Сайлыбаева Қ.Ә., Альменова К.
М.Х. Дулати атындағы Тараз
мемлекеттік университеті, Қазақстан
ОТБАСЫНДАҒЫ АЖЫРАСУДЫҢ
НЕГІЗГІ СЕБЕПТЕРІ МЕН ДАМУ ДИНАМИКАСЫ
Отбасылық өмірдің дұрыс ұйымдаспауы және ерлі-зайыптылар арасындағы конфликтілердің болуы әсіресе ажырасу статистикасынан анық байқалады.
Ажырасу
–
бұл отбасылық өмірдің дұрыс
ұйымдаспауының, ұрыс-керіс, жиналған ашу-ыза, реніш
және келеңсіздіктердің ұзақ уақытқа
созылуының мәресі.
Психологтар
мен әлеуметтанушылар алдында тұрған үлкен мәселе
нақты неке жұптарының құлдырауының бірлік
фактісі емес, ажырасу жағдайының әлеуметтік мәселелері
мен отбасылық өмірдің дұрыс ұйымдаспауына
әкелетін жағдайлардың жиынтығын қарастыру болып
табылады.
Ажырасу
мәселесінде оның географиясы да өте маңызды. Біршама
жоғары деңгей көршілес Украина және Белорусия елдерінде
деп көрсетілсе, Орта Азия мен Кавказ елдерінде ажырасу деңгейі
бұлармен салыстырғанда 2 – 3 есе төмен. Әйтсе де,
бұған мәдени-тарихи және этнографиялық
ерекшеліктер, сақталған әдет-ғұрыптар мен
салт-дәстүрлер, отбасында патриархалдықтың кейбір
элементтерінің болуы және т.б. себеп болады.
Ажырасу
динамикасын қарастырудағы маңызды тағы бір нәрсе
- ол ауыл тұрғындарының арасында ажырасу, қала
тұрғындарымен салыстырғанда, 2 – 3 есе төмен
болуы.Бұл жерде басқа да статистикалық заңдылықты
ескеру керек: тұрғындардың есеппен 1000 адамына ажырасу саны
қалалардың көлемінің өсуіне байланысты болады.
70-ші
жылдардың басында демографтар мен әлеуметтанушылар ажырасудың
мотивтерін талдауды бастаған болатын. Мұндай зерттеулерді әр
түрлі қалалардың зеттеушілері жүргізді (Л.В. Чуйко –
Киев, В.Д. Чечот – Ленинград, В.Т. Колокольников – Минск) және т.б Олар
ажырасудың мотивтері мен себептерінің түрлі
классификацияларын ұсынды, олар өте көп, бірақ ең
маңыздыларына тоқталып өткенді жөн санаймыз.
Ең
алғашқы ажырасудың мотивтері мен себептерінің
классификациясын ұсынған Н.Я. Соловьева болды. Ол мынандай
себептер: 1. ерлі-зайыптылардың біреуінің ауруы; 2. баланың
болмауы; 3. мәжбүрлі айырылысу; 4. өгей балалардың
болуы; 5. физикалық күш көрсету; 6. көзге шөп
салу, басқа отбасының болуы; 7. маскүнемдік; 8.
мінездердің сай келмеуі; 9. екі жақ ата-аналарының араласуы;
10. басқа біреуді жақсы көріп қалу; 11. дін,
әлеуметтік жағдайлардың сәйкессіздігі және т.б.
Көріп
тұрғандай, классификация отбасылық өмірдің сыни
жағдайларының көптеген жақтарын қамтиды.
Бұлардың барлығы шын мәнінде өмірде бар
және некені бұзуға себебін тигізеді.
Н.Г. Юркевич
ажырасудың мотивтері мен себептерінің біршама басқаша
классификациясын ұсынды: 1. ерлі-зайыптылардың мінездерінің
сәйкессіздігі; 2. жұбайлар сенімдерінің бұзылуы; 3.
ата-анаға деген қарым-қатынастың нашар болуы; 4.
маскүнемдік; 5. некеге махаббатсыз түсу немесе жеңілтектік
күйде болу арқылы некеге түсу; 6. жұбайлардың біреуінің
бас бостандығынан 3 жыл немесе одан көп ұзақ
уақытқа айырылуы. Сонымен, Н.Г. Юркевич Н.Я. Соловьеваның
классификациясын толықтырғанын байқаймыз.
Ажырасу
мотивтерінің жаңа аспектілері Н.В. Колокольниковтың
классификациясында байқалады: 1. маскүнемдік; 2. мінездерінің
сәйкессіздігі; 3. басқа адамға көз салу; 4. некеге
жеңілтектікпен отыру; 5. ұзақуақыттық
бөлектенушілік (объективті себептерге байланысты); 6. қатыгездік;
7. бас бостандығынан 3 жыл және одан да көп жылға
айырылуы; 8. физикалық және жан ауруларына шалдығу; 9.
ата-аналардың және басқа туысқандардың араласуы;
11. әйелдің бала көтере алмауы; 12. басқа да себептер
[44, 75-88б].
Көрініп
тұрғандай, бұл классификация алдыңғы екеуін
толықтырады. Осыдан келіп, ғылыми тұрғыдан ажырасу
жағдайының жаңа аспектілері және ажырасу
мотивтерінің көлемі кеңейе беретіндігін байқауға
болады.
Ажырасу
жағдайы мотивтерінің әртүрлілігіне байланысты бұл
мәселе бойынша мотивтерді объктивті емес, субъективті түрде
талқылау қажет етіледі. Ажырасушы жұптардың ажырасуының
субъективті мотивтері әрқашан әр түрлі болады.
Мұндай мотивтер арқылы некені бұзушылардың шынайы
себептерін талдау қиынға түседі. Кей кездері шынайы мотивтер
басқалармен ауысуы мүмкін. Мысалы, күйеуі
әйелінің отбасында лидер болуын қаламаса, сотта ол ажырасудың
себебі әйелінің нашар адам, өзінің үй шаруасын
дұрыс атқармайтындығымен түсіндіруі мүмкін.Сол
үшін шынайы себепті анықтау ажырасу процесінің материалын
зерттеу кезінде қиындық туғызады.
Ажырасу туралы шешім - әйел мен ерінің
өмірлеріндегі маңызды оқиға. Бұған
ұзақ уақыттық мотивация процесінің жүруі
кіреді. Бұл - тұлғалық қажеттіліктер мен
қызығушылықтар, көзқарастар, құндылықтық
бағдарлары жағынан қалыптасқан көзқарас
бойынша жан-жақты қарастырылып қабылданған шешім.
Бұл - мінез-құлықтың өте күрделі
формасы, оның шартты атауы ажырасу мінез-құлқы.
Ажырасу
процесі мотивтерінің ар жағында біз есепке алмайтын басқа да
себептер мен мотивтер жатуы мүмкін. Мысалы, «мінездеріміз сәйкес
келмейді» деген стереотипті ойлау. Егер жұбайлар бірнеше жылдар бойы
бірге тұрып, арман-тілектерін сәйкестендірген болса, «мінезіміз
сәйкес келмеді» деген себеп туындамауы қажет [27, 138-148].
Осы
мәселемен айналысатындардың зерттеулерінің нәтижесі
көрсеткендей, ажырасу жағдайы кезінде ең көп
эмоционалды күйзеліске түсетін- бұл әйелдердер мен
балалары дейді. Бірақ, ата-аналардың көбі болған
жағдайдың баласына, оның ішінде, бойында
тұлғалық, физиологиялық өзгерістер болып
жатқан жасөспірім
шақтағы баласына қалай әсер ететіндігін, оған
ата-аналарының арасында таңдау жасау қандай қиын тиетіндігін мүлдем ескермейтіндер
кездеседі. Жасөспірімдік шақтағы балаларда көптеген
өзгерістер болып, қажеттіліктер аясы кеңейе түседі.
Соларға шолу жасап өтуді жөн көріп отырмыз. Сондай
қажеттіліктердің бірі- өзара
қарым-қатынас қажеттілігі.
Жасөспірімдік
кезеңде балалардың ата-анасымен әңгімелесуі азайып,
керісінше, құрбы-құрдастарымен сөйлесуі
көбейеді. Осыған байланысты көптеген зерттеулер
жүргізіліп, мынандай нәтижелер алынған болатын: анасымен
араласқанды қалайтындар тек 31 % , ал әкесімен
сырласып-мұңдасатындар- 9,11% (Кон И.С.,1989). Кон И.С. ата-ана мен
баланың арасында пайда болатын бөгетке: ата-ананың
баланың ішкі жан дүниесінде болып жатқан өзгерісті
сезбеу және байқап білуге құлықсыздық,
жасөспірімді автономиялық нақтылық деп танымау т.б.
себеп болады дейді.
«Олар мені
тыңдағысы келмейді!»- бұл жасөспірімдік шақта
ең көп кездесетін үлкендерге наразылық,
арыз-шағымдардың бірі. Зерттеулер нәтижелерінен
анықталғандай, жоғарғы сынып оқушыларының
ата-анасымен түсінісу, олармен ашық сөйлесу және
жақсы араласу жетінші, тоғызыншы сыныптар аралығында
күрт төмендейтіндігін көрсетті. Осыдан келіп,
ата-аналарға арналған уақыттың басым бөлігі
құрдастарға кететіндігі сұрау жүргізу барысында
анықталған (Кон И.С.). Сол себепті, ата-аналар осындай өзгерістерді
есепке алып, олардың
әртүрлі жағдайларда мінез-құлқын реттей
алуына көмек беріп отырулары қажет.
Отбасына
деген қарым-қатынас өсе келе өзгереді. Олардың
ата-анасының орнын енді құрдастары басатын болады
(Х.Ремшмидтің айтуынша бұл ата-ананың «құнсыздануы»).
Жасөспірімдрдің басым бөлігі үшін ата-ана,
әсіресе, аналары оларға ең эмоционалды жақын адамы
болып саналады.
Неміс
психологтары жүргізген зерттеулер мынандай қорытындыға
келген: жасөспірімнің басындағы қиын сәттерінде
оның ең жақын және сенімді адамы анасы, ал одан
соң жағдайдың қиындығына қарай, келесі
кезекте әкесі немесе достары тұратын болып шыққан.
Алайда, «сен
өміріңдегі қиын сәттерде кіммен ақылдасар
едің?» деген сұрақ қойғанда ер балалар да,
қыздар да бірдей бірінші орынға аналарын қойған. Ер
балалар үшін әкелері екінші орында болса, қыз балаларда
достары екінші орынды алып отырған. И.С.Кон осы мәліметтерге
сүйене отырып, кез-келген жасөспірім қиын кезеңде
анасына жүгінетіндігін анықтады.
Жасөспірімдер үшін
ата-аналардың маңызды функциясы- балаға өмірлік
қиын мәселелерді шешуде көмектесу, түсіндіру,
ақпараттандыру, өмірлік қырларды бағалауда өз
әсерін тигізу. Жасөспірім ересектрдің әлеуметтік рөлін
игеруге интенсивті түрде беріледі, оның қарым-қатынас
жасайтын ортасы тез ұлғаяды және өзбетінше болуға
барынша ұмтыла отырып, өздеріне өмірлік тәжірибені,
үлкендердің көмегін өте қажет етеді.
Ата-аналарының бұл рөлдерін жасөспірімдер өздері
де сезеді.