Дәуренбекова Ә.К, Айдынбекова А.Ғ, Әбілдаева А.Н.

 

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті,  Қазақстан

 

ПСИХОТЕРАПИЯДАҒЫ АРТТЕРАПИЯНЫҢ МАҢЫЗЫ

 

Казіргі уақытта психотерапияның маңызды салаларының бірі ол арт-терапия болып саналады. Арттерапия даму үстіндегі психотерапияның  әдістердің жаңа түрі болып есептеледі. Қазір Қазақстанда арттерапия өзінің қалыптасу кезеңінде. Бұл сала Қазақстанда әлі де болса толығымен зерттелмеген деп айтуға толық негіз бар, себебі осы салада елімізде ғылыми жұмысты айтпағанның өзінде бітіру жұмысыда жоқ екендігі дәлел. Сонымен қатар арт-терапия түсінігі біздің елімізде әлі толығымен  қалыптаспаған.

Арттерапиямен айналысу үлкен профессионалды дайындықты, психотерапия аймағында іргелі білімді талап ететін  қиын іс-әрекет болып есептеледі. Қазіргі кезде мұндай мамандар жоқтың қасы. Осыған қарамастан арт-терапияны қолдануға деген қызығушылық өте жоғары. Арттерапия жөніндегі білімді елімізде дәл қазіргі күнде тек қана психологтарға ғана емес, сонымен қатар педагогтарға, әлеуметтік жұмыскерлерге, қарт адамдар, жасөспірімдер психикалық ауру адамдарға тағы басқа көптеген жерлерде қолдану маңызды және қажет екендігі дәлелденуде. Алғашқыда арттерапия түсінігі енгізілген кезде оны тек сырқат ауру немесе демалыс үйіндегі емделушілерге ғана қолданған болса, кейін келе оның қолданыс шеңбері кеңейді. Бұл дегеніміз арт-терапия адамның шығармашылық жағдайын дамытып қана қоймай, адамның бойындағы ресурстарының мүмкіндігін түсініп ашуғада жағдай жасайд Алғашқы кезде арт-терапияны ауруханалармен жүйке жүйесіндегі бұзылулары бар ауру емдеушілерді емдейтін эмоциялық бұзылулардың көрінісі бар адамдарға ғана қолданған. Қазіргі кезде арт-терапияның қолданыс аясы едәуір кеңейді және ол өзінің алғашқы психоаналитикалық негізінен алыстауда. Негізінен арттерапияны қолданғанда ең бастысы жұмыс барысында талантын көрсету емес, спонтанды пайда болған қобалжуларын, қиындықтарын, бұрынғыдан қалғанелестерін суреттеу арқылы жеткізу.

Сонымен қоса, психотерапевтің шығармашылық жұмыс кезінде топ мүшелеріне көмек беруді және қажет жағдайда қолдау да көрсетуі керек. Мұндай топтармен жұмыс жасаушы психолог немесе психотерапевт көптеген сапаларға ие болуы керек. Атап айтатын болсақ, олар, адамгершілік, басқаларға қандай жағдай болмасын көмек қолын соза білу, тұрақтылық, барлық жағдайда түсінушілікпен қарау, сабырлық, кішіпейілділік, төзімдік, адалдық және тағы осы тұлғалық қасиеттер сияқты көптеген жақсы қасиеттерге ие болуы тиіс  деген сөз.

Арттерапия әдістемесін негізе ала отырып сендіру, адамның ішкі «МЕН»-ін көру бейнелерінде, әр кезде сол сурет салғанда және мүсін соққанда өз еңбектерінде ойланбастан, яғни ол спонтанды пайда болады. Бірақ З.Фрейд кейіннен мойындағандай, бейсаналылық символдық бейнелерде көрінеді, ол өзі практикада көркемдік шығармада өзінің емдеушілерін оған қызығушылығын тудырмаған. Бірақ психологиядағы аналитикалық теорияның негізін қалаушы К.Юнг болса өзінің емдеушілеріне өзінің түстерін, армандарын және қиялдарын сурет арқылы бейнелеулерін талап еткен. К.Юнгтің идеялары персональды және әмбебаптық символдардың бар болуы және қиялдың күшін терапиялық мақсаттарға қолдану мүмкіндігі бар, қазіргі кезде арт-терапиямен айналысатындарға тереңінен әсер етті.

Арттерапиямен айналысатын мамандар тек қана психологтармен және психиатрларға қойылған диагнозды нақтылауға немесе емдеу тәсілін таңдап алуға балалармен немесе стационарлардағы емделіп жатқан үлкендермен жасалған жұмыстардың талдауларына сүйене отырып,көмектескен.Кейінгі мазмұнынан көрінетіндей шығармадағы материалды осылай қолдану проективті тестерде қолданудан айырмашылығы, мысалы, Роршах тесті болмаса, тақырыптық апперцепциялық тесті жүргізгенде тест тапсырушы адам ерікті формада немесе суреттегі дақтар жауап қайтаруы керек. Казіргі кезде арттерапия мамандары тәжірибе жүзінде мойындалған,тәуелсіз атаққа ие,сонымен бірге жеке тұлғаны зерттеуге және оны емдеу процестеріне өз үлестерін қоса алады. Бірақ, мұнымен бәрі бірдей келісе бермейді. Тағы айта кететін жайт, бұл осы айтылып кеткен амалдың төңірегінде екі бағыт бар. Мына бағытты жақтаушы мамандарға әлеуметтік реабилитация және еңбек тарапиясы саласындағы мамандар. Атап айтсақ, осы салада көп еңбек сіңірген Эдит Крамер. Осы бағытты жақтаушылар өнер өзінен-өзі мақсатты іс-әрекетке ие және арттерапияны суррогат психотерапия ретінде қарастырады. Бұл бағыттағы психотерапевтер өнерде өздерінің терапиялық процедураларынан жоғары қояды және олардың кейбіреулерінен өзінің арсеналынан шығару шығармашылық процестің стимуляциясына бағытталған дейді. Екінші бағыттың жақтаушыларына жоғарыда айтылған мысалы, Маргарет Наумбург жатады. Оның жеке көзқарасы бойынша шығармашылық мақсатқа терапиялық бола түсуге болады деген. Мұндай психотерапевтер дәрігерлік дайындыққа ие болуы керек. Олар бірақ арт-терапияны өзіндік қолдануға да болады. Ол көп бөлігі дәстүрлі психотерапиялық амалға жай ғана қолдану деп санайды. Бірнеше бар айырмашылыққа қарамастан, екі бағытта таңдамалы өнерде тұлғаның интеграцияцы және реинтеграциясының құралы ретінде қарастырады. Казіргі уақытта арт-терапия тек қана аурухана бөлімдерінде ғана қолданыста емес,оған қоса психокоррекциялық топтан, онда ол таза түрінде сонымен қоса, көмекші әдістеме ретінде қолданады. Белгілі арт-терапиямен айналысатын мамандардың көп бөліктері Солтүстік Америкада фредистік болмаса юнгтік көзқарасқа сүйенеді. Бірақ көбісі гуманистік психологияның әсерін сезінген және оны дұрыс деп табады, тұлғаның гуманистік теориясы психокоррекциялық топтармен жұмыс кезінде психоаналитикалық теорияға қарағанда көп келісілген түбірін тудырады делінген. Жоғарыда айтылғандай арт-терапияның дамуынан психодиагностикалық бағыттар көп әсер еткен. Ал дамуына үлес қосқан авторлар ең біріншіден арт-терапия терминін ғылымға енгізген: Адриан Хиллдан бастаған жөн болар. Сонымен бірге М.Наумбург, З.Фрейд, К.Юнг, Э.Крамер болып табылады.

Осы арт-терапияның дамуындағы жаңа кезең ХХ ғасырдың 60-шы жылдарының аяғы мен 70-шы жылдардың басынан басталады. Әсіресе осы жылдардың бас кезінде арт-терапиялық топтардың жұмысының мынадай формасы, топтық интереактивті арт-терапияның бастауы қалана бастады. Мұндай топтық арттерапияның жұмысының формасы пайда болуына өмірдегі көптеген жағдайлармен шақырылған,олардың қатарында:

- әлеуметтік-саяси, институтциональды және мәдениеттік контекістердің өзгеруі;

- клиенттердің психотерапиялық тілектерінің және қажеттіліктерінің өзгеруімен, эмоциялық-құрылымдық бұзылулары;

- топтық психотерапияның практикада және теориялық тез дамуы және арттерапиялық іс-әрекетке жетудегі біртіндеп ассимиляциялау;

- арттерапиялық топ жүргізушілерінің кәсіби өсуі және арттерапиялық білім беру жүйесінің дамуы.

Арттерапияны қолдану арқылы қол жеткізуге болатын мақсаттар:

Агрессияға болмаса басқада негативті сезімдерге әлеуметтік шығар жолды табуға мүмкіндік береді. Суреттермен, мүсіндермен жұмыс жасау күштеуді бәсеңдетудің қауіпсіз түрі болып табылады.

Емдеу процесін жеңілдету. Түсініксіз ішкі шиеленістер және қобалжулар көбінесе көру бейнелерінің көмегімен вербалды психотерапия кезінде сөзбен айтқанға қарағанда көрсету оңай. Вербалды емес қарым-қатынас санадан тез шығады.

Интерпритацияға және диагностикалық қорытындыларға материалдар алуға болады. Көркем шығарманың өнімі ұзақ уақыттылық, емделуші оның бар екенін жоққа шығаруы. Терапевтке емделушінің көркем жұмыстың стилі және мазмұны емделуші туралы ақпарат береді, сол арқылы терапевт өзінің еңбектеріне интерпритация жасауға болады және жақсы көмектеседі .

Емделушінің басым болуына дағдыланып кеткен ойлары мен сезімдерімен жұмыс жасау. Кей кездері вербалды емес амал, бірден-бір күшті қобалжулармен сендірулерді анықтауға,көрсетуге мүмкіндік береді.

Терапевт пен емделушінің арасындағы қарым-қатынасты жақсарту үшін көркем іс-әрекетке бірлесіп қатысу ол қабілетті қарым-қатынас, эмпатия және өзара түсінушілік туындауына әкеледі.

Ішкі қадағалау сезімін жоғарылату. Суреттермен картиналардан жұмыс болмаса мүсін соғу жұмыстарында түстерді және формаларды тәртіпке салу қарастырылмайды.

Зейінді қабылдауға және сезімдерді шоғырландыру. Таңдамалы өнермен жұмыстар бай мүмкіндік тәжірибе жасауға кинестетикалық және көру түйсіктеріне, қабылдау қабілеттіліктерінің дамуына жағдай жасайды.

Көркемдік қабілеттерді дамыту және өзін-өзі бағалауын жоғарылату. Арттерапияның соңғы өнімі қанағаттану рахат алу сезімі, ол жасырын таланттың көрінуінің және олардың дамуының нәтежесі. Жоғарыда аталған әсерлерден басқа көркем өнерді психокоррекционды топпен жұмыста қолданудың қосымша нәтежесі, қиялға түрткі және дау-дамайға топ мүшелерінің қарым-қатынасын дұрыстауға көмектеседі. Өнер қуаныш әкеледі, бұл ешқандай жағдайға тәуелсіз (өзінен-өзі маңызды), бұл қуаныш біздің санамыздан тыс пайда болады ма, болмаса ол саналы әрекеттің нәтежесі ма ол әлі күнге дейін бізге белгісіз.

 

 Әдебиет:

1.       Рудестам К. Групповая психотерапия. СПб, 1998г

2.       Психокоррекционные группы: теория и практика. Общ. 2001г.

3.        Берн Э. Групповая психотерапия М, 2000г.

4.         Копытин В.И.  Руководство по групповой арт-терапии. СПб, 2003г.