Амирова Е.М.

Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі,  Алматы қаласы, ҚР

 

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ, ЖУАЛЫ АУДАНЫНДАҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КАДРЛАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ

 

Барлық мемлекеттерде денсаулық сақтау кадрлері медициналық қызмет көрсетудегі қызметті ұйымдастыру жұмысында ерекше рөлге ие. Кез келген ұйымның қызмет етуі қол жетімділіктің үйлесуімен, күш салумен, сондай-ақ, кадрлердің кәсіби құрылымына байланысты болады.

Дәрігерлік кадрлердің жетіспеушілігі — дүниежүзілік тәртіптің мәселесі. Оқытылған дәрігерлік персоналдың жаһандық жетіспеушілігі және оның біркелкі орналаспауы денсаулық сақтау жүйесін дайындау, сондай-ақ, халықтың денсаулығын ұлт, жалпыәлемдік деңгейде сақтау бағдарламаларын жүзеге асыру  жолында үлкен кедергі болып табылады [1, 2].

Жамбыл облысы Жуалы ауданы халқының дәрігерлермен қамтамасыз етілу жағдайы.

2014 жылдың 1маусымында Облыста тұтас алғанда  430 медициналық ұйым жұмыс істейді, соның ішінде: 42 ауруханалық, 148 амбулаториялық-емханалық. Дәрігерлер саны осы жылдың 6 айында 2791 адам, өткен жылдың осы кезеңінде -  2742. Дәрігерлермен қамту, 10 мың адамға шаққанда 25,8 құрады, 25,4 қарағанда, соның ішінде мемлекеттік секторында – 23,4.

         Жуалы аудандық орталық аурухананың  дәрігерлермен қамтамасыз етілуі  10 мың адамға 16, 6 дәрігер,  ал ОБҚ – 69,3 ді құрап отыр. Бұл аудан бойынша дәрігерлермен қамтамасыз етілудің 89,3%.

            Дәрігерлердің жалпы саны.

Жалпы дәрігерлер санына жыл соңындағы емдік, санитарлық ұйымдардағы барлық жоғарғы медициналық білімі бар дәрігерлер, әлеуметтік қорғау мекемелері,  ғылыми - зерттеу институттарында, денсаулық сақтау аппараттық мүшелерінде маман дайындау мекемелерінде және т.с.с кіреді.

Облыстағы дәрігерлер саны.

Жалпы дәрігерлер санына жыл соңына емдік, санитарлық ұйымдардағы, әлеуметтік қорғау мекемелерінде, ғылыми – зерттеу институттарынтарындағы, мамандар дайынтайтын мекемелерінде, денсаулық сақтау аппарат мүшелерінде және т.б қызмет атқаратын барлық жоғарғы медициналық білімі бар дәрігерлер кіреді.

         Дәрігерлер саны осы жылдың 6 айында 2791 адам, өткен жылдың осы кезеңінде -  2742. Облыс бойынша дәрігерлермен қамту, 10 мың адамға шаққанда 25,8 құрады,  25,4 қарағанда, соның ішінде мемлекеттік секторында – 23,4. Осы арада Жуалы ауданы бойынша қарастырар болсақ, 2012 жылда дәрігер саны 83 тен, 2013 жылда 77-ге дейін төмендеп, 2014 жылы бұл көрсеткіш 85 дәрігерге артқан.

      2014 жыл соңына қарай 10 мың. Жуалы ауданы халық санына дәрігерлермен қамтамасыз етілу Жамбыл облысымен салыстырғанда 5 - 7%- ды құрайды, және облыс бойынша 8 – шы орынды алады. 

Медициналық қызметкермен жасақтау көрсеткіші – бос емес және штаттық қызметтердің ара қатынасының пайызбен көрсетіледі. Бұл көрсеткіш дәрігерлерге, орта және кіші медицина қызметкерлеріне , әр түрлі мамандықтағы медицина қызметкерлеріне, сонымен қатар ҚДС жалпылай және жеке емханалар мен стационарларға есептелінеді.

Аудандағы медициналық кадрлармен жасақталу  89,3% ды құрады.

Бүгінде қалыптасқан денсаулық сақтау мәселелерін болжау және денсаулық қорғау саласындағы у әде берулер мен нақты жағдайлар арасындағы қашықтықты жоюдағы негіз салушы шарт болып еңбек ресурстарының күшті инфрақұрылымы танылады.  Қажетті талап ретінде денсаулық сақтау жүйесі үлкен ауруларға қарсы төтеп беру үшін және денсаулық сақтау саласындағы регионалды және ұлттық мақсаттарға қол жеткізу үшін кадр ресурстарын нығайтуды айтуға болады.

Қазіргі уақытта денсаулық сақтау айтарлықтай материалдық, еңбек, қаржылық және ақпараттын ресурстарды пайдаланатын экономиканың маңызды бір саласы ретінде көрініс табады.

Денсаулық сақтауда қолданылатын экономикалық ресурстардың масштабты өсуі медицина қызметтеріне деген қоғамдық қажеттіліктердің өсуімен сипатталады. Медициналық қызметтердң сапасын көтеру мен дамуының маңызды факторы болып саланың еңбек әлеуеті танылады. Осыған байланысты денсаулық сақтаудағы және оның өзгеруінің негізгі   тенденцияларында еңбек ресурстарының сандық және сапалық құрамын қарастыру қызығушылық тудырады. Медициналық көмек көрсету жүйесі мен денсаулық сақтаудағы қызмет көрсету сапасының тиімділігі  персонал жұмысының тиіміділігіне, ал ол өз кезегінде олардың алған білімдеріне, дағдыларына және мотивацияларына байланысты.

Кез келген денсаулық сақтау жүйесінде адам ресурстары анағұрлым қымбат болып келеді - шамамен жалпы ағындағы шығыннан 60-80% құрайды. Сонымен қатар, айтарлықтай қосымша шығындар оқыту мен дайындауға кетеді. Бұл дегеніміз, адам ресурстары немен байланысты және қандай тиімділікпен бөлінетіндігі мен пайдаланылатындығына байланысты.

Бүгінде денсаулық сақтау ұйымдары айтарлықтай ресурстар жетіспеушілігін бастан өткеруде, денсаулық сақтау жү   йесінен анағұрлым көп шығынды қажет ететін ресурстарға аса көңіл бөлген жөн. Денсаулық сақтау мамандары үнемі даму саласындағы Мыңжылдық Даму Мақсаттарының басым жетістіктері мен кедергілерін кеңейту жолындағы басты критикалық фактор ретінде қарастырылып келді. Осы ретте саясат әзірлеушілері мен басшыларының денсаулық сақтау мамандарының сапалы қызмет көрсетуіне, олардың жеткілікті болуына, жақсы оқытылғаны мен білім алғанына, тиімді бөлуі, мотивациясы мен басқаруына кепілдік беретін стратегияларды қолданысқа енгізгені аса маңызды болып табылады. Осы жұмысты сипаттай келе мынандай тұжырымдар жасалынды:

1.Денсаулық сақтау ұйымдарындры мен ауылдық жерлердегі  жас дәрігер мамандарды жұмысқа тарту мен бекіту жөніндегі нақты тиімді тетіктер дайындау, ауылдық жерлердегі медицина қызметкерлеріне жеңілдіктер ұсыну (тұрғын үй, үстеме ақы төлеу және т.б.);

2. Ұйымдар санын көбейту жұмысқа орналастырудың бір әдісі саналады – бос орындар жәрмеңкесі медицина ұйымдарына кадрлерді тартудың тиімді әдісті екендігін көрсетті.

3. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламаларды қарау  кең аудиториялық ұсыныстары бар кадрлерді тартудың   бір жолы болып табылады.

4. Интернет ақпараттық желісін пайдалану, мәселен, медицина кадрлерінің бос орындар сайтын ашу – персонал іздеудің маңызды қайнар көзі саналады, себебі еңбек нарығында ақпаратты тез жеткізуге, кандидаттармен диалог жүргізуге және қайтарыды байланыс алуға мүмкіндік береді.

 

      Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.       Назарбаев Н.А. Стратегия вхождения Казахстана в число 50-ти наиболее конкурентоспособных стран мира. Казахстан на пороге нового рывка вперед в своем развитии: Послание Президента РК народу Казахстана. – 2006. – 2 марта

2.       «Стратегия развития кадров здравоохранения в Европейском регионе», июнь 2008г., г.Таллин, материалы Министерской конференции Европейского регионального бюро ВОЗ по укреплению систем здравоохранения.

3.       EU Consensus Statement on the Crisis in Human Resources for Health/ Luxemburg, Council of the European Union, 2006.

4.       Қазақстан Республикасының статистикалық жинақтары, 2003-2013жж

5.       Статистикалық жинақтар. Қазақстан Республикасының 2004-2014 жж халық денсаулығы және денсаулық сақтау ұйымдарының қызметтері.