Мусадилова Г.С.,
Жаныбекқызы А.
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік
университеті, Қазақстан
АГГРЕССИВТІ
НЕМЕСЕ КӨҢІЛІНЕ ҚОРҚЫНЫШ ҰЯЛАҒАН
КЕҢЕС АЛУШЫЛАРҒА КЕҢЕС БЕРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Адам
психологиялық көмек керек қылғанда, көбінде
оған өмірден жағымды өзгеріс болады деп
үміттенеді. Алайда, кейде адамдар, кеңес берушіге өз еркімен
келмейді және басқа тұлғамен байланыстағы
кеңес алушының рөлімен қайтарады деген
көзқараста болады. Мысалы, кеңес алушы айтады: «Менің
әйелім, менің осында келуімді қажет етті, алайда Сіз
маған көмектеседі деп ойламаймын», - дейді. Кейбіреулері
кеңес берушіге ешкім көмек
көрсете алмайды деген бір ғана оймен келеді. Бұл кеңес
алушыға кеңес беру процесінде көрінеді.
Кеңес алушыны бағыттай отырып, адамдардың үміті, кеңес
берушінің иығына түскен ауыртпалық және
оның ептілігі және дағдысының сынағы болып
табылады. Кеңес берушіге. «Сіз көмектесе білуіңіз керек;
Сізге соны дәлелдеу керек» деп айтқан дұрыс. Көптеген
кеңес берушілер кеңес алушыларды « қайта тәрбиелеуге»
тырысады. Бұл олардың
ойлардың идеалдары болып қайталанған, бағалық
жүйесі, өз мүмкіндіктерінің оптимикалық
бағасы болып табылады.
Кеңес берудің біраз мәселесі
ашық дұшпанды кеңес алушы туғызады. Әсіресе,
олардың қылығын нақты ашып берген Bird (1973).
Кеңес берушілер мұндай кеңес алушыларға әр
түрлі ой жасайды: бірі дұшпандыққа тітіркене және
дұшпандықпен қарайды; екіншісі сүйіспеншілік және
достық байқатуға тырысады, клиенттерді өз пайдасына
бұруға тырыса отырып, жауласу үшін негіздің
жоқтығын түсіндіреді; үшіншісі кеңес алушының
жағдайын жасыра түседі, өзін түк болмағандай
ұстайды. Мүмкін, кейбір жағдайларда кеңес алушыға
ренжудің пайдасы да болады, алайда оның жағдайының
себептерін түсіну одан да маңызды. Кеңес алушыға ол
дұшпанды көңілде және ашулы екендігін айту керек. Кейде
«ашушаңдық» және «дұшпандық» сипаттамалау
үшін өте күшті болып көрінеді, сондықтан
өзінің айтқысы келгендерін дәрежелі түрде
қалыптастыруға тура келеді. Мысалы: «Сіз бір нәрсеге риза
емес сияқтысыз», «Бұл Сіздің бір нәрсеге өкпелі
екеніңізді көрсетеді» және т.б. Егер кеңес беруші
кеңес алушының дұшпанды деп күдіктенсе, оны
анықтау керек: « Қандай жағдай болды?», «Мен бір
нәрсені дұрыс айтпадым ба, әлде дұрыс жасмадым ба?».
Қалай болғанда да кеңес алушының
дұшпандығымен кезігісіп, өзіңді әлем
өзгеріп кеткендей сезінуге болмайды. Әрине, кеңес
алушыға асығыстықпен немесе күдікпен
қарауға болмайды – оның дұшпандығын әрдайым
таратуға болады, себебі ол терапиялық әрекеттесуге кері
әсерін тигізеді.
Бәрінен бұрын ашу патологиялы
немесе таңғаларлық болып табылмайды. Әрбірі ішінара
ренжиді немесе нақты айтқанда, ашулануға қабілетті. Ашу
сезімін байқатпай өмір оқиғасы болған емес, ашулы
ой немесе әрекет. Кейбір өмірдегі орын алған іс
сондай-ақ кіші дәрежеде болса да ашумен мәтінді.
Дұшпандықтың өзіндік мағынасы болады – ол
өзін қорғау құралы болып табылады, одан былай ол
қорқынышқа қарағанда барынша нақты
әсерлі. Басқаша айтқанда, ашу қауіптілік туралы
ескертетін тек сигнал ғана емес, өзін қорғау
жағдайының сезімталдығы болып табылады, ол белсенді
түрде туындайды.
Кеңес беруші ашудың орын
алуының себебін білуі керек. Әрбір кеңес алушының
ашушаңдығы оның өмірлік жағдайына жасырынып
тұрады. Ашу «тарихи», яғни өзінің өткені бар,
әрбір адамда қайталанбайтындай. Өмір бойы, әсіресе
балалық жылдарда жеке «дұшпандық стилі» қалыптасады,
яғни не үшін біз ашуланамыз, ашу қалай жиналады және
шығады. Бір кеңес алушылар кеңес беруші тапсыру үнімен
айтса ренжиді, басқасы – нақты немесе ашық айтпаса, үшіншісі
– көп артық сұрақтар қойғанда ренжиді,
себебі бұл оларға артық қызғушылық болып
көрінеді. Бір кеңес алушылардың ұқсас
жағдайлары дұшпандық шақырады, ал біреулерін – олай
етпейді. Негізінен бұл айырмашылық өмірлік
тәжірибенің өзіндік қалпымен шартталады. Кеңес
беруші жеткілікті шарада кеңес алушының ашушаңдық жеке
тарихын байқауға жеңіл болмайды, алайда ең
маңыздысы ашу басты қалыпта кеңес беру және тікелей
кеңес беруші болуға байланыссыз екендігін айтады. Кейде кеңес
беруші нақты кезеңде кейбір адамның немесе
оқиғаның өткен өмірін тікелей «байқайды
немесе бақылайды». Кеңес алушы, әсіресе кеңес беру
алдында дұшпанды, күдікті, ашулы, болса, кеңес беруші
оның қайнар көзі кеңес алушының ішінде екендігін
білуі керек. Кеңес беруші анда-санда өзін кінәлайды,
оған қаншалықты кеңес алушы жақсы кеңес
берушіні сыйлайды деп ойлап, оған ешқашан ренжімеу керек деп
түсінеді. Бұл дұрыс емес – ашу әмбебап сезім болып
табылады және жақсы кеңес беру кезінде дұшпандық
болмайды деген ойдан аулақ болу керек. Ол туындауы мүмкін және
туындайды.
Кеңес беру кезінде кейде ашу
мазасыздығын жасыруы мүмкін түрі болады. Мұндай
жағдайда кеңес алушыға оның ұзақ сезімінде
талқылау жасауына көмек көрсету керек және осылайша,
дұшпандықты өзгертуге боады.
Дегенмен, кеңес берушіге кеңесм
алушының ашулы кезінде қақтығысуда өзін сабырлы
сезіну және өз атына жағымсыз сөздер есту
оңайға соқпайды, алайда, дұшпандыққа жауап
қайтару – ол одан да үлкен дұшпандықты
қолдауыңды көрсететіндігін ұмытпау керек.
Кеңес беруші
өзінің осындай оқиғалардағы сезімін сезіне білуі
керек, өзінің қанағаттанбағанын басуы керек, кеңес
алушыға тиімді көмек беру үшін оның ашуын басу
керек. Егер кеңес алушының
дұшпандығына қайырымды күйде жауап берілсе,
ақырында қарымталы түсінік кеңейіп, ортақ
мақсатқа қызмет ету өседі.
Кеңес алушының
ашушаңдығының арасында үлкен айырмашылық болады,
ол кеңес беру процессінде туындайды және кеңес
берушінің атына тікелей балағат болады. Көбінде кеңес
берушіге қатынас бойынша белсенділік қисық күйде
байқалады. Осындай қылықтың варианттарының бірі –
алдымен кеңес алушымен кездесуде болады. Кейде шағымдар, әділ
болады, өйткені психология және психотерапевтер жүзеге
асқан және өз қылығында этикалы болады.
Бірақ көптеген оқиғалар хабарланады немесе
толықтай дұрыс емес немесе өте батымды ақпарат.
Мұндай қалыпта маңызы бойынша кеңес алушы кеңес
берушіні өзімен келісуге мәжбүр етеді. Кеңес беруші
өзін ыңғайсыз сезіндеі, ал кеңес алушы жауап
күтеді. Мұндай жағдайда, өзінің позициясын
нақтыламас бұрын, клиентке жай ғана өзінің
мұңлығымен бөлісу керек. Кеңес берушіге
бақылаусыз дұшпандық, психикалық науқасты емдеуде
ерекше қауіпті болады. Негізінде нақты қауіптілік біраз
осындай науқастарды көрсетеді (параноидті шизофрения, мания, психиканың
мүшелік бұзылуымен қиналатындар). Олардың
көпшілігі өзінің белсенділігін бақылайды. Алайда
қауіпті оқиға орын алғанда кеңес беруші
өзінің батылдығын көрсетудің керегі болмайды.
Сабырлы күйде қалып, кеңес алушыны қорқытпай,
белсенді күйдің керегі жоқ, қажет болса,
тәртіптік шара қолданылады дегені жөн. Бағындыруда
дұшпандық байқалмауы керек.
Кеңес алғандардың
көбінде сақтаулы дұшпандық болады, оны кеңес
беруші еріксіз байқайды. Онымен алысу, бетіне белсенді болған
оқиғадан қиын болады. Көптеген кеңес алушылар
орын алған дұшпандықтың жекешеленуіне дайын болмайды,
кеңес берушіге де жабық дұшпандықты ашу қауіпсіз
болмайды. Одан былай, егер кеңес алушымен әңгіме кезінде
жайсыздық байқалса, онда оны ибірден түсінуге тырысу керек,
себебі қандайда бір кері әсер қиындық тудырып,
кеңес беруде кедергі жасайды. Жабық дұшпандық мәселесіне
біз қайтып ораламыз.
Психологиялық кеңес
беруде қорқыныш немесе фобияны кездестіруге болады.
Қорқыныштың екі типімен кездесеміз – қалыпты,
кәдімгі әсер сияқты түсінікті және кәдімгі
азаттық деп аталатын патологиялық
түрі болады. Кеңес беруші нәтижелі көмек
көрсетуі үшін, ол қорқыныштың
әртүрінің психодинамикасын және психологиялық
ойын түсінуі керек.
Бәрінен бұрын кеңес алушы
нақты қорқыныш бойынша қатынас жасайды, ол бір
маңызды оқиғамен байланысты болады (хирургиялық
операция алдындағы қорқыныш және т.б.). Мұндай
жағдайда ең алдымен кеңес алушыға көмектесу
керек, бұл оқиғаға ақталғыш және
адекватты болып табылатын қорқыныш сезімін шақыратын
оқиғаның ойын түсіну керек.
Мысалы, Janis көрсеткішті
зерттеу орындады (1958; цит. Kennedy бойынша, 1977). Ол хирургиялық
бөлімнің науқасының қорқынышын
меңгерді және эмоциональды әсердің үш түрін
бөлді:
1.
Бірінші топтың науқастары операция алдында ерекше бір
күшті қорқынышты басынан кешірді. Олар өздерінің
белгілері туралы ашық айтты. Қалайда операцияны болдырмау жайына
тырысып, сабырландыратын дәрісіз ұйықтамастан және
әрдайым қолдау іздеп, аурухананың қызметкерлерінен
қолдау күтті. Бұл науқастар операциядан кейінде қалғандарына
қарағанда мазасыздау болып кетеді.
2.
Екінші топтың науқастары операция алдына кәдімгідей
қорқады. Кейде олар алдында тұрған операцияның
бөлек аспектісінің белгілері туралы айтты (мысалы, ауырмайтын
қасиеттері) және оларға не істейтіндіктері жайлы рас ақпарат
берулерін сұрайды. Әрине, ол науқастар мазасыздануға
себепті де. Операциядан кейін оларда тек эмоциональды жай ғана
бұзылыс байқалады. Олар аурухананың қызметкерлерімен
әрекеттесіп кетеді.
3.
Үшінші топтың науқастары операция алдына тіпті де
қорықпайды. Олар болатын жайға тыныш көңілмен
қарап, ұйқылары да тыныш болады. Олардың операцияны
күтуі ерекше болады. Операциядан кейін, операциядан соңғы
болатын ауруға кезігіп, өздерінің жағдайы туралы
көп шағым айта бастайды, ашушаң және белсенді болып кетеді
және өздерінің жайсыздығын аурухананың
қызметкерлеріне көрсете бастайды.
Janis ортаншы қорқыныш
дәрежесі пайдалы деп шешті, себебі адамды нақты қауіптілікке
және болашақтағы шектеулілікке
қақтығысуға дайындайды. Науқастар үшін
барынша маңыздысы оқиға туралы алдын ала ақпарат алу.
Үшінші топтың науқастары қорқынышсыз болып
көрінеді, не боларын сұрамайды да, сондықтан операциядан
кейінгі ауру оларға кездейсоқтық.
Бұл зерттеудің
материалдары кеңес алушыларға қорқыныш туралы
кеңес беру үшін маңызды. Бәрінен бұрын бекіту
сұранылады, кеңес алушыға толықтай қорқыныштан
айырылуға көмектің керегі жоқ, ол алғашында
үрейлі болады. Қажеті жағдайда берілетін ақпарат ауыр
жағдайға ғана көмектеседі.
Қорқыныштың белгілі бөлігі толықтай болып
көрінеді. Кеңес беруші кеңес алушыға
қорқынышты пайдалануға көмектесуі керек.
Кеңес беруші кеңес алушының
өзінің «қорқыныш» қылығынан екінші пайда
үшін қызығады, ол жанұялық қатынаста,
жұмыста немесе басқа да аймақтарда. Кеңеғс
алушыны түсіну мүмкіндігі үлкейеді, егер оның
мәселесіне қарау мүмкін болса немесе симптомдары барынша
кең мәтінде болса, кеңес алушыны түсіну
мүмкіндігі туады.
Егер кеңес берушінің
өзінің басынан өтетін болса, онда кеңес
алушыға қолданылған
ыңғайлық техникасы жайғасты деп ойлау керек және
бұл оқиғамен айналысудың керегі жоқ. Агресивті
кеңес алушымен, көңіліне қорқыныш
ұялаған кеңес алушымен жұмыс жасаған кеңес
берушіден өзін бақылауды күшейтуді талап етеді.
Әдебиет:
1.
Кочюнас Р. Психологическое консультирование и групповая психотерапия.- М: Акад. проект, 2004. 3 изд.
2.
Немов Р.С. Психология.- М: Владос, 1999
3.
Көмекбаева Л.К. Білім беру ұйымдарындағы
психологиялық қызметті ұйымдастыру.- А, 2003
4.
Бурачук А.Ф.,Морозов С.М. Словарь-справочник по психологической
диагностики.- Киев, 1989