Қазақстан

Кайдарова Д.И., Жанабергенов А.О., Калиева С.С.

Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Қазіргі таңда антропогендік ластану жағдайына байланысты су мәселесі

 

Микробиологиялық ластану-адамның тіршілік етуі барысында, антропогенді жүйелерде түрлі ауру тарататын зиянкес организмдердің көбеюін атаймыз.

Өзен-көлдердің микробиологиялық ластануға ыңғайлы болу себебі су бетінің ашық болуында. Осының нәтижесінде микробтық контаминация өтеді. Микробиологиялық ластанудың басты себебі ағынды сулар көмегімен қалдықтардың таралуы. Жауын-шашын мен ағынды сулар арқылы көптеген микроағзалар түрлері суға құйылады. Нәтижесінде ол микробтық биоценозды және санитарлық режимді күрт өзгертеді.

Миробиологиялық ластанулар тіпті химиялық ластанулардан қауіпті болуы мүмкін. Ағынды сулардағы патогендік ағзалар көптеген эпидемиялық ауруларға әкелді. Олардың ішінде гепатитті атап көрсетуге болады. Осыған қоса микробиологиялық ластанулар халера эпидемиясына, паратифаға және т.б. ішек ауруларын туғызады.

Судың микробиологиялық ластануы физикалық және химиялық ластанулардан ерекшеленеді. Мысалы патогендер қатты бөлшектерге тұнады да суда консентрациясы болмайды. Ауруға шалдығу биологиялық көрсеткіштерге байланысты болып келеді (жасы, жынысы, салмағы және иммунитеті), демек жас балар және қарт адамдарға патогенді қауіп жоғары.

Су қоймаларының микробтық ластануы адам немесе жануарлардың шомылуы кезінде пайда болуы мүмкін. Көптеген су бассейіндерінде ішек таякшалар тобын, энтерококк, стафилококк, нейссерии, пигмент құрастырушы бактериялар, саңырауқұлақтар және басқа да микроағзалар мен вирустар кездестіруге болады. Егерде адам бактерияларға шалдыққан болса онда суға сальмонелы және шигелли түсуі мүмкін. Тағы бір атап көрсететін жай жануарлардың немесе өсімдіктердің кездейсоқ қоныс аударуы байқалса ол экожүйелерге кері әсерін тигізеді. Осындай құбылыс инвазия деп аталады. Мысалы Гребник мнемиопсис Қара теңізге балас сулары арқылы түскен. Аталған теңізде өте жақсы бейімделді көптеген жергілікті суда мекен ететіндермен салыстырғанда. Осының нәтижесінде теңіз экожүйесіне үлкен зиян келтірді. Осындай жағдайларды Балтық теңізінде, Ладожская көлінде және Ұлы Американдық көлдерде байқауға болады.

Судың микробиологиялық ластануында судың эвтрофикациясына тоқтала кетейік. Судың эвтрофикациясы деп-судың биогенді элементтермен, әсіресе азотпен, фосформен немесе құрамында осы элементтер бар заттармен баюын айтамыз. Эвтрофикация (грек тілінен аударғанда эу-жақсы, трофе-қоректену)-судың бай қоректенуі. Эвтрофикация мысалында экологияның маңызды құбылыстары, тізбекті табиғи реакциялар, шектеуші факторлар әсері, су сукцессиялары және басқа жүйелік қағидаларды көруге болады.

Эвтрофикацияның нәтижесі-балдырлар мен басқа өсімдіктердің қарқынды өсуі, су қоймасында органикалық заттар мен басқа да ағзалардың шіру өнімдерінің жиналуы болып табылады. Бұл өлген органикалық затпен қоректенетін, оны бастапқы минералдық элементтер мен көмірқышқыл газына дейін ыдырататын редуцент-ағзалардың санының артуына әкеледі. Редуценттер тіршілік процесінде өлген органикалық заттарды интенсивті түрде сіңіреді. Мұндай құбылыстардың нәтижесі-су ортасының оттексізденуі мен аэробты (оттегінің қатысуымен) процестердің анаэробтыға өтуі болып табылады. Анаэробты процестердің нәтижесінде қоршаған ортаға күкіртсутек (Н2S), метан және басқа да улы ластандырушы заттар шығарылады. Келтірілген мысалдан бірдей әсерге екі тіршілік ортасының (су және топырақ) әр түрлі реакциясы анық көрінеді. Топырақтың биогенді заттармен байытылуы барлық жағдайда қолайлы ауыл шаруашылық және экологиялық эффектіге әкеледі. Яғни бірлестіктің өнімділігі артады, қоршаған ортаға қолайлы әсер етеді және өздігінен тазару қабілеті күшейеді.

Сулы ортада аталған әсер судың маңызды қасиеті-тазалығының нашарлауына әкеледі. Эвторофикацияның қолайсыз әсері олардың жылулық ластануы кезінде артады. Жылулық ластану судың оттегімен кедейленуін жылдамдатады, себебі температура артқан сайын оттегінің ерігіштігі және биохимиялық процестердің интенсивтілігі әсерінен кемиді.

Эвторофикацияны табиғи және антропогенді факторларды туғызады. Олардың әр түрлі әсері тек интенсивтілігіне ғана емес, жекелеген процестердің механизіміне де байланысты.

Табиғи эвторофикация баяу жүреді және су қоймасының маңызды грунт пен тау жыныстарының минералогиялық құрамына және химизіміне байланысты болады. Су қоры мол және кристалдық жыныстардың арасында орналасқан су қоймалар эвторофикацияға сирек ұшырайды. Олар мыңдаған жылдар бойы олиготрофты жағдайда, олай болса таза күйінде қалады.

Мұндай су қоймасының мысалы  Байкал көлі. Баяу эвторофикация мұздық шығу тегі бар көлдерге де тән. Олар көлдің таза суының негізгі қоймасы. Мұндай су қоймаларының тіршіліктің аз болуына және төмен температураға байланысты өздігінен тазару қабілеті төмен. Сондықтан олар ластануға сезімтал.

Келіп түсетін су ағыстарынан қоректенетін шағын су қоймалары азот пен фосфордың қозғалғыш формаларымен қамтамасыз етілген және эвторофикацияға ұшырауы бейім. Олар олиготрофты күйден, мезотрофты және эвтрофты күйге батпаққа, одан шымтезекті субстратты құрылыққа айналу арқылы өтеді.

Антропогенді эвтрофикацияға қазір барлық ішкі су қоймалары мен кейбір теңіздер ұшырайды. Оны туғызатын негізгі факторларға минералдық тыңайтқыштар, кейде жуғыш заттар (құрамына енетін беттік белсенді заттар фосфорлық қосылыстар негізінде жасалады) жатады.

Эвторофикацияны тұрмыстық және өнеркәсіптік шайынды сулар, мал шаруашылығының кешендері, жылытылған сулар, рекреациялық әсерлер, ағын суларды ағынсыз суға айналдыру және т.б. адам қызметі туғызады.

Қоректік заттарға кедей (олигатрофты) табиғи сулардағы өндіруші ағзалар тобы негізінен ірі өсімдіктерден (макофиттер) тұрады. Бұл өсімдіктер су қоймасының түбінде орналасып, қажетті биогенді элементтерді су түбіндегі құрылымдардан сіңіреді. Фотосинтез нәтижесінде бөлініп шығатын оттегі судың төменгі қабаттарында ериді. Судың жоғары қабаттары су түбінен көтерілетін және ауадан сіңірілетін оттегімен байытылады. Екі процессте тепе-теңдікте болады да, су тазалығын сақтайды. Эвтровтанған суларда өсімдіктердің биогенді элементтерді тікелей қоршаған судан сіңіруге қолайлы жағдай жасалады. Бұл судың жоғарғы қабатында фитопланктонның интенсивті жиналуына және су түбіндегі өсімдіктердің оттегі жетіспеуінен жойылуына әкеліп соқтырады. Мұнда оны өлген планктонның органикалық затын өңдейтін редуцент-ағзалар сіңіреді.

Эторофикация кезінде тек судың химизімі ғана өзгермейді, сондай-ақ ағзалардың түрлік құрамы да өзгереді. Нәтижесінде судың терең қабаттарында оттегі азайып, аэробты процестер анаэробты процестер мен алмасады да, су улы заттармен ластанады.

Антропогендік жүктеменің әсерінен өзен көлдер суының микробиологиялық ластануларын саралап және баға бере отырып, экологиялық аппараттарға жол бермеуге және оларды тез арада шешуге мақсат қойылады.

 

Қолданылған әдебиеттер

1. Акбасова А.Ж.,  “Экология” Алматы.: Бастау, 2003 ж. – 290 б.

2. Үсембаева Ж.С., Қолдыбаев Ж.Б., “Геоэкология және табиғатты қорғау” Алматы.: Бастау, 2006 ж. – 93 б.

3. Игнатова Л.В., “Основы микробиологий” Алматы.: Қазақ университеті, 2008 ж. – 129 б.

4. Ботвинков В.М., Дегтярев В.В., “Гидроэкология на внутренних водных путях” Новосибирск.: Сибирское соглашения, 2002 г.-356 с.

5. Арустамов А.А., “Природопользование” М.: Дашков и К, 2001 г. – 276 с.

6. Жатқанбаев Ж., “Экология терминдеріне түсіндірме сөздігі” Алматы Зият, 2000 ж. – 180 б.

7. Горелов А.А. “Экология” М.: Центр, 1988 г. – 238 с.

8. Кривошеин Д.А., Муровей Л.А., “Экология и безопасность жизнедеятельности” М.: Юнити, 2000 г. – 447 с.

9. Самурзина А.Г., “Экологическая химия” Алматы.: Қазақ университеті, 2007 ж. – 198 б.