Абдрахманова А.Т., Олжабай Ж.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

КІШІ МЕКТЕП   ЖАСЫНДАҒЫ НАШАР КӨРЕТІН БАЛАЛАРДЫҢ  КЛИНИКАЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ- ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

 

 

Нашар көретіндер көздің өткірлігі едәуір төмендеген, оптикалық түзету көмегімен, көру қабілеті 0,05-0,2 дейін көру өткірлігі бар балалар. Нашар көргіштік организмнің жалпы ауруларынан кейін және көз ауруларының салдарынан туындайды. Нашар көретіндерде қалдықты көрудің болуы- баланың білім алуына: еңбектік - әлеуметтік бейімделушілігінің дамуы үшін пайдасы мол. Сол үшін оны үнемі сақтау керек. Офтольмологтың, тифлопсихологтың, психологтың үнемі диагностикасы мен педагогикалық кеңестері қажет. Көрудің тез төмендеуі бірінші кезекте қабылдау процесіне әсерін тигізеді. Нашар көретін балалардың қабылдауы тежелумен, бейненің тарлығымен, нақтылықтың төмендеуімен ерекшеленеді. Қалыпты көретін балаға қарағанда олардың көру арқылы елестетуі анық емес. Сол себепті нашар көретін балаларға кеңістікте бағдарлану қиынға соғады. мұндай балалар көру арқылы жұмыс істегенде тез жалығады, ал бұл өз кезегінде көрудің одан әрі нашарлауына алып келеді.

Көздің талуы ой және физикалық жұмыс қабілетінің төмендеуіне әкеліп соқтырады. Бірақ та нашар көретін баладағы әлсіз көру қалыпты баладағыдай жетекші анализатор болып қалады. Нашар көретін балалар көру қабілетін қабылдаудың негізгі құралы ретінде қолданады. Нашар көретін балаларда көруі бұзылғанларда болатындай сезім түйсігі көру функциясының орнын ауыстырмайды. Балаларда кездесетін көру кемістігі күшейе түсетін және бір қалыпты болып бөлінеді. Күшейе түсетін көру бұзылысына глаукоманың бастапқы және қосалқы жағдайлары, көру жүйкесінің атрофиясы, жақыннан  көргіштіктің қатерлі түрлері және т.б. жатады. Бір қалыптыға – даму кемістігі: микрофтальм, катаракта, операциядан кейінгі афакия жатады.

            Нашар көретіндерде көру анализаторы қалыпты балалар тәрізді оқыту процесінде қолданылады. Нашар көретіндер құбылыстармен, заттармен танысуда, сонымен қатар кеңістікте бағдарлануда өздерінде сақталған көру қабілетін қолданады. Бірақ та олардың көру арқылы қабылдауы бөлшектеп толық емес күйде сақталған. Қоршаған ортаны көруі баяуланған және анық емес. Сондықтан олардың айналаны қабылдауы шектеулі.Нашар көретіндердің арасында түсті ажырату қызметі бұзылған адамдар да бар. Нашар көрушілік кеңістікте бағдарлануды қиындатады. Көруі бұзылған балалардың нашар көретіндерден айырмашылығы, нашар көретіндерде көрудің белгілі деңгейде бұзылуына қарамастан, көру қабілеті қабылдаудың негізгі құралы болып есептеледі. Нашар көретіндердің елестетуі тұрақсыздықпен, анық еместілікпен ерекшеленеді. Нашар көрушілік баланың психикалық және физикалық дамуына әсер етеді: белгілі бір деңгейде есте сақтау процесі тежелген, ойлау операциялары қиындатылған. Мұндай балалардың физикалық дамуының артта қалушылық себебі, шектелген қимыл-қозғалыстың әсері болуы мүмкін.

            Нашар көретін балалар кейбір тітіркендіргіштікпен, тұйықтықпен сипатталатын мінез-құлқындағы ерекшеліктермен ерекшеленеді. Бұл жетіспеушілік көру кемістігі салдарынан ойында, оқуда, құрдастарымен қарым-қатынаста болатын қиындықтармен түсіндіріледі. Сондықтан нашар көретін балалар оқыту мен тәрбиелеудің арнайы жағдайын талап етеді. Егер де нашар көретін бала жалпы білім беретін мектепте оқи бастаса, оның жұмыс қабілеті басқа оқушыларға қарағанда тез артта қала бастайды. Егер оның үлгерімі оның мүмкіндіктерінен төмен болса, онда бұл үлгере алмаушылыққа алып келеді.

            Көру жүйесінің бұзылу деңгейіне, оның белгілеріне, пайда болу уақытына, компенсация мүмкіндігіне байланысты нашар көретіндерге арнайы оқыту мен тәрбие жүйесі құрылған. Нашар көретін балаларды оқыту жағдайы әлсіз көру қабілетін сақтай алатын, оның көру арқылы қабылдауын жақсартатын, ауыртпалық  түсірмейтін жағдайда болу керек. Оған көруді түзететін офтальмолог ұсынған құралдарды қолдану жатады: кәдімгі және арнайы  көзілдіріктер, жұмыс істейтін жердегі жарық беретін құралдар, арнайы оқулықтар, көру жұмысының күнтізбесін сақтау жатады. Көру кемістігінің компенсациясы ретінде оқытудың тифлотехникалық және аудиовизуальды құралдарды кең қолданады. Оптикалық тузету құралдарынан басқа да аудиовизуальды құралдар және аппараттар, есте сақтау құрылғылары бар электронды-оптикалық жүйелер қолданылады. Нашар көретін балалар арнайы мектеп-интернатта, нашар көруге арналған арнайы сыныптарда оқиды. Нашар көретіндермен жүргізілетін оқу–тәрбие жұмысының әдісі қалыпты жағдайдағы балалармен жүргізілетін әдістен ерекшеленбейді. Нашар көретін балалармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысының негізігі міндеті-әлсіз көру жүйесін сақтау және оны ары қарай дамыту. Осыған байланысты нашар көретіндер оқитын оқу бөлмелері жарықпен қамтамасыз  етілген. Оқу бөлмесінің терезелерінде ашық түсті перделер ілінген. Оқу бөлмесінің қабырғалары  жасыл, көк түс беретін сырлармен боялған. Арнайы нашар көретін балаларға арналған бір оындықты парталар оқу, жазу, сурет салу барысында олардың дұрыс отыруына жағдай жасайды және кітап пен дәптерді көзбен керекті арақашықтыққа қоюға мүмкіндік береді. Нашар көретін балаға үлкен шрифпен жазылған кітаптар қолданылады. Жазуға үйрету жолдары арнайы сызықтармен бөлінген дәптерлер қолданылады. Нашар көретіндерге арналған көрнекі оқулықтар балалардың елестетуін анықтауға және көзді сақтауға әсер етеді. Мұндай оқулықтарда суреттер, схемалар анық көрсетілген. Сабақ барысында әр түрлі диафильмдерді, дыбыс жазатын және дыбыс шығаратын аппаратты қолдану жақсы нәтижелерді береді.

Тәбие жеке тұлғаның санасына, мiнез-құлқының дұрыс қалыптасуына әcep eтeтін құрал. Тәрбие процесiнде жеке тұлғаның сана сезімі мен акыл-ойына жүйелi түрде әcep етіп, оның дүние танымын калыптастырады, ерiк-жiгерi мен моральдық бейнесiнiң қалыптасуына оң ықпал етеді. Күнделiктi iс-әрекет күрделi және көп қырлы, ол кеңiстiкте бағдарлану, коршаған ортаны қабылдау, өзiн-өзi бақылаумен байланысты. Бұл баладан нақты зейiнді, оперативтi ойды, есте сақтауды, жылдамдық пен реакцияның тұрақтылығын және басқа да қасиеттердi талап етедi. Кейде бұл талаптар көруі бұзылған және нашар көpeтін балалардьң психологиялық және физиологиялық мүмкіндіктерінің көрінісі. Ағзаның психологиялық қасиетiнiң талабымен сәйкес келмесе балаға көрсетiлетiн оқу, еңбек, ойын әрекетi жүйке жүйесiнiң ауруына әкеледi. Осыларды тәрбие жұмысын ұйымдастыру кезiнде ескеру керек. Тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру кезiнде баланьң дамуы дұрыс қалыптасады. Балаға педагогикалык әcep етудiң мақсаты таным мүмкiндiктерiнiң дамуына қабiлеттi өмip талабымен тығыз байланысты.

Ic-әрекеттiң әp түрлi түpiмeн қамтамасыз ету, бiлiмдi меңгерумен қамтамасыз ету, дағдымен бiлiктiлiктi қалыптастыру, оларды еңбек және оқу әpeкeтінің әлеуметтiк мағынасын түciну деңгейiне дейiн көтеру. Бұлардың бәрi көруі бұзылған және нашар көpeтiн балалардың мүгедектiк жағдайын тольқтырады. Көру бұзылысы бар балаларды адамгершiлiк, эстетикалық физикалық, еңбектiк тәрбиелеуге болады. Көруі бұзылған және нашар көретіндерді эстетикалық тәрбиелеу мәселесі оқу, еңбек, ойын әрекетінде маңызды болып келеді.Қазіргі уақытқа дейін сабақ мазмұнын меңгеруге басты көңіл бөлінетін. Бұл тәрбиенің міндеті–жас ұрпақты өмірдің барлық саласындағы адамның өмірімен, тұрмыстағы, еңбектегі, көркемөнердегі, табиғаттағы сұлулық пен әсемдікті көре білетін, ұға білетін және оларды өзі де жасай алатын азамат етіп тәрбиелеу. Іс-әрекеттің барлық түрінің ішкі қажеттілігін ояту үшін мәдени эстетиканың атқарар қызметі үлкен. Ол адамның өмірге, өнерге деген көзқарасының өзгеруіне әсер етеді. Көруі бұзылған және нашар көретін балаларды оқыту мен тәрбиелеуде танымдық және тәрбиелік жағы және сезімдік – эмоционалды, эстетикалық жағы аз көрсетілген. Соңғы уақытқа дейін оқу, еңбек, ойын әрекетінің эстетикалық мазмұны сипап сезу арқылы қиын беріледі деп санаған.

Баланың эстетикалық  даму деңгейінің көрсеткішіне баланың эстетикалық уайымы мен қайғыруына әсер етеді. Эмоцияналды–эстетикалық реакцция, жағымды эмоция шындықпен тиімді қарым–қатынастың құрылуы баланың эмоцияналды даму деңгейін көрсетеді. Оқу, еңбек, ойын әрекеті эмоционалды құндылық қарым–қатынасының байланысы. Эстетикалық сезімнің дамуы мақсат, қажеттілік әсерінен болады. Эмоционалды – эстетикалық тәрбиенің қатарына эстетикалық қажеттіліктің дамуы үлкен орынды алады. Олар екі түрде болады: жеке қажеттілік және көркемдік ғылыми жасағыш. Бірінші жағдай сияқты, екінші жағдайда да эстетикалық қажеттілік эмоционалдық қажеттілік үшін қызметі дайын. Бірінші жағдайдағы қажеттілік қоршаған ортадағы эстетикалық қарым – қатынастың жоғарлауында. Екінші жағдайдағы қажеттілік - өнердегі бағыт мақсатқа жетелейді. Балада көркем суретке, мүсінге, өнерге қызығушылығы эстетикалық қажеттіліктің көтерлуі. Бұл процесс неғұрлым ерте басталса, сол ғұрлым оқу процесінде эстетикалық қажеттілігінің  дамуының үлкен нәтижесіне жетуге болады.

Көзі көрмейтін және нашар көретін баланы тәрбиелеу мен оқытуда жанұядан дамытудың ерекшеліктерін, психикалық қызметте қалыптасқан ақаулардың алғашқы әсерлерінен  қозғалыс, әлеуметтік, оқу және басқа да білімдерді білу талап етіледі. Кеңістіктегі даму бағыты мен қалыптасу әдіс, тәсілдері қоршағанәлемнің пайда болуы мен құралдарын қабылдау , қарым-қатынас жасаумен құрдастарымен, үлкендермен араласу, өзін-өзі күту. Сақталған сезімнің көмегімен баланың қоршаған ортаны тану. Туа біткен көруі бұзылғандардың  психикалық дамуы көретін балалардың дамуы сияқты заңдылықтардан тұрады, бірақ көзбен шолу бағдарлауының болмауы қозғалыс сферасына айтарлықтай үлкен әсер етеді. Көруі бұзылғандар үшін өзіне тән бағдарлануы дыбысқа реакция беру болып табылады. Көруі бұзылған балаларда дыбыс - бағдарланудың негізгі функциясы. Туа біткен көруі бұзылғандық – баланың ана құрсағында жатқан кездегі зақымданудан немесе аурудан, тұқым қуалаушылық жолымен берілетін кейбір көру дефектілерінің нәтижелерінен пайда болады. Жүре пайда болған көруі бұзылғандық әдетте көру мүшелерінің аурулары мен орталық жүйке жүйесінің ауруы (менингит, ми ісігі, менингоэнцефалит) организмнің жалпы ауруларынан кейінгі қиындықтар (қызылша, тұмау, скарлатина) мидың немесе көздің травмалық зақымдануы. Көру анализаторының бұзылысы  күшейе түсетін және бір қалыптылық болып бөлінеді. Күшейе түсетін көру дефектісі кезінде патологиялық процестің әсер етуінен көру функциясының біртіндеп нашарлауы жүзеге асады. Мысалы: глаукома кезінде көз ішінің қысымы көтеріліп, көз терісінде өзгерістер пайда болады. Ми ісігінің пайда болуынан көру қабілеті төмендейді. Оқу мен жазудың санитарлы-гигиеналық талаптарын орындамағанның әсері жақыннан және алыстан көргіштікке алып келуі мүмкін.

Кіші мектеп жасындағы көруі бұзылған балалардың қоршаған ортаны қабылдау мүмкіндіктері сипап сезу, иіс сезу, тактильді қабылдау, есту арқылы қабылдаумен жүзеге асады. Көруі бұзылған балаларда қалыпты балаларға қарағанда компенсаторлы анализаторлары жоғары деңгейде дамыған. Әсіресе сипап сезу қабілетінің сыртқы ортадан берер ақпараты мол. Бұл балалардың көру қабілеті болмағандықтан, ол есту қабілетіне сүйенгендіктен есту қабілеті аса қарқынды дамиды. Осы тақырып бойынша кіші мектеп жасындағы көруі бұзылған балалардың қабылдауын айқындау мақсатымен түрлі зерттеу әдістері қолданылды.Біздің зерттеу жұмысымыз  көруі бұзылғанлар мен нашар көретіндерге білім беру мекемесі « Болашақ » мектеп интернатындағы 2 сынып оқушыларына жүргізілді. Тәрбие гигиенасына сәйкес көруі бұзылған баламен жасалатын қарым қатынас дені сау баламен бірдей болу керек. Ондай балаға жастайынан жүруді де, өзін-өзі күтуді де, көзі көретін балалармен ойнауға да дағдыланып, оған сондай талап қойып отыру керек. Ондай балаға көзің көруі бұзылған екен деп аяныш білдірудің қажеті жоқ. Сонда ғана Щербина айтқандай көруі бұзылған бала өзінің кемдігін онша сезіне қоймайды. Кіші мектеп жасындағы көруі бұзылған балалардың қабылдау мүмкіндіктері қалыпты балалармен салыстырғанда күрделірек болады. Олардың қоршаған өмірді дұрыс қабылдауын дамыту келешекте әлеуметтік ортаға белсенді бейімделуіне зор ықпалын тигізеді. Естіп қабылдау көруі бұзылғанларға кеңістікте бағдарлануы мен қозғалысында маңызды рөл атқарады. Сондықтан көруі бұзылғандар үшін естіп қабылдау психикалық дамудың маңызды құралы болып табылады.Көруі бұзылғанларда есту қабілетінің дамуы олардың танымдық әрекеттері мен балалардың мінез-құлқына және бағдарлануына әр түрлі әсер етеді. Естуінің төмендеуі кезінде көруі бұзылған балалар есту қабылдауынан сипап сезу арқылы өзін бақылауға сүйенеді. Көруі бұзылғанлардың сипап сезу арқылы форманы қабылдауын зерттеу олардың сезімдік тәжірибелерінің жоғары екендігі және сипап сезуді тексеру тәсілдерін жылдам меңгеру қабілеттілігі анықталды.

 

 

Әдебиет:

 

1.             Агавелян О.К. Социально – перцептивные особенности детей  с нарушениями развития. Ч: 1999

2.             Астапов В.М. ВВедение в дефектологию с основами нейро – и патопсихологии. М: 1997

3.             Астапов В.М., Ю.В.Микадзе Обучение и воспитание  детей группы риска: Хрестоматия / Сост.. М: 1996

4.             Винарская Е.Н. Раннее речевое развитие ребенка и проблемы дефектоогии. М: 1987

5.             Воронова А.П. Нарушение зрительного гнозиса у дошкольников с речевой патологией / Дефектология. 1993  № 1

6.             Выготский Л. С. Балалардың жас ерекшеліктері және кемтар бала психологиясы туралы таңдамалы еңбектер . А: 1999      

7.             Выготский Л.С. Проблемы дефектологии. М: 1995