ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТІҢ КЕЗЕҢІ CЫРТҚЫ ҚАБАТТЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУ

 

Джанзакова Баян Мусағалиқызы

магистр оқытушы

Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ

 

Резюме

В данной статье рассматривается вопрос оформления внешнего покрытия предметов декоративно-прикладного искусства и их виды

 

Summary

The article deals with the problem of designing the surface covering of ornamental-applied arts articles and their kinds

 

Технологиялық процестің  кезеңі бұйымның сыртқы қабатын өңдеумен байланысты. Оның бірнеше түрлері бар. Әртүрлі үш технологиялық линияларды атап өтуге болады. Олардың негізінде сәйкес материалдардың пайдаланымы, қабылдануы, іс-әрекеті жатады;

Бұйымдардың өрнектелуі, ангобталуы, глазурленуі.

Техникалық принциптер бойынша керамикалық бұйымдар өрнектелудің негізгі ені, типі бөлініп шығады; рельефті өрнектеу және жазба түріндегі өрнектеу, жазбаның глазурленген және глазурленбеген бұйымдардың түрлі схемасы болады. Глазурленбеген керамиканың өрнектелу технологиясының негізінде охралық массаның қайта өңдеудің, сазды дайындаудың және белгілі бір дәрежеге дейін кептірілген ыдысқа жағылуының яғни басқа түрдегі ерекше дайындалған саз балшық массасын қайта өңдеудің арнайы әдістері жатады.

Глазурь астына жағылған металл және минералды бояулармен жазылған жазбалар аса күрделі мәселе тудырады. Бұл боялған массаның қажетті қалыңдығын есептеу ғана емес, оған глазурьмен сіңісу дәрежесіне аса көіл бөлу маңызды.

Рельефті өрнектеудің техникалық әдістері неолит дәуірінде-ақ игерілген және тек декоративтік безендірілуі қызметін атқарған ғана емес, сондай-ақ техникалық мәнге ие. Керамикалық сыртқы қабатына түсірілген рельеф саздың, әсіресе пластикалық саздың формасын жасағанда, кептіргенде және күйдіргендегі күшті әсерінен сақтайды.

Рельефті өрнектеу ежелгі керамиканы зерделеуде маңызды көрсеткіш болып табылады. Олайда оның даму тарихында, әсіресе жасалу техникасының ерекшелігінде түсініксіз нәрселер әлі де көп. Бұл жерде өрнектелу классификациясының жалпы бір жүйесін жасақтау мәселесі маңызды болып отыр.

Ангобтау, бедерлеу (обмазка).

Ангоб (фр. engobe) керамикалық бұйымның ақауларын қайта қалпына келтіруге және оған қандай да бір түс беретін қолданбалы керамикалық қабат.

Ангобтау, бедерлеу, бояу-тәсілдердің бұл комплексі сыртқы қабаттың қайта өңдеуімен байланысты, яғни сыртқы қабаттың қосымша сазбен қайта өңделуімен сипатталады. Бедерлеудің техникалық әдісі керамикалық өндіріске дейінгі кезеңде астық сақтауға арналған үлкен шұңқырлар, ошақтар жасауда қалыптасып, үлгерген болатын.             Тазаланған  әбден сумен араластырылған, басқа күйдегі қабатқа жапсырылған саз кепкен кезде едәуір өзгеріске ұшырайды. Бедерлеу процесінің өзінде механикалық қысым мен қатайту әрекеттері оны кептіру кезінде өзгеруіне жағдай жасайды. Қалыптасқан пленка сыртқы қабаттың қатаюына, яғни мықты болуына ықпал жасайды. Керамикалық кезеңге дейін жасалынған кепкен, бірақ күйдірілмеген ыдыстардың сақталуы арнайы дайындалған саздан жасалған «футлер» мықтылығының тамаша дәлелі болып табылады.

Ангоб сыртқы қабатқа жағылатын бір жағынан декоративті элемент болып табылатын, екінші жағынан бұйымның техникалық сапасын арттыратын саз қоспасы болып табылады. Ежелгі технологияны зерттеуші А.Лукас ангобқа анықтама бере отырып, оның негізгі төрт белгісін көрсетеді;

1)     ангоб ыдыстың түр-түсін өзгертеді.

2)     Ыдыс қабырғаларын мейлінше ылғал өткізгіш етеді;

3)     Сыртқы қабырғаларын мейлінше, яғни қабаты қосымша жұмсақ (гладкий) етеді;

4)     Ыдысты жазуға ыңғайлы тамаша тегістік (груит) жасайды.

 

Глазурьлеу. Глазурь.

Сеникаттарды глазурьлеу – ежелгі өндірістің маңызды технологиялық жетістіктерінің маңызды технологиялық жетістіктерінің бірі. Глазурьлеу ерекше технологиялық құбылыс ретінде б.з.д. Үм.ж-б.з.д. ІҮм.ж. басында (А. Лукас және Г.Чайлд бойынша) пайда болған. Глазурьді силикатты материалдарда қолдану сферасының кеңеюі және шыны типтес массалардың глазурьлер ретіндегі көптеген түрлері мен типтерін меңгеру – тек глазурьлеу технологиясының дамуы мен өзгеруінің күрделі процесі ғана емес сондай-ақ ежелгі шеберлердің өндірістік жетістіктерінің тарихы болып табылады.

         Глазурь құрамы жөнінен күрделі химиялық қосылыстарға (ежелгі үлгілерінде, әдетте, кремний қышқылдарының түрлі қышқылдармен қосылыстарна) ие, және кең мағынада шыны түріндегі масса түрінде қарастырылуы мүмкін. Глазурь құрамы шыны құрамы тәрізді, тек химиялық құрамына ғана емес, физикалық құрамына да байланысты болады.

         Химиялық құрамына және басты компаненттердің өзара қосылыстарына байланысты глазурьлердің келесі түрлері кездеседі. Қорғасын (свинцовые), қалайы (оловочное), барифті (баритные), темір (железистые), шпатты (половешпатовые) т.б.. Таяу және Орта Шығыста ең ежелгі глазурь түрлері қорғасын.

Күйдіру (обжиг).

         Керамика өндірісінің пайда болуы белгілі операцияларды меңгеру және саздың термикалық өңделуі, заттардың физика-химиялық түзілулері туралы жаңа тәжірбиелік білімдердің дамуымен байланысты болады.

         Саздың арнайы жасалған жағдайларды химиялық-физикалық түзілуінде күйдірудің маңызы зор.

         Ыдыстар күйдірілу кезінде барлық массалар қатысатын түбегейлі өзгерістер әлі күнге дейін зерттеліп бітпеген күрделі химиялық процестер орын алады. Масса физикалық жағынан да өзгеріске ұшырайды. Бұйымның салмағы массалардың ммеханикалық және термикалық сапасы өзгерді. Сондықтан, кептіру және күйдіру процестері тұрмысқа қажетті, сапалы бұйымға қол жеткен кезде-ақ тәжірибе жүзінде қатаң назарға алынуы керек болатын.

         Термикалық өңдеу гончар пештерінің қолданылуына ықпал етті.

         Гончар пештері – «күйдіру құрамы» ұзақ және күрделі даму жолынан, күйдірудің әрбір нақты кезеңіндегі оптималық жағдайларын іздестіру жолымен өтті.

         Технологиялық процестің қарастырылған барлық звенолары нақты өнім-керамика өндіруге қажеттті жағдайлар болып табылады. Осындай әрбір звеноның техникалық схемасындағы терең және принцптері  өзгерістері (гончар пештерінің, гончар доңғалағының енгізілуі, глазурьлерді меңгеру т.б.) қайта құруды және бүгін технологиялық процес жаңа даму дәрежесін. Нақты керамика өндірісінің техникалық ұйымдастырылуын, оның белсенді прогрессивті дамуын анықтады.