Сейітқазиев Ә.С., Шатаева Г., Құлқаева Л.А.

М.Х.Дулати атындағы ТарМу, Тараз қ. (Қазақстан Республикасы)

 

ТОЗҒАН ЖЕРЛЕРДІ ЖАҚСАРТУДЫҢ ТИІМДІ ШАРАЛАРЫ

 

 

         Ауыл шаруашылық дақылдарынан тұрақты да жоғары өнім алудың кепілі-зерттеу танаптарында өсімдік талап ететін, су, ауа, жылу және қоректік алмасулар мен қоршаған ортаның табиғи ландшафтарының  аудандастырылған  дақылдарға сәйкес келуі қажет. Ал әрбір  дақыл үшін, оның  өніп-дамуы үшін топырақ құрамындағы судың  қозғалысы, өсімдік тамыры жайылған  гинетикалық қабаттардағы ылғалдылық және ондағы ыза суларының орналасуы, әсіресе топырақ  түзілісіндегі гидроморфты алмасудың маңызы ерекше орын алады. Бұл аталған  шамалардың судың ылғал алмасу қарқындылығымен оның бағыттары төмендегі  өрнектермен анықталады[1]:

 

     ,                (1)

,      (2)

           мұндағы Кк.ы.- капиллярлық  ылғал өткізгіштік коэффиценті;   Кс – сүзілу коэффиценті;    Wt-қысылған ауаны ескергендегі толық ылғал сыйымдылығы;         П-кеуектілік;  W0-топырақтағы  ең жоғары молекулярлық  ылғал  сыйымдылығы; n=3,5-9.

         Бұл көрсетілген (1) және (2) формулаларда-капиллярлық ылғал өткізгіштік (Кк.ы) коэффицентімен сүзілу коэффиценті (Кс) арасында тығыз байланыс бар екендігін айқын байқауға болады. Табиғатта ауаландыру аймағында жер асты суларының қозғалыс заңдылықтары, төмендегідей үш түрлі күштің әсерімен болады: молекулярлық (сіңірімділік), сүзілгіштік (капиллярлық) және ауырлық күшімен. Сонымен қатар, өрнек (1)-дегі Ө және У  топырақтық механикалық құрамына, ылғалдық капиллярлық көтерілу деңгейіне тікелей байланысты өзгеріп отырады. Ал бұл құбылыстың өзгеруі, жүргізілген технологияның механизміне (әдіс-тәсіліне) байланысты анықталады.

         Әрбір өзен алқабындағы  жіберілген қашыртқы сулар  мен жалпы судың көлемі  жылына 350-360млн. м3 (мәселен, Сырдария өзені алабы). Оның ішінде жергілікті сулары 270-300млн.м3, ал су нысандарын  қоса есептесек, 70млн.м3 жылына [2].

         Өзендегі су қорларын пайдалану мәліметтері бойынша, Қызылорда облысы бойынша 2000 жылғы су торабындағы судың көлемі 3,9 км3 жылына. Соның ішінде  жер бетімен суғаруға 3,2 км3 , ал ККС-на 0,008 км3 бұл орта есеппен ағытылған сулардың 10%-ын алады.

         Сырдария өзеніндегі ластануды болдырмаудағы коллекторлы-керізді сулар (ККС) ағытпаларын азайту болып табылады. Қызылорда облысы бойынша сулы нысандарға ККС арқылы 19% ағытылады. Қалған сулардың көлемі (81%) жергілікті жердегі каналдар  арқылы өтеді. Ендеше, бұл каналдар бойынша да қоршаған ортада ластану процесі болып жатыр.

         Су көздерінің ластануын тоқтату үшін төмендегідей экологиялық- мелиоративтік шараларды жүргізу қажет:

-         керізді-коллекторлы суларды тазалау және оларды ауыл шаруашылық дақылдарын суғаруға пайдалану;

-         керізді-коллекторлы суларды және ағаштар суғару үшін пайдалану;

-         керізді-коллекторлы және сарқынды суларды сүзгіш-суатты бөгендерге жинап, тазалап, тұзға төзімді дақылдарды суғару;

-         суландыру каналдары және балшықты немесе қышқылды топырақты алқаптарына аудандастырлған табиғатына  бейім ағаштар егу яғни  биологиялық керіздеу әдістерін қолдануды қолға алу;

-         тұзды топырақтар мен судың минералдығына  сай өсімдіктерді таңдап, алмастырып егуді қолға алу қажет;

-         табиғи  сорбенттердің көмегімен керіздік сулардың сапасын жақсарту;

-         құрғату жүйелеріндегі экологиялық қауіпсіздікті арттыру шараларын қолға алу.

              Жоғарыда аталған экологиялық-мелиоритивтік шаралардың әрқайсысының өзіндік қағидалары, жүргізу технологиялары, әдістері бар. Сонымен қатар, бұл шаралар зерттеулер жүргізілген нысандардың табиғат көрсеткіштеріне, ландшафтың географиялық орналасуына, жер беті және жер асты суларының геогидрологиялық жағдайларына және өсімдік тамыры жайылған топырақтардың геогидрохимиялық алмасу  заңдылықтарына тікелей байланысты орындалады. Сонымен қатар, аталған шаралар экологиялық және экономикалық тұрғыда ұтымды, әрі өндіріске енгізуге өте қолайлы да, арзан, болашағы зор.

         Керізді-коллекторлы және сарқынды суларды үнемді де дұрыс пайдалану үшін, жергілікті су көздерін , каналдардың пайдалы әсер коэффицентін (ПӘК) каналдар түрін (құбыр, науа т.б.), су қорын дәлірек білуіміз шарт. Каналдардың қабілетімен суғарылатын жердің ауданын төмендегі  байланыспен анықтаймыз:

 

ω=Wк.к.с. ·η/Мнт,                   (3)

 

 ω=Qк.к.с. ·η/q ,                      (4)

 

       мұндағы: ω-суғармалы жерлердің ауданы, га;     Wк.к.с.-керізді-коллекторлық желілер келген судың көлемі, м2/с;  η- суландыру жүйесінің п.ә.к.;         Мнт-суландыру мөлшері ( нетто), м3/га;         Qк.к.с.-керізді-коллекторлы сулардың көлемі, млн.м3; q-суғарылатын      егістің үлестік су ағысы (гидромодуль), л.с.га.

         Жыл сайын орташа есеппен керізді-коллекторлы сулармен жерді суғару үшін небары-0,36 млн.м3 су пайдаланады екен.  [3]. Бұл деген,  енді қызылша дақылына  Мнт=7000 м3/га; ПӘК=0,85 деп қарастырсақ 50 га-дан сәл асады екен. Ал қалыпты суғармалы  егістікті суғару үшін: Шу, Талас және Аса өзендері алаптары бойынша жалпы 813,87млн.м3 су қорына шаққанда [3]; орташа есеппен Мнт=7500 м3/га алсақ, үш өзен сілімінде 100200 га жерді суғаруға болады. Бұған жер  асты сулары мен сарқынды сулар көлемін қоссақ, су қорларын  тиімді пайдалануға толық мүмкіндік бар.

 Жергілікті телімдерде суғаруды дұрыс жүргізбегендіктен жер асты суларына ағын және аралас сулардың қосылуы суғармалы аймақтардың тұздануына тікелей әсер  етеді.  Тұздардың таудан су қоймаларының соңғы ағынына дейін тасымалдануы жасанды жағдайда керіздеуде суғаруға әсер ету жергілікті және аймақтық деңгейде бірден өзгеріске ұшырайды.  Суғару- топырақтардың табиғи құбылыстарына қарқынды түрде әсер етеді. Табиғи суғаруда топырақтың тұздануы адам іс-әрекетінің негізіне байланысты, суғармалы жерлердің  топырағының гидрологиялық жағдайы және гидрогеологиялық құбылыстары толығымен өзгеріске ұшырайды. Бұл жағдай, егер[4]:

-                    мелиоративтік жүйедегі cуландыру каналдары көздерінің орналасуында ыза суына судың түсуінің  кемуі;

-                    дамымаған суғару техникасының танаптарға суды бөлуінің   қалыпсыздығы, атыз телімдерінде белгіленген бастапқы (терең тасталу) және соңғы (беткі тасталыну) танаптарда су шығынының орын алуы;

- керіз топырақтағы тұздардың тепе-теңдігін реттеумен қатар қайтпайтын су шығындарын жүргізіп отырады (су көздеріне 70-80 пайыз қайтару).

Құрғақ климатқа байланыссыз топырақтарда тұздардың жинақталуы, ұзақ мерзім уақытта топырақ қабаттарындағы ылғал ағымына қарай тұз тек сумен жылжитыны белгілі. Топырақтағы су-тұз алмасуының қалыптасуын білу үшін, оған қандай жолдармен судың келіп түскенін білу керек. Соған қарамастан, қазіргі уақытта маусымдық тұзданған жерлерді суғаруда суғарылатын судың сапасына байланысты емес, ол тұздардың ыза суында таралып еруі мен су алмасуының бұзылу нәтижесінде орын алып отырады. Минералданған сумен суғару кезінде де, булану құбылысында тамыр қабатты аймақтарда ыза суының көп бөлігі тұзға айналады. Суғармалы жерлердегі тұзданған топырақтарды жақсартудың әдістері өткен жүз жылдықтың ортасында дами бастады. «Екінші» қайтара жерлердің тұздану мәселелерінің көрініс табуы, көп аудандардың тұздануы, тұздану қауіптілігі бар жерлердің орын алуы, суғару әдісі мен аймақтарда әлсіз керіздеу жаңа жерлерді толықтай игеруді меңгеру ғалымдар мен инженерлерді толық деңгейде ойландырып отыр.

         Жерді экологиялық тұрғыда жақсарту- ауыл шаруашылық өндірістік процестерді жетілдіру тәсілдерінің бірі, бастапқы қолдану бағыты бойынша өзінің технологиялық деңгейін арттырудан тұрады. Экологиялық  ластанудан (тұздардан, қалдықтардан т.б) тазартылған жерлердегі агроөнеркәсіп өндірісінің ерекшелігі (барлық географиялық ландшафт үшін) бір жағынан, экономикалық, әлеуметтік және экологиялық талаптардан тұрса, екінші жағынан-ғылыми-техникалық жетістіктерді өндіріске өндіруден тұрады. Басты ерекшелік геоэкологиялық жүйені дұрыс пайдалану және табиғатты тиімді құрылыс технологиясымен қорғау, өсімдіктер қорларын сақтау және тіршілік процесі басқарудан тұрады [5].

 

Әдебиеттер:

1.        Айдаров М.П., Голованов А.М., и др. Оптимизация мелиоративных орашаемых и осушаемых сельскохозяйственных земель., Москва, 1990, -60с.

2.     Отчеты по использованию водных и земельных ресурсов в Кызылординской области за период 2000-2004гг.

3.Тукебаев Ж., Кудайбергенов Н., Нурмаганбетов Д. Водные ресурсы Шу-Таласского бассейна: проблемы использования, охраны и управления// экология устойчивое развитие, 2003,№6, С.28-31.

4.Сейітқазиев Ә.С. Суғармалы геоэкожүйелердегі тұзданған топырақтың су-тұз алмасуы, Тараз, 2010, -294б.

5.Сейтқазиев Ә.С., Зарубаев Ғ.М., т.б. суғармалар геоэкожүйелердегі өнімділікке әсер етуші негізгі ықпалдар// Табиғатты пайдалану және антропосфера мәселері. ТарМУ хабаршысы, Тараз, 2004, №1 (13) Б. 80-85.