Мамиева Б.С¹., Нурбакыт А.Н¹´². 

¹Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі,  Алматы қаласы, ҚР

²С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Алматы қаласы, ҚР

 

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ӘЙЕЛДЕР КЕҢЕСІНІҢ АКУШЕРЛІК-ГИНЕКОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНЕ ӘЙЕЛДЕРДІҢ ҚАНАҒАТТАНУШЫЛЫҒЫН ТАЛДАУ

 

  Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы елдің ұлттық қауіпсіздігін қорғауды білдіреді, оның негізгі құрамдас бөлігі халық денсаулығының сапасы және мемлекеттік демографиялық саясатын құру болып табылады.Елдің қарапайым емес демографиялық жағдайларында, ал кейбір аймақтарда тұрғындар саны өсімінің кемуі, ана мен бала денсаулығын қорғау мәселелері өзінің мәні бойынша бірінші орынға шығады.

Денсаулық сақтауды дамытуының басым бағыттарының бірі ана мен баланы қорғау жүйесін жетілдіруі болып табылады. Денсаулық сақтаудың ажырамас және маңызды құрамдас бөлігі болатын ана және бала қорғауы қоғамдық өмірдің медициналық мәселерімен қатар, әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, гигиеналық және басқа да мәселелерімен айналысады .

Әйелдер мен балалардың денсаулықтарына қол жеткізу мен оларды сақтаудың мақсаттарын көптеген адамдардың саналарында, жалпы мемлекеттік мақсаты ретінде түсінігінде, осы міндетті денсаулық сақтау органдардың, әсіресе әйелдер мен балаларға медициналық көмек көрсететін емдік-профилактикалық ұйымдардың іс әркеттерімен дәстүрлі түрде байланысады.

 Соңғы жылдардағы бір қатар зерттеулерден алынған мәліметтер аурулар мен аналық өлімдердің жоғарғы көрсеткіштерінде көрініс табатын әйелдер денсаулықтарының жағдайларындағы жағымсыз беталысы туралы мәлімдейді.

Аналық өлім құрылымыныда жүктіліктің 28 апта және одан да артық мерзіміндегі гестоздардан жүкті әйелдердің, босанған әйелдердің және босанушылардың өлімі басым болады, екіншісі – қан кетуінен өлімі. Үшінші орында экстрагиенеталды патологиядан кейінгі өлім болса, төртінші орында - жүктіліктің 28 аптасына дейінгі жүкті әйелдердің балаларын алдырып тастағаннан кейінгі өлімі тұр.

Қайтыс болған жүкті әйелдердің, босанған әйелдердің және босанушылардың тең жартысы акушерлік патологияның негігі екі түрінен көз жұмады – қанның кетуі және гестоз. Аналық өлімнің сараптық талдауы уақытысында және аса білікті медициналық көмек көрсеткен жағдайда қазаны көп жағдайда болдыртпау мүмкіндігі болатынын көрсетеді.

Қазіргі кезде жасөспірім қыздар арасында гинекологиялық аурулардың өсімі байқалуда. Бұл көбіне баланы алдыртып тастаумен байланысты. Әр 16-17 жасөспірім-қыз гинекологиялық аурумен ауырады. Медициналық тексеру барысында, өсімпаздық қызметінің патологиясы әр оныншы қызда табылады.

Акушерлік-тексеру орталығын құруы жоғарғы қауіпті топқа кіретін жүкті әйелдердің санының өсуіне байланысты әйел кеңесінің ЕСК-сы қиын жағдайға қалумен, ал АТО-ң орталық аудандық ауруханалар ен телетайпты байланысының болуы жүкті әйелдердің медициналық бақылауының сараптамалық мәселелерін қолма-қол шешуге мүмкіндік берумен байланысты.

   Жүктілік пен босану барысында және  босанғаннан кейін кезеңдегі әйелдердің денсаулықтарын зерттеген кезде, алынған мәліметтер жүктілікті тоқтату қаупінің таралуы 14,6%, анемия - - 4,1%, пиелонефрит - 2,6%, бастапқы токсикоз - 4,6%, кейінгі гестоз - 31%  құрағанын көрсетті.

  Талдау кезеңі барысында экстрагентилдық патология құрылымы өзгермеген, бірінші орында – анемия (58%-дан 64%-ға дейін), екінші орында – зәр шығару жүйелерінің аурулары (21%-дан 27%-ға дейін) және үшінші орында – қалқанша без аурулары (8%-дан 11%-ға дейін).

   Соңғы онжылдықта перинаталды кезеңнің асқынуы мен дамудың туа біткен ауытқуымен байланысты патологиялық жағдайлары бар балалар саны артты, бұл тек қана перинаталды тексеру сапасының жақсарғанын көрсетпейді, сонымен қатар жаңадан туылғандарды күтуінің қазіргі перинаталды технологияларын енгізуін де талап етеді .

Қазіргі кезде халыққа медициналық көмек көрсету біріншілік медициналық-санитарлық көмек көрсету (БМСКК) деңгейінде жетілдіру мәселесі барлық елдерде шиеленіскен жағдайда тұр

Әрине, осы жағдайды бара барлық жолмен зерттеулер негізінде бағалауға болатыны анық, бұл зерттеулер қоғамдық үдерістердің жиынтығының әсерінен медициналық көмек көрсету сапасына дәстүрлі медициналық тәсілдердің өзгеруін қадағалауға мүмкіндік береді.

Экстрагениталды және гинекологиялық патологиялардың кең таралу жағдайларында жүктіліктің ауытқуының профилактикасына бағытталған басты шаралардың бірі болып жүктілік басталғанға дейін әйелдерді сауықтыру табылады.Бүгінгі күнде, жүкті әйелдердің денсаулығын қорғауын, ұрықтың және туылған нәрестенің перинаталды қорғауын жақсарту бойынша жалпы ұйымдастырылған шараларға көп назар аударуда. Олай болса, әдеби көздерден жасалған талдаудар әйелдер мен балаларға медициналық көмек көрсету сапасын ұйымдастыру мен бағалау мәселелеріне арналған көптеген басылымдарға ие екенін көрсетті. Алайда, әйелдер мен балаларға қызмет көрсетудің келешегі бар түрі ретіндегі перинаталды орталықтың жұмысын ұйымдастырудың кешендік әлеуметтік-экономикалық зерттеу мәселесі бойынша жұмыстардың кемшіліктері табылды.

Осыған байланысты, өмірдің репродуктивті және репродуктивті кезеңіне дейінгі демографиялық процестерді, денсаулық жағдайын, халықтың ауруға шалдығу құрылымының ерекшеліктерін қоса алғандағы перинаталды орталық жағдайларында медициналық көмек көрсетуінің дербес жоғарғы мамандалған түрлерінде туындайтын халықтың қажеттілігін анықтау негізінде жүзеге асырылатын осы үлгіні оңтайландыруға тәсілдемелерді құру қажеттілігі туындайды

       Қазіргі уақытта перинаталдық тексеруде ультрадыбыстық зерттеулерді қолдану бойынша айтарлықтай тәжірибе жиналған. Ұрықтың дамуының туа біткен кемістерін анықтау үшін жаппай ультрадыбыстық зерттерлерді жасаған кездегі тексеріс дәлдігі 68%-дан 88%-ға дейінгі аралықта ауытқитыны анықталды және мамандардың біліктіліктерін жоғарлату, зерттеу технологиясын жетілтіру және жетілдірілген ультрадыбыстық аппартураны пайдалану есебіне артуы мүмкін. Өкінішке орай, ҰДК мәселелерінің генетикалық аспектілерін тиімді әрі жаппай зерттеуінің аясында осы тақырыптың әлеуметтік-гигиеналық дайындауы жеткіліксіз.

Салалық бағдарламалық құжаттамаларда кадрлык саясат маңызды орынға ие. Оның басты мақсаты дамытудың тепе-теңдігін және денсаулық сақтау тиімділігінің қажетті деңгейін сақтап тұруын қамтамасыз ету болып табылады. Бұл мақсат халыққа көрсетілетін  қызметтердің қөлемі мен сапасына сәйкес келтіру жолымен жүзеге асырылады.

Жалпы, акушерлік-гинекологиялық қызметтің іс әрекеттерін жетілдірудің маңызды аспектілерінің көрінісі клиникалық, ұйымдастырушылық, әдістемелік сипаттағы зерттеулердің айтарлықтай басымдылығын көрсетті.

Сонымен қатар, жаңа тұжырымдамаға сай, акушерлік-гинекологиялық қызметтің оңтайлы нәтижелері мен қызметінің сапасына қол жеткізудегі оның дамуын іске қосатын және шынайы механизмдерінің бірі болып Қазақстан Республикасында қоғамдық денсаулығы мен денсаулық сақтауының дамуындағы ең басымды және келешегі бар стратегия ретінде әйелдер мен балаларға медициналық көмек көрсетуінің жоғарғы сапасына қол жеткізуге бағытталған инновациялық технология негізіндегі ресурстық қамсыздандырудың ревизиясы, талдауы және бағалауы табылады.

 Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Кирбасова Н.П. Современные принципы организации оказания медицинских услуг в учреждении акушерско-гинекологического профиля //Акушерство и гинекология. – 2005. - № 4. – С. 41-45.

2. Нукушева С.Г. Управление репродуктивным здоровьем женщин в современных условиях Казахстана: автореф. ... докт. мед. наук. - Алматы, 2003. - 48 с.

3. Бейсенбекова Г.К. Проблемы репродуктивного здоровья в современных условиях. - Алматы, 1996. - 129 с.