Туйебаков М.Д¹., Нурбакыт
А.Н¹´².
¹Қоғамдық
денсаулық сақтау жоғары мектебі, Алматы қаласы, ҚР
²С.Ж.Асфендияров
атындағы ҚазҰМУ, Алматы қаласы, ҚР
МЕДИЦИНАЛЫҚ
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИ ДАМУЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ
ҰЙЫМДАСТЫРУ
Қазіргі уақытта денсаулық сақтау
жүйесін қалыптастырудың негізгі міндеті халыққа
көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен
қолжетімділігін арттыру болып табылады. Саланы дамытудың
стратегиялық басымдықтарына сәйкес бұл процесте
жоғары мамандандырылған медициналық қызметкерлерді
дайындау маңызды рөл атқарады.
Көрсетілетін
медициналық көмектің сапасы ұйымдармен және
медициналық ұйымның материалдық-техникалық
базасының жағдайымен ғана емес, сондай-ақ көп
жағдайда заманауи мамандандырылған білімі мен кәсіби машығы
бар білікті мамандардың болуымен де анықталады.
Көрсетілетін
медициналық көмектің сапасын жақсарту медициналық
қызметкердің іскерлігі мен кәсіби білімін жетілдірумен
тікелей байланыстылығы дәлелденді. Сондықтан
медициналық қызметкерлердің кәсіби даму жүйесі
тұрақтылық пен дұрыс дамудың кепілі бола отырып,
жүйелі сипат алу қажет.
Қызметкердің кәсіби дамуын жүзеге
асырудың негізгі жолы үздіксіз кәсіби білім алуында жатыр.
Медициналық мекемелер мен жеке емханаларда өз
қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мен дамытуға
жұмсалатын барлық шығындарды қызметінің
экономикалық тиімділігін арттыратын негізгі капиталда инвестиция ретінде
қарастыру қажет.
Дипломнан кейінгі білім беру жүйесінің өзі (оның қазір немесе басқа уақытта
ұсынылатыны сияқты алдағы уақытта кредиттік-рейтингтікке тәуелсіз болатынында), біріншіден, еңбекақының
тиімді жүйесімен, медициналық мамандардың
жұмысының қазіргі шынайы нәтижелері көрініс
табатын мамандарды аккредиттеудің нақты айқындалған
жүйесімен өзара әрекеттесу қажет.
Сонымен
қатар,
ол ынталандырушы және фантомды жабдықтарды
пайдаланумен, медицина ғылымдары мен білім беру технологияларындағы
(қашықтықтан оқыту және т.б.) соңғы
жетістіктердің есебімен медициналық білім берудің
халықаралық стандарттарын ескеру қажет, шет елдік
жүйелермен өзара әрекеттесу және білім берудің
заманауи бағдарламаларының негізінде құрылуы
қажет.
Дипломнан кейінгі
білім беру жүйесін ұйымдастыру денсаулық сақтау
жүйесінің барлық ойыншыларының қатысуымен
жүзеге асырылуы қажет: денсаулық сақтаудың
басқару органдары, медициналық және білім беру
ұйымдары, кәсіби медициналық қауымдастықтар. Тек
бірге күш біріктіріп, практикалық денсаулық
сақтаудың сұранысына орай әрекет ете отырып, шынайы
жетістіктерге қол жеткізуге болады.
Жаңа
жағдайларда денсаулық сақтау органдарын сияқты,
денсаулық сақтау мекемелерін де басқару әдістері
едәуір өзгереді. Медициналық ұйымның
қазіргі қызметтерінің негізгі мәселелері бойынша
өзің шешім қабылдайтын уақыттар да келеді. Осылармен
қатар қабылданатын шешімдердің, соның ішінде медициналық
қызметкерлердің даму мәселесі бойынша сапасы мен өз
уақытында орындалуы үшін жауапкершілік те айтарлықтай артады.
Социологиялық
сауалнама нәтижелерінің негізінде қазіргі тәжірибеші
дәрігерлердің көпшілігі дамуға талпынатындығы
туралы қорытынды жасауға болады, оның үстіне
ынталандыру экономикалық факторлар ғана болып саналмайды. Жалпы
медициналық қызметкер қазіргі уақытта білім алуға
дайын, өзін-өзі дамытуға расымен қызығады,
өзінің бос уақыты мен
жеке қаражатын жұмсауға дайын, оларға жаңа білім
алу мен машықтанудың тиімді жүйесін ұсыну
маңызды.
Зерттеудің нәтижесі бойынша
дәрігерлердің көпшілігі дәрігерлердің дипломнан
кейінгі білім алу сапасын арттыруға бағытталған мүмкін
болатын ұсыныстардың бірін қолдады, оның ішінде –
медициналық ұйымдардың басшылығы дәрігердің
білім алуы үшін қандай білім беру мекемесіне бағыттайтынын
өздігінен шешу үшін дипломнан кейінгі білім беруге қаражатты
медициналық ұйымдарға беру туралы идея.
Жалпы
медициналық білім беруге қатысты дәрігерлік ұйымдарда
жағдай айтарлықтай мәз емес, оның қазіргі
жағдайына көңіл толмаушылық байқалады, алайда
ең маңыздысы, тіпті 96 адамның сауалнамасы негізінде белгілі
болғандай, дәрігерлік қауымдастықтың бір
бөлігі барлық жағымсыз үрдістерге қарамастан,
біліктілікті арттыруды жалғастыруда, дәрігерлердің
көпшілігінің жүйені өзгерткісі келетіндері
көрініп тұл, ең бастысы осы.
Дәрігерлердің, тіпті,
өзінің үздіксіз білім алуына жеке қаражаттарын
бөлуге дайындығы туралы айта отырып, олар мұндай қаржы
бөлуді шын көңілмен жасауы мүмкін екендігін ескеру
қажет, егер бұл инвестициялар кейін жоғары
еңбекақымен өтелетін болса. Сонымен қатар жүйеге
енгізілетін барлық өзгерістер мен шешімдерді осы
жүйенің тікелей қатысушылары –медициналық
қызметкерлерге түбегейлі түсіндіру қажет, ондай
болмаған жағдайда, кез келген ұсыныс медицинаны
толықтай коммерцияландыруға тағы бір қадам және
кезең ретінде қарастырылады және дәрігерлік
қауымдастықта жағымсыз сипат алады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Столяров С.А. Рынок
медицинских услуг: Некоторые его характеристики, проблемы и аспекты управления.
3-е изд. испр. И дополн. - Барнаул: Аз Бука, 2005. - 269 c.
2. Гаврилов С.С., Биртанов
Е.А., Салов Р.В., Ахметов В.И. К
вопросу о квалификации врачей и среднего медперсонала стационаров РК /Денсаулық
сақтауды дамыту журналы.– 2007.– № 1(42).– С. 35-40.