Сайлыбаева Қ.Ә., Ниетбаева М.А. , Жамалова А.
М.Х. Дулати атындағы Тараз
мемлекеттік университеті, Қазақстан
ҚАЗІРГІ ҚОҒАМДАҒЫ ЖАСТАРДЫҢ
ӘЛЕУМЕТТЕНУІНІҢ НЕГІЗГІ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ МЕН ЖАЛПЫ СИПАТЫ
Тұлға
социологиясында жастар мәселесі ерекше орын алады, әсіресе
олардың тәрбиесі, білімі, әртүрлі
жағдайлардағы, оқиғалардағы өзіндік
ұйғарымдары. Бізге көбінесе жастардың ішкі
әлеміндегі жалпы адамзаттық бағалылықтардың,
адамзат тарихынан қалыптасып келе жатқан дәстүрлік
міндеттердің, олардың ішкі жан дүниелерінде
қаншалықты орын алатыны біз үшін көңіл
алаңдатар мәселе. Сонымен қатар олар
қоғамымыздағы адамдардың басым көпшілігін алады
және жағымды, әлеуметтік, саяси, экономикалық
маңызды тапсырмаларды шешкенде арнайы ролді атқаратынын ескеруіміз
қажет.
Жастар - тек
қана жастық принциптерге сүйенетін категория емес,
соншалықты әлеуметтік және тарихи түсінік.
Әртүрлі уақытта, әртүрлі қоғамда осы
жастар түсінігіне әртүрлі жастағы адамдар категориясы
түсіп отырған. Сонымен қатар жақындағы өткен
заманда осы категорияға сәйкес салыстырмалы жағынан осы
категорияға өте тар аумақтағы жастық адамдар
қабаты жатқан, олар әлеуметтік үлкендіктің
алдындағы тұрған үлкендер қатарына кіретін
отбасын құратын адамдар тобын айтқан.
Қазіргі
шындық кезеңінде балалар көбірек оқуға тырысады
және ата- анасының қол астында ұзақ жылдар бойы
өмір сүріп келеді, тіпті олар отбасын құрған
жағдайда да ата-анасының қол астында жүретіндері де аз
емес. Сол сияқты балалық шақтан жастық кезеңге
өтетін кезең бізде өткен дәуірге қарағанда
ұзағырақ. Сонымен
қатар балалық пен үлкендіктің арасындағы
үйлесімділік жасөспірімдерге үлкендердің рольдерін меңгеруге
деген қиындықтар туғызады, көптеген ішкі және
сыртқы конфликтерды тудырады. Осындай жастық өтпелі
кезеңнің түрлері қоғамның арнайы жастар
категорнясы мен үлкендерге деген талаптарынан, нормаларының
арасындағы айырмашылықтарына байланысты.
Жастар -
бұл жастық нормаларына тән ерекшеліктерін игерген, мінез-
құлықтың бағалылықтары мен стереотиптерін
меңгерген әлеуметтік топ. Бірақ та отандық
социологиялық зерттеулерде көптеген ұзақ жылдар бойы
арнайы әлеуметтік топ ретінде бөлініп қарастырылған
жоқ. БҰҰ-ның анықтауынша жастар деп 15 пен 24 жас
аралығындағы адамдардың категориясын ажыратады. Осы
статустың анықтау критерийі ретінде біздің елімізде
хронологиялық жас ерекшеліктері арқылы жалпы жастық
категориядан бөліп қарастырады, олар 15 жастан 29 жасқа дейін
деген ұйғарымдар жасалады.
Біздің
көзқарасымызша бұл критерий қандай да бір
деңгейде формальдық деңгейге сәйкес келеді деп есептеуге
болады. Статустың бұдан да басқа параметрлері бойынша
уақыттың вертикалдық (тігінен) деңгейімен емес
горизонталдық (көлденеңінен) деңгейімен өлшенеді
екен: ол отбасылық, этномәдениеттік, білім берушілік,
интеллектуалдық, генетикалық өзгешеліктеріне сәйкес.
Осы атап айтылған көрсеткіштердің барлығы уақыт
параметрімен сәйкестеліп қандай да бір статустың
деңгейін анықтауға көмектеседі, яғни ол
жастық немесе әлеуметтік топқа жатқызатын мінездемелер
болып табылады.
Жасөспірімдер
жасына қатысты қолданатын олар өмірлік
бағалылықтарды, өмірлік позициялардың, өмірлік
жосарлардың активті кезеңі.
Олардың
біріншісі, (жасөспіірмдердің жасы 12 және 13
жас)қоғамдық сананың әртүрлі
аймақтарында жинақталған әлеуметтік категориялар мен
танымдардың игеруіндегі активті кезең. Осы әлеуметтік
«бағалылықтардың» жас өспірім үшін
көңіл аудааррлық мінезде болады, немесе ол өзіндік
тәжірибесімен әлі қалыптаса қоймаған яғни осыған
сәйкес келетін базаның жоқтығы.
Келесі
кезең 13-15жас аралығы, тұлға неігздерін
құрайтын индивидуалды жетістіктерімен байланысты,
үлкендердің өміріндегі өз өздерін
тұрақтандыратын қасиеттер мен олардың өмірдегі
іс-әрекеттері мен өмір «жағдайларын» меңгерумен сипатталады.
Осы кезеңде жас өспірімнің әлеуметтену процесінде
тұлғаның индидуалды даму мен типтену тенденциясы
қалыптасады.
Жасөспірімдік
әлеуметтануының үшінші сатысы16- 17- 18 жас
аралығында қалыптасады.Әлеуметтік психологтар
тұлғаның индивидуалды даму процесімен қатысты деген
ұғымдар айтады. Біз білетіндей «осы саты басталғаннан бастап
өте күшті тұлғалық қам жеуінен,
қайран қалуынан, немесе соққы әкелетін
уақиғалардың »болуымен қатар жүретіні біз
үшін қажет фактор.
Осыған
сәйкес А.И.Ковалева ауытқитын әлеуметтан процесінің
үш деңгейін анықтайды. Нақты индивиттің
әлеуметтену процесіндегі ауытқуы, арнайы топтардың
ауытқитын әлеуметтануы, кең ауқымды аномия ,
қағамның әлеуметтік құндылықтармен
сәйкестенбеуі.
Девиантты
мінез-құлықтың диагностикалық маңызды
көрсеткіштеріне келесілер жатады.
-
жағымды бағыттағы өмірлік
жосарлар мен профессианалдық алғы шарттардың болмауы;
-
оқу процесіне деген санасыздық пен
тәртіптің жоқтығы;
-
пайдалы қызығушылықтардың
тереңдігінің және жанжақтылықтың
жетіспеушілігі;
-
педагогикалық әсер етушілерге
сыйламаушылық қарым-қатынасат болу;
-
қоршаған адамдардың іс-әрекетін
құқықтық пен моральдық талаптарға сай
критикалық тұрғыдан баға беер алмау;
-
өзіндік критиканың болмауы;
-
қоршаға ортаға деген назар
аудармаушылық,эмпатияға деген талаптың болмауы;
-
жаман әсерлерге бейімділігі,қиындықтар
алдындағы тұрақсыздығы;
-
мінез құлықтың сыртқы
мәдениетінің жоқтығы (киім киуде,сөйлеу
мәнерінде);
-
жаман әдеттер мен
қызығушылықтардың болуы (алкоголь,
нашақорлық, никотин, бейберекет баалғаттау) .
Әлеуметтік
стереотиптері тұлғаның өмірлік
іс-әрекеттерінің және әртүрлі әлеуметтік
жағдайлардағы мінез-құлықтар жалпыға аян.
Білім
беруге талдау жасау маңызы ойын сауық құруға
деген құмарлық өмір салттарының күтпеген
жерден пародоксалды тенденция байқалды, көбінесе
жоғарғы білімі бар адамдарға қатысты айтылады.
Жастардың
мінез-құлықтарының басқа да стереотиптеріне топ
аралық жанжалдарды жатқызуға болады, оларды жиі ұрыстар
қатарына кіргіземіз, және жекелеген топтардың
аймақтағы "өте мықтылардың" есебінде
болғысы келетіндер. Осы екі топтық деструктивтік стереотиптер
әйел адамдардың топтарының өкілдерінде кездеседі, ал
ерлер арасында жоқтың
қасы.
Жоғарыдағы
айтылғандардың ішінен көптеген стереотиптердің
қалыптасуында бағыттың белгілеріне тәуелсіз бейресми
топтар көп әсер етеді.
Осыған
байланысты, осы стереотиптердің тұлғааралық
қатынастардағы орын алуын бақылау өте
қызықтырақ болады, яғни партнер немесе топ
әртүрлі модальды жағдайға бағынышты болса осы
жағдайды бақылауға болады (денелік, жасты
интеллектуалдық, криминогендіктің үлкен тәжірбиесі).
Осы жағдайда тұлғаның тек эмоционалды
аймағын ғана қозғап кетпейді,
тұлғаның базалық аймағының да маңызын
қарастырады. Осы кесетнің мәліметтерін қарастыра келе
ерлер мен әйелдер арасындағы стереотиптердің
қарама-қайшылығы байқалады. Ерлер арасында жақсы
көретін адамдарына зиян келтірген жағдайда тек қана ойланбастан
деенлік күшті қолданатыны басымырақ келеді екен (54 %
жағдайда), және суық қарумен қорқыту
және қажет болған жағдайда оны қолдану. Жалпы
алғанда ерлер арасында бұл стереотип компромистік стереотип
агрессивті стереотипке қарағанда екі есе аз кездескен. Ал
әйелдер арасына келетін болсақ зерттеуге қатысушылардың
индивидуалдылық ерекшеліктеріне аса көңіл
бөлмегендіктен, жанжалды компромисс жағдайымен шешу стереотип басым
екендігі аян болды. Яғни ол агрессивті мінез құлықтан
гөрі осы стереотиптің басым екендігі айқын көрінеді.
Арнайы бір
жас өспірімнің қатысты және шартты
жағдайдағы криминалдық мінез-құлықтың
осы және басқа , әрекеттерін жасау немесе, тек қана жас
өспірім емес арнайы бір топтың осындай әрекеттерге баруы
екіталай.
«Криминалды
жасөспірімдер» түсінігінің өзі заңбұзушы
азаматтар санасында едәуір сапада «жасырын» болып табылады.
Көптеген кәмелетке толмағандар болашақтағы
криминалистер емес болған күнде де қандай да бір
деңгейде өздері «криминалдылық зардаптарын»
өздерінің саналарында, мінез- құлықтарында
тартқандар. Әлеуметтік дезадаптация факторының және
«зардаптардың» жоғалуы, жасөспірімдердің санасында
криминалдық және криминалдық емес әрекеттердің
формасын ажырата алатындығы мәлім болды, олар және арнайы
жағдайларда ішімдіктерді ішу, анаша өнімдерін доксикалық
заттарды тұтыну қазірден бастап айтарлықтай көлемдегі
мәселелер.