Абай атындағы Магистратура және

PhD Докторантура институтының

Құқық және Экономика негіздері

2 курс магистрі

Ажитаев Айдарбек Секенович

 Қазақстан Республикасында Алқа билер институтының қалыптасуы

Резюме

         В данной статье рассмотрены проблемы развития суда присяжных в Республике Казахстан и его состояние на сегоднящний день. Так же дан сравнительный анализ опыта судов присяжных зарубежных стран и пути эфективного отправления приговоров с участием присяжных заседателей

Summary

In this article are considered the problems of development jury in the Republic of Kazakhstan and its condition for today. Also  comparative experience with juries of foreign countries and ways of effective departure of sentences with jury participation  

         Бүгінгі күнде маңызды мәселесінің бірі сот жүйесін барынша ашық түрде жүргізіп, қоғам тарапынан қолдау мен сенімге жету. Сондықтан да Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы халқына жолдауында басты бағыттардың бірі ретінде «сот жүйесін және құқық қорғау органдарын реформалау» – деп көрсетті [1]. Еліміз тәуелсіздігін алған уақытынан бері қарай құқық жүйесіне, соның ішінде сот жүйесіне байланысты реформалар және бағдарламалар Қазақстан Республикасының Президентінің арнайы қаулыларымен, жарлықтарымен қабылданып отырған. Құқық реформаларының әр кезеңінде елімізде тек қана жаңа заңдар мен кодекстер қабылданып қоймай, сонымен қатар мемлекеттік органдар қызметінде де бірталай өзгерістер еніп, оны сатылай жетілдіріп отырған. Ол өзгерістерден сот органдары да алшақ қалмады. Осы атқарылған жұмыстардың бәрі мемлекеттік басқаруды неғұрлым ашық, халыққа жақын, оларға сенім арттыру үшін жасалғаны мәлім. Себебі еліміз Ресей патшалығы және Кеңестер одағы уақытын бұл процесстер бұқара халыққа жабық, беймәлім құбылыс еді. Ал демократиялық ел деп жарияланғаннан бері халықтың билікті легетимді деп тануы болып табылады.

Осы мақсаттарға жету жолы ретінде бүкіл биліктің, соның ішінде сот билігін ашық және жария ету көздеген. Аталған мәселелердің шешімі ретінде бірнеше заң актілерін өзгертулер мен толықтырулар жұмыстары атқарылды. Сол заң актілерінің ішіндегі айрықша сипатқа ие болатын және болашақта үлкен үміт күттіретіні - Алқа билер институтына қатысты заң жобалары. Алқа билер институты Қазақстан Республикасында 2007 жылдың 1 қаңтарында енгізілді. Алқа билер институтының дамуын елдегі азаматтық қоғам дамуының қайнар көзі деп те санауға болады. Сот билігін халықтың тарапынан жүзеге асыруы, жоғарыда айтылған ашықтылық принципін қолдап, оған қоғам тарапынанан сенімге ие болу сияқты мәселелерге шешім ретінде қарастыруға болады. Алқа билер соты халық мүшелерінің қатысуымен әділеттілік орнатудың әлемде кең тараған түрі.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 75-бабының 2 тармағында «Заңда көзделген жағдайларда қылмыстық сот ісін жүргізу алқабилердің қатысуымен жүзеге асырылады» - деп көрсетілген [2, 30 б.]. Бұл дегеніміз Қазақстан Республикасындағы жоғарғы заң күші бар Конституцияда да әділ шешім шығаруда сот билігі ретінде қарапайым халық қарастырылған. Бірақ Сот билігіне халықтың араласуы да белгілі бір заңдық актілермен реттеліп, шектеліп қорғалуы қажеттілігі туындады. Сол себепті 16 қаңтар 2006 жылы Парламенттің қарауымен Қазақстан Республикасының «Алқа билер туралы» заңы қабылданды [3, 1 б.]. Бұл заң актісі бұқара халықтың аса ауыр қылмыстар бойынша әділетті шешім шығудың негізі ретінде қарастырылды. Осы жұмыстар Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысымен 3 маусым 2005 жылы судьялардың IV жиынында атап айтылған болатын [4]. Бұл институттың дамуы қоғам тарапынан қажеттіліктің туындауынан дамуын табатын сияқты. Алқа билер институты англо-саксондық құқықтық жүйесін ұстанатын елдерде кеңінен қолданылуда.  Ерте Қазақ жерінде де Алқа билердің төрелік жасау дәстүрі болғандығы белгілі. Ерте қазақ сотының дамуындағы маңызды құжаттардың бірі 1867 жылғы 11 шілдеде жарық көрген «Выписка из проекта положения об управлении Семиреченской и Сыр-Дарьинской областей» құжаттарының «Устроиство суда» деген тарауындағы сот істерін қарайтын ереже-баптарда «Қазақ халық сотының» атқаратын міндеттері көрсетілген. Осы құжатта Жетісу, Сырдария облыстарына арналып жасалған жергілікті халық соттарының қылмыстық істерді қарау ережесі, халық сотының міндеті, билерді сайлауы, билердің дәстүрлі әдет-ғұрыптарға сай сот істерін жүргізу туралы жазылған [5, 44  б.]. 1868 жылғы 21 қазандағы «Орал, Торғай, Ақмола және Семей облыстарын басқару туралы уақытша Ережеде» 135-тен 137 бапқа дейін билерді сайлау және үміткерлікке қандай адам өтетіні туралы жазылған [5, 57 б.].  Кейіннен патшалық билік жойылып, дәстүрлі сот төрелігі жойылып, оның орнына Революциялық трибуналдар құрылды. Революциялық трибуналдар құрамы губерниялық, қалалық кеңестердің сайлауымен алты заседатель (алқа мүшелері) және төрағадан тұратын. Трибуналдың негізгі қызметі кеңеске қарсы ниет-пиғылдағы адамдарды саботаж жасап, кеңестік қоғамға қызмет етуден бас тартқан азаматтарды сотқа тартып жазалады [5, 65 б.]. КСРО кезеңінде алғаш рет алқа билер институтын қалпына келтіру туралы қайта құрылу кезеңінде сөз қозғалды. КСРО Жоғарғы Кеңесінің 1989 жылы қарашадағы II сессиясының отырысында «Основы законодательства Союза ССР и союзных Республик о судопроизводстве» проектісінде «Өлім жазасы мен 15 жылға дейін бас бостандығынан айру туралы қылмыстық істер бойынша кінәлілікті алқа билер құрамында шешіледі» деген нормасымен толықтырылған (халық отырысының кеңейтілген коллегиясы) [6, 31 б.]. Алқалы билер құрамында шешілетін істерді арнайы реттейтін заңның жоқтығы осы институттың КСРО-да дамымамауына себеп болды. Яғни халықты билік апаратынан әрдайым алшақ ұстап, араласуына жол бермеген.

Осы жайлар біздегі алқа билер сотының дамымауына тікелей септігін тигізді деп пайымдаймын. Қазақстанда алқа билер институтын қалпына келтіру туралы даулар болмаған. Қоғамда аталған заңның қабылдануына дейін де, одан кейін де ешқандай сұрақтар туған жоқ. Себебі, Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған уақыттан, яғни 1991 жылдан 2006 жылға дейін сот істерін алқалы құрамда қаралуын реттейтін заңның шығуы біраз уақыт алды. КСРО кезеңінен қалған билік саясатына қоғамды араластырмау халық санасында қалуы себебінен де шығар. Қазіргі таңда мемлекетіміздегі азаматтық қоғам қалыптасуында, құқықтық мәдениетті жоғарылатуда осындай шаралар қоғамға қажет. Сот билігінің жүзеге асырылуын Алқа билер құрамында қарау қоғамдық санада сот билігіне сенім тудырады. Енді аталған заңға нақты тоқталатын болсақ оның үлгісі континенталдық құқықтық жүйеге негізделген. 2001 жылдың маусым айында болған Қазақстан судьяларының III құрылтайында Қазақстан Республикасының Президенті сот жүйесінің басты мақсаттарының бірі ретінде «Конституцияда қарастырылған Әділ сотты алқа құрамында қарастыруды тәжірибе жүзінде жүзеге асыруды. Өлім жазасы тағайындалатын қылмыстың ауыр түрлерінен бастау керек» - деп көрсеткен [7]. Қазіргі кезде аса ауыр қылмыс бойынша сотталушы болып танылған азаматтарға істің қандай құрамда қаралатындығын өзінің таңдауына берілу қарастырылған.

Қазақстан Республикасының «Алқа билер туралы» заңының 10 бабының 1 тармағының 1 тармақшасында: «алқабилердің тізімдерін жасау кезінде жиырма бес жасқа толмаған» - деп көрсетілген [3, 2 б.].Ақы мөлшеріне байланысты келетін болсақ осы заңның 16 бабының 1 тармағында көрсетілгендей «Алқабиге облыстық және оған теңестірілген соттың қызметін материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган нақты іс қаралып болғаннан кейін, ал егер істі қарау созылатын болса, ай сайын бюджет қаражаты есебінен облыстық және оған теңестірілген сот судьясының лауазымды жалақысының жартысы мөлшерінде, бірақ алқабидің сотқа қатысу уақытына (жұмыс күнінінің санына) барабар, оның негізгі жұмыс орны бойынша орташа жалақасынан кем емес мөлшерде сыйақы төлейді» - деп көрсетілген [3, 8 б.]. Бұл бап алқа мүшесі ретінде қатысқан азаматтардың жұмыс орнынан алатын еңбекақысынан айырылмайтындығына мемлекеттің тарапынан көрсететін кепілдігі ретінде түсінуге болады. Әлемде алқа билер құрамында қаралатын соттардың 2 түрі қарастырылады: қылмысты жеке қарастыратын, үкімді жеке алқа құрамы шығаратын және жаза мерзімі мен орнын тағайындайтын жеке алқалар коллегиясы (англо-саксондық құқықтық жүйеде) және судьялармен бірлесіп отырып үкімді шығаратын және жазаны тағайындайтын аралас алқалар коллегиясы [8, 5 б.]. Алқа құрамында шыққан үкімді шағымдау мәселесі бойынша шетел сот жүйесінің тәжірибесін салыстыра отырып қарастыру қажет сияқты. Мысалы, АҚШ сот жүйесінде барлық қылмыстық істердің 80% алқалы сот құрамында қаралуға жатады екен. Қылмыстық істердің жабық отырыстардан басқалары Алқа билер құрамында қаралады. АҚШ тәжірибесіне сүйенетін болсақ, қылмыстық істердің жабық түрлерінен басқасының барлығы Алқа құрамында қаралуына мүмкіндігі бар. Осы мәселе бойынша шет елде алқа құрамында қаралатын істерде алқалардың санын және қай елде сот шешімі шағымдануға жататындығы көрсетіп өтетін болсақ, онда: Алқа билердің саны Ұлыбританияда, АҚШ, Ресейде – 12, Испанияда - 9, Францияда - 9 және қылмыстың ауырлығына қарай тағы 3 алқаны қатыстыруы мүмкін; Кінәлілік үкімін шығару стандарты Ұлыбританияда алқалардың 10 дауыспен, АҚШ-та бір ауызбен түгелдей, Испания мен Ресейде 7 дауыспен, Францияда 8 дауыспен; Алқа билерге келіспеушілік (отвод) жариялау Ұлыбританияда шексіз алқаға, АҚШ пен Францияда 5 алқаға, Испанияда 4 алқаға, Ресейде 2 алқаға; Ақтау үкіміне қарсылық білдіру немесе шағымдау Ұлыбритания, АҚШ және Францияда қарсылық білдіруге болмайды, ал Испания мен Ресейде болады [9].

Осы көрсетілген мемлекеттердің өзіндік алқа би институтының құрылғандығын және әрқайсысының сот ісін қарау үлгісі бар екендігін көреміз. Алқа би құрамында шығарылған шешімге шағымдау туралы дау көп кездеседі. Бір жағынан сотталған адам үкіммен келіспеген жағдайда оны шағымдау құқығы бар. Екінші жағынан егер алқа құрамында бұл іс қаралса, яғни бұл қоғамның шешімі және жоғарғы инстанцияда қарау үшін алқа құрамын қайтадан жинау керек пе, әлде төрағалық етуші бір судьяның құрамында қаралу керек пе деген сұрақ туындайды. Осы тұрғыдан алғанда, егер де үкім алқалы құрамда шықса оны шағымдау тиімсізюолуы мүмкін. Себебі, ондай жағдайда басқа алқа құрамын жинау қажеттілігі туындайды. Бұл жағдай істің тағы да қосымша бірнеше айға созылуына алып келеді. Осы ретте Франция елінің тәжірибесіне сүйену керек сияқты. Себебі ол елдің құқықтық жүйесі біздің мемлекеттіміздің құқықтық жүйесіне жақын.  Жоғарыда айтылған жағдайларды ескере отырып алдағы уақытта Сот билігіне халықтың сенімін арттыру шарасы ретінде Алқа билер институты дамуын табуы мүмкін. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдарға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы  2009 жылы 24 тамызда ҚР Президентінің №858 жарлығымен бекітілді [10]. Осы тұжырымдаманың II-ші бөлімінде құқықтық жүйені, соның ішінде сот органына қатысты қызметті дамыту жайлы міндеттер қойылған. Бұл тұжырымдаманы іске асыру барысында, келешекте Алқа билер институтының өзіндік ұлттық моделін қалыптастырылуының негізі болуы мүмкін. Себебі Алқа билер біздің елдің тарихымызда болған, ал құқықтық саясат тұжырымдамасы арқылы сол тарихты негізге ала отырып Алқа билердің Ұлттық моделін қалыптастыру Қазақстан Республикасының Сот жүйесін одан әрі дамытуға, оның тәуелсіздігін артыруда, қоғамдағы құқықтық және мәдени идеологиясының дамуына әкеледі деген ойдамыз.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1http://mod.gov.kz/modkz/index.php?option=com_content &view=article&id=539&Itemid=150

2 Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы: Юрист баспасы,  2010

3http://www.egov.kz/wps/wcm/connect/e355e0004f02e1bc 8dac9d384bda0235/Z060121_20060116kaz.htm?MOD=AJPERES&CACHEID=e355e0004f02e1bc8dac9d384bda0235&useDefaultText=0&useDefaultDesc=0             

4 http://www.nomad.su/?a=3-200506060038

5 Нәрікбаев М. «Ұлы билерімізден Жоғарғы сотқа дейін» - Алматы: Атамұра, 1999 ж., 192 б. -

6         Основы законодательства Союза ССР и союзных республик о судопроизводстве - М., 1990 ж., 31 б. -

7 Чтобы суд означал справедливость. Выступление Президента РК Н.Назарбаева на III съезде судей Республики Казахстан // Казахстанская правда, 2001 г., 7 июня

8 Петрухин И.Л. Статья - Суд присяжных: проблемы и перспективы // Государство и право. - М., Наука, 2001 г., №3., 127 б. - 

9 http://www.kisi.kz/img/docs/1127.pdf

10 www.minjust.kz