Шалтыков А.И., доктор политических наук, профессор
Алматы қ., Қазахстан Республикасы
ШАНХАЙ
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫ
ЖӘНЕ
ҚАЗАҚСТАН
Қазақстанның тәуелсіздігін жариялағаннан
кейінгі мемлекет саясатының басты бағыттарының бірі –
бұрынғы кеңестік республикалармен және Орталық
Азиямен интеграциялық үдерісті дамыту болды. Орталық Азияда
құрамының әртүрлілігінің өсу салдары
біржақты емес, бұл жағдай бір жағынан, аймақтағы
ұлттық мемлекеттердің тәуелсіздігін
нығайтуға деген талпынысын ынталандырса, екінші жағынан,
шамадан тыс әртүрлілікке ұмтылушы локализмді жандандырды.
Ғаламдық қауымдастыктың ұдайы
өндірісіне қатынасу Орталық Азияға тиімді
құрамда болмаса да мұхиттық-континентальдық
байланыстарға кіруге мүмкіндік берді.
Мұндай байланыстарға кіру бір жағынан Ұлы жібек
жолы сияқты дәстүрлі коммуникацияларды қайта
жандандыруға, екіншіден, әсіресе мұнай-газ
құбырлары сияқты қазіргі заманғы
коммуникацияларды дамытуға қолайлы жағдай туғызды.
Ең бастысы осы коммуникацияларды игеруге ұмтылушы жаңа
әріптестер табу арқылы байланысты кеңейтуге мүмкіндік
берді. Осыдан он жыл бұрын Шанхай ынтымақтастық ұйымын
құру туралы шешімнің қабылдануы стратегиялық
жағынан өте дұрыс таңдау болғандығын
уақыттың өзі дәлелдеп берді. Азғантай
уақыттың ішінде алдына қойған міндет-мақсаттарды
табыспен атқаратын қуатты және перспективалы ұйым
ретінде танылды. Шекарамыздың бойында қауіпсіздік пен
сенімділіктің кең аумағы құрылды. Қазіргі
кезде ұйымның негізін алты мемлекет қалап отыр:
Қазақстан, Қытай Халық Республикасы,
Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан және
Өзбекстан.
Аймақтағы бейбіт өмірді, қауіпсіздік пен
тұрақтылықты сақтау, қазіргі заманғы
қауіп-қатерлерге қарсы бірлесіп қимылдау секілді басты
міндеттер жүзеге асып отыр.
Терроризм, сепаратизм, экстремизм, заңсыз есірткі және
қару-жарақ айналымына, трансұлттық қылмыс,
заңсыз миграцияға, адам саудасына тосқауыл қою секілді
тағы да басқа бағыттарда ұйымның
Аймақтық антитеррорлық құрылымының
кеңесі мен Атқарушы комитеті қомақты жұмыс
жүргізіп келеді. Ал, экономика-лық, ғылыми-техникалық ынтымақтастық
және гуманитарлық байланыстар өңірдегі
халықтың дамуы мен гүлденуіне жаңаша серпін беруде.
Осыдан-ақ ұйым болашағының зор екендігін
бағамдауға болады. Тұтастай алғанда,
Қазақстанның ШЫҰ-ға қатысуы Қытаймен
және Ресеймен, сондай-ақ ұйымға мүше басқа
да елдермен ынтымақгастықты нығайтуға
бағытталған сыртқы саяси бағытқа толық
кәлемінде жауап береді. Осыған байланысты берік
құқықтық базаға негізделген Ресеймен
қарым-қатынас көпқырлы және прагмати-калық
сипатқа ие болуымен ерекшеленеді. Өзара ынтымақтастық
пен түсіністіктің жемістілігіне екі ел арасындағы тарихи
маңызы зор әлемдегі ең ұзақ
кұрғақтағы шекараның делимитациялануы
айғақ бола алады. Қысқасы, шекаралық
аудандардағы байланыстардан бастап, ғарыш саласындағы
біріккен жобаларға дейін Қазақстан мен Ресейдің
ынтымақтастығы жарасып отырғандығын көрсетеді.
Қытаймен сауда-экономикалық ынтымақтастық та
ырғақты дамып келеді [1, 12 б.]. Осы тұрғыдан
алғанда, Қытайға тартылатын мұнай құбыры
құрылысы, айтарлықтай бөлігі Қазақстан
аумағы арқылы өтетін транс-азиялық темір жол магистралі
уағдаластықтарының маңызы зор [2, 83 б.] Аталған
жобалардың жүзеге асуы Шығыстағы көршіміз
Қытаймен тауар айналымын айтарлықтай ұлғайтуға
мүмкіндік береді.
ШЫҰ шеңберіндегі экономикалық ынтымақтастық
Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына
өту үрдісіндегі позициясын бекемдей түсуге оң
ықпал ететіні күмәнсіз. Қазіргі кезде мемлекеттік
органдар біздің Ұлттық мүддеміз сенімді
қорғалуы үшін үлкен жұмыс жүргізу
үстіңде. Мұның үстіне ШЫҰ-ға
мүшелік Қазақстанның турлі интеграциялық
бастамалары мен басқа да интеграциялық жобалар шеңберіндегі
ынтымақтастығына қайшы келмейді, керісінше оларды
толықтыра түседі. Меселен, Қазақстан үшін
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберінде ЕурАзЭҚ-ты
дамыту басты бағыт болып қала бермек. Өйткені, оның
әлеуетін толықтай пайдалану біздің Ұлттық
мүдделерімізге сейкес келуімен қатар, ұзақ мерзімді
перспекти-валар тудыратынымен де қызықтырады.
Келесі бір бағыт жақында Ресей қосылған
Орталық Азия ынтымақтастығы ұйымының
қызметін белсенді ете түсу болып табылады. Аталған ұйым
аясында Орталық Азия елдерінің тағдыршешті мүдделеріне
қатысты нақты проблемаларды шешуге қарай қозғалыс
байқалып, өңір елдері экономикасын жақындатуға
бағытталған маңызды қадамдар жасалды. Астана
саммитінің алдында өткен Душанбе басқосуында су-энергетика,
азық-түлік және көлік консорциумдарын құру
жөніндегі тұжырымдамаға қол қойылды. Енді
аталған ұйым аясында ортақ рынок құру
жөнінде бірлесіп жұмыс жүргізу міндеті түр.
Аймақтағы жаңа геосаяси және геоэкономикалық
жағдайға орай әңгіме қозғасақ,
Қазақстан басшысының 2005 жылғы Қазақстан
халқына Жолдауында айтылған Орталық Азия
мемлекеттерінің одағын құру туралы бастаманы
жүзеге асыру зор маңыз ала түседі. Осы бағытта
тоқтаусыз алға жылжу Орталық Азия аймағын
өркениет әлемінің тұрақты, тең
құқықты бір бөлшегіне айналдыруға
мүмкіндік бермек [3].
ШЫҰ құжаттарында көрсетілген
халықаралық сипаттағы толып жатқан міндеттері бар.
Мұндай жағдайда әрине, геосаяси иерархия жойылмайды,
бұрынғыдан да күрделі, көпсатылы, көпқырлы
түрге енеді. Әр елдің ресурстарына, мүмкіндіктеріне,
өзіндік идентификациясының деңгейіне байланысты шынайы
егемендігін жүзеге асырудың өз үлгісі бар. ШЫҰ-на
мүше елдер үшін өзекті мәселенің бірі -
өзіндік идентификация.
Бұл қауымдастық ғаламдық, геосаяси,
аймақтық даму өлшемдері мен қазіргі
дәуірдің ерекшеліктерін ескере отырып, жаңа сапалық
деңгейдегі бірлескен іс әрекетке және интеграцияны
дамытуға қажетті жағымды негіз кұрайды. Бұл
елдерде бір жағынан, ортақ мұра, ортақ проблемалары
болса, екінші жағынан, халықтар игілігі үшін бірлесе отырып,
өзара құрмет жағдайында шешуге болатындай зор
мүмкіндіктер де бар. Бұл қауымдас-тық
ғаламдық, геосаяси, аймақтық даму аішемдері мен
қазіргі дәуірдің ерекшеліктерін ескере отырып, жаңа
сапалық деңгейдегі бірлескен іс әрекетке және
интеграцияны дамытуға қажетті жағымды негіз
құрайды. Дегенмен де өзіндік идентификация
проблемасының өткірлігі, Орталық Азия елдерінің экономикалық,
саяси-құқықтық жүйелері
жағдайының транзиттік сипаты, жаңару
үдерістерінің әртүрлі серпіні, бағыты және
терендігі, осы процестер шеңберінде жүргізіліп жатқан
реформалар өмірлік қажетті интеграцияны жүзеге
асырудағы қиындықтарды анықтайды. Қазақстан
көптеген өркениеттер, этностар және діндер тоғысына
орналасқан. Сондыктанда оған интеграциялық
үдерістердің деңгейімен және жағымды
нәтижелерімен органикалық ұштасқан саяси
тұрактылық, ұлтаралық келісім және
аймактағы қауіпсіздік ауадай қажет.
Исламдық дүниеге байланысты және жаһанданудың
ықпалымен Орталық Азияның
мұхиттық-континен-тальдық байланыстарға тартылуы
қазіргі зерттеушілердің пікірінше дәстүрліліктің
локальды факторының көлемі мен терендігін өзгертуге
қалай әсер етсе, артта қалушылық пен тәуелділік
өлшемдерін айтпағанның өзінде жеке алғанда
фундаментализмді, жалпы алғанда діни фактордың рөлін
өзгертуге де солай әсер етеді .
Басқа мемлекеттер сиякты бұндай жағдайда
Қазақстанның да рөлі, оның қауіпсіздік
проблемасын шешуі, технологиялық өзгерістердің жаңа
толқынына ілесуі жақын және алыс шетелдермен өзара
тиімді саяси, шаруашылық, мәдени қарым-қатынас орнату
деңгейіне байланысты. ШЫҰ қылмысқа, есірткі тасымалына,
заңсыз миграцияға, адам саудасына қарсы күресті негізгі
мақсаттарының бірі санаса, Қазақстан
БҰҰ-мен, басқа да халықаралық ұйымдармен
көпжақты және екіжақты форматта ынтымақтасып
келеді.
Терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес
туралы 2001 жылғы 15 маусымдағы Шанхай конвенциясының
Тараптары болып табылатын Шанхай ынтымақтастық ұйымына
мүше мемлекеттер халықаралық бейбiтшiлiкті,
қауiпсiздiктi және көршiлiк тату және достық
қарым-қатынастарды, сондай-ақ мемлекеттер арасындағы
ынтымақтастықты қолдауға қатысты Бiрiккен
Ұлттар Ұйымының мақсаттары мен принциптерiн
басшылыққа ала отырып, терроризм, сепаратизм және
экстремизмнiң халықаралық бейбiтшiлiк пен
қауiпсiздiкке, мемлекеттер арасындағы достық
қарым-қатынастардың дамуына, сондай-ақ адамдардың
негiзгі құқықтары мен бостандықтарын жүзеге
асыруына қауiп төндіретiндігін жете түсiнiп,
Тараптардың аумақтық, тұтастығын,
қауiпсiздiгін және тұрақтылығын, оның
iшiнде терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы
күрестi ынтымақтастықты күшейту жолымен
қамтамасыз ету мүдделерiнде өзара келiсiлген
iс-әрекеттер қажеттiлiгiне көз жеткiзе отырып, 2001
жылғы 15 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымын
құру туралы декларацияға, 2001 жылғы 15
маусымдағы Терроризмге, сепаратизмге және экстремизм-ге қарсы
күрес туралы Шанхай конвенциясына және 2002 жылғы 7
маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының Хартиясына
сүйене отырып келiстi [4]. ШЫҰ-ның
терроризммен күрес, аймақтық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету, гуманитарлық проблемаларды шешу,
энергетикалық ынтымақтастықты дамыту, төтенше
жағдайлардығ алдын алу мен зардаптарын жою басымдықтары
Қазақстанның басқа елдермен
ынтымақтас-тығына еш қайшы келмейді.
Халықаралық терроризм құбылысының
Орталық Азия мен Қазақстанда орналасқан
аймақтарда бой көрсетуі осы елдердің зайырлы дамуы мен
бірлігіне, ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіріп
отырған басты мәселенің бірі. Президент Н.Ә.
Назарбаевтың: «Қазақстанда терроризм, сепаратизм және
экстремизм мәселелері бар. Әсіресе халықаралық
терроризмнің кең қанат жайғанын және
халықаралық қауымдастық пен аймақтардың
саяси-әлеуметтік және экономикалық мәселелермен
ұштасып, саясиланғанын ескерсек, олардың тарапынан
туындаған қауіп ойдан шығарылған емес, нақты
және шынайы өмірлік қауіп», - деген пікірі [5, 532 б.]
маңызды және оның маңыздылығы
экстремизмнің, оның ішінде діни экстремизмнің терроризмге
ұласуымен анықталады. Қазақстан өркениетті
қоғамның халықаралық терроризмге қарсы
күш-жігеріне қосылды. Еліміз аталған қатерді
ауыздықтауға бағытталған нақты ұсыныстарын
тұрақты түрде енгізіп келеді. Орталық Азия
ынтымақтастығы ұйымы шеңберіңде заңсыз
террористік ұйымдардың тізімін жасау жөніндегі
ынтымақтастық жұмыстары төтенше көкейкесті болып
табылады. Өйткені, бұл шара халықаралық терроризм-ге
қарсы күресте біртұтас саясат ұстануға
мүмкіндік береді. Осы бағыттағы жұмыс еліміз ішінде
белсенді жүргізіле бастады. Мысалы, еліміздің Жоғарғы
Соты бүгінгі күні 13 террористік ұйымды заңсыз деп
жариялады [6]. Қазақстан үшін Шанхай
ынтымақтастық ұйымына қатысудың маңызы
орасан. Қазақстан ШЫҰ-ға үлкен маңыз береді
әрі өзінің ұйымның қалыптасуын
ұйымдастыруға қатысуын басым міндет деп санайды. Басқаша
айтқанда, ШЫҰ Қазақстанның сыртқы
саясатында аса маңызды орын алады, себебі Қазақстан Евразия
кеңістігендегі территориясы мен табиғат байлығы орасан
мемлекеттердің бірі болып есептеледі.
Әдебиетттер
тізімі
1. Галямова В. ШОС как
инструмент обеспечения безопасности в Центральной Азии: перспективы организации
в свете результатов саммита // Analytic, 2005, № 4. - С. 12.
2.
Shi Ze. Relations Between China and Central Asian Countries Face
Opportunity of All-Round Development // China International Studies. Winter
2005. - C. 83.
3.
«Мемлекет басшысының Қазақстан халқына 2005
жылғы 18 ақпандағы Жолдауын iске асыру жөнiндегi
Жалпыұлттық iс-шаралар жоспарын орындаудың желiлiк кестесi
туралы». Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005
жылғы 5 наурыздағы N 210 қаулысы. ҚР Үкіметінің
2007.04.20. N 319 күші жойылған қаулысымен.
4.
«Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер
арасындағы Аймақтық терроризмге қарсы
құрылым туралы келiсiмдi бекiту туралы» Қазақстан
Республикасы Заңының жобасы туралы. Қазақстан
Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 14
ақпан N 160
5.
Назарбаев Н.Ә. Сындарлы он жыл. – Алматы: Атамұра, 2003. – 532
б.
6.
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының әлеуеті
Талғат Баймұхамбетов //Егемен Қазақстан// 2005 ж. 2
шілде