Сайлыбаева Қ.Ә. Ниетбаева М.А. Амантайқызы А.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

ЖАС ОТБАСЫНДА   ТҰЛҒА ДАҒДАРЫСЫНЫҢ    ҚАЛЫПТАСУЫН АНЫҚТАУ

 

   Психология  бойынша қазіргі ғылыми – теориялық және ғылыми – тәжірибелік әдебиеттерді  талдау тұлға және тұлғаралық қарым-қатынастар, яғни әсіресе отбасы және неке психологиясы аймағындағы психодиагностикалық құрылғылардың (тесттер, проективті әдістер, сауалнамалар, шкалалық техникалар) бар екендігі көрсетті.  Олардың көп түрлілігі мен әр түрлі жоспарлылығы отбасындағы психологиядағы және психотерапиядағы әртүрлі бағыттар және теориялармен түсіндіріледі.

Ғылым ретінде  жалпы психодиагностиканың негізін: шетелдік және отандық психологиядағы оның туындауы мен даму тарихын, қазіргі жағдай, зерттеу әдістері мен әдістемелерін жіктеу, әдістемелердің психометриялық қасиеттерді тексеру сұрақтарын және т.б. білу отбасындағы қатынастар аймағындағы тәірибелік психологқа арнайы әдістемелер жайында маңызды мәліметтер береді.

Отбасы мен отбасылық қатынастарды психодиагностикалау  жалпы психодиагностиканың жалпы жеке аймағы бола отырып,  әдістемелік принциптер барлық психология сияқты диалектикалық – материалистік философияның негізгі принциптеріне (бейнелену принципі, мән мен құбылыс байланыстары принциптеріне, даму принципі,  сана мен іс-әрекет принциптері, тұлғалық принцип) негізделіп құрылады, және өзінде: психодиагностикалқ тәсілдерді, нақты зерттеу мақсаттары мен міндеттері бар.          

Ғылыми білім аймағы ретінде психодиагностиканың туындау тарихы сұрақтары бойынша әдебиеттерді талдау ғасырларға кететін тарих алды бар Ежелгі Вавилон екендігін көрсетеді.  Бұл оның құрылуының ғылымға дейінгі кезеңінде қазіргі түсініктегі тесттер мен әдістерді қолданбастан, арнайы өңделмеген түрлі қабілеттерді, білімдерді, іскерліктерді зерттеу өткізілген интуитивті деп атауға болады. Белгілі бір мекемеге үміткерлерді іріктеумақсатымен және нақты орынға орналасу үшін сынамалардың белгілі-бір жүйесі Ежелгі Египетте, Ежелгі Грецияда және Ежелгі Қытайда орын алған.  Ежелгі ғалымдардың ішінде ілімдерінде психодиагностика жөнінде қызықты көптеген идеялар, сонымен қатар тұлғаның әртүрлі ерекшеліктерінің құнды көрсеткіштерін диагностикалау суреттемелер бар   Аристотель, Гиппократ, Демакрит, Гален, Теофрастты атап өту керек. Мұндай психодиагностикалық белгілердің сурретмелері орта ғасырлық батыс ғалымы –Авиценна, Аль Бируни, Ибн Рушды және басқаларының еңбектерінде бар.

Тек 19 ғасырда психодиагностика ауруларды тексеруде психиатрия шеңберінде туындады, ал психодиагностиканың қосымша психологияның салалысы ретінде туындауы алғашқы тестілердің пайда болуы мен әйгілі ғалым Ф.Гальтонның «Адамның қабілеттерін зерттеу мен оларды дамыту» (1883) еңбегінің жарыққа шығуымен байланысты. Ол тұлғаның ерекшеліктері мен тұлғаралық қатынастарды зерттеуәдістерін өңдеуге бастама салды. Өзге ірі әдістер тобының тарихы отбасы ішілік қатынастарды зерттеу үшін қолданылатын – проективті әдістер. 1904-1905 жж. К.Юнгтің құрған сөздік ассоциаицялар тесті проективті әдістерінен есепті дәстүрлі есептеу басталды. Аяқталмаған сөйлемдер мен әңгімелер тесті өзінің туындауын К.Юнгтің тесттер ассоциациясынан бастау алады деп есептеледі. Бірақ проективті диагностиканың шынайы өркендеуі 1921 ж. В.Бендер, И.Гнайсттың «Психодиагностикасының» туындауымен байланысты болды. Онда швейцариялық психолог 19 ғасырдың өзінде қиялды ынталандыру ойыны ретінде танымал тұлғаны терең диагностикалау үшін қара дақтар техникасын суреттеді.

60-шы жылдардың басында қарым-қатынасты зерттеуге арналған Роршахтың тесті  - қазіргі таңда отбасы ішілік қатынастарды зерттеуде қолдаланылатын біріккен тесті өңделіп, кең тарады.

ХХ ғасырдың ортасында   отбасылық психотерапияның және отбасылық кеңес берудің қарқынды дамуы отбасылық қатынастарты диагностикалауға бағытталған әдістер қатарын құруға екпін болғаның атап өту керек. Оған бірінші кезекте Л.Джексонның отбасылық мақсаттар, Е.Бене мен Д.Антонидің отбасылық қатынастар тесті, А.Л.Пушкарев., В.А.Доморацкий., Е.Г. Гордеева «отбасының кинестетикалық суреті» тесті және оның нұсқаларын жатқызу керек.

Шетел авторларымен өңделген көптеген тесттер орыс тіліне аударылып, бейімделгендігін атап өту керек. Мысалы, Е.Бененің отбасылық қатынастар тесті орыс тіліндегі нұсқада «Отбасындағы эмоционалдық қатынастарды диагностикалау» балалар тесті ретінде қоладанылуда; сонымен қатар И.М.Маркованың модификацияланған нұсқасы «Отбасылық қатынастар тесті» ретінде   қолдаланылады.

Қазіргі таңда отандық психологияда отбасыны зерттейтің әдістерді жіктемесі жоқ, немесе бар жіктеулер барлық психодиагностикалық  әдістемелерді толық қамтымайды. Бірақта біздің көзқарасымыз бойынша А.Г.Шмелеваның ұсынған отбасын психодиагностиканың, белгілі-бір шарттармен зерттеу міндеттерінде бірқалыпты стандартталған арнайы қызықты жіктеу орын алады. Берілген жіктеу оның құрылымдалғандығының салдарынан біз қолдаланатындығымызды атап өту керек.

Осылайшы, диагностикалау пәні бойынша стандартталған әдістер психодиагностикасы келесі түрлерге жіктеледі:

Отбасы мүшелерінің    жекелік психофизиологиялық қасиеттерін зерттеуге бағытталған  көбіне (ВНД) түрлерінің сай келу сатысын зерттеу негізіне, темпераменттің кейбір сипаттамаларында отбасылық тұрақтылық анықталады және болжамдалады.

Отбасы мүшелерінің жекелік қасиеттерінің сипатамаларын зерттеуге бағытталған. Берілген әдістер тобына 16РҒ тест – сауалнаманы жатқызуға болады (Ф.Б.Березин және өзгелер, 1976), ПДО (Патохарактерологиялық ..., 1981);

Отбасы мүшелерінің когнитивтік сферасының сипатамасын зерттеуге бағытталған;

Тұлғаның құндылықтық –мотивациялық сферасын сипаттайтын. Рокич –Ядованың құндылықтық бағдарлар әдістемесі, тематикалық апперцепцияларды диагностикалау стандартты техникасы ТЮФ (А.Г.Шмелев, В.С.Болдырев, 1982) және өзге «отбасылық құндылқтарды» анықтау әдістері.

Аппараттық, құрылғылардың көмегімен жекелік немесе топтық көрсеткіштерді объективті тіркеуді қамтамасыз етеді;

Тапсырма ойындары – символикалық деңгейде тапсырмаларды бөлек, бірігіп немесе кезектесіп шешу; арнайы өңделген ойындар, мысалы: А.А.Кониканың, Е.А.Хорошилованың (1987) «Интрига»; рефлексивті психотехникалық ойындар (Н.В.Цзен, Ю.В.Пахмов, 1985);

 Тест – сауалнамалар: 16РҒ, ММРІ, ПДО,  «отбасылық тұрақтылық» сауалнамасы (В.С.Аванесов, 1982), ПДТ (В.М.Мельников, Л.Т.Ямпольский, 1985);

Шкалалау техникалары: мұнда «шақырылғандар тізімі», «семантикалық дифференциал» (Т.Л.Федоров, 1978),  «репертуарлы торлар» (В.И.Похилько, Е.О. едоров, 1984).

Отбасылық диагностикалауда тест – сауалнамалардың және «рфлексивті ымдау» сияқты шкалалауды қарапайым жиынтықтық техникаларды қолдануды жиі кездестіруге болатындығын атап өту керек. Мұнда серіктестің орнына 16РҒ, ММРІ немесе «некеге қанағаттану» немесе «Ролдік талаптану мен күтулер»  сауалнамасын орындау  тапсырмасы беріледі.

Әрине бұл қазіргі таңда бар стандартталған әдістемелердің толық тізімі емес, сондықтан қазіргі өзге тесттер мен сауалнамалармен танысу үшін  мыналарға көз шалыңыз.

Отбасы мен отбасы ішілік зерттеу үшін проективті әдістер бөлек мінездемені талап етеді. Бұл жоғарыда аталғандай «Отбасылық эмоционалдық қатынастарды диагностикаау», «Отбасылық қатынастар тест» және өзгелері.

а) Ерлі-зайыптылар жұбына ұсынылатын әдістемелер:

- Некеге қанағаттану сауалнамасы (В.В.Столин және өзгелер)

- Т.Лири тестінің модификацияланған нұсқасы (ДМО).

 - «Отбасындағы қатынастар» әдістемесі.

Өкінішке орай, отбасындағы тұлғаралық қатынастардың барлық аспектілері бірдей мөлшерде әдістемелік қамтылмағандықтың салдарынан зерттелуі мүмкін емес екендігін атап өту керек.