Аяпова Л.Д¹., Нурбакыт
А.Н¹´².
¹Қоғамдық денсаулық
сақтау жоғары мектебі, Алматы
қаласы, ҚР
²С.Ж.Асфендияров атындағы
ҚазҰМУ, Алматы қаласы, ҚР
ЖАЛПЫ ТӘЖІРИБЕЛІК ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЫ МЕН
ДЕНСАУЛЫҒЫН БАҒАЛАУ
Еңбекке
қарым-қатынас – күрделі әлеуметтік феномен болып
табылады, оның өзі көптеген
факторларға тәуелді болып келеді, сонымен бірге, еңбектің сипаты мен
күрделілігіне, жұмысты
белсендендіруге байланысты және тәуелді болады.
Тұлғаның жеке
толығымен ашылу мүмкіндігі
көп жағдайда дұрыс таңдалғандығына
байланысты, бұл медицинада ерекше
мән мағынаға ие.
Медициналық
қызметкердің еңбегін
дұрыс ұйымдастыру сұрақтарын шешу, жабдықталған жұмыс
орнын туғызу және
жұмыс уақытын тиімді пайдалану осының барлығы денсаулық сақтау
жағдайларын жақсарту және қазіргі жағдайда
тұрғындарға
медициналық көмекті ұйымдастыруды жақсарту
үшін маңызды болып табылады.
Еңбек
өнімділігі деп,
науқастарға медициналық көмекті ұйымдастыру кезінде қандай да
бір алдын алу жұмыстарын орындау барысында атқарылатын жұмыстарды айтады. Медициналық
қызметкерлердің жұмысын,
оның жұмысының ерекшелігіне байланысты салыстыруға келмейді. Бұнда науқастың
денсаулығының жағдайына
деген жауапкершілік, сонымен
қатар науқастың өмірі үшін жауапкершілік, міңез- құлықтары әртүрлі, ауру жағдайлары да әртүрлі
болып келетін адамдармен күнделікті қарым - қатынасы, жедел және білікті шешімдерді тез
қабылдауы, науқастың өміріне қауіп тууына
байланысты, кез келген күтпеген нәрселерге үнемі дайын болуы,
кәсіби назар сала білуі, төзімді
болуы сияқты үнемі
жауапкершілікті сезінуді жатқызуға болады.
«Жұмыстың
талдауы» оның қоғам
үшін пайдасын анықтау мақсатында өлшеу, еңбек ақыны белсендендірудің
соңғы шараларын, ақыры соңында жұмыс түрі еңбек
ақының деңгейіне байланысты болуы керек және оның
санына байланысты сапасы және еңбектің тиімділігімен
белгіленуі қажет болып табылады.
Денсаулық
сақтау мекемелерінің жетекшілерінің негізгі
міндеттерінің бірі –бұл өзінің
қызметтестерімен бірге
жұмыс уақытын тиімді қолдануға қол
жеткізу, жүйелі түрде
қызметкерлердің барлық санаттарының еңбек шығынын зерттеу,
өндірістік емес шығындарды анықтау, олардың себептерін
анықтау және осы себептерді қысқарту жолдарын іздестіру
болып табылады. Кәсіби іріктеу медициналық қызметкерлердің
төмен деңгейімен байланысты айтарлықтай денсаулық
мәселелері, оның жұмысының тиімділігін негізсіз
бағалаумен байланысты болып келеді.
Жоғары сапалы
денсаулық сақтау саласында
мынадай: дәрігердің біліктілігі мен тәжірибесі, жеке
медициналық тәжірибемен рұқсаты; науқасты
қабылдау үшін қатты мерзім болмауы; дәрігер немесе
науқастың сапары кезінде үйде жайлы атмосфераның болуы;
емделушінің дәрігерді еркін таңдай алу мүмкіндігі;
дәрігерден тез кеңес алу
мүмкіндігі сияқты факторлар
қарастырылған.
Дәрігерлік мамандық өте зиянсыз деп те атауға болмайды, себебі, дәрігерлер күнделікті
тәжірибесінде психо-эмоционалдық шиеленісті, стресс және дене
жүктемесін жиі бастарынан
өткеріп отырады. Мамандығына
қанағаттанбаған дәрігерлер жұмыс
күнінің аяғында жұмысқа қабілеттілігі жиі
күрт төмендеп, шаршау дамиды. Бұдан басқа
көптеген медициналық қызметкерлер сөздік және дене агрессиясымен бетпе бет келіп
отырады, себебі, ауыр жағдайда
жатқан науқастармен жұмыс істейді.
Денсаулық
сақтау қызметкерлерінің еңбек жағдайының
сипаты мен әр түрлі санаттары
олардың кәсіби
топтарының жұмысының сипаты олардың денсаулығы
тұрғысынан алып қарағанда жіті назарға лайық. Олардың
қызметінің сипатына қарай, жоғары нейро-эмоционалдық
стресс, мәжбүрленген жұмыс поза, шамадан тыс стресс
анализатор жүйелерінің кернелуі, ыңғайсыз климат,
жұмыс орындарының жеткіліксіз жарықтануы, жұмыс
бөлме ауасындағы зиянды химиялық заттар, биологиялық
агенттер, шу, діріл сияқты түрлі қолайсыз факторлар, УДЗ,
иондаушы, лазерлік сәуле тәрізді біршама зиянды көрсеткіштері
бар жұмыс ортасына тап болуы мүмкін.
Көп
жағдайда медициналық қызметкерлер өздерінің
жұмысын құнды деп
қарастырып, олар өздерінің көңілін
бұған жиі алаңдатады. 72-76 % дәрігерлер жыл бойы жұмысқа байланысты стресстік
жағдайларды бастарынан өткеріп отырды.
Осының
барлығы қазіргі
жағдайда медицина
қызметкерлерінің денсаулығының қалыптасуында айтарлықтай әсер етпей
қоймайды.
Әдебиеттерде медицина қызметкерлерінің
өмір сүру барысы жан
жақты талқыланбаған.
Яғни, атап айтқанда (жанұялық жағдайы,
тұрмыстық тұрғын үй мәселелері, және
т.б.) медициналық қызмет көрсету сұрақтары, өздерінің денсаулығына
медицина қызметкерлерінің көңіл бөлу
деңгейі.
Көптеген зерттеулер қатары тіршілік деңгейінің
төмендеуін көрсетеді. Осыған сәйкес медицина
қызметкерлерінің де
денсаулық жағдайларының нашарлағандығын
көрсетеді: 25,6% дәрігерлер мен 18,4% медбикелер өздерінің
денсаулық жағдайын нашар деп есептейді. 69,5% және 69,3%, сәйкесінше
қанағаттанарлық деп есептейді. Денсаулығы жарамайды деген қағаздары
барлары дәрігерлердің 92,5 % қолданады, бұның
себебі өздері ем қабылдауы,
өздерінің денсаулығына немқұрайлы
қарау дегенді білдіреді.
Профилактикалық тексерулерді сапасыз жүргізілуіне
байланысты, дәрігерлердің 37,6 % оларды өтпейді.
Денсаулықтарында ақаулары
барлардың арасында жүректері, қан қысымының
жоғарылығы, созылмалы жүйкелік эмоционалдық
мәселелер, депрессия, тері аурулары, және асқазан ішек
жолдарының патологиясы сияқты аурулар бар.
Өздерінің
кәсіби өмірлерін халықтың ауруларының алдын алу
және емдеуге арнаған, дәрігерлердің денсаулық
жағдайына қызығушылық, әбден түсінікті
болып табылады. Мәскеу дәрігерлердің денсаулық
жағдайын сипаттауда респонденттердің оннан бір
бөлігінің 40,3%-миопия
зардап шеккен , 23% - алыстан көрмеушілік пен есту
қабілетінің жоғалуына шағымдары бар екендігі анықталды.
Соңғы мәліметтер бойынша
медициналық қызметкерлердің жалпы аурушаңдық
құрылымы негізгі орын тыныс алу органдарының аурулары,
қанайналым жүйесінің, асқорыту мүшелерінің,
сүйек-бұлшық ет және несеп-жыныс жүйесінің,
сондай-ақ жарақатпен байланысты болып табылады. Әрине,
мерзімдік медициналық тексеріп-қараудың сапасын жақсарту
қажет, бақылауды күшейту,
емдік-алдын алу ұйымдардың
санитарлық-гигиеналық жай-күйін тексеріп отыру,
сондай-ақ толық және сенімді мәліметтерді тіркеу,
дәрігерлердің
денсаулық жағдайы
мен кәсіби ауруларын
аймақтық, ұлттық, ал болашақта
халықаралық деңгейде аса маңызды алғышарты болуы
керек, әрі оны төмендету бойынша біршама жұмыстар жасалынуы қажет.
Іс-шараларды жүзеге асыру бойынша медициналық
қызметкерлерді әлеуметтік жағынан қорғау,
сауықтыру, тиімді еңбек, тұрмыс және демалыс,
тұрғын үй жағдайларын жақсартуға
мүмкіндік берер еді, сондай ақ,
олардың денсаулығын арттыруға, әлеуметтік беделді
медициналық мамандық ретінде медициналық көмек
көрсету.
Өмір сүру
сапасын зерттеуде медициналық ұсыну бойынша дәрігерлердің тізбесін
қосу топтардың әлеуметтік тәуекел жүйесін
әзірлеу бойынша іс-шараларды қолдауға мүмкіндік береді.
Қолданылған
әдебиеттер тізімі:
1.
Низамов И.Г., Прокопьев
В.П. О состоянии здоровья врачей // Сов.здравоохр., 1991, № 12, С. 23-26.
2.
Филиппов Ю.Н., Гусева
Н.К., Абаева О.П. К вопросу оптимизации управления кадрами // Проблемы
управления здравоохранением, 2004, № 4 (17), С. 13-15.