Тіл-халық мәдениетінің айнасы

автор: Шарипова Айжан Сейлхановна

Магистрант 2 курса  университета имени

Ш.Уалиханова г. Кокшетау

 

    Тіл мен мәдениет ара-қатынасы лингвистикада, тіл философиясы мен  мәдениеттануда түрлі қырынан зерттеліп жүр. Тіл білімінде бұл сауалға  тарих пен мәдениеттің, этнография мен лингвистиканың ортақ мәселелерін сөз ететін пәнаралық этнолингвистикалық зерттеулер, ізденістер жауап  береді. 

    Қазіргі лингвистикадағы антропо және этноцентризм қағидаларына  сүйенетін лингвоелтану, этномәдени және этнолингвистика салалары тіл  табиғатын оны тұтынушы халықпен бірге қарастыруды мақсат етіп келеді.  ХІХ ғасырда өмір сүрген неміс ғалымы В.фон Гумбольдтің «Среди всех  проявлений, посредством которых познается дух и характер народа, только  его язык и способен выразить самые своеобразные черты народного духа и  характера и проникнуть в их сокровенные тайны» [1;69] деген  тұжырымы, ой-қорытындылары тілді ұлттық феномен деп танитын бүгінгі  тіл біліміндегі жаңа бағыттарға жол сілтеді.

    Лингвомәдениеттану (лингвокультурология) латынның Lingua -тіл, Gultura - мәдениет, Logos - ілім деген терминдердің жинақталуынан туындап, лингвистика мен мәдениеттану пәндерінің торысуында пайда болып, халық мәдениетінің тілдегі әсерін, ерекшелігін, жаңаша көзқараспен салыстыра зерттейтін сала. Осы орайда атаулы бағыттың орыс тіл біліміндегі негізін қалаушы ғалым В.Н.Телия: "Лингвомәдниеттану - тілдің корреспонденциясы мен мәдениеттің өзара қатынасының синхронды түрін зерттейтін және сипаттайтын этнолигвистиканын бір бөлшегі". - [2;217] деп көрсетеді. Лингвомәдениеттану саласының орыс тіл білімінде теориялық және әдістемелік жолын сүрлеуші ғалым В.В.Вороьбев оны "металингвистика" ғылымы ретінде танытуға ғылыми бағыт бұрып, бұл саланың тіл мен мәдениеттің өзара әсерінің негіздерінен туындағанын дәлелдейді, әрі мынадай   ғылыми анықтама береді: "Лингвокультурология - комплексная научная дисциплина синтезирующего типа, изучающая взаимосвязь и взаимодействие культуры и языка в его функционировании и отражающая этот процесс как целостную структуру единиц в единстве их языкового и внеязыкового (культурного) содержания при помощи системных методов с ориентацией на современные приоритеты и культурные установления (система норм и общечеловеческих ценностей)" [3;37].

    В.А.Маслова тіл мәдениетпен тығыз байланысты деп санайды:

«... мәдениет тіл ішіне енеді, онда дамиды және сол тілдің мәдениетін білдіреді, халық мәдениетін танытушы ғылым саласы» [3;76 б.]. 
Мәдениеттің әр түрлі көріністері мен қызметін мәдениеттану зерттейтіндігі белгілі, өйткені лингвистика мен мәдениеттану ғылымдарының түйісу нүктесінен ХХ ғасырдың өз алдына жеке, жаңа бағыт пайда болады, бұл бағыт В.Н.Шаклейн, В.А.Маслова және т.б. ғалымдардың еңбектеріне байланысты «лингвомәдениеттану»

деген атауды қолданады. 
     Қазіргі тіл білімінде ұлттың рухани-мәдени қазынасы ретіндегі тілді зерттеудің ауқымы кеңейе түсуде. Оның себебі: әр тіл - өз бойында ұлт тарихын, тіл мәдениетін, танымы мен талғамын, мінезі мен санасын, кәсібі мен салтын, дәстүрі мен даналығын тұтастықта сақтаған таңбалық жүйе. Осындай мазмұнды құрылымына сәйкес ол жай таңбалық жүйе емес, мәдениет. Сондықтан оны зерттеуде дәстүрлі құрылымдық лингвистиканың мүмкіншілігі шектеулі. Себебі бұл арада тілдің қызметі тек коммуникативтік емес, ол (тіл) – этномәдени ақпаратты жинап, сақтаушы, жеткізуші, келесі ұрпаққа жалғастырушы, сайып келгенде бір бүтін етіп тұтастырушы. Сондықтан да қазіргі қазақ тіл білімінде тіл мен мәдениет сабақтастығын, атап айтқанда, тілдің бойындағы ұлттық сипатты, ұлттық рухты тануға негізделген когнитивтік лингвистика, оның лингвомәдениеттану, этнолингвистика т.б. салалары өріс алып келе жатыр.

   Сонымен қазіргі таңда кез келген көркем шығармада сол ұлттың болмысы мен тарихын, оның мәдениетінің көрінісін айқын анықтап байқауға болады. Бұл көрсеткіштерді біз тілдің лингвомәдени бірліктері арқылы айқындаймыз.Қазақ әдебиетінде Абайдың өз ұрпағына мұра еткен керемет құнды шығармалары қазақ халқының өз уақытына тән нағыз болмысы мен мәдениеті сипатталады. Абай тілінің негізі қазақтың жалпы халықтық сөйлеу тілі мен ауызша әдеби тілі болғандықтан, оның лексика-фразеолия қазынасы тегі жағынан, ең алдымен, қазақтың төл сөздерінен, одан соң шағын мөлшерде араб-парсы және орыс сөздері қабатынан құралады. Өз тұсындағы қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік, мәдени-экономикалық күй-жағдайына орай қазақ лексикасында болған өзгеріс-жаңалықтарды Абай тілі айқын көрсетеді. Хан, уәзір, аламан, абыз, жылыс, тоғыс, наурыздама сөздері көбінесе Қара-сөздерінде тарихты баяндайтын тұстарда қолданылады. Ал өмірге келген жаңа атауларды жатсынбай қабылдап, өзі де бұларға қоса жаңаларын жасайды (қ. Жаңа сөздер). Абай шығармаларының тақырыбына орай төл лексиканың ішінен этнографизмдерді де (шілдехана, үш тоғыз, қынаменде, ақшомшы, ықтырма, күзеу т. б.), кене киім-кешек, сауыт-сайман, құрал-жабдық атауларын да (дәндәку, жарғақ шалбар, пыстан, шақпақ, шөншік, дулыға, шарайна т. б.) пайдаланады.     Сондай-ақ сыртқы тұлғасы жағынан көнерген сөздерді (мыс, Ұлы дегеннің орнына улық, кіші сөзінің орнына кішік, тураның орнына туғры тұлғалары) ұйқас құрау, мағыналық реңк үстеу сияқты белгілі бір мақсатпен қолданады.

     Қорыта айтқанда қоғам өмірімен етене қабысқан тіл, әсіресе, оның лексикасы сол қоғамның әр кезеңдегі тыныс-тіршілігіне орай өзгеріп отырады, яғни бірқатар сөздердің мағыналары ауысады, бірсыпырасы терминдік дәрежеге кетеріледі, енді бір алуанының қолданылу жиілігі артады. Бұл процеске қалам қайраткерлері белсене қатысып тіл біліміне, өзгерістер енгізіп отырады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Гумбольдт В. Избранные труды по языкознанию. Пер.с.нем. –

Москва, 2000.

2.  Сейлхан А.Қ. Қазақ тіліндегі этнографизмдердің лингвомәдениеттанымдық мәні. Филол. ғыл. канд. ғылыми дәрежесін алу үшін жазылған дисс. А, 2001.

3.    Маслова В.А. Лингвокультурология. Москва, 1997.