Экономика / Экономическая теория
Кожахметов З.К.,
Кожахметова З.Н.
Л.Н.Гумилев
атындағы Еуразия ұлттық университеті,
С.Сейфуллин
атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Шағын кәсіпкерліктің іскерлік шаруашылық санаттар
жүйесіндегі орны
Кәсіпкерлік теориясы алғашында, ХVΙΙ–ХVΙΙΙ
ғ.ғ., Р.Кантильон заманында, қалыптасып,
дамығаны туралы ғалымдар
арасында қарама-қарсы пікірлер байқалмайды. Бірақ,
кәсіпкерлік әлеуметтік-экономикалық құбылыс
ретінде қалыптасып, дамып
қазіргі қалпындағы жүйеге келуі ғалымдар,
саясаткерлер мен әлеуметтанушылар арасында әліде болса
қарама-қайшы пікірлер тұғызып, жалпы
кәсіпкерліктің, нақты шағын кәсіпкерліктің
болашақта дамуына зор кедергілер келтіреді.
Р.Кантильон, шын мәнінде, өзінің жұмысында
«кәсіпкер» деген санат емес «антрапренер» деген санатты
қолданған. Оның анықтауы бойынша, антрапренер –ол
тәуекелділік жағдайда іс-әрекетін жүргізетін адам:
саудагерлер тауарды төмен бағамен сатып алуға тырысады,
бірақ оларды жоғары бағамен сатып өткізуі
беймәлімділік, тәуекелділік; фермерлер жерді жалға алуын
алады, бірақ ауыл шаруашылығында табиғи немесе
нарықтық орта қандай болатыны беймәлімділік,
тәуекелділік; ұсақ меншікті қолөнершілер
өнім өндіру үшін белгілі бір шығындар жұмсайды,
бірақ ол өнім шығындары өтелу-өтелмесі беймәлімділік,
тәуекелділік т.б. яғни, мәліметтілік ортада қолайлы болғанымен,
беймәлімділік ортада нәтижесі белгісіз, тәуекелділік
жағдай [1].
«Антрапренер» сөзі француз тіліннен шыққан, нақты
аудармасы «делдал». Адам тарихында ең алғашқы ауқымды
делдалдық іс-әрекет деп атақты саяхатшы Марко Полоның
Қытаймен сауда-саттық қатынасын ұйымдастыруын айтуға болады. Ол кезде
делдал-саяхатшы мен көпес бір-бірімен келісім-шарт жүргізіп, сауда қатынастарын
ұйымдастыратын. Делдал-саяхатшы несиені 22,5% мөлшерлемен алатын,
бірақ көпес түскен пайданың 75% дейінгі үлесін
иемденеді, ал делдал қалған бөлігін иемденіп, алған
несие мөлшерлемесінің өтелу-өтелмесі беймәлім,
тәуекелділік жағдайда болатын. Делдал сауданы ұйымдастыруда
белсенді және тәуекелді тұлға болса, көпес белсенділігі
төмен, бірақ ол да тәуекелге барушы тұлға
болатын.
Орта ғасырларда «антрапренер» сөзі екі-жақты
мағынада қолданылатын: біріншіден, әртүрлі мерекелік
шерулер мен ән-аспатық, театрлық қойылымдарды
ұйымдастырушы адам; екіншіден, ірі өндірістік немесе
құрылыс объектілерін басқарушы адам: олар көп
жағдайда діни лауазымды адамдар болатын, себебі осы тұлғаларға
сәулеттік-құрылыс жобаларын, яғни, шіркеулер, ірі
ғимараттар т.б. құрылысын басқарып, жүргізуді
тапсыратын.
Р.Хизрич пен М.Питерстің
«Кәсіпкерлік, немесе Өз ісіңді қалай бастап,
табысқа жетуге болады» атты бес шығарылымдық
еңбектерінде кәсіпкерлікті «антрапренерлік іс-әрекет» деп
атап, ХХ ғ. 50-ші жылдары американдықтардың
бизнестегі антрепренерлік бағытын зерттегені туралы айтады:
бизнестің басқа бағыттарына қарағанда,
антрапренер бизнестің жаңашылдық бағыттарын іздестіріп,
дамытып отыратын іс-әрекет [1,
32 б.].
Й.Шумпетер атап көрсеткендей,
антрапренердің негізгі мақсаты, қызметі жаңа техника
мен жаңа технологияны қолдану арқылы жаңа өнім
немесе жаңа шикізат түрлерін игеріп өндіріс әдісін
түбегейлі өзгертіп отыру [2, 53 б.].
П.Друкердің пайымдаулары бойынша
антрапренерлік іс-әрекет:
-таза американдық құбылыс;
-антрапренерлік іс-әрекет пен
антрапренерлік экономиканың АҚШ-та қалыптасуы менеджменттің
жаңа жүйесінің құрылып, дамуына байланысты;
-менеджмент идеялары мен
қағидаттарын, соңғы 10-15 жылда, тек қана ірі
кәсіпорындар ғана емес, оларды шағын кәсіпорындар,
коммерциялық емес кәсіпорындар, қоғамдық ұйымдар,
мемлекеттік басқарушылық аппаратта т.б. қолданыла басталды;
-антрапренерлік іс-әрекет көп
жағдайда тұлғаның шағын өзбетіндік
кәсіпорындарда белсенді, жаңашыл, тәуекелділік
іс-әрекетімен тығыз байланысты;
-тұлғалар белсенді,
жаңашыл, тәуекелділік іс-әрекетті ірі кәсіпорындарда да
жүргізеді, оларды интрапренер деп атайды, яғни, интрапренер ол ірі
кәсіпорындағы антрапренер [3, 4].
Г.Пиншоттың айтуынша интрапренер – ол
шаруашылық қызметін жүргізіп отырған кәсіпорын
негізінде жаңа кәсіпорын
ашып, жаңаша жұмысын басқарып, ұйымдастыратын антрапренер. Ол әртүрлі орташа
және ірі кәсіпорындар мен мекемелерде болуы мүмкін, мысалы,
оны интрапренерлік топ құру
арқылы жүзеге асыруға болады.
Американдық ғалымдардың жоғарыда
айтылған тұжырымдамалары әдіснамалық
тұрғыдан өте маңызды, себебі, ресейлік және
біздің қазақстандық статистика тәжірбиесінде
шағын кәсіпкерлік пен орта кәсіпкерлік арасындағы,
кәсіпкерлік пен менеджмент арасындағы, кәсіпкерлік пен бизнес
арасындағы айырмашылықтарды байқап, анықтау өте
қиын.
Ағылшын тілінен «бизнес» сөзін тікелей орыс тіліне
аударғанда «предпринимательство», қазақ тіліндегі аудармасы
«кәсіпкерлік».
Кәсіпкерлік – ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік
белсенділігі, қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталды:
көпестер, саудагерлер, қол өнері қызметкерлері.
Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер
құрал-жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол
кәсіпорынды қолдап жұмыс істеген.
Қазақстандық
ғалым-экономист О. Ж. Әли кәсіпкерліктің ежелгі
заманнан қазіргі уақытқа дейін қалыптасып,
дамуының бірнеше кезеңін бөліп зерттейді [5].
Бірінші
кезеңде біздің дәуіріміздің ІХ ғасырына дейін
қалыптасқан анықтама «кәсіпкерлік – адамның
қандай да бір іс - әрекетпен айналысуы». Айта кететін мәселе
– ол біздің дәуірімізге дейінгі ΙV
ғасырда атақты көне грек ойшылы Аристотельдің
сыңарлас «экономия» мен «хрематистика» ұғымдарының
қарастыруы. Оның анықтауы бойынша «экономия» адамдардың
өзіндік қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында
шаруашылықты жүргізу өнері («ол мақтауға
тұратын шаруашылық іс-әрекет»), ал «хрематистика», керісінше,
ақша, байлық жинау мақсатында шаруашылықты
жүргізу өнері («ол мадақтауға тұратын
шаруашылық іс-әрекет»). Яғни, көне заманның
өзінде аталмыш шаруашылық
жүргізу нысандарының бір-бірінен айырмашылығы
байқалған [6, б.16; 7, б.27].
Екінші
кезең біздің дәуіріміздің ІХ –Х ғ.ғ. өмір сүрген Аль-Ашари (873-935
жж.) атымен байланысты. Ашариттер (Аль-Ашариге қатысты), жәбраиттер
(жәбр – арабша - еріксіз), кадариттер (кадар – арабша –
қабілеттілік, құдіреттілік), мутазалиттер (арабша
–айрықша, яғни еркін ойлайтын адамдар) кәсіпкерлік туралы
Ислам діні шеңберінде ой толғап, тарихта алғашқы болып
«Касб» тұжырымының негізін қалыптастыруға өз
үлестерін қосты. Яғни, еңбектің, шаруашылықтың
ерекше сипаттамаларын көрсеткен: еріксіз еңбек, еңбекке
қабілеттілік, айрықша, еркін ойлайтын адамдар еңбегі т.б.
Үшінші
кезең ХΙ - ХV ғ.ғ. аралығын жатқызұға
болады. Әйгілі орта ғасырлық араб ойшылы, оқымыстысы
және мемлекет қайраткері Ибн – Халдун (1332-1406 жж.) өз
еңбектерінде «касыб» («касабун») ұғымын одан әрі
зерттеп, ол туралы өз тұжырымдамасын жасады. Ол кәсіпкерлікті
меншікті иелік етумен, еңбекпен, адамның
еңбекқорлығымен байланыстырады. Осыған орай,
кәсіпкерлікті өмір сүру құралы («мааш»), баю құралы
(«райаш») ретінде қарастырады. Сонымен қатар, оның
кәсіпкерлік теориясы өзі қалыптастырған меншік
(«мүлік»), тауар өндірісі және айырбас, қажетті
және қосымша еңбек және өнім
қағидаларымен тығыз байланыста болады [5].
Яғни,
кәзіргі кездеге қазақ лексикасындағы
«кәсіпкерлік» сөзінің түбірі сол орта ғасырда
қалыптасты деуге болады.
Төртінші
кезең ХҮІ - ХІХ ғ.ғ., жоғарыда атап
өткендей, Р. Кантильон, Ж. Б. Сэйдің аттарымен байланысты. Олардың теорияларынан байқайтын
ерекше мәселе – олар, негізінде, шағын кәсіпкерлер туралы
пайымдаулары: саудагер, фермер, қол өнерші, немесе, марксистік теорияны
жақтаушылардың анықтамасы бойынша «ұсақ буржуазияны жақтаушылар» [8].
Бесінші
кезең ХХ ғ. 30-50 ж.ж. Й.Шумпетердің атымен байланысты. Жоғарыда
атап көрсеткендей, бұл кезеңде ірі компаниялардың,
оларға тиеселі орташа және шағын кәсіпорындарының
жаңашылдық өндіріске бейімділігінің, олардың
ғылыми жаңалықтарды т.б. жан-жақты қолданып,
экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі басты рөлі
байқалды.
Алтыншы
кезең ХХ ғ. 50-90 ж.ж. Л. Мизес, Ф. А. Хайек, И. Карцнерлер
аттарымен байланысты. Бұл кезеңде, кәсіпкер өзіндік
ерекшеленген белгісімен іскерлік жүргізетін адам, ал кәсіпкерлік –
экономикалық мүмкіндіктерді іздену мен зерттеу арқылы
жүзеге асыру, - деп қарастырылған [9].
Жетінші
кезең ХХ ғ. 90 ж.ж. - ХХІ ғ. басы - Р.Хизрич, М.Питерс, П.Друкер кәсіпкерлікті қазіргі
уақытта кең орын алған «менеджментпен» ұштастырады.
Айта кететін мәселе, П.Друкердің кәсіпкерлікті «шағын
кәсіпкерлік» ретінде анықтауы.
Біздің
отандық ғылыми-ақпараттық әдебиеттерде,
өкінішке орай, «кәсіпкерлік» деген бірақ ұғым,
термин қолданылады. Отандық статистикада тек қана
соңғы бір-екі жылдарда ғана «шағын кәсіпкерлік»
пен «орта кәсіпкерлік» бөлек анықталып,
сандық-сапалық жағынан сипаттала бастады. Ал «бизнес» пен «кәсіпкерлік»
ұғымдары, ресейлік әдебиеттер мен ақпарат
көздеріндегідей, синоним ұғымдар ретінде әлі де болса
қолдануда [10; 11; 12].
Батыстық
шет елдік экономикалық әдебиеттерде «бизнес» пен
«кәсіпкерлік» ұғымдары, «шағын бизнес» пен «шағын кәсіпкерлік»
ұғымдары нақты анықталып, бір-бірінен айрмашылығы
бар екендігі көрсетілген. Ағылшын тілінде «business» деген ұғым
«іс», «кәсіп», «коммерциялық қызмет» деген түсінікті
білдіретін болса, «businessman» деген «іскер адам», «кәсіпкер адам», ал
«entrepreneurship» орыс тілінде «предпринимательство», қазақ
тілінде «кәсіпкерлік». Ағылшын тілінде «entrepreneur» орыс тіліне
сәйкес «предприниматель», қазақ тілінде «кәсіпкер»
деген мағынаны білдіреді [13].
Бұл
ұғымдардың мәнін ғылыми тұрғыдан
зерттеп, негіздеу тәжірибелік, теориялық және
әдіснамалық тұрғыдан өте маңызды, себебі,
мемлекеттік қолдау шараларының тиімді жүзеге асырылуы,
«көлеңкесіз» шынайы кәсіпкерлік ортаны қалыптастыруда
аталған шаруашылық қызметтердің
әрқайсысының өзінің ерекше орны бар.
КСРО кезінен
бері кеңестік азаматтардың санасына ғана емес, кеңестік
ғалымдардың да санасына «бизнес» деген ұғым
тұрпайы, жағымсыз мағынада қабылданатын.
Сондықтан да қазіргі әдебиеттерде әлі де болса «бизнес»
жеке меншік негізінде әртүрлі айла-шараларды қолданып пайда
табу мақсатында жүргізілетін шаруашылық іс-әрекет
ретінде анықталады [10].
«Бизнес»
ұғымы көп жағдайда тұрмыстық сленг ретінде
кездеседі, мысалы, «агробизнес», «шоубизнес», «наркобизнес» т.б. бірақ
ғылыми және ресми ақпарат көздерінде де бұл
термин жиі кездеседі.
Жоғарыда
атап өткен ресейлік экономист-ғалым М.Г. Лапустаның
«кәсіпкерлік» ұғымын екі жақты деңгейде
қарастырып, анықтаудың әдіснамалық маңызы
зор.
Біріншіден,
«кәсіпкерлікті» әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде қарастыру қажет,
яғни, кәсіпкерлік – ол
тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіру арқылы пайда
(табыс) табу мақсатында жүргізілетін экономикалық,
әлеуметтік, ұйымдастырушылық, жеке бастылық
т.б.қатынастар жиынтығы; ол кәсіпкерлердің
(шаруашылық субъект ретінде) өздері арасындағы,
кәсіпкерлер мен тұтынушылар, жалдамалы жұмысшылар, банктер,
мемлекет т.б. арасындағы
қаржылық, экономикалық, әлеуметтік т.б.
қатынастар жүйесі [14]. Осы тұрғыдан
«кәсіпкерлік» пен «бизнес»
ұғымдары бір-біріне сәйкес [15].
Екіншіден,
«кәсіпкерлікті» шаруашылық іс-әрекет, қызмет
үрдісі ретінде қарастыру қажет, яғни, кәсіпкерлік – ол кәсіпкерлік
идеяның пайда болып оны нақты кәсіпкерлік жобада жүзеге
асыруна дейінгі кәсіпкердің
мақсатты түрде жүргізу іс-әрекетінің
күрделі «тізбегі»; ол шаруашылық іс-әрекет үрдісі
ретінде жаңа шығармашылық идеяларды іздену, оларды талдау мен
бағалау арқылы жаңа нарықтарды,
кәсіпорындарды
қалыптастырып, олардың тиімділігін артырып, жаңа технологияларды игеріп пайда табу. Осы тұрғыдан
«кәсіпкерлік» ұғымы
«бизнес» ұғымынан өзгешеленіп, ерекше
мән-мазмұнға ие болады [14; 15].
Яғни,
шаруашылық іс-әрекет ортасы, шаруашылық іс-әрекет
бизнестік ортаға, бизнестік іс-әрекетке қарағанда
сапалық та, сандық та жағынан ауқымды;
кәсіпкерлік орта, кәсіпкерлік іс-әрекет бизнестік
ортаның, бизнестік іс-әрекеттің белсенді, тәуекелділігі
жоғары, жаңашылдыққа бейімді секторы болып
қалыптасып, ауысып отырады. Сондықтан, көп жағдайда
«бизнесті мемелекеттік қолдау» шараларынан көрі
«кәсіпкерлікті мемелекеттік қолдау» шараларын нақты ажыратып,
жүзеге асыру ұлттық экономика үшін өте
маңызды.
Жоғарыда
айтып өткендей, бизнес пен кәсіпкерлікке байланысты батыста шет
елдерде қолданатын ұғымдар «антрапренер» және
«интрапренер».
Антрапренер
тәуелсіз, өз еркімен, өз жауапкершілігі негізінде
тәуекелділікке бел буып жаңа нарықтарды игеріп пайда табу
мақсатында шаруашылық іс-әрекет жүргізетін
экономикалық тұлға. Антрапренерлікке П.Друкер көп
жағадайда шағын кәсіпкерлікті жатқызады: ол қалыптасқан нарыққа
икемделуге тырыспайды, ол жаңашылдыққа ұмтылады,
жаңа нарықтар ашады [3].
Интрапренер
орташа немесе ірі кәсіпорындарда иемденуші немесе басшылық етуші
экономикалық тұлғаларға тәуелді, сондықтан
да өз еркіндігі мен өз жауапкершілігі, тәуекелділік
деңгейі шектеулі экономикалық тұлға; ол осындай
жағдайларда, жаңашыл идеясын, жаңашыл жобаларын даярлап,
оларды жүзеге асырады. Интрапренер осындай іс-әрекетімен
«менеджерге» ұқсайды; Г.Пиншоттың анықтауы бойынша: интрапренер – ол шаруашылық қызметін
жүргізіп отырған кәсіпорын негізінде жаңа кәсіпорын ашып,
жаңаша жұмысын басқарып, ұйымдастыратын антрапренер. Интрапренер кәсіпкерлік
іс-әрекетін интракапитал – кәсіпорындағы тәуекелділік
капиталы арқылы жүргізеді.
Сондықтан менеджерлердің барлығы интрапренер, яғни,
«ішкі кәсіпкер», бола алмайды: олардың тек қана белсенді,
идеяшыл, жаңашыл, тәуекелділікке бейім т.б.осындай
қабілеттері бар бөлігі ғана интрапренер бола алады [3;
4].
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.Хизрич
Р., Питерс М. Предпринимательство, или Как завести собственное дело и
добиться успеха. Вып. 1: Пер. с англ. — М.:1991.
2.Шумпетер И.
Теория экономического развития. – М.: 1982.
3.
Друкер П. Бизнес и инновации. – М.: 2007.
4.
Друкер П. Менеджмент. Вызовы ХХ1 века. – М.: 2012.
5. Бисенғазиев М.Б, Хамитов
А.Ш. Кәсіпкерлік негіздері. –Орал, 2001
6. История экономических учений
/Под ред.В.Автономова. – М.,2000.
7.Аникин А.В. Юность науки: Жизнь
и идеи мыслителей-экономистов до Маркса. – М., 1979.
8. Предпринимательство в конце XX
века Отв. ред. А.А. Дынкин, А.Р. Стерлин. М.: Наука, 1992.
9.Кирцнер И. Конкуренция и
предпринимательство. –М: Экономика.,
2001 -494 с.
10.Лозовский Л.Ш. Универсальный бизнес – словарь / Л.Ш. Лозовский., Б.А.
Райзберг, А.А. Рантовский. – М.: ИНФРА-М, 1999.
11.Горфинкель В.Я. Малое предпринимательство: организация, управление,
экономика: учебное пособие / В.Я. Горфинкель, С.В. Земляк, О.М. Маркова и др. –
М.: Вузовский учебник: ИНФРА-М, 2010.
12.Розенберг Д.М. Бизнес и менеджмент. Терминологический словарь / Д.М.
Розенберг. – М.: ИНФРА-М, 1997.
13.Розенберг Д.М. Бизнес и менеджмент. Терминологический словарь / Д.М.
Розенберг. – М.: ИНФРА-М, 1997.
14.Лапуста
М.Г.Предпринимательство:Учебник.—
М.: ИНФРА-М,2008.
15. Глущенко Е.В. Основы предпринимательства / Е.В. Глущенко, А.И. Капцов,
А.В. Тихонравов. – М.: Вестник, 1996.