Абылай Ханның жан-жалдардың алдын алу тактикасы мен стратегиясы

Усимбеков Серикболсын Аширалиұлы - Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері университеті, Халықаралық қатынастар мамандығы, 2курс студенті, Қазақстан, Алматы

Ғылыми Жетекші: Раев Д. С.-филос.ғ.д.,профессор

Менің бұл тақырыпты алу себебім бүгінгі таңда өзіміз куә болып отырғандай елімізде және басқа да шет елдерде болып жатқан халықаралық деңгейдегі жан-жалдардың алдын алуға өз үлесімді қосқым кледі. Мәселен еліміздің батыс өңірінде болып жатқан діни терористік актілердің алдын алу, елдер арасындағы бейбітшілікті сақтау және де әлемде белең алып кележатқан парақорлық актілерінің алдын алуын төмендегі мақаламда қарастырмақпын.

Үш жүздің басын біріктіріп, қазақ елінің бірлігін айрандай ұйытып, қазақ халқының қазақтығын сақтап, шет елдермен өте көрегенді қарым-қатынаста болған Хан Абылай, өз заманының патшасы болған. Және де дипломатия әлемінде Хан Абылайдың орны ерекше.

Абылай хан өзінің билігінің бастапқы шегенді Қырғыз-қайсақтың басшысы Қалдан Сереннің қолына тұтқынға түседі. Олардың Абылай ханды босатудғы талаптары: Қарасақал атты баскесермен оның адамдарына айырбастау еді. Бірақ хан Абылай Қалдан Сереннің қолында ұзақ отырады. Қазақ елінен Төле би бастаған елшілер қауымы Қалдан Серенмен дипломатиялық келісім жасауға барады. Қырғыз елінің патшасы оған көне қоймайды. Хан Абылай тұтқында жүріп  Қалдан Серемен жақсы қарым қатынасқа түсіп алады. Абылай сұлтан бірнеше уақттан кейін бостандыққа шығады. Менің ойымша бұл бостандық Абылай ханның ақыл парасаттылығының, көрегенділігінің, білімділігінің, қайрат-жігерлігінің, терең ойшылдылығының арқасында қол жеткізілген бостандық деп ойлаймын. Жұртшылыққа белгілі болғандай ол заманда ерен сабырлық танытпаса шет елдермен ортақ тіл табысу қиын  амал-тәсіл болатын.

Хан Абылайдың бостандыққа шығу себебі Ресей империясының ықпалымен болды деген өсек аянаттар шықты. Бұл сыбыстың өтірік екендігінің бірнеше айғағы бар. 1740 жылы сұлтан Абылай Орынборға барып келгеннен кейін Ресей губернаторлары Абылай ханды өздеріне келіп кетуін талап етеді. Бірақ орта жүздің ханы бірнеше рет олардың талабына мойынұсынбайды. Және де 1745жылы 16 сәуірде Орынбор губернаторы, құпия кеңесшісі Иван Неплюевтің Абылай сұлтанға жіберген хатын айта кетсек те болады.

Тағы бір айта кететін жайт, Абылай хан Қытай елімен соғысып жүргенде Ресей елінен қару-жарақ сатып алып отырды. Хан Абылай Ресейге ешқашан бас имеген. Осының бір айғағы 1745жылы Абылайдың полковник Павлуцкийге жазған хатын ескере кетсек те болады. Бұл хатта егер Ресей арадағы сауда саттық мәселесіне салғырттық танытып жатса «Екі ел арасында қандай одақтастық болады» деген сөздеріне көңіл бөлуіміз керек. Бұл дегеніміз Абылай ханның ресейге берген сертін «Одақтастық» ретінде ғана қарастырған.

Абылай хан мұсылман елдерін біріктіру саясатының аясында Ауғанстан шаһы Ахмади Дураниға және Түркия еліне елшілер жібереді.

1771 жылы Еділ қалмақтары жоңғар еліне қазақ иелігі арқылы көшіп бара жатқанда Абылай және Нұралы хандар оларды тұтқынға алады. Жоңғар қалмақ қолбасшылары Серен мен Ұбашы халқының амандығын сақтап қалу үшін, жеңілгендіктерін мойындап олармен бірігу шешіміне келеді. Сөйтіп Орта жүз ханы Абылайға елші жібереді. Бұл мәселеге Абылай хан терең саясатпен және парасаттылықпен көңіл бөліп, оларды босатуға қол ұшын тигізеді. Өйткені Абылай хан қазақ халқының болашағын ойлады. Елдер арасындағы болашақ қарым-қатынасында ескерді. Және орта жүз елін бұрынғы Қырғыз қалмақ мекен еткен жеріне көшіруімен Абылай хан өзін тағы да дипломатиялық қырынан танытты. Хан Абылай тек саяси ғана емес, гео-саяси сасат жүргізді. Өткені, солтүстігінде Ресей, шығысында Қытай, оңтүстік шығысында Қырғыз елі ал, ортасында Қазақ елі өмір сүрді.

1742-1758 жылдары И.И. Неплюев қазақ-орыс дипломатиясына өзіндік үлесін қосты. Және ол қазақ елімен бірігу саясатын жамылып қазақ елін Ресейдің вассалына айналдырғысы келді. Осы жоғарыда айтылып кеткен ойын жүзеге асыру үшін Губернатор, Абылай сұлтанға Орынборға сауда-саттық жасауға хат жібереді. Мұндағы генералдың мақсаты сауда-саттық жүргізуді жамыла отырып Абылай ханды өзіне тіуелді етіп қою еді.

Хан Абылай Ресей империясына жазған хатында: Император I-ші Елизаветаға деген сертінің берік екендігі жайлы жазған. Сонымен қатар өзін Ресей әкімшілігіне бағыныштымын деп есептемеген. Егер әкімшіліктен келген бұйрықтар Абылай сұлтанның ойымен түйіспесе, әр-түрлі себептермен орындамауға тырысатын. Соның бір айғағы Қарасақал атты башқұрт көтерілісінің басшысын ресей әкімшілігіне сатып жібермеуі.

1757 жылы Абылай ханмен Цин империясының арасында бейбітшілікте өмір сүру және бейбіт сауда саттық жасау туралы келісім шартқа қол қойылды. Қазақ билеушісі Абылай бұл келісімге баруға мәжбүр болды. Өйткені, келешектегі кездейсоқ соғыстарды және жан-жалдардың алдын алуы болды. Және тағы бір мақсаты Қытай еліне сауда жолын ашып, Тарбағатай, Жетісу жерлерін қазақ иелігіне қайтару болды. Бұл жайында хан Абылай Ресей империясына хат арқылы баяндап отырды. Қытайлықтар Абылай хан Ресейдің қол астынан шығып Цин империясының қол астына кірді деген сыбыстар шығарды.

Қазақ елінде болған тілмәш Матвей Араповпен бірге хан Абылай Ресейге Жолбарыс сұлтанмен тағы 5 елшіні қосып хабарлама жібереді. Бұл хабарламада Ресей империясының билеушісіне деген сенімінің өзгермендігі жайлы айтылған. Және Абылай Цин империясының қол астына кірді деген ойынан арылсын деген мақсатта орындалған алдын алу шарасы болды.

Ресей өзінің қорқынышымен Хан Абылайға деген ризашылығы үшін Империя басшысы Абылай ханға қамшы сыйлады.  Бұл қамшыда «Алланың кеңшілігімен Елизавета I-ші » деген жазу болды. Және Ресей Абылайды Ресми түрде патша етіп сайлағысы келді. Бірақ хан Абылай мұндай құрметтен бас тартты. Өйткені, менің хан тағынан басқа да дипломатиялық келіссөздерім бар және Әбілмәмбет ханның ақыл-кеңесінсіз жұмыс жасай алмайтындығын айтты. Жалпы бұл мәселеде де хан Абылайдың өзіндік жан-жалдың алдын алу тактикасы болатын. Өйткені, жүзбасыларының және халқының сайлауынсыз хан болса, басқа ұлыс хандарының қолдауынан және жүзбасыларының кеңесіңнен және қоластындағы адамдарының сенімінен айырылғысы келмеді. Және мұндай жолмен келген «патшалық тақ» Абылай сұлтанның саяси ұстанымына кері еді.

Абылай екі күшті мемлекетпен қарым-қатынасын үзбей әрі қарай дамыта түсті. Цин империясы да Ресей империясы да ұлы жүзбен орта жүздің болашақ ханымен қарым-қатынасын үзгісі келмеді. Екі ел де Абылай сұлтанның дегеніне көнумен болды. Өйткені, Ресейдің де Цин империясының  да қол астына бағынбаған хан Абылай өзінің аса дипломатиялық көрегенділігімен осы екі үлкен мемлекетті қазақ еліне тәуелді етіп қойды.

Мұндағы Абылай ханның тактикасы екі күшті және бір-біріне қарсы екі мемлекетпен келіссөз жүргізу арқылы қазақ елінің өзекті мәселелерін шешу болып табылды. Өйткені екі күшті мемлекет бір-біріне қол сұғудан аяқ тартатын және басты саяси дипломатияның орталығы қазақ елімен қарым қатынастарын үзіп алудан қорықты.

Ресейде өзіндік мақсатын ұстанды қазақ елін өзіне тәуелді еткісі келді. Кіші жүз ордасының ханы Нұралы ханды өзіне тәуелді еткісі келді. Алайда 1756жылы беделді үйсін биі Төле Әлібеков дүниеден қайтқаннан кейін орта жүз ханы Абылайдың билігі Ұлы жүзге дейін созылды.

Абылай ханның стратегиясы – қазақ елін бір одаққа жинап тәуелсіз қазақ елі еткісі келді. Және де басқа елдермен достастық және одақтастық қарым-қатынаста болу еді. Осылайша 1771 жылы қазақ-орыс қарым-қатынасы Абылай ханның жан-жалдардың алдын алу стратегиясы мен тактикасы арқасында елдер арасындағы қарым-қатынастар нығая түсті. Оның сыртқы және ішкі саясатының мақсаты – қазақ жүздерінің бірігуі және қазақ елінің қазақтығын сақтап қалу болды. Жәнеде Хан Абылай көздеген мақсатына жетті. Бұл жетістіктің барлығы Абылай ханның кқрегендігінің, сабырлығының, басқару саясатының дұрыстығының және халқының қолдауының, би көсемдердің кеңесінің арқасында келген жетістігі.

Абылай хан кезеңіндегі жарты ғасырлық басқару саясаты қазіргі таңдағы саясатта, дипломатияда, жан-жалдардың алдын алу және шешу тәсілдерінде өте құнды бағыт бағдар. Оған қоса бүгінгі таңда сол кезеңнен қалыптасып келе жатқан қазақ-орыс қарым-қатынасы өте жоғары деңгейде даму үстінде. Бүгінгі таңда Қазақ елі Қазақстан атымен күллі әлемге белгілі, алдыңғы қатарлы дамушы елдердің қатарындағы тәуелсіз суверинетитеті оте берік саяси дипломатияның орталығы десек жаңылыспаған боламыз.