Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру

Зәуірбеков Н.С.- тех.ғ.д-ры, профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ,

Иманбаев Қ.С. - ф.–м.ғ.к., доцент,  Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, 

Заурбекова Н.Д.-  тех.ғ.к., Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ,

Өтепберген Ш.М. - ф.–м.ғ.к., доцент,  Абай атындағы ҚазҰПУ,

Дарханова А.Ж. - оқытушы, ҚазМемҚызПУ, Алматы, ҚР

 

Оқытушының басшылығымен орындалатын студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру өз бетімен шығармашылық іс-әрекетті дамытатын, білімді терең ынталандыруды игеру мен бекітуде оқу үдерісінің неғұрлым тиімді бағыттарының бірі болып табылады. СӨЖ арнайы пәндерді оқып-үйренуде ерекше өзектілікке ие болады. Себебі, студенттерді қажетті әдебиеттермен жұмыс істеуге, шешім қабылдау біліктерін үйренуге ынталандырады [1-4].

Осы көзқарас бойынша, бірнеше студенттердің ұжым болып бір үлкен тапсырмаларды шешуінің болашағы ерекше сипатқа ие. Мұндай тұғыр бүгінгі күнгі күрделі өндірістер үшін мамандарды даярлауда маңызды ұжымдық шығармашылық дағдыларды сіңіреді. Өндірісті жобалау және енгізумен бірқатар теоретик және практик ойшылдар шұғылдануда. Оқу сабақтарының осындай түрі оқытушыдан іскер ойындар саласында қосымша педагогикалық білімдерді талап ететін жеке жұмыстардың еңбек сыйымдылықтарын бағалау мен ролдерді бөлуді байқатады. Соңғы уақытта іскер ойындар әртүрлі оқу пәндері бойынша кеңінен қолданыста жүр. Сабақты осындай формада имитация жасай отырып жүргізу, шынайы өмірлік (өндірістік, әлеуметтік, мәдени) үдеріс студентті өзіне тартады, олар үшін іс-әрекетті өз бетімен жобалауға баулу ролін атқарады. Студенттер білімді жеңіл қабылдайды, өздері қатысатын үдерістерді жақсы түсінеді, өз көзқарастарын қорғауды үйренеді, ортақ пікірталасқа қатысады.

СӨЖ-ді осылайша ұйымдастыруда жобалау үдерісіне септігін тигізетін ақпараттық компьютерлік технологиялар мен қуатты бағдарламалық өнімдер маңызды роль атқарады. Мәселен, қоршаған шынайы ортаның ықшамдылық сипатын есепке ала отырып, шынайы үдерістің моделін имитациялауға мүмкіндік туады.

Білім беру үдерісінде компьютерлік технологияларды қолдану оқытушыдан, ең алдымен, қазіргі кездегі ақпараттық технологиялар саласында жоғары деңгейдегі даярлықты сөзсіз талап етеді.

1.       Пәндердің кәсіби бағдары.  Оқу-мазмұндық тезистердің білім тарапынан талас тудырмауы, шығармашылық кәсіби іс-әрекетке баулу, мамандықта тиімді тұлғалық өзара әсерлесу оқу жоспарларына сәйкес пәндік блоктарынан жалпы гуманитарлық мәдени білімдерінің мәнін назардан тыс қалдырмайды. Сонымен қатар, сол немесе басқа пәндердің бейінді тереңдігі болашақ кәсіби мамандардың көп сатыға бөлінуінің психологиялық заңдылықтарын ескеру керек: бакалаврлар, мамандар, магистрлер.    

2.  Студент уақытының шектеулі бюджеті. Біріншіден, оқытушы өзінің пәнінің уақытша көлемін қалыптастыруда студенттің жалпы қосынды жүктемесінің шамасын ескеруі қажет. Екіншіден, білім беру үдерісінің интенсификациясы студенттің семестрдегі бірқалыпты жұмысын азайту арқылы СӨЖ-ң ритмикалығын болжайды [5-6].

3.  СӨЖ-ді дараландырудың құрамына:

-  дайындығы неғұрлым жоғары студенттермен интенсивті жұмыстардың салыстырмалы салмағын өсіру;

-  сабақты міндетті және шығармашылық бөліктерге бөлу (барлығы үшін – неғұрлым күрделі жағын өз бетімен орындауға талпыну; ең бастысы – дәстүрлі емес тапсырма, қосымша сұрақ, проблемалық жағдаят, т.б.);

-  білім алушыларға үздіксіз кеңес беру;

-  өзіндік жұмыстың тақырыптық мазмұны, орындау мерзімі, қорытынды нәтижелерді бақылау және бағалау тәсілдері, формалары, көмекші құралдарына қажеттіліктері туралы нақты және уақтылы ақпарат беру [5,6].

 

Әдебиеттер:

1. Попов Ю.В., Подлеснов В.Н., Садовников В.И., Кучеров В.Г., Андросюк Е.Р. Практические аспекты реализации многоуровневой системы образования в техническом университете: Организация и технологии обучения. М., 1999. – 52 с., р. 3.1 Самостоятельная работа студентов С. 15-24. – Новые информационные технологии в образовании: Аналитические обзоры по основным направлениям развития высшего образования / НИИВО; Вып. 9.

2. Семашко П.В., Семашко А.В., Нижегородский государственный технический университет (НГТУ г. Н. Новгород). Организация самостоятельной работы студентов на старших курсах.

3. Н.С.Заурбеков, Р.С. Досмухаметова, А. Ж.  Дарханова. Составление учебных планов по кредитной форме обучения. - VI международная научно-практическая конференция МАБ «Системы обеспечения качества бизнес образования в РК: инновационные подходы», 26-27 мая, Алматы, 2006 г.

4. Н.С.Заурбеков, Салимова Г.Е. «Алгоритмдеу және программалау тілдері» пәні бойынша сырттай оқу нысаны студенттеріне өзіндік жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау. -  Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ. – Алматы, 2010. – 56 б.

5. Н.С.Заурбеков, Н.Б.Бралиева. Об информатизации экономического образования - Материалы международной научно-практической конференции «Прикладные аспекты информатики и математической экономики», Душанбе, 2008. – С. 211-216

6. Н.С.Заурбеков, Н.Б.Бралиева. Информатизация экономики – основа информатизации экономического образования – Мат. II Республ. уч.-метод. конф.  «Непрерывное экономическое образование: модернизация обучения и методического обеспечения». Ч.1.–Алматы:Экономика,2007.–С.342-361.