Сембаева Г.П.,  Даулетбайқызы А.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

ҚИЫН МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫ ЖАСӨСПІРІМДЕРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

 

 

Қазіргі таңда Қазақстанда қоғамдық сананың өзгеруіне байланысты ауытқушы мінез-құлықтың әр түрлі формаларына деген қызығушылық артуда. Жалпы жүйелік дағдарыс тәуекел тобының үздіксіз өсуіне алып келеді, мұның салдарынан қиын мінез-құлықтың әртүрлі түрлерінің көріну мүмкіндігі ұлғаяды және тұрғындардың әлеуметтік-бейімделмеген қатары кеңеюде. Девианттылық мәселесі пәнаралық сипатқа ие және әлеуметтану, психология, медицина, биология, заңтану түйісінде орналасқан. Ол баста ол шетелдік және кеңестік әлеуметтік және криминологиялық еңбектерде (М.Вебер, Э.Дюркгейм, Р.Мертон, Н.Спенсер, Я.М.Гилинский, И.С.Кон, В.Т.Лисовский және т.б.) көрінді.

И.Әбеуова қиын балалар туралы пікірінде, қиын мінез-құлықтың мәнін түсінудің басты шарты ретінде «норма» ұғымы енгізілгенін айтып өткен. Әлеуметтік норма-нақты қоғамда тарихи қалыптасқан жеке адамның, әлеуметтік топтың не ұйымдардың рұқсат етілен мінез-құлық шаралары. Әлеуметтік нормалардың негізі құқықтық заңдарда, мораль мен этикетте жатыр. Көптеген жағдайларда ауытқыған мінез-құлық әлеуметттік санкцияға жатқызылады. Тәртіп бұзуға, адамдар арасындағы қатынасқа (өтірік, дөрекілік) байланысты түзетулер девиацияның әлсіз және кездейсоқ формаларын қоғамдық пікір тіркейді және қатысушыларлың өз арасында жағдайға байланысты түзетулер енгізіледі.

Девиацияның тұрақты формаларын жазалау әдістері мен құралдары ауытқулардың қауіптілік деңгейіне байланысты анықталады. Мұнда девиация дегеніміз кең мағынадағы әлеуметтік құбылыс екендігі ескеріледі (қоғамдық орын мен отбасындағы дөрекіліктен бастап, адам өлтіруге дейінгі). Сондықтан мінез құлықты кең және шағын мағынада алып қарастырады. Тар мағынада алғандағы қиын мінез-құлық қылмыстық жазалауға жатпайтын, яғни құқық бұзушылық болып есептелмейтін ауытқулар ретінде түсініледі.

Кең мағынада алғанда қиын мінез-құлық құлыққа қарсы барлық формалар ретінде түсініледі. Осылайша, адамның өзін-өзі өлтіру-девиация, ал біреуді өлтіру қылмыс болып есептеледі. Құқыққа қарсы әрекеттердің жиынтығы немесе қылмыстар делинквентті мінез-құлық деген атқа ие болады. Бұл екі мән де психологияда да, социологияда да қолданылады. Маңызды қылмыстардың барлығы саналы түрде жасалған-жасалмағанына қарамастан, құқыққа қарсы әрекет санатына жататын болса, делинквентті мінез-құлыққа жатады. Мұндай мінез-құлыққа ұрлық, алаяқтық, тонау, пара, құжаттарды қолдан жасау, өндірістік шпионаж жатады.

Мұнда әлеуметтік-психологиялық және жекелік-тұлғалық факторлардың арасында айтарлықтай күрделі өзара байланыс бар: олар екі жақты себептік-салдарлық бірлескен қатынасқа ие. Бір топқа қатысты факторға жасалған ықпал екіншісінің де өзгеруіне алып келеді. Сол себептен де қиын мінез-құлықтық генезисімен байланысты әлеуметтік-психологиялық фактор талдауы оның профилактикасының ары қарайғы әдістемелік міндеттерін шешу мақсатында өзекті болып табылады.

Ауытқушы мінез-құлықтың коррекциясы оның алдын алумен салыстырғанда тиімділігі аз, бұл жерде айтып өтерлігі әлеуметтік-психологиялық фактор тәуекелін ерте нейтрализациялау негізіндегі жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының профилактикасы мәселесі психологиялық ғылымдарда аз зерттелген.

Ең алғаш осы мәселе бойынша зерттеу жүргізген Белинский В.Г. болды. Ол өзінің мінез–құлық шамасынан ауытқыған кәмелетке толмаған балаларды қарастырды. Ол өзінің 30 жыл уақытын заң бұзушы балалар мен жасөспірімдердің ішкі әлемін зерттеуге арнады. Бірақ та оның теориялық позициясы жеткіліксіз болды. Ол З.Фрейдтен, Левиннен, сонымен қатар басқа да ғалымдардан бірталай мағлұматтар алды, олардың теориясына сүйенді.

Эфрусси мінез-құлықтағы қиындық табиғатын жүйке жүйесіндегі ерекшеліктер– қозушылық, көңіл–күйдің аумалы-төкпелілігінен, жұмысқа қабілеттіліктің нашарлауы мен түсіндіруге әрекет жасады. Сонымен бірге, ол психологиялық себептерді физиологиямен ұштастырды. Оның зерттеуінің құндылығы мынада: ол кейбір жекелік ерекшеліктерді талдауға, соның ішінде оқушылар өзін-өзі қалыптастыру әдетін анықтауға көп септігін тигізеді.

Девиантты балалардың жекелік ерекшеліктерін өмір жағдайымен, тәрбиемен өзара әрекеттестігін есепке алып, кешенді құрама түрінде зерттеп іске асырған Блонский болды. Оның зерттеуінің негізгі мақсаты қиын балалардың өмірін анықтау. Блонский девиантты балалардың мінез–құлық тарихын мектеп–отбасы арқылы түсіндіреді. Ол девиантты балаларға мұғалімнің қатынасы арқылы қиын бала терминін нақтылауды жөн көрді. Блонскийдің пікірі бойынша қайта тәрбиелеудің нағыз тура жолы тәртіп бұзушыларды мәдениетсіз ортадан мәдениетті балалар ұжымына біртіндеп әкелу болып табылады.

Жасөспірім кезіндегі дағдарыс барлық балаларда кездеседі. Кейбір балалар дағдарстан жеңіл өтеді, ал кейбіреулер үлкен қиындықпен өтеді. Дағдарыстың жеңіл түрде өтуіне ата–аналардың балаларға көп көңіл бөлуі, ата–аналық сүйіспеншілік сезімінің толық берілуі біден-бір ықпал етеді. Жасөспірімдер арасында психопотологияның кездесуі ата–аналардың өз балаларының мінез ерекшеліктері туралы дұрыс түсінігі болмағандықтан «қате» көзқарас қалыптасады, артық талап қояды. Ал, бұдан түсінбеушілік пен пікір қайшылығы туындайды. Сондықтан жасөспірімдердің мінез типтерінің ерекшеліктері мен ауытқушылықтарды анықтау отбасылық терапия мен отбасылық қарым–қатынасты психологиялық түзету тәсілдері арқылы дұрыс жолға салуға болады. Психологиялық ауытқушылықтардың алдын–алу үшін мектептерде жасөспірімдерге, ата–аналарға арналған психологиялық дәрістер оқылуы керек. Атап айтқанда:

· жасөспірім кезеңінің ерекшелігі;

· жасөспірімнің “мен ” концепциясының құрылуы;

· жасөспірім кезеңіндегі дағдарыстардың ерекшелігі;

· жасөспірімдердің жыныстық жетілуі;

· еліктеу және оның маңызы.

Аталмыш кезеңдегі бала психологиясындағы өзгерістерге мән беріп психодиагностикалық әдістер жүргізіп, дер кезінде кеңес беріп, түзету жаттығулары арқылы дер кезінде көмек беру әр психолог маманның, ұстаздың, ата-ананың және тәрбиешінің міндеті. Сонымен қатар, жасөспірімдер арасындағы девиантты әрекеттерден арылтуда келесідей мәселелерді де ескеру қажет:

1.    Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы (газет, журнал, радио, телепрограмма) қоғамның назарын аудару;

2.    Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттайтын ақпараттар тарату (жарнамалар, аудио-видиоматериалдары);

3.     Оқу мекемелерінде нашақорлыққа, ішімдікке және т.б. қарсы пікірді қалыптастыратындай практикалық сабақтар, тренингтер өткізу өз пайдасын тигізер еді. Яғни, әрбір девиантты мінез-құлықты жасөспірімнің өзіне ғана тән қайшылықтары болатындықтан, оны тәрбиелейтін мұғалімнен, ата-аналардан қол өнерінің шеберлігіндей ептілік емес, әлдеқайда сан салалы тапқырлықты қолданатын, жан-жақты білімдар ұстаз болу талап етіледі. Ол педагогикалық ықпалды тікелей де, жанамалай да жасай біліп, өз ісіне шығармашылық жаңалық енгізіп отырса, шиеленістерді шешерде қашанғы бір қағидалардан жаңылмаймын демей, сәтті құбылыстарды еркін қолдана білсе ғана мұратқа жетпек.

Сондықтан да тәрбие жұмысын балалардың жасына, мінезіне қарай жүргізу педагогтан, ата-анадан үлкен ұстамдылықты, нағыз шеберлікті талап етеді. Оқу жылының барысында да, жазғы демалыс кезінде де ата-ана дұрыс тәрбие беріп, олардың ұжымшыл болуына ықпал жасау керек.

Көп жылдық оқу мен бақылау негізінде Невский қиындықпен тәрбиеленетін  баланың пайда болуын балалар мен отбасында, мектепте жүргізілетін оқу–тәрбие жұмыстарының жеткіліксіздігінен кемеліне жетпеген педагогикалық–практика нәтижесінен деп түсіндіреді. Баланың психикасы көп факторлы әлеуметтік өмір жағдайына қоғам дамуына тәуелді екенін қарастырды.

Ұжымдағы жағымды позициядан қалыс қалу оларды теріс мінез–құлыққа айналасындағы адамдармен, әсіресе, бәрге оқитын құрбы–құрдастарымен дұрыс қарым– қатынас жасауына кедергі келтіреді. Девиантты бала мінез–құлықтағы ауытқушылық ұғымынан басқа қиындықпен тәрбиелену ұғымы да кеңінен қолданылады. Қиындық пен тәрбиелену терминін тәрбиеленушінің педагогикалық-психологиялық әсерге қарсылығын және оның түсінгісі келмейтінін білмейді. Бұл қарсылықтың басты себебі жеке тұлғаның қалыпты дамуынан, қалыс қалуынан болады, осыдан мінездегі жаман қылықтар туады. 

Ол үшін «девиация» түсінігінің өзіне тоқталу қажет.Үлкен өкінішке орай, барлық мүшелері қоғамның жалпы нормативті талаптарымен жүретін бағыты қоғамның жоқтығы «әлеуметтік ауытқу» термині- жалпыға бірдей қабылданған нормаларға сай емес топтың немесе жеке тұлғаның мінез-құлқы нәтижесінде осы нормалар солар арқылы бұзылады. Жастар ортасынан шыққан қылмыскерлер, аскеттер, күнәһәрлар, күнәсіздер, тұлғалар, суретші-новаторлар- барлық адамдар жалпы нормадан ауытқыған адамдар немесе оларды девианттар деп атайды.

  Қарапайым қоғамда мүшелерінің саны аз және құрылымының күрделі еместігіне байланысты ауытқыған мінез-құлық жеңіл анықталады және бақыланады. Ал құрылымы күрделі қоғамда қарама-қарсы әлеуметтік нормалардың ауытқуын өте жоғары дәрежеге дейін жетуі мүмкін. Мәдени және психикалық ауытқулар. Социологтарды қызықтыратыны мәдени ауытқулар, яғни, әлеуметтік қоғамның мәдени нормалардан ауытқуы. Психологтарды қызықтыратыны жеке тұлғаның өзіндегі психикалық ауытқулар: психоз, невроз, паранойльды жағдайлар. Егер осы екі тип қосылатын болса, онда мәдени нормалардан ауытқуы психикалық ақыл-ес келе-келе адамдарда кездеседі.

Адамдар көбінесе мәдени ауытқуды психикалық бұзылыстар мен байқалады. Мысалы: радикалды саяси мінез-құлық эмоциялық қастасуға шығатын жол ретінде анықталады, яғни психикалық ауытқу түрінде; жезөкшелік балалықтың эмоцианалдық бұзылысының ізі түрінде көрініс береді, яғни баланың өзін қамтамасыз ету мүмкіндігі аз болған. Жыныстық аурулар, алкоголизм, наркомания, құмар ойындарға деген қызығушылық, саяси мінез-құлықта өзін-өзі басқарудың бұзылысымен байланыстырылады.

  Өзін-өзі басқарудың бұзылысы ауытқыған мінез-құлықтың бір ғана себебі емес. Әдетте психикалық ақыл-есі кем аламдар қоғамда қабылданған барлық нормалар мен ережелерді орындайды, ол керісінше психикалық сау адамдар өте маңызды ауытқулар жасайды. Осы сұрақтар психологтар мен социологтарды қызықтырады. Жеке тұлғалық және топтық ауытқулар. Ең тұрақты жанұядан шыққан, тәрбиелі адамдардың ортасында жүрген баланың өзі сол ортадағы нормалардан айналып өтіп, қылмыстық мінез-құлықтың айқын көріністерін береді. Бұл жағдайда біз бір ғана субортадағы нормадан ауытқудың жеке тұлғалық түрімен қақтығысамыз. Осындай жағдайларды болдырмас үшін психологиялық тренингтер жүргізген жөн.

Сонымен әлеуметтік-психологиялық тренинг– бұл топта тұлғаға бинарлық психологиялық әсер етудің динамикалық, бағдарламалық-мақсаттық жүйесі ретінде. Осындай анықтаманы әлеуметтік психологиядағы тұлғаға бағытталған бағыт берді. Осы бағытта психологиялық әсер ету объектісі тұлға болып табылады, ал топ психологиялық әсер етудің әлеуметтік контексті ретінде қарастырылады. Әлеуметтік-психологиялық тренинг психокоррекция және психореттеудің ішкі және сыртқы контурларын біріктіретін психологиялық әсер етудің бағдарлы-мақсатты динамикалық жүйе ретінде. Осындай бағытта әлеуметтік-психологиялық тренинг тұлғаға үш бағытта әсер етеді: тұлғаның когнитивті құрылымын өзгерту, оның эмоционалдық сферасын қайта қалыптастыру және мінез-құлық модификациясы. Н.Ю.Хрящеваның пікірінше «Әлеуметтік психологиялық тренингтің негізгі мақсаты қарым-қатынастағы біліктілікті арттыру, ол түрлі формадағы тапсырмалар түрінде берілгенімен, міндетті түрде білімді, іскерлік, дағдыны қалыптастыруға, бағдарды дамытуға адамның перцептивті қабілеттерін дамытуға, тұлғаның қатынастар жүйесін түзеу мен дамытуға бағытталады».

 

Әдебиет:

1.                 Әбеуова И. Әбдіраманова Д.  Мінез-құлқында қиындығы бар оқушыларды   анықтау жолдары А.: Ұлағат №5, 2004

2.        Белинский В.Г.О воспитании детей /В.Г.Белинский.-Москва: Владос, 2001.

3.        Берн Эрик. Психология человеческих взаимоотношений. Изд.дом: ЭКСМО, 2008

4.        Платонов Ю.П. Основы этнической психолоии. Учеб. Пособие. – Спб.: Речь, 2003.