Зиябеков М.А¹., Нурбакыт А.Н¹´². 

¹Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі,  Алматы қаласы, ҚР

²С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Алматы қаласы, ҚР

МІНДЕТТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУДЫ ЕНГІЗУ НЕГІЗІНДЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУ ҮЛГІСІ

 

         Мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесі тек жеткілікті ресурстар жағдайында ғана тиімді жұмыс істейтіні белгілі. Сонымен бірге Еуропа елдерінің көпшілігінде бар және халықтың 70-100%  қамтитын сақтандыру медицинасының принциптеріне негізделген жүйе түрлі қаржылай қамтамасыз ету жағдайында жақсы жұмыс істейді. Жеке денсаулық сақтау жүйесі халықтың ауқатты бөлігі үшін ғана нәтижелі болып саналады.

         Денсаулық сақтау жүйесінің кез келген моделінің басты мақсаты, мемлекет және тұтас қоғам ретінде, медициналық көмектің немесе медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігіне жағдай жасау болып табылады, яғни медицина дамуының заманауи деңгейінің талаптары бар емделушіге көрсетілетін медициналық көмектің сәйкестіктерін куәландыратын сипаттамалардың жиынтығы.

         Жаңа қымбат технологиялар мен дәрі-дәрмектерді енгізу қаржыландыруда және олардың қосымша көздерін, баламалы жолдарын, жиынтық механизмдері мен қызмет сатып алу және қаржыларды шоғырландыру, ресурстарды қайта бөлу, қажетті қызметтер қолжетімді болу үшін және денсаулық сақтау жүйелерін жаңа жағдайларға бейімделу проблемаларын жоятын және тегіс қамти алатын реформалау бағдарламаларын бекітуге кедергі жасайтын қаржы қауіптерінен сақтану үшін қаржы кедергілерін азайту іздеуде қажеттілік арттырады.

         Денсаулық сақтаудың тиімді моделін жасаудың жалпы принциптерін анықтау мен негіздеу бар қатынасты, оның субъектілері мен императивтерімен басым құрама элементтері арасындағы байланысты терең талдауды болжайды. Денсаулық сақтауда көбінесе медициналық қызметкерлер мен емделушілердің құқықтарын регламенттеу соңғының басымдық рөлімен сипатталады. Емделуші, өкінішке орай, әзірге шынында қорғалмаған субъект болып табылады, оның құқығы іс жүзінде бір де бір нормативтік-құқықтық құжатпен бекітілмеген.

         Бір жағынан, медициналық қызметкер үшін моральдық өлшемі болып ұзақ уақыттың ішінде көбінде адал еңбекке шақыру ретінде пайдаланған түсінік қызмет етті және қызмет етіп келеді. Алайда мораль денсаулық сақтау саласындағы өзара қарым-қатынасты басқаруы тиіс заңның орнын алмастыра алмайды. Сонымен қатар медициналық қызметкердің қызметінде кәсіби өлшем мен қаржы стимулдары іс жүзінде жоқ, ал еңбекақысын төлеу деңгейі жұмыстың сапасы мен көлеміне байланысты емес.

         Медициналық сақтандыруды енгізу халыққа көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын, олардың медициналық стандарттар мен емдеу хаттамасына сәйкестігін бақылауға, ал бұзушылық болған жағдайда сәйкес санкциялар қолдануға мүмкіндік береді. Бір жағынан, ол емделушінің қисынсыз арыз-шағымдары мен талаптары жағдайында медициналық қызметкердің құқығын қорғаушы ретінде шығады. Біздің ойымызша, денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлер мен емделушілер арасындағы құқықтық қатынасты емделушінің құқықтары туралы заң регламенттеу керек. Медициналық қызметкердің құқықтары мен оларды қорғау механизмдерін нормативті анықтау, сондай-ақ сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді қабылдауды талап етудің қажеттілігі кем емес.

         Саланы реформалаудың аса маңызды құрамдас бөлігі стандартизация жүйесінен кеңінен енгізу болып табылады. Медициналық көмектің стандарттары (хаттамалары) – бұл медициналық көмек көрсету процесіне қатысушылардың барлығының құқықтарын қорғауға арналған заңдық негіздеме. Бұл ретте оның сапасын басқару процесіне белсенді қатысушылар кәсіби медициналық ұйымдар мен ассоциациялар болу керек. Олардың міндеттері медициналық технология стандарттарын жасау мен бағалау, лицензиялық және аттестациялық комиссия жұмысына қатысу, денсаулық сақтау индустриясын медициналық-экономикалық негіздеу болып табылады. Бұл көрсетілетін медициналық көмекке бақылау жасаудың заманауи индикаторларын тез енгізуге мүмкіндік береді. Және бастысы, медициналық сақтандыру институтын енгізу медициналық мекемелер арасында бәсекелестікті медициналық көмек сапасын арттыруға уәждемені ынталандырудың маңызды тетігі ретінде кең қолдануға мүмкіндік береді.

         Міндетті медициналық сақтандыруды енгізу медициналық-экономикалық стандарттарды сақтандыру ұйымдары мен медициналық мекемелер арасындағы өзара әрекеттестік кезіндегі ықпалдың нақты күші ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Сақтандыру ұйымдары медициналық қызметкер мен емделушінің құқықтарын сақтауға, медициналық қызмет сапасына бақылаудың тиісті деңгейін стандарттарға сәйкес қамтамасыз етеді.

         Денсаулық сақтау жүйесінің тиімді моделін жасаудың ұсынылған негізгі принциптерін жүзеге асыру денсаулықты жақсартуға, саланың медициналық, әлеуметтік және экономикалық тиімділігін арттыруға, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған медициналық көмек ұйымдарының принциптерін заманауи, логикалық, деңгейлі, эволюциялық, сондай-ақ ең маңызды өзгерістерімен қамтамасыз етеді.

         Біздің елімізде өткізілетін экономикалық өзгерістер, барлық экономиканың нарықтық қатынасқа өтуі сала реформасының негізгі қағидаларын жүзеге асыруға арналған қажетті жағдайлар мен алғышарттар ақырындап жасалатын болады. Осылайша, алдағы өзгерістердің ауқымдылығы мен тереңдігі денсаулық сақтау тәжірибесінде саланың жаңа қаржы моделінің қағидалары және оларды деңгейлеп игеруді ақырындап енгізудің мақсаттылығын мәжбүр етеді.

Елдегі экономиканың тұрақтылығының жетістіктерімен, нарықтық қатынастың дамуы және нығаюымен, маңызды салық реформаларын жүргізумен, ауысу кезеңіндегі міндеттерді шешумен, сондай-ақ салада экономикалық өзгерістерді жүзеге асыру бойынша қосымша аспектілерді талдау есебімен екінші кезеңге өтуге болады – барлық елдің азаматтарына міндетті медициналық сақтандыруды енгізу. Денсаулық сақтау саласында экономикалық реформаларды ақырындап жүзеге асыру, осылайша әлеуметтік кепілдіктер мен шығындардың тиімді деңгейін сақтауға, өзгерістің барлық кезеңіне медициналық көмектің қажетті мөлшерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сондықтан, медициналық сақтандыру принциптеріне негізделген денсаулық сақтаудың жаңа шаруашылық-қаржылық моделін енгізу кеңейтілген өндірістегі қаржы ағынында сала ресурстарын қатыстыруды қамтамасыз ету қажет. Ол үшін денсаулық сақтауды қаржыландырудың ұсынылатын жүйесі бәсекелес-бағалы басқару механизмдерінің жұмысы үшін қажетті жағдайлар жасау керек.

          

      Қолданған әдебиеттер:

1.      Кучеренко В. Маркетинговый анализ качества медицинской помощи в добровольном медицинском страховании: теоретические основы и проблемы  // Экономика здравоохранения. – 2003. – №10. – С. 13-17. 

2.     Абилкасымов Е. Формирование здравоохранения и условиях  преимущественно  частной системы медицинского страхования.- Алматы: Билим.-1996.-355с.