Зейнолдина Б.К¹., Нурбакыт
А.Н¹´².
¹Қоғамдық
денсаулық сақтау жоғары мектебі, Алматы қаласы, ҚР
²С.Ж.Асфендияров
атындағы ҚазҰМУ, Алматы қаласы, ҚР
ОРТА
МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ ЖӘНЕ ДАЙЫНДЫҚ
САПАСЫН БАҒАЛАУ КӨРСЕТКІШТЕРІ
ҚР Президенті
Назарбаев Н.Ә. 2015 жылғы «Нұрлы
жол – болашаққа бастар жол» халыққа
жолдауындабілім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығын
дамыту бағдарламаларына ерекше ден қою жалғаса беретіндігіне
көрсетті. Осы тұрғыда медициналық қызметкерлерге
тікелей қатысы бар оқу, денсаулық сақтау, тілді дамыту
ілгеріден қолға алынған. Себебі, медициналық
қызмет сапасының жоғарылауы үшін тұрақты
білікті мамандар дайындап, денсаулық сақтау ұйымын
кезеңді түрде аккредитациялау қажет екенін дүниежүзілік
тәжірибе көрсетіп отыр.
Колледждердің дамуы ҚР Президентінің
2010 жылғы 1 ақпандағы «ҚР 2020 жылға дейінгі
стратегиялық даму жоспары туралы» №922
қаулысымен негізделеді. 2010 жылдың 29
карашаснан бастап, 2011-2015 жылдарға басты бағыттардың бірі болып «медицина мен
фармацевтиканы жетілдіру, сонымен қатар инновациялық
медицинаның дамуы» қарастырылды. Оның себебі: денсаулық
қорғау мен инновациялық технологияларды дамытудың
негізгі кілті – басекеге қабілетті мамандар құрамын дайындау
болып табылады.
Халықаралық мейіргер күніне
арналған мейіргер мамандарының III съезінде (Алматы қ.,
2015ж.) жаңа үлгідегі мейіргерлерді дайындау сұрақтары
талқыланды. ҚР ДС және ӘДМ 2014 ж. 2020 ж. мейіргер ісі
дамуының Кешенді жоспары бекітілген. Медициналық
құжаттарды толтырудың жаңа технологиясын енгізу
жалғастырылып, ауруханадан тыс көмектің жаңа
үлгілерінде мейіргер персоналдың қатысуы кеңейтіледі.
Съезд жұысының қорытындысы бойынша Қазақстандағы
мейіргер қызметін халықаралық стандарттарға
сәйкес әрі қарай дамыту резолюциясы қабылданды
және осындай ауқымды да маңызды іс- шараның
ұйымдастырушылары – ҚР ДС және ӘДМ және РМК
екенін айта кеткен жөн.
Зерттеу
мәліметтеріне келетін болсақ, 2012-2014 оқу жж. РМК «емдеу
ісі» мамандығының оқу үлгерімі мен сапасы бойынша есеп
беру мәліметтерін қорытындылай, бітіруші болашақ
мамандардың білім деңгейін дәлелдеу қарқыны осал
емес, әрі қажетті білім негізін қалыптастырып үлгерген
деп бағалауға болады.
Білім
беру үдерісінің негізгі тұстарымен білім алушылардың
қанағаттану деңгейін
зерделеу барысында оқуды ұйымдастыру үдерісінің
бірнеше тұғырлары талқыланған: дәріс
мазмұнымен студенттердің бүтін үлес салмағының
жартысынан астамы (55%) қанағаттанатынын көрсеткен,
семинарлық (тәжірибелік) сабақтардың мазмұны 2/3
студенттерді қанағаттандырады, алайда, осы тәжірибелік сабақтарды жүргізу
әдіс-тәсілдеріне көңілі толатындар, небары, 39,8%
тең; нақты қанағаттанбайтындар -14,4%.
Оқытушылардың
жеке бас қасиеттеріне білімділігі, сауаттылығы, біліктілігі,
коммуникативтігін жатқызуға болатынын ескерсек, тәлім
алушылардың басым бөлігі өздерінің
оқытушыларының осы тұстарын сабақ өткізу сапасына
әсерлі және жартылай әсері бар деп, суммарлы, 70,5%
бағалаған.
Тәжірибелік
дағдыларға машықтану бойынша талданған
тұғырлар: медициналық негізгі пәндер бойынша
үйренген тәжірибелік дағдылардың деңгейі;
кәсіби қызметті атқаруға үйренген
тәжірибелік дағдылардың
сәйкестігі; мамандық бойынша қажетті тәжірибелік
дағдыларды игерген соң ситуациялық жағдайларды өз
бетінше шеше алуға сенімділік.
Осы орайда 75% респондент
оқу үрдісін ұйымдастыруда тәжірибелік
дағдыларға үйрету жүйелі және үйрену
мүмкіндігі жоғары екендігін нұсқайды.
Заманауи
ақпараттық-технологияның даму қарқыны кез-келген
саладағы мамандардың адекватты жылдамдығын,
алғырлығын, коммуникабельдігін талап етуі заңды.
Болашақ мамандардың коммуникативтік дағдыны
қалыптастыру деңгейі теориялық білім мен тәжірибелік
дағды қалыптастыру бойынша алынған нәтижелерден
қалыс.
Болашақ
әлеуметтік-қоғамдық формацияның
құрылысшысы әрі өз саласында қажетті маман болудың
кепілі – сауатты, білікті, жан-жақты білім аймағын игеру! Бұл
тұста құқықтық құзыреттілік
маңызды. Жоғарғы оқу орындарында жастарды
мамандыққа баулуда әрбір пән бойынша
құққытық-нормативтік негіздің болуы
міндетті.
Респонденттердің
1/3-не жуығы (30,3%) – өз кәсіби міндеттері мен
құқықтарын білетіндігі оңтайлы факт.
Зерттеу барысында РМК түлектерін жұмысқа қабылдап,
олармен табан тірес жұмыс жасайтын бірқатар медициналық
мекемелердің басшылық звенодағы қызметкерлеріне де
сауалнамалық сұрау жүргізілді.
Әрине, кез-келген оқу орны үшін өздері
дайындаған мамандардың
қоғамдық-әлемеуметтік ортада өз қызметтік
орнын тауып, алған кәсіби білімдерін сәйкес пайдалана білуі айтарлық
жетістік. Таңдалған нысандардың басшылық звеносын
анономді түрде сұрау арқылы бүгінгі колледж
түлектерінің кәсіби портретін жасау мүмкіндігі туды.
Жалпы аталған ОМОО
түлектерімен маман ретінде жұмыс беруші тарап
респонденттердің ¾ -і
қанағаттану білдірген.
Зерттеу
мәліметтерінен ұғатынымыз, дегенмен, тәжірибелік
дағдыланған, кәсіби машықтанған мамандардың
әркез қажет те бағалы екендігі.
Респонденттер жұмыс
беруші ретінде, алдағы уақытта да, РМК «емдеу ісі» мамандығы
біліктілігіне ие мамандарды жұмысқа қабылдауға
ықыласты екендіктерін жасырмады.
Сонымен қатар жұмыс беруші звоно пікірніше, «тәжірибелі
түрде, аталған оқу мекемесін бітірген барлық мамандар
санитарлық ағарту және СӨС насихаттау бойынша білім
және дағдыларға ие». Алайда 24% басшылық персонал
мамандардың ОЗМП арналған периодикалық басылымдармен таныс
емес және оқымайтындықтарын жасырмады.
Сонымен қатар, жұмыс беруші-басшылық тарап, «мейіргер
ісінің» дамуы мәселелерін шешу үшін заңдылық
базаны жетілдіру қажет санайды (67%), соның ішінде ОЗМП
функциональдық міндеттері мен құқықтарын бекіту
керектігі маңызды.
Респонденттер мамандардың мейіргерлік жеке тәжірибе
аймағы: мейіргерлік науқасты күту үдерісі (35,9%),
емдік-диагностикалық манипуляциялар (18,4%), профилактика және
денсаулықты нығайту (17,5%), АІЖ профилактикасы (13,4%), үй
жағдайындағы мейіргерлік көмек (12,5%), тірек-қимыл
функцияларының бұзылуындағы науқасты күту (2,3%)
бола алады деп санайды.
Сонымен, қорытындылай келе РМК ОМОО ретіндегі мүмкіндіктері мен
жетістіктерін, білім алушылардың оқу үрдісінің
ұйымдастырылуымен қанағаттану деңгейін, жұыс
беруші тараптың РМК «емдеу ісі» түлектерінің біліктілігі мен
дайындық сапасы жөніндегі пікірлерін саралай келе
студенттердің оқу сапасы мен тәжірибелік дағдыны
меңгеруді жақсарту ұсыныстарын өңдеумен
қатар, мейіргер ісін дамыту проблемаларын шешу мақсатында келесі
бағыттардың маңызы басым екендігі көрсетілді:
денсаулық сақтаудың заңдылық базасын жетілдіру және өз бетінше мейіргерлік
практика аймағын белгілеу.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Сраубаев Е.Н, Шинтаева Н.У., и др.
Опыт и перспективы развития медицинского образования в странах Центральной Азии
//Материалы международной практической конференции. – 2012. – С. 79.
2. Абылкасымова А.Е., Ушуров Е.А.,
Омарова Р.С. Развитие системы общего среднего образования всовременном мире:
учебное пособие. Алматы: Гылым. –2003г. –С.112.
3. «2011-2015 жж.
ҚР медициналық және фармацевтикалық білім беруді
дамыту» концепиясы (жоба).