Набиева А.М¹., Нурбакыт А.Н¹´². 

¹Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі,  Алматы қаласы, ҚР

²С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Алматы қаласы, ҚР

 

ЕРЕСЕК ТҰРҒЫНДАРДЫҢ  ЖЕКЕ  ДЕНСАУЛЫҚТАРЫНА ҚАТЫСТЫ ЖАУАПКЕРШІЛІГІН БАҒАЛАУ

 

        Қазіргі уақытта, әр түрлі мемлекеттер Үкіметтері дамыған, дамушы мемлекеттерде немесе экономикасы өтпелі кезеңдегі мемлекеттерде реформалардың жасалу, жасалмауына қарамастан өз азаматтарының денсаулығын қамтамасыз етуге тырысуда. Мемлекет азаматтарының сапалы денсаулық сақтауға қол жетімділігі мәселесі, денсаулық сақтау жүйесін жеке науқастар мен жалпы қоғам қажеттіліктеріне анағұрлым сай етуге тырысу, сонымен қатар денсаулық сақтау секторындағы ресурстарды оңтайлы орналастыру мен оларды тиімді қолдану көптеген мемлекеттер үшін, сонымен бірге Қазақстан үшін аса маңызды.

       Халық денсаулығы қоғамымыздың маңызды экономикалық, еңбек, қорғаныс және мәдени әлеуеті бола тұрып, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және гигиеналық әл-ауқаттылығын айшықтайды.

   Қазақстан Республикасы Конституциясының 29-шы бабында мемлекет әлеуметтік саясатының басты қағидалары – медициналық көмектің қолжетімділігін, тегіндігін, профилактикалық бағыттылығын қамтамасыз ету бекітілген.

   Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің баяндамалары барысында халық денсаулығының «Қазақстанның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу сәттілігінің ажырамас бөлігі» ретіндегі маңыздылығын айрықша атап өттіЕліміздің «Қазақстан-2030» даму стратегиясында «Азаматтардың денсаулығы, білімі мен әл-ауқаттылығын» Президент ұзақ мерзімдүі басымдықтар ретінде атап өтті, ал олардың аса маңызды компоненті ретінде аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын ынталандыру ерекше аталған.

  Бұрынғы Кеңес Одағындағы мемлекеттер тәрізді жалпы Орталық Азия мемлекеттері және Қазақстан қазіргі таңда жоғарыда аталған мақсаттарға сәтті қол жеткізу үшін ескі денсаулық сақтау жүйесін қайта құруды жүзеге асыруда. Сонымен қатар, меке-жайлық емддік-профилактикалық және сауықтыру шараларының тиімділігі ерекше өзектілікке ие болуда. (А.А. Аканов, 2003, 2004; К.А.Тулебаев, 2004, 2005; М.К. Кульжанов, 2004, 2005).

Денсаулық мәселелері тұрғысындағы медициналық сауаттылықтың төмен деңгейі адамның денсаулық ахуалына, оның жеке, әлеуметтік және мәдени дамуына айтарлықтай әсер етеді, сонымен қатар оның өмір сапасын төмендетеді. Ғылыми басылымдар авторларының пайымдауынша, тұрғындардың денсаулық мәселелері тұрғысындағы құзыреттілігінің төмен болуы медициналық қызмет көрсетуге қол жетімділіктің теңсіздігімен байланысты, сол себепті денсаулық мәселелері тұрғысында сауаттылығы төмен адамдардың денсаулығы нашар, ал ауруханаға жатқызылу қаупі жоғары болмақ.

Қауіпті саналы түрде түсіну, қарама-қайшы ақпаратты талдау, денсаулыққа байланысты шешімдерді қабылдау, күрделі денсаулық сақтау жүйесінің тілін білу және денсаулық сақтау жүйелері, қауымдастықтар мен мемлекеттік саясаттың азамаматтардың емделуші ретіндегі қажеттіліктерін толыққанды қанағаттандыра алмауы барысында өзерістерді «талап ету» үшін денсаулық мәселелері тұрғысындағы сауаттылық дағдылары функционалдық мүмкіндіктерді қажет етеді. Денсаулық мәселелері тұрғысында хабардар болу адамдардың мінез-құлқын олардың таңдауын, ақыр аяғы олардың денсаулығы мен әл-ауқаттылығын қалыптастырады. Оның деңгейінің төмен болуы салауатты өмір салтын ұстанбауға, қауіпті мінез-құлыққа, ауруханаға жатқызылу қатарының арта түсуіне және денсаулық сақтауға жұмсалатын қаржы мөлшерінің арта түсуіне әкеледі.

    Аталғандай, денсаулық мәселелері тұрғысында сауаттылықты арттыру – бұл өмір бойына жалғасатын, әрі оның нәтижелері әрқашан оң бола бермейтін үрдіс.

       Денсаулық тұрғысында сауаттылықты зерттеу көрсеткендей, сауатттылық деңгейінің төмен болуы өкпе қатерлі ісігінен, инсульттан, жүрек-қантамыр және жұқпалы аурулардан көз жұмудың жоғарғы қаупімен, сонымен қатар арқаның ауруы, күйзеліске ұшырау, деменция, демікпе пен диабеттің орын алуымен байланысты болады екен. Тіпті орташа өмір сүру ұзақтығы арта түскен мемлекеттердің өзінде сауаттылық деңгейі анағұрлым жоғары және төмен адамдардың арасындағы алшақтық әлі де сақталуда.  Сонымен қатар, білім деңгейі мен салауатты өмсір салтының арасында айқын байланыс байқалады. Мысалы, шылым шегушіге айналу ықтималдылығы тұрғындардың анағұрлым сауаттылығы төмен топтарында арта түседі. Сауаттылық деңгейі төмен адамдар білімді адамдармен салыстырғанда, 30 жасында шылым шегушіге айналмақ. Білім деңгейінің жоғары болуы Еуропадағы шылым шегушілер санының азаюына әкелді. Білім деңгейінің жоғары болуы Еуропада, Ресей және Қытайдағы адамдар салмағының мінсіз болуымен де байланысты.  Денсаулық мәселелері тұрғысында сауаттылығы шектеулі адамдардың денсаулық жайлы, профилактикалық қызметке қол жетімділік және өзін-өзі басқарудың ерсі дағдылары жайлы білімі төмен болады.  

Денсаулық мәселелері тұрғысында құзыреттілік деңгейі төмен адамның, көбіне созылмалы аурулар, соның ішінде демікпе, гипертония, диабет және жүрек аурулары жайлы жеткілікті хабары болмайды. Денсаулық тұрғысында сауттылығы төмен адамдар өзін-өзі басқарудың нашар дағдыларын көрсетті. Аталған жайт, демікпеге, АИТВ жұқпасына және қант диабетіне шалдыққан науқастарды зерттеу барысында расталды.  Денсаулық тұрғысында сауаттылығы шектеулі емделушілер ауруханаға жиі жатқызылады және жедел жәрдем көмегіне жиі жүгінеді.  

       Денсаулық тұрғысында құзыреттілігі төмен адамдар жасына, жынысына, нәсілі мен экономикалық шектеулер маркерлеріне қарамастан, денсаулықтың нашар болуына душар болады. Медициналық сауаттылық қант диабетіне шалдыққан адамдар қанындағы орташа қант құрамын болжайтын маңызды, тәуелсіз параметрі болып шықты.  Денсаулық тұрғысында сауаттылығы төмен адамдар қант диабетіне, сөзылмалы жүрек ақауларына жиірек шалдығады, психикалық және физикалық денсаулықпен байланысты үлкен мәселелер мен шектеулерге душар болады.

            Осылай, денсаулық тұрғысындағы сауаттылық мәселесі саяси, әрі тұрғындарға біріншілік медициналық көмек көрсету деңгейінде шешімін табуды талап ететін денсаулық сақтау саласының анағұрлым өзекті мәселесіне айналды. Өткізілген ғылыми әдебиеттерді талдау, ересектердің (ата-аналардың) қатысуымен өтетін денсаулық сақтау және білім беру мекемелерінің ынтымақтастығы негізінде мектептерде, сонымен қатар жұмыскерлер денсаулығын сагқтау бағдарламалары аясында мекемелер мен ұйымдарда жүзеге асырылатын стратегиялар денсаулық мәселелеріне қатысты біліктілікті арттырудың анағұрлым келеші бар болып табылатынын растап отыр.  Ғаламтор сияқы заманауи қарым-қатынас құралдары сәйкес білімді таратудың келешегі бар технологиялары болып табылады.

        Азаматтардың өз денсаулығы алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз ету тұрғындардың  медициналық сауатты болғанда ғана мүмкін болмақ.

      

     Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.   Аканов А.А., Тулебаев К.А., Айтжанова Г.Б. Руководство по формированию здорового образа жизни, профилактике заболеваний и укреплению здоровья. - Алматы, 2002. - 250 с.

2.   Тимченко О.А. Здоровье как высшая ценность человека и показатель его культуры // Гуманитарные и социально- экономические науки. 2006, №9. С. 110-112.

3.   Авдеева H.H., Ашмарин И.И., Степанова Г.Б. Здоровье как ценность и предмет научного знания // Мир психологии.- 2000.- № 1(21).- С. 68-75.