Бестембаев Б.И¹., Нурбакыт
А.Н¹´².
¹Қоғамдық денсаулық
сақтау жоғары мектебі,
Алматы қаласы, ҚР
²С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ,
Алматы қаласы, ҚР
МЕКТЕП СТОМАТОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК АСПЕКТІЛЕРІ
Әлемнің көптеген елдерінің денсаулық
сақтау органдары мен кәсіби стоматологиялық ұйымдары халықтың, бірінші
кезекте балалардың, стоматологиялық денсаулығын
жақсартуға ұмтылуда. Бұндай саясаттың
негізгі мақсаты- халық
денсаулығының жалпы деңгейін жоғарылату болып табылады,
яғни ауыз қуысы ауруларының, организмдегі
жүрек-қантамыр жүйесіне, ас қорыту жүйесіне және басқа да органдардың
қызметіне зиянды әсерін болдырмау.
Балалар мен ересектердің өмір
сапасының нашарлауында, ауыз қуысының аурулары айрықша
орын алатындығы белгілі.
Тіс ауруы- оқушылардың
сабаққа келмеуінің ең жиі себебі болып саналады
және ол баланың аурушылдық көрсеткіштері мен
сабақ үлгеріміне әсер етеді. Мектеп оқушыларынына
стоматологиялық көмектің жалпыға бірдей, жүйелі
түрде жүргізілуіне қарамастан, оқу жылы барысында,
сабаққа қатыспайтындардың ішінде кедей
отбасындағы балалардың үлесі жоғары және оларда
тіс жегісі өте жиі кездеседі.
Стоматологиялық аурулар жайлы ескертуге және патологияны ерте
кезеңінде емдеуге бағытталған біріншілік және екіншілік
профилактикалық шараларды жүргізу - стоматологиялық
аурулардың күшейіп, асқынған шағында емдеуге
қарағанда он есе тиімді болып табылады.
Көптеген елдерде балалардың ауыз қуысы ауруларының
емі мемлекет тарапынан жүргізіледі және оның коммуналды, топтық және индивидуалды
деңгейдегі стоматологиялық- профилактикалық
бағдарламаларды жүргізуде экономикалық тиімділігі
айқын.
ДДҰ
деректері бойынша, денсаулық сақтау жүйесі экономикалық
тұрғыдан дамыған елдерде,стоматологиялық және
«екіншілік» аурулардың профилактикасына жұмсалынатын бір доллар,
«екіншілік» ауруларды емдеуге жұмсалынатын шығынды
үнемдегенді қоса есептегенде, 10 есе тиімді экономикалық
нәтиже беретіндігіне әлдеқашан, көз жеткізілген.
Шет
елдерде балаларға профилактикалық көмекті- орта
буындағы мамандар көрсетеді. Біздің елімізде гигиенист
мамандарды дайындауға байланысты мәселелердің шешімі
табылмағандықтан, олар тек біріккен ЕПМ ғана жұмыс
істейді. Кадрларды дайындау және оларды жұмыспен қамту
қазіргі таңда өзекті мәселе болып отыр және ол
барлық стоматологиялық қызмет түрлерінің, соның ішінде, профилактикалық
және балалар стоматологиясының
одан әрі дамуында маңызды рөл атқарады.
Мектеп
стоматологиясындағы өзекті мәселелердің бірі-
«дәрігерді таңдау еріктілігі» қағидасы болып табылады.
Бұл дәрігердің өзі жүргізіп отырған
емдік-профилкатикалық жұмыстарына жауапкершілігін анықтайды,
ал оның еңбегінің нәтижесі оқушылар мен мектеп
ұжымының «ауыз қуысы саулығы» көрсеткіштері
бойынша бақыланады. Бүгінгі күнде мектеп оқушылары
кез-келген емханаларға емделе алады. Бұл бірізділіктің
жоғалуына және тіс дәрігерінің балаға ем
жүргізу сапасына деген жауапкершіліктің азаюына алып келеді.
Ақыр аяғында, ауыз қуысын жоспарлы профилактикалық санациялаумен
балаларды қамту деңгейі төмендейді.
Стоматологиялық кабинеттерде материалдық-техникалық
жабдықтардың жеткіліксіздігі- мектеп стоматологиясындағы
шешімі табылмай отырған
мәселенің біріне жатады. Соның салдарынан, балалардың
ауыз қуысы ауруларын емдеу және алдын-алуға мүмкіндік
болмай отыр.
Мемлекеттік
стоматологиялық мекемелердің көмегіне жүгіну
көрсеткішінің төмендегінің басты себебі,
ата-аналардың балаларға арналған стоматологиялық мекемелердің материалдық-техникалық
жабдықталуына сенімсіздік танытуымен байланысты екендігін және
өз балаларын емдеу барысына қатысқан ата-аналардың тек
дәрігердің біліктілік
деңгейін жоғары деп бағалатындығын
көрсетеді.
Ұсынылған
деректер, стоматологиялық қызметті дамыту стратегияларын жасауда,
халық пікірінің маңыздылығын,
«дәрігер-науқас» қарым-қатынасын жетілдірудің
және тіс дәрігерлерінің басқа мамандық иелерімен
өзара қарым-қатынасын дамыту қажеттігін есепке алу
керектігін көрсетеді.
Әрбір
ата-ананың өз баласының ауыз
қуысы саулығына тиісті күтім жасауы- болашақта
баланы соған тәрбелеу екендігін біле бермейді, сондықтан кез-келген профилактикалық бағдарламалардың тиімділігі,
ең алдымен мәселені танып-білу деңгейімен, бірінші кезекте
ата-аналардың хабардар болуымен, байланысты болады. Ата-аналардың
гигиеналық сауаттылық деңгейі төмен отбасындағы
балаларда гигиеналық дағдылардың элементтері
қалыптаспағандықтан,балалар бөл жөнінде жете
түсінбейді. Көпшілік ата-аналар
балаларының стоматологиялық денсаулығына
немқұрайлы қарайды, тіпті кейбір аналар, тісті дұрыс
тазалау әдістерінен де хабарсыз. Тіс жегінің жоғары дәрежеде таралауы, аналардың
бұл жағдай жайлы хабардарлығына байланысты екендігі, ал ата-аналардың біліктілігі тіс
жегінің қалыптасу деңгейіне тікелей әсер ететіндігі
анықталған.
Балалардың
ауыз қуысының жағдайы-
отбасының , сондай-ақ өздері өмір сүріп
отырған қоғамның, материалдық жағдайын
тікелей индикаторы болып саналады. Күнкөріс табысы жоғары отбасындағы балаларда,
тіс жігісі екі есе сирек кездеседі. Жеке меншік мектептерде оқитын
оқушылар мен қоғамдық
мектептерде оқитын оқушылар арасында тіс жегінің таралуы мен
қарқындылығы көрсеткіштерінің айқын
айырмашылығы байқалады, яғни қоғамдық
мектептерде тіс жегісі- 89 % оқушыларда, жеке меншік мектептерде
оқушылардың 65% ғана
кездеседі. Оқушылардың тіс
дәрігеріне қаралуы мен тіс дәрігеріне
қаралуға деген үрей
көрсеткішінің деңгейі
де әртүрлі болады. Әлеуметтік жағдайы жоғары
отбасындағы балалардың 74% тіс дәрігеріне тұрақты
түрде қаралады, ал әлеуметтік жағдайы жоқ
отбасындағы балаларда бұл көрсеткіш тек 43% көрсетеді. Стоматологиялық денсаулық жағдайы нашар болып
саналатын әлеуметтік қорғалмаған топтардағы
аналар, өз балаларының стоматологиялық
денсаулығының күтіміне немқұрайлы
қарайтындығы анықталды.
Стоматологиялық
мекемелерге келуші балалар санының аздығының басқа да
себептеріне- отбасындағы әлеуметтік емес үлестің
өсуін, ата-аналардың жұмыстан босай алмауы және
ата-аналардың балаларының ауыз қуысы ауруларының
профилактикасына кызығушылығының төмендігі сияқты
факторларды жатқызуға болады. Осыған байланысты кейбір
авторлар, стоматолог мамандардың рөлінің
маңыздылығына баса назар аударып, олардың мектептерде
жүргізетін профилактикалық жұмыстарының мазмұнына
тоқталып өтеді.
Мектеп
стоматологиясының мәселелерін шешу және балаларға
стоматологиялық көмек көрсетудің жаңа
тәсілдерін жасау жайлы көптеген авторлардың
еңбектерінде қарастырылады. Стоматологиялық
қызметте гигиенист мамандармен қамтамасыздандырылудың
төмендігіне қарамастан, осы мамандар негізгі рөл
атқаратын бағдарламаларды жүзеге асыру ұсыналады.
Халықтың стоматологиялық
денсаулығына жағымсыз әсер ететін негізгі әлеуметтік факторлардың болуы
көрсетіледі және соңғы жылдардағы
жүргізіліп отырған реформалардың стоматологияның,
соның ішінде, мектеп стоматологиясының дамуына кері әсері анықталды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Лунева Н.А. Эффективность образовательной
программы D профилактике стоматологических
заболеваний у детей младшего школьного возраста: Автореф. дис. канд. мед. наук
/Н.А. Лунева. Волгоград, 2001. 18 с.
2. Набатова М.А. Роль стоматологического просвещения родителей в поддержании
здоровья полости рта детей: Автореф. дис. канд. мед. наук /М.А. Набатова М.,
2000. 24с.