі күні Қазақстан Еуроодақтың Орталық Азиядағы негізгі сауда және инвестициялық әріптесі болып отыр.  Екінші жағынан, Еуроодақ Қазақстанның ең ірі сауда әріптесі болып табылады, 2008 жылы оның көлемі 39 миллиард долларды құрады, яғни елдің барлық сыртқы саудасының  40 пайызы болды.  Еуроодақ елдері Қазақстан эконмикасына 40 миллиард долларға жуық тікелей интвестиция әкелді(1), ол Қазақстанға келген шетелдік тікелей инвестициялардың  жалпы көлемінің  жартысынан астамын құрайды.  Осы инвестицияның басым бөлігі отын-энергетика кешеніне салынды.  Көлік, жаңа технологиялар, таза энергетика салаларында  әлі іске қосылмаған  резервтер бар екенін  де айту керек.

     Қазақстан мен Еуропалық Одақтың екіжақты қарым-қатынасы тәуелсіздік жылдарынан бері нәтижелі дамып келеді. Сауда-экономикалық айналым айтарлықтай жоғарылады және халықаралық саясат, қауіпсіздік, қорғаныс салаларындағы ынтымақтастық биік деңгейге жетті. Қазақстан жер байлығының, ауыл шаруашылығының арқасында ЕО-ның Орталық Азиядағы негізгі және маңызды әріптесіне айналды. Еуроодақ елдерінде Қазақстан тұрақтылығының белгісі, сонымен бірге, Шығыс пен Батысты байланыстырушы көпір ретінде мойындалып отыр. Еуроодақ пен Қазақстан арасындағы осы қарым-қатынастардыі іргетасын қалаушы құжатқа 1995 жылы қол қойылып, 1998 жылы күшіне енгені мәлім. Бұл құжат ЕО мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық пен серіктестік жайындағы келісім болып табылады.

    Алайда, соңғы жылдары ЕО мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық және серіктестік туралы бұрынғы келісімнің орнына жаңа, күшейтілген келісімді жасау қажеттілігі тіуындады. Бұндай жаңа келісім саяси үнқатысу және ішкі істер, құқық қорғау салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуға қажетті шараларды қамтамасыз етіп,  өзара сауда мен инвестицияны тартуға үлесін қосады, Еуроодақ пен Қазақстан арасындағы қазіргі қарым-қатынасты нығайтады.

    Қазақстан Орталық Азия елдері арасында осы аймақтағы басты қозғаушы күш бола отырып, Еуроодақпен ерекше серіктестікке мұқтаж болып отыр. Еуроодақ бүгінгі күні өз инвестициясын Қазақстанның мұнай,  газ, көмір, металл және уран өндіру салаларына  ғана салып отыр.  Ал Қазақстан «Еуропаға жол» бағдарламасы шеңберінде Еуроодақ елдерінен жаңа технология, инвестиция, қоғамның барлық саласындағы еуростандарт, сапалы құқықтық нормалар, білімді профессорлық база алуға дәмелі болып отыр.  Қазақстан үшін еуропалық инвестицияны ғылыми ауқымды және өнеркәсіптің инновациялық салаларына шоғырландыру маңызды. Қазақстанда индустриялық-инновациялық  дамудың  жаңа бағдарламасын жүзеге асыруда Еуроодақ Қазақстанның пайдалы әрі маңызды әріптесі бола алады.

 

Әдебиет:

1.       Егемен Қазақстан, 9  қаңтар 2014 жыл