Бастауыш мектептегі  сабақтарда қазақ  этнопедагогика материалдарын пайдалану

 

                            Байдаулетова Шолпан Берікқазықызы

                                Қарағанды қаласы №18 ЖББОМ

 

Қазақстан Республикасында білім беру мен тәрбиенің мазмұнын жаңарту мәселесі алға қойылып, халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірбиесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру көзделіп отыр. Мектептегі шәкірттеріміздің бойында халқымыз ғасырлар бойы қастерлеп, тұтынып келген ар-намыс, ождан, инабаттылық, имандылық, мейірімділік, кішіпейілділік, атамекеніне, еліне деген суйіспеншілік сияқты асыл қасиеттерді тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады. Сондықтан, қазіргі білім беру үрдісінде этнопедагогикалық материалдарды пайдаланудың формаларын, әдіс-тәсілдерін жетілдіру аса қажет. Бұл міндетті жүзеге асыру бастауыш буыннан басталатыны белгілі.

Қоғамның барлық тарихи даму кезеңдерінде халық педагогикасы жайында ұғымды айқындау әр түрлі ғылыми-педагогикалық көзқарастарды қалыптастыру проблемаларына көптеген ғалымдар, педагогтар көңіл аударды, құнды пікірлер айтты, өмірлік мұра қалдырды. Халық педагогикасы – ұлттық қазына.Бұл ХХІ ғ ІІ жартысында кең өріс алды. Осы саланы дамытқан қазақ халқының ғұламалары Ш.Уәлиханов,Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаева, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев т.б. Бұл демократ-ағартушылардың еңбектеріндегі қазақ халқының әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрі, мақал-мәтелдері, фольклорлық жырлары және көркем шығармалары, мәдениеті ұлттық тәрбиенің құралына айналды.

Халықтық педагогика туралы ежелгі ойшылдардың, ғалымдардың ойлары бүгінгі зерттеулерде жалғасып келеді.

 Егеменді еліміздің пердесі ашылмай шіркеуленіп келген ұлттың тәрбиесі ХХ ғ 90 жылдарынан бастап еркін қолға алынды да, көптеген оқыту бағдарламалары мен оқу құралдары пайда болды. Ғалым К.Оразбекова «Иман және инаббат» (1993 ж) деген кітабында «Ұлттық тәрбиенің негізі – имандылық» деп, қазақ этнопедагогикасының бір қайнар көзін ашты. М.Оразбаев, М.Смаилова «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» деген кітабын жазып, қазақ этнопедагогикасының салт-дәстүрге байланысты саласын айқындап берді. Профессорлар Қ.Жарықбаев пен Ә.Табылдиев «Әдеп және жантану» (1994 ж) оқулығын жазып, қазақ этнопсихологиясы мен этнопедагогикасы ғылымынң негіздерін айқындады.

Бүгінгі таңда Қазақстанда этнопедагогика арқылы оқушыларға адамгершілік тәрбие беру проблемаларын айқындауда Р.К Төлеубекованың, Ж.Б Сәдірмекованың, Б.Ж Мұқанованың еңбектері ерекше ғылыми құндылыққа ие болып отыр. Халық педагогикасы дәстүрі негізінде бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде болашақ мұғалімдерді дайындау мәселелері  А.Әлімбаевтың, С.Қ Абильдинаның зерттеулерінде әр қырынан сөз болады.

Халық педагогикасы ұлттық тәжірбиелер мен тағлымдардан тұратын бай қазына. Өшпес өнеге, тәрбие өрнектері: жырлар, ертегілер, аңыздар, жаңылтпаштар, жұмбақтар, санамақтар, мақал-мәтелдік сөздер, ұлттық салттар мен дәстүрлер, рәсімдер, әдеп-ғұрыптар, ұлттық ойындар, үлгі-өнегелер- халықтың қ ұнды мұрасы, тәлім-тәрбиенің баға жетпес қайнар көзі.

Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тәрбиенің белгілі жүйесінде жас буын жадына біртіндеп сіңіріп отыратын арнаулы жолдар, тиісті тәсілдерде болған. Мәселен, мақал-мәтелде – адамгершілік, имандылық, тәрбиесіне байланысты, әдет-ғұрыптар насихатталса, жұмбақ пен айтыстарда – ақыл-ой тәрбиесі, өлең, жыр, дастандарда әсемдік тәрбиенің негізгі принциптері, ал халықтық тәрбиенің сан алуан мәселелерін қозғайтын тәлімдік материал ретінде ертегілер пайдаланылған. Демек, халықтық педагогика – тәлімдік, тәрбиелік ой-пікірдің бастауы, халықтың мұрасы. Қазақ халқының тәсілдік мәні зор ой-толғаныстары бесік жыры мен батырлық эпостарда, ертегілер мен аңыздарда, шешендік сөздер мен айтыс-термелерде көптен кездеседі. Мұндағы ұрпақ тәрбиесінің негізгі түйіні – адамгершілік-имандылық, ақыл-ой, еңбек, эстетика, дене, отбасы тәрбиесіне байланысты мәселелерге келіп тіреледі.

2-сынып оқушыларымен жүргізілген жұмыс.

Қазақ этнопедагогика материалдыры: жұмбақтар, мақал-мәтелдер, сәндік-қолданбалы өнер, ертегілер, жаңылтпаштар пайдаланылған шаралар өңделді. Бұл қазақ этнопедагогика материалдары сабақта және сабақтан тыс жұмыстарда қолданылды.

Қазақ этнопедагогика материалдарын пайдалану бойынша жүргізілген жұмыстың тиімділігін анықтау үшін төмендегідей өлшемдер алынды:

1.     Халық тәрбиесі элементтері туралы білімнің қалыптасуы;

2.     Отанға деген сүійпеншіліктің қалыптасуы;

3.     Адамгершілік сапаларының қалыптасуы;

Оқушыларда халық тәрбиесі элементтері туралы білімнің, Отанға деген сүйіспеншіліктің, адамгершілік сапаларының қалыптасуын анықтау үшін сауалнама жүргізілді. Қазақ этнопедагогика материалдары туралы білімнің қалыптасуы бойынша мәліметтерді өңдеу нәтижесі төмендегідей болды

 

1.     Халық ертегілері

 

Деңгейі

Оқушы саны

Көрсеткіші (%)

Жоғарғы

1

5

Орташа

2

10

Төмен(кеміді)

3

15

 

 

 

 

2.     Қазақ мақал-мәтелдері

 

Деңгейі

Оқушы саны

Көрсеткіші  (%)

Жоғарғы

2

10

Орташа

3

15

Төмен(кеміді)

6

30

 

3.     Халық ойындары

 

Деңгейі

Оқушы саны

Көрсеткіші (%)

Жоғарғы

3

15

Орташа

3

15

Төмен(кеміді)

6

30

 

4.     Отанға деген сүйіспеншілік

 

Деңгейі

Оқушы саны

Көрсеткіші (%)

Жоғарғы

1

5

Орташа

2

10

Төмен(кеміді)

3

15

 

5.     Адамгершілік сапаларының қалыптасуы

 

Деңгейі

Оқушы саны

Көрсеткіші (%)

Жоғарғы

4

20

Орташа

1

5

Төмен (кеміді)

5

25

        

.

Бастауыш мектептің оқу-тәрбие процесінде осы материалдарды қолдануда оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін ескерген жөн.

Жұмыс барысында алынған салыстырмалы нәтижелер бастауыш мектептің оқу-тәрбие процесінде қазақ этнопедагогика материалдарын пайдалану тиімді деген қорытындыға келуімізге себепші болды.

 

Қолданылған әдебиеттер: 

1.     . // «Қазақ хрестоматиясы» 2003

2.     . // «Бала тәрбиесі» 2008 №3   

3.      // «Бастауыш мектеп» 2010 № 3